Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған


Грамматика: Мезгіл мәнді құрылым, -ғанда, -ған соң, кейін /уақытта/ шақта құрылымдары



бет19/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Грамматика:
Мезгіл мәнді құрылым, -ғанда, -ған соң, кейін /уақытта/ шақта құрылымдары





21- сабақ. Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба?


«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

Жазылым.
1-тапсырма. Төмендегі жаңа сөздерді жазыңыз.
Сөздік жұмыстар:
Қол жеткізу;
Даңғыл жол салу;
Адамның тағдыры;
Ықпал ету;
Кірпіші болып қалану;
Жарамды болу;
Өзекті мамандық;
Жүрек қалауы;
Кемел келешек;
Көздеу;
Өмір сүру көзі;
Икемділік;
Мамандықты игеру;
Үміткер болу;
Шәкіртақылар тағайындау


Оқылым.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, өз ойыңызды жалғастырыңыз.


Профессия- латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өз өмірінің негізгі бөлігін кәсіптік қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры да таңдаған мамандығына тікелей байланысты болады екен. Бүгінгі күні әлемде 40 мыңға жуық мамандық түрлері бар.
Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес.
Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет