«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім тауып барамын» деген еді. Бір



Pdf көрінісі
бет88/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім тауып барамын» деген еді. Бір 
күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып жетіп келмесі бар ма
лашығымызды көріп, шошып кетті. Есіктен төрге дейін көзі шарасынан 
шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті».Жазушы жас жұбайлардың 
әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары күйреп жататын 
себептерінің бірі баспана қиындығы екенін де аңғартады. «Мен қолмен 
ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір 
бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап 
отыр, оған жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, 
ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп 
ауызға салардай аппақ сұлу келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен 
оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, 
жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай».Осы жайтқа 
байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүрген Әсия 
Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: 
«Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда, көп қазақтың басындағы 
жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ Ерболаттың 
жазуында сіз тұрмысының қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз 
сол тұрпайы тұрмыстың азаматтың азамат басын қалай итше тепкілеп, 
қорлайтынын көресіз».Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын 
ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, 
сөйлемдерді қолданады: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алып», 
сол сәт дастарқанның екі шетінен екі тарақан пайда болды да, қарама-
қарсы жорғалай жөнелді. Келіншегім шөгіп барады. Тарақан құдды 
соғыс майданына жекпе-жекке шыққан қас батырдай екпіндеп келді 
де, бір-біріне тұмсық түйістірді. Бір-біріне айбар шекті. …Қайнағам 
теріс қарады. Әйелім бетін басты. Мен күйіп-жанып бара жаттым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет