Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары қандай? қай?


Дара және күрделі сын есімдер



бет2/9
Дата16.04.2022
өлшемі28,35 Kb.
#31214
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дара және күрделі сын есімдер

Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.

Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
Күрделі сынның жасалу жолдары:


  1. Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.

  2. Сапалық сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар), кең маңдайлы көк көйлекті (қыздар) т. б.

  3. Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті (домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті (азамат) т б.

  4. Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі (әйел), сәнді киімді (қыз), өткір көзді (жігіт), сапалы білімді (азамат) т. б.

5.Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімгеанықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық

 (мақал).

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғабиден Мұстафин).


Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарайсапалық(негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет