«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары



Pdf көрінісі
бет58/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

үгіт 
етеді. 
Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңірді 
әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да 
Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, 
бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эсселік 
әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз ма-
хаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмірлік 
құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай 
ұсынбақ 
болғандай. 
« 
– Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы 
сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аң-
қыған сәуле санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ басқан-
дай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен? 
«Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты 
келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының» 
ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу 
ұлттың намысына тиер бұзаутіс қамшының ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. 
Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз 


өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазушының ішкі дүниесі ышқынып, 
ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей 
ұландарын 
қайрап, 
түйреп 
өтеді. 
Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осыны 
жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет