«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары



Pdf көрінісі
бет44/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

 
 
 
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары 
қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға 
ие.Әсіресе, оның «Қазақ хрестоматиясы" оқулығы мектеп табалдырығын енді 
ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, 
жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас 
жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты 
әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді 
бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз. Оған 
дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелікСейіт 
орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, 
аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан 
шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған 
аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да 


шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі:- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да 
шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, 
сынықшыға сыбырлайды:- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ 
менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап 
жатырмын,- дейді.Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін 
түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың 
баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала 
сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген 
анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: 
«анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің 
мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет