Тамағым кеберси берді, құрт малтап отыр едім, сол құрт өңешіме тығылып қалғандай, сөйлесем, дыбысым шықпайтындай сезілді».Жазушының тілі – әдебиетке Хемингуэй енгізген «телеграфтық стиль»: айтайын деген ойын қысқа да нұсқа, нақты, шебер жеткізеді.
28. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ INSAGRAM @11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01 Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі. Бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.Романдағы басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де