«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


көтерген Тағандардың: «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын



Pdf көрінісі
бет64/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

көтерген Тағандардың: «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын 
кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала 
сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-
барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне сондықтан да 
халық адасты... адам жадынан, есіне айрылды», – деп келетін батыл лекциялары 
тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын 
айқара ақтарып беретіні белгілі. Жалпы, кеңестік жүйенің «химиялық қаруына» айналған 
алькаголді ішімдік жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың азып-тозуына 
дейін жеткізгені сібір халықтарының тағдырынан әбден мәлім жайт. Мұндай қыл көпірден 
қазақтардың аман өтуі дәстүрлі тағамының құрамында ежелден айран, боза, қымыз сынды 
ашыған сусындардың болуы, яғни ағзаның дайындығынан ғана құдай сақтаса керек.Ерік 
өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол 
студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды 
басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан. 
Ғылым-білім, мәдениет-өнер жолындағылардың бәрін еңбексіз күн көретін арамтамақ 
санап, зиялы атаулыны ата-жауындай көреді. Бір кезде өзінен тым биікте тұрған, ғылым 
мен білімде қатарластарына дес бермеген аспирант кластасы Тағанның араққа ғана 
жеңіліп, алқаш атанып, ендігі бір жұтым сыра үшін мұның құлы болуға дайын екендігін 
көргенде төбесі көкке жеткендей қуануы да сондықтан. Аярлығының шексіздігі сонша - бір 
ауылда бірге өскен досының бейшаралық кейіпке түсіп, қамқорлыққа мұқтаж күйін көре 
тұра, атының артына мінгізбестен ауылдан қиян тауға қарай жаяу салпақтатады, ол аздай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет