Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы


сын/-сін түрінде жазуды ұсынғанмен, көпшілік дауыспен сың/-сің



Pdf көрінісі
бет115/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

сын/-сін түрінде жазуды ұсынғанмен, көпшілік дауыспен сың/-сің 
түрі қабылданады. Бұл үдеріс тілімізде қазіргі кезде де сақталып 
қалған.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең 
пайымдап, өзіне дейінгі тіл білімпаздарының еңбектерін зерделей 
отырып, жіктеуді‚ ең алдымен‚ анайылық және сыпайылық жөнге 
жіктейді де оларды іштей жекеше-көпше түрге саралайды. 
А.Байтұрсынұлы жақты үшке жіктейді: «Жақ үшеу: 1-жақ – мендік 
яғни айтушы, 2-жақ – сендік яғни тыңдаушы жағы, 3-жақ – 
бөгделік яғни айтушы мен тыңдаушы екеуінен басқалардың жағы» 
[1]. 
Жақ категориясы әр тілде түрліше көрініс тапқан. Бір тілдегі 
ерекшеліктің бәрін басқа тілге тели беруге болмайды. Оған қазақ 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
273 
және орыс тілдерін салыстыра зерттеу барысында да көз жеткізуге 
болады. Үндіеуропа тілдерінде‚ оның ішінде орыс тілінде І жақ 
көпше түрі (мы) «я+не я» түрінде жалпылық мәнге ие болғанмен‚ 
бұл заңдылық қазақ тіліне сәйкес келмейді. Қазақ тілінде 
«мен+басқалар» мәні мендер тұлғасында емес‚ біздер тұлғасында 
қолданыс табады. Сонымен қатар орыс тілінде вы есімдігі қазақ 
тіліндегі сендер‚ сіз‚ сіздер тұлғаларында қолданылады. Яғни‚ 
екінші сөзбен айтқанда‚ қазақ тіліндегі анайы көпше (сендер)‚ 
сыпайы жекеше (сіз) және көпше (сіздер) тұлғаларының орнына 
орыс тілінде бір ғана форма (вы) қолданылады. Мен, сен
есімдіктері сөйлеуге тікелей қатысын білдіреді. Мәнмәтін мен 
жағдаятқа байланысты біздер мен, сен (сіз, сендер/сіздер); мен, ол, 
олар; мен, сен (сіз), ол, олар; ал сендер (сіздер) – сен, ол, олар 
болуы мүмкін. Біздер есімінің категориалдық мәніне мен-мен 
бірге тыңдаушы, бөгде жақ кіре алады. Сендер/сіздер – сен-мен 
бірге III жақ тұлғалары енеді. 
І, ІІ жақта сөйлесушілердің бір-біріне қатысы байқалады, олардың 
өзара ілтипаты, сыйластығы байқалады. Сондай-ақ дейксистік 
қатынас та көрінеді. Яғни мен, сен, ол деген кезде сөйленіс актіне 
қатысушылар 
көрсетіледі. 
Тіл 
арқылы 
қарым-қатынас 
ерекшеліктері де байқалады. Қазақ тіліндегі жақ категориясының 
анайы/сыпайы түрге жіктелуі ментальділіктің көрсеткіші бола 
алады. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Сыпайылап 
сөйлегенде, сөйлеуші өзін мен деудің орнына біз дейді, 
тыңдаушыға сен деудің орнына сіз дейді, бөгде кісіні ол деудің 
орнына ол кісі дейді. Сондықтан біз – 1-жақ, сіз – 2-жақ, ол кісі – 
3-жақ болады» [1, 226-б.].
Қазақ тілін зерттеген орыс тілді ғалымдар көбінесе осы тұста орыс 
тілінің заңдылықтарына түсіп кетіп отырған. Мәселен‚ қазақтар 
арасында болып‚ олардың сөйлеу мәдениетімен жақын танысқан 
Н.Ильминский: «Относительно личных местоимений должен 
заметить‚ что сказать о себе мен‚ а другому сен было бы 
неприлично в разговоре с высшим или младшему со старшим. 
Скромность и вежливость требуют сказать вместо того: біз‚ сіз
Таким образом‚ эти два слова в киргизском языке должны назвать 
вежливым единственным числом»‚ – дегенмен [8]‚ қазақ тіліндегі 
жіктелу үлгісін беруде орыс тілінің заңдылығына түсіп кеткен. 
М.Терентьев‚ П.Мелиоранский‚ И.Лаптьев т.б. зерттеушілердің 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
274 
еңбектеріндегі жіктеу үлгісі де осы сипатта. Яғни оларда анайы-
сыпайы‚ жекеше-көпше жіктеу үлгілері өзара шатастырылып‚ вы 
есімдігінің қазақ тілінде үш түрлі тұлғада көрініс табатыны 
ескерілмеген.
Қазақ тіліндегі ІІІ жақ өз ішінен адамға да, затқа да қатысты 
қолданылуы бойынша жіктеледі де қазақ тіліндегі ол есімдігі 
жіктеу есімдігі ретінде де‚ сілтеу есімдігі ретінде де қолданыла 
береді. Мысалы‚ Ол бүгін келеді деген сөйлемде ол – жіктеу 
есімдігі ретінде қолданылса‚ Ол ағашқа тиіспе деген сөйлемде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет