Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет43/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
42-сабақ
Тыңдалым.
1-тапсырма. https://youtu.be/-Y8CGN0z87c бұл видеороликта Қазақстанның табиғаты түсірілген. Сіз осы видоны көру арқылы табиғатты суреттеп, айтып беріңіз.


Айтылым.
2-тапсырма. Тақырып бойынша «ПОПС».
Пікір қосыңыз.
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дəлелдей аламын… »
• Соңғы сөйлем«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»
Жазылым.
3-тапсырма.. «Менің ең қызықты саяхатым» атты тақырыпта эссе жазыңыз.
43-сабақ
Тыңдалым.
1-тапсырма.
Сөздік қор:
туристік сала
тамырына қан жүгірту
келген қонақтар
кең байтақ
тың мағлұмат
мұнайлы өңір
көрікті орын
мейман көп
қызығушылыңы ерекше
жетік меңгеру
өлкетанушы журналист
саз аспаптары
дүниежүзілік көрме
тұспа- тұс келу
жергілікті өнерпаз
саз тыңдау
белгілі жырау
ғажайып табиғат
алуан түрлі жануар
табиғи үйлесім
көзбен көру
толыққанды мойындау
сапарт барысы
Оқылым:
2-тапсырма.
ЕХРО туристік саланың тамырына қан жүгіртті. Көрмеге келген қонақтардың қай-қайсысымен сөйлессеңіз де, кең байтақ Қазақстан туралы түсініктерін толықтырып, қазақ халқының мәдениеті мен тарихы жайлы тың мағлұмат алғандарын айтады. Қазір мұнайлы өңір Атыраудың көрікті орындарын көруге барған мейман көп.
Америкалық Майкл Аленнің Атырауға деген қызығушылығы ерекше. Банджо аспабын жетік меңгерген музыкант және өлкетанушы журналист ретінде ол өзі болған жерлерде халықтық саз аспаптары мен тарихына жете мән береді. «Себебі музыка тілі ортақ. Ол арқылы халықтың жанын түсінуге болады», – дейді. Айтқандай, жақында Астанада өтіп жатқан дүниежүзілік көрмені аралап қайтты. Майкл Ален, турист (АҚШ): - Мен көрмеде 4 шілде күні болдым. Бұл күн Американың ұлттық мерекесіне тұспа-тұс келді. Мұнда жергілікті және америкалық өнерпаздар концерт берді. Бұл өте есте қаларлықтай сәт еді. Мен тұңғыш рет қобыз бен домбыраның сазын тыңдадым. Жалпы мен жұмыс істеп жатқан Атырау өңірі күй мектебінің бесігі саналады. Және белгілі жырау Қашағанның туған Отаны.
Роба ван Звайнтерн – Нидерланд Корольдігінің азаматы. Голландиялық туристі Қазақстанның қайталанбас ғажайып табиғаты қызықтыратын сыңайлы. Роб ван Звайтерн, турист (Нидерланды): - Бұрын мен Қазақстанды тұрмысқа қолайсыз, құм басқан ел деп ойлаған едім. Ал бүгін ЕХРО көрмесі арқылы оның таңғажайып табиғатының куәсі болып отырмын. Шынында да алуан түрлі жануарлар әлемі мен табиғи үйлесім мені таңқалдырды. Мұны түсіну үшін тек көзбен көру керек секілді.
Қазақстан ғажайыптарын терең түйсінген тағы бір турист – ресейлік Алексей Пластинкин. ЕХРО-дан ерекше әсер алған жиһанкез Қазақстан туралы түсінігінің жаңа деректермен толыққанын мойындайды. Алексей Пластинкин, турист (Ресей):
- Мені Қазақстанның бай тарихы таң қалдырды. Мүмкін мен әзірге оның аз ғана бөлігін тамашалаған шығармын. Сондықтан осы бай өлкені тағы да асықпай араласам деймін. Соның ішінде Түркістанда болу – басты арманым. Атырау тарихи өлкетану музейінде болған меймандар енді ЕХРО-ға арналған арнайы жоспар арқылы мұнайлы өңірді аралап көрмек. Сапар барысында олар «Ақжайық» табиғи қорығы, 12-15 ғасырдағы батыстағы бас қала, қазақ хандығының алғашқы астанасы «Хан ордалы Сарайшық» қаласының орындарын аралайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет