11. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деген позицияны ұстана отырып, ойыңызды дамытып жазыңыз. 12. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз. 13. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл). 14. «Туған жер –адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз. 15. Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз. 16. Абайдың отыз екінші қарасөзіндегі ақыл кеселдерінің зиянын дәлелдеп жазыңыз. 17. «...Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз. 18. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз. 19. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын талдап жазыңыз. 20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырып жазыңыз. 21. Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? О.Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі Ерік пен Таған бейнелерін салыстыра талдау жасап, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.