сәнділігін көзге елестетеді. Мұхтар Әуезовтің бұл тұста Абайдың өз өлеңімен үндес шығуы әбден занды. Ал Мағжанның да «Шолпы» атты әдемі лирикалық өлең жазғанын Мұхтар Әуезов , сөз жоқ, білгөн. Мәселе тікелей сабақтастық іздеуде емес, кең мағынасындағы әдеби дәстүр жалғастығын ескеруде. Келемді прозалық шығармада қыздың мінезін, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын жан-жақты бейнелейтіндіктен, роман-эпопеядағы портреттің ауқымы кеңірек. Бір-ақ сөзбен мүсінделіп берілгеңдіктен, ол портрет те әр түрлі көркемдік детальдар жеке сипат- белгілер арқылы жасалады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасында Абай бейнесі, Абай заманының келбеті қалай суреттелген деген мәселелер төңірегінде әлі де айта түсетін, анықтай түсетін жайлар баршылық. Солардың көбі шығармадағы көркемдік шыңдық пен тарихи шындық қалай ұштасқан деген мәселеге саяды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жас Абай мен Құнанбайды әкелі- балалы екі адамды бір-біріне қарсы қойып, қарама-қайшы тұлғалар етіп бейнелеуінің мәнісі қалай деген сауал жиі қойылып жүр. Абай баласы Әбдірахманның дүниеден жас кеткеніне налып шығарған жырында оны жасынан ғылым жолына түскен жаңа буынның өкілі, жаңа заманның, «жаңа жылдың басшысы» еді деп, өзін «мен ескінің арты едім» деген болса, Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясында Құнанбайды ата жолын өзгертпей ұстауға тырысқан бұрынғылардың өкілі, «ескінің арты еді», ал Абай энер үйренуге, білім-ғылым игеруге үмтылған прогресс жолына бет алған жаңашыл