Есімді тіркестер



бет1/6
Дата20.02.2023
өлшемі101 Kb.
#69524
  1   2   3   4   5   6

ЕСІМДІ ТІРКЕСТЕР
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ


Қабысу. Сөздердің қатар орын тәртібі нәтижесінде, қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Қабысуда ешбір жалғау шешуші қызмет атқармайды Мысалы: Макаров жастайынан жетім қалып, ата-ана тәрбиесін алмай, бас кесер ұры, бұзықтықтың салдарымен түрмеге түсіп, Беломор каналында істеп, мезгілін бітіріп шыққан соң, төрт айдан кейін әскерге шақырылып, Қиыр Шығыстан Еділ бойына келген жігіт (Б. Мом.).
Мұндағы келген жігіт қабысу арқылы байланысқан. Егер бұл екі сөздің орнын ауыстырып жіберсек, басқа мағынаға ие боламыз: жігіт келген. Мұнда байланыс түрі өзгеріп, қабысу болмай, қиысу болып кетеді. Ал бұл екі сөздің арасына үшінші бір сөзді араластырса да, алдыңғы байланыс өзгеріп кетеді: келген Қиыр Шығыстан жігіт немесе келген Еділ бойынша жігіт. Тіпті мағынасыздық та туады. Сонымен, қабысуда байланысқа түскен сөздердің орын тәртібі барынша қатаң сақталуы керек.
Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әр уақытта есім, көбінесе зат есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Ол есімдердін, бірқатары сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады.
Қабысу - түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып бйланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.
Зат есіммен кабыса тіркесетін сөздер:
Зат -есім: темір күрек, ағаш күрек, жел тиірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т. б.
Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, социалистік жарыс т. б.
Сан есім: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші бригада, т. б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т. б.
Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын сөз т. б.
Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:
Сын есім мен жібек орамал
Зат есім мен зат есім: балалы үй
Сан есім мен алтыншы арба
есімше мен орындалған арман,
зат есім:
сілтеу есімдігі мен мына кала.
Бұл есімдердің өзара тіракесу қабілеттглігі бірдей емес, Олрдың сөз тіркесін құрау ерекшеліктерін білу үшін, әр түрін бөлек қарайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет