«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


Мемлекет басшысы осы мақсатта еліміздегі өзекті деген мәселелерді бірге



Pdf көрінісі
бет107/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

Мемлекет басшысы осы мақсатта еліміздегі өзекті деген мәселелерді бірге 
талқылап, ортақ шешім табу үшін құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 
жұмысын жіті қадағалап отыратынын атап айтады. Қазақстанда саяси-
әлеуметтік жаңғыру үрдісі де жүріп жатқаны белгілі, дегенмен «сабыр түбі сары 
алтын» деп өмір сүріп келген халқымыз популистік идеяларға жол бермейтінін, 
ұлттық мәмілеге келудің тиімділігін, республикадағы көпұлтты демографиялық 
жағдайды ескеру қажеттігін әр кезеңде дәлелдеп келеді. Даңғазалық пен 
мақтаншақтық, өзгені қор, өзімізді зор санаудың елге тигізер зиянын Абай өз 
еңбектерінде жеріне жеткізіп айтып кеткен болатын. «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге 
қарап сөзін алма” деген ойшыл, жақсы мен жаманды ажыратудың қарапайым 
амалдарында ұсынып кеткен еді. Расында да әпербақан саясат пен ұлттық эгоизм 
салдары кез келген елдің дамуына, азаматтық қоғам орнату мүмкіндігіне және 
мемлекет тұтастығына қатер төндіретін қауіпті үрдіс. 


Президент өз мақаласында, еліміздің әрбір азаматын, бүгінгі жаhандану 
заманында әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуіне ерекше көңіл аударады. Бұл 
мәселенің шешімін Абайдың» «кемел адам» формуласынан іздеуді ұсынады. 
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп дана 
ақынның өзі айтқандай, жастарымызды білімді, өзіне сенімді, ізгілік пен 
жақсылыққа ұмтылатын адам ретінде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты 
мұраты. Кезінде Абайдың қазақ баласына өсиет еткен «кемел адам» 
философиялық ұғымын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та 
өзінің «Абай туралы сөз» атты кітабында тілге тиек еткен болатын. «Абай сөзі – 
қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», – деп 
жазған еді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет