Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы
ҚАЗАҚ ТІЛІ В1 деңгей
пәні бойынша
Барлық бағыттардағы факультеттердің
орыс бөлімдеріне арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Курс: 1-2
Cеместр: 1
Қарағанды – 2020
Құрастырғандар: Аметова А.Ж– п.ғ.м., аға оқытушы, Кенжебекова Ж.А. – г.ғ.м., аға оқытушы, Балапанова Қ.Ж. – ф.ғ.м., аға оқытушы, Мауленова А.М.– ф.ғ.м., оқытушы
Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған «Қазақ тілі (В1 деңгей)» пәні бойынша оқу бағдарламасында (SYLLABUS) оқу пәнінің қысқаша мазмұны, тақырыптық жоспар, семинар сабақтарының жоспары, оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмысы сабақтарының әдістемелік нұсқаулары, студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары, бақылау түрлері, бақылауға арналған емтихан тапсырмалары кіреді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 маусымындағы № 603 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
«Қазақ тілі (В1 деңгей)» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS) Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған / Құраст.: : Аметова А.Ж., Кенжебекова Ж.А., Балапанова Қ.Ж., Мауленова А.М– Қарағанды: ҚарУ баспасы, 2020. - 128 б.
© Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, 2020
1. Күндізгі бөлімнің оқу бағдарламасы
Оқу мерзімі
|
Курс
|
Семестр
|
Несиелер
|
Лекиялар
|
Семиарлар
|
Лаборатор
|
соөж
|
сөж
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
4
|
1,2
|
1
|
10
|
-
|
120
|
-
|
30
|
150
|
300
|
Емтихан
|
3
|
1
|
1
|
10
|
-
|
75
|
-
|
15
|
90
|
180
|
Емтихан
|
№
|
Тақырыптың атауы
|
Семинарлық сабақ
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
І семестр
|
1.
|
ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ.
1.Әулет дәстүрі
2.Отбасы құндылықтары
|
8
|
2
|
10
|
2.
|
1.Өзара түсіністік пен сыйластық
2.Қамқорлық ережелері
|
8
|
2
|
10
|
3.
|
1.Неке дегеніміз не?
2.Отбасын неше жаста құру керек?
|
8
|
2
|
10
|
4.
|
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ
1.Адамгершілік әліппесі
2. Мәдениет пен білімнің байланысы
|
8
|
2
|
10
|
5.
|
1. Ұрпақ арасындағы қайшылық
2. Мүмкіндік пен қажеттілік арасындағы қайшылық
|
8
|
2
|
10
|
6
|
ТАҢДАУ
1.Мамандықты дұрыс таңдаудыңыз ба?
2. Қабілет және мүмкіндік
|
8
|
2
|
10
|
7.
|
1.Еңбек өнімділігі: сапа мен көлем
2. Жұмыс түрі және еңбекақы
|
8
|
2
|
10
|
8.
|
ТАБЫС КІЛТІ - ЕҢБЕКТЕ
1.Табысты болғыңыз келе ме?
2. Ақша және адамдар
|
8
|
2
|
10
|
9.
|
1.Отбасы бюджеті
2. Ақша жұмсай білесіз бе?
|
8
|
2
|
10
|
10.
|
БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ САЯХАТ
1.Бос уақытты өткізу мәдениеті
2. Есте қалған саяхат
|
8
|
2
|
10
|
11.
|
1.Қазақстандық саяхатшыларды білесіз бе?
2.Қазақстан табиғаты жайлы шетелдіктердің көзқарасы
|
8
|
2
|
10
|
12.
|
1. Қазақстандықтар қайда демалады?
2. Еліміздегі туризмнің даму деңгейі қандай?
|
8
|
2
|
10
|
13.
|
ЖАҢАЛЫҚТАР.
1.Жаңалықтарды қайдан білесіз?
2.Ауа райының өзгеруі жайлы жаңалықтар
|
8
|
2
|
10
|
14.
|
1. Мәдени жаңалықтар
2. Спорт жаңалықтары
|
8
|
2
|
10
|
15.
|
1. Экономика және өндіріс жаңалықтары
2. Қоғамдық саяси жаңалықтар
|
8
|
2
|
10
|
|
Барлығы:
|
120
|
30
|
150
|
ҚББТ бойынша күндізгі/қысқартылған бөлімнің оқу жоспары
Оқу мерзімі
|
Курс
|
Семестр
|
Несиелер
|
Лекиялар
|
Семиарлар
|
Лаборатор
|
соөж
|
сөж
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
3
|
1
|
1,2
|
10
|
-
|
75
|
-
|
15
|
90
|
180
|
Емтихан
|
2. Оқытушылар туралы мәліметтер:
А.Ж.Аметова – п.ғ.м., аға оқытушы, a_amet71@mail.ru кафедрада болатын уақыты 10:30–12.30; Ж.А.Кенжебекова – г.ғ.м., аға оқытушы, jib_a_k@mail.ru, кафедрада болатын уақыты 13:30-15:30; Қ.Ж.Балапанова – г.ғ.м., аға оқытушы, aiKanum_2007@mail.ru, кафедрада болатын уақыты 16:00-18:00; А.М.Мауленова – г.ғ.м., оқытушы, Maulenova1977@mail.ru,
кафедрада болатын уақыты 16:00-18:00;
3. Алғы деректемелер:
1. Мектептегі қазақ тілі
4. Кейінгі деректемелер:
1.Кәсіби қазақ тілі
5. Пәннің қысқаша мазмұны.
Курстың құрылымы
Мемлекеттік білім беру стандартына сай «Қазақ тілі B1» пәнін кредиттік жүйе бойынша оқытуға 10 кредит (300 сағат көлемінде 1-2 семестрге арналған) бөлінген. Қазақ тілін оқыту осы көлем аясында қарастырып, тілді тереңірек үйрену СОӨЖ, СӨЖ материалдары сағаттарында меңгертіледі. Практикалық сабақтары мен СОӨЖ, СӨЖ материалдары бір-бірімен сабақтастырылып қарастырылады.
Пәннің мақсаты – мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Пәннің негізгі міндеті:
1. Студенттің қазақ тілі бойынша қалыптасқан тілдік дағдыларын дамыту, әрі қарай жетілдіру, керек жерде қайта қарау;
2. Айтылым әрекеті бойынша студент деңгей түріне сай қарапайым ақпарат алу/беру сұхбатынан бастап, күрделі сұхбат түрлеріне, пікірталастарға қатысу, үгіт-насихат, ақпараттық сөз түрлерін меңгерту;
3. Жазылым әрекеті бойынша қарапайым хат-хабар түрін жазудан бастап, аннотация, эссе түрлері, ақпаратты талдауды дамыту;
4. Оқылым әрекеті бойынша шағын мәтіндердегі негізгі ақпарат және көмекші ақпарат түрлерін анықтаудан бастап, мәтіндердегі мағыналық байланыс түрлерін талдау, автор идеясын саралауды жетілдіру;
5. Тыңдалым, тілдесім әрекеттері бойынша қарапайым ақпарат, сұхбат түрлерін тыңдаудан бастап, әртүрлі жанрдағы ақпараттар ағымын тыңдап, негізгі ақпараттарды түсіну, детальдарды айқындау, негізгі идеяны қорытуды меңгерту.
6. Студент тұлғасын қандай да бір мәселелерге өз ойы бар, өз пікірін салиқалы жеткізе алатын жеке дербес ойлы тұлға ретінде дамыту;
7. Студенттің сөйлеу іскерлігін дамыту, өзінің тілдік әлеуетін ашуға, қолданып көруге итеретін оқу жағдаяттарын ұйымдастыру;
8. Ұлттық дүниетанымның аксиологиялық құндылықтары тұрғысынан әлемде болып жатқан өзерістер мен үдерістерді бағалау іскерлігін дамыту;
9. Студент тұлғасын қандай да бір мәселелерге өз ойы бар, өз пікірін салиқалы жеткізе алатын жеке дербес ойлы тұлға ретінде дамыту;
10. Студенттің сөйлеу іскерлігін дамыту, өзінің тілдік әлеуетін ашуға, қолданып көруге итеретін оқу жағдаяттарын ұйымдастыру;
11. Студентке зерттеу, талдау, таңдау еркіндігін беру, зерттеу әрекетін, шығармашылық ізденісін туғызатын жұмыс түрлерін ұсыну;
12. Заманауи ақпараттық трендттерді оқыту үдерісінде еркін пайдалануға мүмкіндік беру;
13. Студентті болашақ кәсіби саласына дайындайдын прагмакәсіби кейстерді құру.
Достарыңызбен бөлісу: |