39-сабақ 1-тапсырма: Сөздік қор: Қазақстанның көркем жерлері
Сіздің назарларыңызға
Қазақстанның қайталанбас сұлулығы
Ғасырлар қойнауында
Сыр шерткен мекендер
Үздік топтама
Бас қала
Басты монумент
Этно-мемориалдық кешен
Үлкен іскерлік
Мәдени орталық
Архитиктуралық ескерткіш
Сұлу табиғат
Тәуелсіздік монументі
Көрікті жерлер
Жайлы климат
Шуақты күн
Спорт түрі
Таңғажайып көрініс
Сәулет туындысы
Оқылым. 2-тапсырма: Мәтінде Қазақстанның бірнеше үздік топтамасы берілген, сіз қалғандарын толықтырыңыз.
Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы
Қазақстанның көркем жерлері мұнымен аяқталмайды. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға Қазақстанның қайталанбас сұлу табиғаты бар өңірлер мен ғасырлар қойнауынан сыр шерткен мекендерінің 25 үздік топтамасы.
Астана. Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар.
Алматы.
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп.
Шымбұлақ.
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Жайлы климат, шуақты күндердің көптігі, тұрақты қар жамылғысы және табиғаттың таңғажайып көрінісі бұл жерге қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді ғана тартып қоймайды.
Түркістан.
Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Оның ең басты көрнекті жері V ғасырда іргесі қаланған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол сол заманның ерекше сәулет туындысы болып табылады.
Шарын шатқалы.
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас.