«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау



бет5/7
Дата24.05.2023
өлшемі39,02 Kb.
#96622
1   2   3   4   5   6   7

Ә мәтіні


Астанадағы халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысушылары үш бағыт – қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, «жасыл» технологиялар енгізу бойынша ойларын ортаға салып, ұтымшы шешім қарастырды. Тұрғындар үшін қысқы жылыжай кешендерін жасауды ұсынған «Sredalab» командасы жылыжайлардың ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерінде шыны үйшіктер түрінде салынып, жылу трассалары, күн батареяларын қосу, жел энергиясы арқылы жылытыла алатындығымен ерекше жобасын таныстырды. Жылыжайдың іске қосылуынан түсетін кірісті идея авторларының ойынша, аудан тұрғындары аула территориясын абаттандыруға
немесе балаларға қажетті құралдары сатып алуға бағыттай алады. Ал «Nurcelona» командасы қаладағы көлік тұрақтары үшін AirBnB баламасын жасауды ұсынды.
Astana Innovations басқарма төрағасы Олжас Сартаев жас сәулетшілердің өз идеяларын
«ақылды» аудан жобасы аясында іске асыруға мүмкіндіктері болатынын айтты. «Ол
«Жастар» шағын ауданында. Бүгінде онда осы үш бағыт бойынша бірнеше технология енгізілген. Жұмыстар жалғасуда. Жылыжай кешендері туралы айтсақ. Оларды іске асыру үшін үш-төрт ай уақыт керек. Біз өз тарапымыздан бағалап, биыл ең болмаса бір жылыжайды шағын ауданға шығаруға тырысамыз. Көлік тұрақтары бойынша жобаларға қатысты. Оны Жастар шағын ауданында басымдықпен іске асырамыз. Бірақ біз бұл ауданмен ғана шектеліп қалмаймыз», — деді О. Сартаев. 2018 жылы сәуір айында Байқоңыр ауданының А. Бараев, А. Кравцов, Ж. Тәшенов және Т. Хусейн көшелерінің қиылысындағы
«Жастар» шағын ауданында орналасатын «ақылды» аудан жобасы таныстырылды. Жоба 60 млн теңге жеке инвестициялар тартты. Инвестициялар «ақылды» есептеуіштерді орнатуға, жаяу жүргінші жолдарына, аялдамаларды, сонымен қатар фин компаниясының жылуды автоматты реттеуішін қоюға жұмсалды.

Оқылым


Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырмалы талдау жасаңыз.
[10]

А мәтіні


Тоғызыншы сыныпта оқитын Əлихан бұл құрылғыны жасау үшін бір ай уақыт жұмсаған. Ол өз жаңалығын мектеп қабырғасындағы STEM лабораторияда жасап шыққан. Ол ойлап тапқан таяқ көзі көрмейтін жандар үшін таптырмайтын құрал болмақ.
STEM-лабораториясы Қазақстандағы мектептер мен арнайы білім беретін мекемелердің жанында жаңа робототехнология негізінде балаларға білім беруде. Əлихан жасап шығарған таяқ – STEM-лабораториясының мақтауға тұрарлық көрсеткіші.
Өнертапқыш Əлихан жасаған робот таяқ датчиктер мен динамика арқылы жұмыс істейді. Таяқты қолданушы, жолында кездескен 1 метрдегі бөгетті дыбыс арқылы біледі. Сонымен бірге, электронды құрылғы адамның айналасындағы бөгетті 90 градуста көрсетеді.
«Таяқтағы датчик, жолдағы бөгетті көргенде дереу дыбыс береді. Таяқтың ұшына динамика арқылы сигнал беретін ультрадыбысты сенсор орнатылған. Біз арнайы 4000 герц жиілікке қойдық, ол кез келген жерде де, тіпті қала ортасындағы шулы аймақтарда да анық естілетін болады. Таяқ ұзақ мерзімді батарея арқылы қуатталады. Қолданушы оны үй жағдайында қуаттап алады. Толық қуатталған кезде, қуат көзі бір аптаға жетеді», — дейді оқушы.
Қазақстандық үлгіде алғаш рет жасалып отырған сиқырлы таяқ, келешекте барша қажеттілік танытып отырған жандардың қолында болуы тиіс, себебі шетелдің қымбат құрылғыларына қарағанда Əлихан жасаған таяқ қолжетімді. Əлихан өзі ойлап тапқан ақылды таяқты патенттеп, арнайы түрде сатылымға шығармақшы. Егер көпшіліктен қолдау тауып, жоба алға жылжитын болса, таяқты құрастыратын және қызмет көрсететін орындарды ашу да ойда бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет