есептеледі. 20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырып жазыңыз АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ
INSAGRAM @11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01 Еріктің бар есіл-дерті – ақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық болу. Айна – табиғаты момын, адамгершілігі, мейірім-шапағаты мол адам. Таған – аспирант, ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз кешкен маскүнем. Ал Нүрке (Нюра) кемпір осы үш адамға қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісін бір-бірімен байланыстырып, дамытып отырады.Романның «Атау-кере» аталуында да үлкен мағына бар, өйткені «атаукере»адамның өлер алдындағы ең соңғы асы, дәмі деген мағынаны білдіреді. Қазақ арасында қатты ашуланып, ұрсысып қалған жағдайда «Атау-кереңді ішкір» деген сөз қарғыс түрінде тұрақты тіркеске айналған. Еріктің ара шаруашылығынан басқа оннан аса сиыры, бес-алты жылқысы, елу шақты қойы бар. Әкесі Қандауыр Еріктің ес білмеген шағында қайтыс болып кетеді. Ол әділетті, шыншыл адам ретінде суреттеледі. Шешесі Нюра Фадеевна (ауылдастары Нүрке деп атайды) – мыңдап марал өсіріп, пантысын (дәрі жасау үшін қолданылатын жас мүйіз) Қытайға сатқан сан жетпес омартасы бар кержақ-орыстың ең шонжары