Ассамблеясының құрылып, сапалы жұмыс жасап келе жатқандығы да әрбір қазақстандықтың санасындағы «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық», «ұрпақ», «болашақ» деген маңызды ұғымдардың сеніммен қалыптасуына зор тірек болып келеді. Ұлттық өзіндік сананың дамуында қазақстандық қоғамның даму көкжиектерінің қарқындап кеңейіп келе жатқандығы да үлкен орын алады. Ал осының өзі, біртіндеп, рухани мәдениет саласында жаңа құбылыстардың туындап отыруының табиғи үдеріс ретінде қабылдауға алып келеді. Рухани салада жаңа құбылыстар пайда болуымен бір мезетте ұлттық сананың қуатты тарихи қабаттары да қозғалысқа түсіп, өткен өмірді танудың жаңа арналары, жаңа көзқарастар мен жаңа қажеттіліктер пайда болады. Осыдан келіп, ұлттың дүниетанымның, ұлттық сананың дамуы дегенді болашақ пен өткенді бірдей танитын екі жаққты қамтитын құбылыс тануға болатын шығар. Жаңалық қаншалықты қарқынмен алға қарай бағытталса, сол қарқындағы қуат өткенді де
қамтиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» мақаласы мен 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттарды қамтыған алып ойдың нәтижелері. Мақалалардағы еліміздің әлеуметтік-рухани дамуы және тарихи сананың жаңғыруы туралы айтылған маңызды мәселелерді дер кезінде бүгінгі білім алып жатқан жастардың санасына жеткізу – әрбір оқылатын пән мен оқытушының міндеті. Қазақстандық жастар үшін өнегелі нәрі мол аутентикалық мәтін