Сөзжасамдық ұя — сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.
Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзбен өрбіген түбірлес туынды сөздердің жиынтығы десек,сөзжасамдық ұядағы әр түбірлес туынды сөз сөзжасамдық тізбекте орналасады.Ұядағы түбірлес туынды сөздер қалай болса,солай жүйесіз орналаса салмайды.Олардың жасалуында да,өзіндік жүйе бар,осы жүйе бойынша тізіліп келіп,сөзжасамдық тізбек жасайды.Бір ұядағы түбірлес туынды сөздердің орнын туынды сөздің қай сөзбен жасалуы шешеді. Мысалы, кел түбірінен келгіш деген туынды сөз жасалған,сондықтан оның орнына кел себепші негізінен кейін болады,келгіш сөзінен келгіште туынды сөз жасалады,оның орны келгіш себепші негізінен кейін,келгіште сөзінен келгіштет сөзі жасалады,ол келгіште сөзінен кейін орналасады. Демек, сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің орналасуы оның қай сөзге негізделгенімен байланысты болады.Сөзжасамдық бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбек шыға алады.Олардың бәрініңде әуелгі негізі бір болғандықтан,туынды сөздердің мағыналарында ортақ сема мен өзек сема болады.Бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбектің шығуының өзіндік мәні бар.Бұл ең алдымен,түбір сөздің мағынасының ауқымдылығына байланысты. Түбір мағынасы әртүрлі тұлғалардың жалғануы немесе қосылуы,тіркесуі нәтижесінде мағыналық жіктеліске түседі.Тұлғалық және мағыналық жағынан жіктелген бірінші немесе екінші сатыдағы әрбір туынды сөз дами келе жеке атаулардың мағыналық жіктелісіне негіз болып,өзіндік жаңа сөзжасамдық тізбектер жасайды.Бірінші сөзжасамдық саты бойынша дамыған сөзжасамдық тізбектер: қара – қарабайыр,қарабайырлық,қарабайырлау, қарабайырлану, қарабайландыру. қара-қарақат, қарақатты. қара- қарақат,қарақатсыз. Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздер бір-бірін негіздегендіктен , олардың мағыналық жақындығы айқын көрінеді.Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық байланыс тұрақты болады.Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздердің өзара мағыналық байланысы олардың жасалуына негіз болатын түбір сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып, соған негізделеді.Сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің саны әртүрлі болып келе береді.Оның сандық сипаты түбір сөздің мағынасына байланысты да айқындалады.Құрамындағы туынды сөздердің санына сәйкес сөзжасамдық тізбекті екі мүшелі сөзжасамдық тізбек,үш мүшелі сөзжасамдық тізбек, көп мүшелі сөзжасамдық тізбек деп бөлу үрдісі бар.Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады.
Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық тұлға қатысып тұрады.
Сөзжасамдық тұлға- сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын бірліктер негіз түбір мен сөз тудырушы жұрнақтар сөзжасамдық тұлға деп аталады. Сөзжасамдық тұлғалардың өзіндік ішкі мағыналары бар екені белгілі. Түбірдің не негіздің , сөз тудырушы тұлғалардың өзіндік ерекше мағыналары болады. Ал жаңа сөз жасау барысында олардың барлық мағыналары түгел қатыспайды. Тек өзі туғызатын сөздің ұғымдық мәні мен мағынасына орайласа отырып, сөзжасамдық жаңа мағына туғызады. Сөзжасамдық тұлғалардың сөзжасамдық мағына жасаудағы маңызы зор. Сөзжасамдық тұлғалар түбір түрінде де, негіз түрінде кездесе алады. Түбір сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ақ-ақ- шыл, ақ -тық, ақ- па, ат-ат-ты,ат-шы, ат-па, ат-шыл, ат-бегі, ас-ас-тық, ас-шы, ас-паз, ас-хана, ас-у. Негіз сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: — ата- ата-л, ата-қ, ата-у, ата-лық, ата-баба, ата-мұра. Жол-жол-шы, жол-шы-бай, жол-жөне-кей, оқы-оқы-р-ман, оқы-у-шы, оқы-ғыш, оқы-ту, оқы-т-у-шы, оқы-у, жаз-жаз-у, жаз-ғыш, жаз-ба, жаз-ғы, жаз-а, жаз-ыл-у. Сөз тудырушы тұлғалар мыналар:-лық,-лік, -тық, -тік,-шы,-ші, -шылық,-шілік,-шық,-шік,-ым,-ім,-ыш,-іш, және т.б. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен әрүрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады. Бұл заңдылық сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асырылады.Мұндағы ең басты қағида сөз мағыналарының ішкі мәнінің сәйкес келуі. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы күрделі де қисынды процесс. Ол тек адамның танымы қабылдаған ұғымдарды ғана негіздеп, негізделген, уәжделген мән арқылы мағына туғызады. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау қажет болады. Ол үшін туынды сөздердің өзін денотаттық-заттық, сигнификаттық-ұғымдық, коннотациялық-бейнелік ұғымды білдіретін атаулар деп бөліп алған жөн. Денотаттық атаулардың туынды мағыналарын айқындау қиынға түсе қоймайды. Олай болуы оның заттық қасиетімен байланысты. Жаңадан пайда болған ұғым зат не құбылысқа қатысты болғандықтан, оның ерекшелігі таңбалық сипаты арқылы айқын көрінеді. Мысалы- Сары-арқа, Ұлы-тау, Жеті-су, ақ-бөкен, қой-шы, бас-тық, бас-қарма. Ал сигнификаттық мағына «түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені білдіретіндіктен»,- профессор М.Оразов, туынды сөздің құрамында пайда болған екіншілік мағынаның белгісін анықтау оңайға түспейді,-деп есептейді. Кейбір сын-сапаны, қимыл-әрекетті, білдіретін туынды атаулардың мағыналық құрылымына тән. Сөзжасамдық тұлғалар-сөзжасамдық мағына жасауда бірдей деңгейде қатынасады.
Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына. Сөзжасамдық мағына өзінің белгісі мен реңі жағынан грамматикалық және лексикалық мағыналардан ерекшеленеді. Ол жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы пайда болады.
Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.
Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:
• негіз сөздің қай сөз табына жататыны;
• негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;
• сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.
Туынды сөз жасаушы тұлғалардың біреуі ортақ болуы арқылы жаңа екіншілік мағынадағы ортақ мағынаның болуы сөзжасамдық үлгі негізінде жүзеге асады.Сөзжасамдық үлгі тек синтетикалық сөзжасам тәсілінде ғана емес,барлық сөзжасамдық тәсілдерде болады.Сөзжасамдық үлгі дегеніміз- туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер.Құрамындағы бір сөзжасамдық тұлға ортақ болғандықтан,жаңадан жасалған туынды сөзде де ортақ сема қалыптасады.Яғни бір сөзжасамдық үлгі негізінде туынды атау пайда болады. Зерттеулерде айтылып жүргеніндей сөзжасамдық үлгі синтетикалық сөзжасам тәсілі де айқын көрінеді.Айталық,себепші негізге –шы сөз тудырушы тұлғасының жалғануы арқылы кісінің мамандығына ,қызметіне қатысты атаулар туындай алады.Мұның өзі негізгі шы,ші сөз тудырушы тұлғаның мағынасына сәйкес келеді.Мысалы : мал ән сиыр жылқы шы,-ші тігін би үй күй Әр атаудың өзіндік когнитивті белгісі бар.Дегенмен,барлық атау бір қол сөзінің сөзжасамдық үлгісінде жасалғандықтан,олардың сөзжасамдық мағынасында қолдың өзек семасы барлық жаңа туынды атаулардың арнайы семаларында өзінің ізін сақтайды.Айталық,қолбасшы-көп қолдың (әскердің) басшысы,қоларба-қолмен жүргізетін арба,қолқанат- қолда ұстап жұмсап отыратын ,көмегін көретін адам,қолөнер-қолмен жасалатын өнер,қолтаңба-қолмен жасалатын таңба т.б. Аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың барлығы бірдей негізгі мағына арқылы жасала бермейді, кей атаулар ауыспалы сема негізінде де уәжделеді. Қолқанат, қолжаулық, қолтума сияқты сөздердің туынды мағыналары ауыспалы сема бойынша жасалғанын бағамдау қиын емес.