Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:
Кредит саны
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Дәрісханадан тыс сабақтар
|
Барлық сағат
|
Бақылау түрі
|
Дәріс
|
Практикалық/
семинар сабақтары
|
Зертханалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
|
2
|
15
|
15
|
-
|
15
|
15
|
60
|
Аралас емтихан
|
Аралық бақылау – семестрдің 8 және 15 аптасы
Пән туралы мәліметтер
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Түркітануға кіріспе пәні – жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын ғылыми – теориялық пән.
Курстың мақсаты - студенттерге түркі тілдерінің зерттелуі мен дамуы, қалыптасуы жайынан түсінік беру; түркітанудың негізгі мәселелері және оның қазіргі міндеттерімен таныстыру. Бұл курсты тыңдаушылар түркі тобына қандай халықтар мен тілдер жататыны, ондағы ірі тілдердің (не тілдік топтардың) өзіндік ерекшеліктері мен қалыптасуы жөнінде мағлұмат алуға тиісті.
Курстың міндеті – студенттер бойына қазақ тілінің тарихы оның тайпалық тілдерден халық тілі, одан ұлт тілі болып қалыптасуы – туыс түркі тілдерінің тарихымен тікелей байланыстылығы жайлы сенімді көзқарас қалыптастыру.
Оқыту әдістемесі: Курс баяндау, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті көрнекілік әдістер негізінде оқытылады.
Курстың құрылысы дәріс, тәжірибе, ОСӨЖ және СӨЖ жұмыстарынан тұрады.
Пререквизиті
"Қазақ жазуының тарихы", "Салыстырмалы грамматика", "Ежелгі дәуір әдебиеті" пәндері оқытылды. Студенттердің қазақ тілінің тарихы, жалпы түркі тілдері туралы мәліметі болу керек.
Постреквизиті: "Тарихи грамматика", "Жалпы тіл білімі" және т.б.
Студенттер түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі жайлы және шығыстану ғылымының бір саласы- түркология жайлы ғылыми мәліметтерді меңгеріп шығады.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет /жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша/.
Сабаққа қатысу:
Сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
Аудиториядағы тәртіп:
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:
Ұялы телефонмен сөйлесуге;
Сабақтан сұрануға;
Бос әңгіме құруға;
Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
Өз пікірін дәлелдесе;
Сабаққа белсенді қатысса;
Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса;
Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |