Реферат Тақырыбы:Қарым-қатынас-педагогикалық іс-әрекеттің негізі Тапсырған: Амангелдіқызы Аружан мдожТ 11



бет1/3
Дата04.03.2023
өлшемі20,85 Kb.
#71535
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Та ырыбы арым- атынас-педагогикалы іс- рекетті негізі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогика факультеті

Реферат
Тақырыбы:Қарым-қатынас-педагогикалық іс-әрекеттің негізі
Тапсырған:Амангелдіқызы Аружан МДОжТ 11
Қабылдаған:Айтжанова Роза Мұқантаевна


Қарағанды 2021

Жоспар:
Кіріспе
1.Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
2.Педагогикалық қарым-қатынас негіздері


Кіріспе.
Адамдармен қарым-қатынас жасаудың екі әдісі немесе ұйымдастыру типі болады: өзіңнен және өзгеден. Біз көбінесе қарым-қатынасты өзіміз ұйымдастыруға тыры-самыз — мұның өзі ыңғайлы, әрі бізге жеңіл сияқты болып көрінеді. Ал шындығына келгенде қарым-қатынастың мұндай тіпті көпшіліктен қолдау таба қоймайды. Белгілі совет психотерапевті В. Леви адамдармен байланыс жасауды бастаған кезде білуге тиісті мынадай есепттерді тұжырымдайды:
-аз уақытқа болса да өзіқ туралы, өз мұқтажың туралы ойлағанды қоя тұрып басқалар туралы, соның мұқтажы жайлы ойлағаның жөн;
-сенің басқалар туралы нақты ойың, сенің олармен қарым-қатынасың қате болуы мүмкін екендігі есіңде болсын, басқалар туралы білмейтініңді білуге тырыс;
Балалармен педагогикалык, өзара әрекетте ұсақ – түйек жоқ-барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т. б. жұмыс істейді.


1.Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы.
Қарым-қатынас деп аталатын процесс-аса кең және сиымды түсінік.Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру,оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады.
Қарым-қатынас сан алуан сипатта,оның көптеген формалары мен түрлері бар.
Қарым-қатынас дегеніміз – адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым- қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік, интегративті,прецептивтік қызметтерді атқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі.Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де,білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан,педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын,алдымен қарым қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.
Қарым-қатынас- ХХ жүз жылдықтың проблемасы.Өйткені,егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік риторика,эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе,ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас,соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас,бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.
Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл-бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды,өзара әрекеттің,басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын,адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі,көп жақты процесі.Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.Біріншіден,ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «тіл және ақша» болады.Бұл-бір жағынан,қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе,екінші жағынан,осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді.
Екіншіден,бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді,ол «қарым-қатынастың кез-келге формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады.Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды.Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан,қарым-қатынас іс - әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін,соңғы он жылдарда дамыған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты.Мысалға,қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі»ретінде анықтай отырып,В.Н.Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген:байланыс,өзара әрекет,таным,өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф.Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды:ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде,мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың,бастан кешірушілердің болуы ретінде,яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет