Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет37/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Оқылым.
3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып ат қойыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе?
Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре алмауыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес. Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар... Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы - машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді. Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әрі қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көріңіз, әрі қаржылық жағдайыңыздағы өзгерісті де бақылауды ұмытпаңыз. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз.
Егер санауға тура келсе біреуге жасатқаныңыз жөн. Егер сіз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз абзал. Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Келесі ақшаны шақыратын болады. Қалай да болса қолдан келерлік ережелер... Ұстансақ мүмкін біздің де қалтамыз қалыңдар. Не дегенмен қазір көп нәрсе ақшаға келіп тірелуі - ақиқат.


Жазылым.
4-тапсырма. Төмендегі тізбек бойынша мысал келтіріп жазыңыздар.
1. Етістік + есімше жұрнақтары + табыс септік.


5-тапсырма.. Жоғарыдағы мәтін бойынша сызба негізінде көршіңізбен сұхбаттасыңыз.
Сұрақ ----------------------- жауап
Сұрақ ------------------------ растау
Сұрақ ------------------------ жоққа шығару
Сұрақ ------------------------ келісу.


Тыңдалым.
6-тапсырма.
https://yandex.kz/video/preview/?filmId осы сілтеме арқылы тақырып бойынща видоны көріп, ойыңызды ортаға салыңыз.
(Бүгінгі тақырыппен байланысты есіңізде қалған сөз тіркестерін жазып алыңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет