«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс- тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қ арсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық
көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. «Жемқорлыққа қ арсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет. 11. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деген позицияны ұстана отырып, ойыңызды дамытып жазыңыз АВТОР :АЯУЛЫМ АЛТАЙ INSAGRAM:11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01