Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар



бет43/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар.
Шығармашылық оқу әдісі. Бұл әдіс әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі табиғатын тереңдей түсінуге қолайлы. Бұ әлісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілеті шыңдалады, екіншіден ықылас зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік береді. Шығармашылық оқу әдісі мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркемсөз оқушы шеберлерінің көркем шығармадан үзінділер оқуы, мұғалімнің көркем мәтінді оқи отырып түсінік беруі, мұғалім мен шәкірттердің оқылған шығарма туралы өз әсерлерін бөлісуі, әрі қарай бағыт бағдар беру мақсатындағы пікірлесу т.б. тәсілдере арқылы жүзеге асады.
Эвристикалық әдіс. Бұл әдіс қазіргі педагогикағылымы мен мектепте оқытуды эвристикалық пікірлесу арқылы ұйымдастырудың түрі. Бұл әдіс шығармашылық әдіспен сабақтас, бірін-бірі толықтырады. Кһөркем мәтінді талдауда оқушылардың интеллектуалдық ойлау қисынын қалаптастырады. Әдеби шығарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық т.б. құндылықтар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырады.
Зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қояды. Оқышылардың әдеби материалдар төңірегінде дерек жинау (тәжірибе, экспримент, бақылау, кітаппен жұмыс т.б.) және оны жүйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс те эврикалық әдіспен сабақтас, десек те айырмашылықтары бар. Зерттеу әдісі сыныптағы әдебиет сабақтарында қоладна бермейді. Арнайы теориялық проблема төңірегінде жеке зерттеу жұмысын жүргізуге лайықты. Жас шәкірттерді ғылымға бейімдейді.
Репродуктивтік (жаңғырмалы) әдіс. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығмен жүзеге асады. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің лекциясынан, оқулықтанғ қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алады. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға , еске сақтауға үйретеді. Оны жүзеге асыратын тәсілдер сұрақ-жауап, түсіндерімелі оқу, әңгіме, көрнекілік т.б.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бағыттарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжаттар 1990 жылдардан пайда бола бастады. 1991 жылы Т.Ақшолақов және Ә.Дайырова дайындаған «Әдеби білім тұжырымдамасы» бұл орайдағы алғашқы қадам болды. Алайда бұл жоба күйінде 1997 жылға дейін талқылануда болып, 1997 жылы толықтырылып, өңделіп әдебиетшілер қауымы талқысына кітапша түрінде қайта ұсынылды(«Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» Жоба. Алматы, РБК, 1997)
«Тұжырымдамада» мынандай мәселелерге ғылыми талдаулар жасалған: әдебиет пәнінің мақсаттары мен міндеттері; қазақ мектептерінде қазақ әдебиетінен білім берудің жағдайы мен даму тенденциялары; қазақ әдебиеті пәнінің міндеттері; әдеби білімді жаңарту жолдары; әдеби білімнің мазмұны мен құрылымы; оқушыларға әдебиеттен берілетін базалық және тереңдетілген білім деңгейлері туралы; оқу-тәрбие процесі; әдебиет мұғалімі; әдеби білім концепцясын жүзеге асырудың қосымша шарттары.
«Тұжырымдама» - қазақ әдебиетінен жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнын ғылыми жүйелеп айқындаған алғашқы іргелі, тұғырнамалық мәнді еңбек. «Тұжырымдамада» әдеби білімнің құрылымы біршама айқынырақ және дәйекті берілген. Ол ҚР-дағы жалпы орта білім жүйесі құрылымына сәйкестендірілген: Бастауыш білім(1-4 сыныптар), Базалық білім(5-9 сыныптар), Тарихи-әдеби білім(10-11 сыныптар) болып сатыланған. Әр сатыдағы пәннің мазмұны тезиспен тұжырымдалған.
Сонымен, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» - әдістеме ғылымының осы саладағы алғашқы құжаты ретіндегі жаңа дүние. Ол – мемлекеттік білім стандарттарын, бағдарламалар мен оқулықтар жасауда бағдар бола алатын ғылыми-әдістемелік құжат және мектеп оқытушылары, әдіскер ұжымдар мен ағарту қызметкерлері үшін басшылық құрал.
Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі өз дамуында сүйенетін тірек құжаттардың бірі – осы пән саласындағы мемлекеттік білім стандарты. Мұндай құжат қазақ әдебиеті пәні саласында алғаш рет баспадан ресми құжат ретінде 1998 жылы басылым көрді. 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында дайындалған, ҚР білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 21 тамызындағы №465 бұйрығымен бекітілген «ҚР орта білім мемлекеттік стандарты» басылып шықты. Оны дайындауға С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Ә.Дайырова, Т.Ақшолақов, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаев, Б.Әрінова т.б. ғалымдар, әдіскерлер қатысты. Стандарт білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүктемесінің шегіне жеткен(максимум) көлемін және оқушылар дайындығна қойылар талап деңгейін белгілеп берді.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білім мазмұны, құрылымы білім сатылары бойынша айқындалған. Білім мазмұнының оқу материалдары сыныптар бойынша анықталып, әр сыныптағы білім мазмұны “Оқылатын материалдар ауқымы”, “Әдебиет туралы білім”, “Стилистика саласынан алатын білім”, “Оқушылар орындайтын оқу әдебиеттерінің негізгі түрлері” деген салаларға бөлініп берілген. Бұл бөлім – стандарттың ең мазмұндық бөлімі болып есептеледі. Стандартта оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру және бақылау жүйесі де нақты жүйелі толық мазмұнда жасалған.
Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде 90-жылдар өтпелі кезең деп аталып жүр. Кеңес Одағының ыдырап, Қазақстан Республикасының егемендік алған бұл жылдарында білім беру ісі мен оқыту жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Барлық пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылды. Бұл жылдарда әдеби білімнің негізгі және тереңдетілген деңгейлері нақтыланып, халқымызға қайта оралған көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы шығрамлары зерделене қарастырылып, оларды әдеби білім мазмұнына іріктеп алу жүзеге асырылды.
90-жылдарда жарық көрген қазақ әдебиетін оқыту туралы әдістемелік еңбектерде өзіне дейінгі оң тәжірибелерді жалғастыра отырып, жаңа лепті ізденістер, қадамдар жасалғаны білінеді. Атап айтқанда, бұл жылдарда жарық көрген әдістемеліктерде оқушының оқу үрдісіндегі субъектілік қызметіне басым мән беру айқын көріне бастаған.
Әдебиет пәннінің негізгі мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгерту, ал әдеби білімнің мәні – ой мен сезімді ояту, оқушының табиғатқа, қоршаған ортаға, Отанға, адамзатқа, өз-өзіне қатынасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, адамды эстетикалық деңгейдегі азаматтыққа, арлылыққа тәрбиелеу болмақ.
«Тұжырымдамада» білім мазмұнын жаңартуда басшылыққа аланатын негіздік ұстанымдар көрсетілген: пәннің функционалдық қызметінің толықтығының сақталуы; білімді ізгілендіру; оқу-тәрбие ісін демократияландыру; әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы; оқушы жас ерекшелігіне лайықтылығы, түсініктілігі; тарихилық ұстанымы; пәнаралық және пәнішілік байланыс т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет