Байланысты: aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы
Таһир сен деген мысалдар тіл дамуының кезеңдерін нақты көрсете
алады, яғни жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен
шыққанын айғақтайды.
Бүгінде «Сен кімсің?» тұлғасында қолданылатын бірліктер қисса-
дастандардың тілінде «Сен кім?» түрінде жіктік жалғауынсыз да
ұшырасады:
Қорадан тапыр-тұпыр қуып шықты, Адымдап сасқанынан басты батыр. Көшемен тарсылдатып келе жатса, Алдынан «сен кім?» депті қасап бақыр. – Жүгірген алаң-жұлаң сен кім? – деді, Келе жатқан бақал айтты: – Менмін, – деді. – Осынша қорыққандай, бақалеке, Не қорлық сенің өзің көрдің? – деді («Бабалар сөзі»). Сонымен қатар мен есімдігінің жіктелген нұсқасы (менмін) да
кездеседі. Бұл мысалдардан жіктеу есімдіктерінің жіктік жалғауға
айналу үдерісін аңғаруға болады. Яғни, жіктік жалғаулары мен‚ сен, ол жіктеу есімдіктерінен шыққан. Соған байланысты І‚ ІІ жақ
жіктеу есімдіктері мен етістік әрдайым қиыса байланысады. Әрі
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 268
жіктеу есімдіктері етістіктен кейін келіп, өзара қиыса
байланысқан. Кейін қосымшаға айналып кеткен.
Жіктеу есімдіктері сөйлемнің соңында келгенде атау тұлғада ғана
емес, басқа септік тұлғаларында да келген:
Қақпадан сұлу қатын шыға кепті, Кісідей түк қылмаған болып аңғал. – Үстіңнен қазы алдына арыз түсті, Шақыртып жатыр сізді, – деді, – хандар («Бабалар сөзі»). Және бір тапсырық іс бар-ды сізге, Жан балам, ырза болғын енді бізге. Досыңмен өзің біліп ойнап-күлгін, Дуадан дәйім бізді етпе кемде («Бабалар сөзі»). Және айтқан жаздым сәлем, достым, сізге, Ләззатпен құлағың сал айтқан сөзге. Баладан бір хабарын білген болсаң, Сіз де жаз мархабатты сәлем бізге («Бабалар сөзі»). Ерекше көзге түсетін нәрсе – қисса-дастандарда барыс септік
тұлғасы жіктеу есімідктеріне екі түрлі тұлғада жалғанған: бірінде
қазіргі нормаға сәйкес маған, саған түрінде жалғанса, енді бірде
менге, сенге түрінде жалғанған. Мысалы:
Дүкенші: – Тиемісің, – деді, – менге, Көңілім кетіп қалды, жаным, сенге. Бір көрген көркіңіздің садағасы, Табамын табан аумай төрт жүз теңге («Бабалар сөзі»). Ұстап бер бұл нәрсені, балам, маған, Ол үшін ақша берем мен көп саған. Не түрлі зат екенін көрмек дәркар, Соның үшін айтамын, балам, саған («Бабалар сөзі»).
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 269
Тіл дамуының өзіндік кезеңдерінде ІІІ жақта да есімдік пен етістік
қиыса байланысқан: bilgä toñukuk añyg ol (Tk, 34). oguzy jämä tarkanč ol (Tk, 22). Мұндай дәйектерді қисса-дастандардың тілінен
де кездестіруге болады:
Кімді балам дер енді, Кімді мендей сүйер ол? Біз есіне түскенде, Жанған отта күйер ол. Күйгеніне кез болсаң, Сабыр айта көріңіз! («Қисса-дастандар»). Көрген итің – дұшпан ол, Арамызға түскен ол, Екеумізді күзетіп, Көп сырларды шешкен ол. Сені менен айырар ол, Қанатымнан қайырар ол. Мұнды басты ғаріпке, Көп залымдық айлар ол («Қисса-дастандар»). Сағыттың ақша табар себебі бұл, Жақсылар, құлық салып көңілді бұр. Әуелде ол жүректі жеген еді, Тауық еді қасиетті ол, емес құр («Бабалар сөзі»). Дүнияның төрт бұрышына салды хабар, Той тойлап, сауық құрып жатты олар. Күн өткенін білмейді, түн өткенін, Жиылып халайықтар ойын салар («Бабалар сөзі»).
Көп керуенді тоқтатып мейман қылар, Керуеннің жолын тосты енді бұлар. Өткен-кеткен һәммасы тек кетпейді, Атты-жаяу болса да мейман болар («Бабалар сөзі»).
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 270
Яғни, жіктеу есімдіктері ертеректе баяндауыштан кейін келіп,
сөйлемнің соңында қолданылған. Қисса-дастандардың тілін
талдау барысында жіктеу есімдіктері ғана емес, қаратпа
атауыштар, зат есімдер де баяндауыштан кейін келе беретінін
аңғарамыз:
Айналайын, жан ана, Бір айла тауып бер, ана. Бұл нәрсені ұста деп, Қорқытады мені, ана. Бұл залымнан құтылуға Бір айла тауып бер, ана («Бабалар сөзі»). Сүннетін Пайғамбардың қылды патша, Көп жасаумен ұзатып қызын патша. Қырық түйе, қырық қашырға жүгін артып, Және қырық піл, қырық қыз күң берді патша («Бабалар сөзі»). Дұрыстап шыныңды айтшы енді, шалым, Тапқансың қандай түрде мұның бәрін. Қай түрлі Алла берді мұны саған, Баян ет раушан етіп ахуалын («Бабалар сөзі»). «Biz az biz» (О, 8) деген сөйлем екі жақты өзекке құрылған: бір
өзек – сөйлемдегі субъект, екінші өзек – предикат [6, 50-б.]. Мұнда
сөйлемнің
басында
тұрған
біз –
субъект
(тема,
А.Байтұрсынұлының атауы бойынша – бас мүше), ал сөйлемнің
соңындағы біз – предикат құрап тұр (рема, А.Байтұрсынұлының
атауы бойынша – баяншы мүше).
Баяндауыштан кейін келген жіктеу есімдіктері уақыт өте келе
жіктік жалғауына айналған. І, ІІ жақтық жіктік жалғаулары жіктеу
есімдіктерімен өзара ымыраласқан. Мысалы:
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 271
– Жусанды мен сатамын, балам, саған, Пұлын бер базарқы сен де маған. Ол жөйіт те пұлын беріп алды дағы, Және айтты: – Сізге айтам маған қараң («Бабалар сөзі»). Көргенім жоқ мұндай жан, Көрдім сурет, болдым таң. Мұны менен сұрама, Мен білмеймін, тақсыр хан («Бабалар сөзі»). Астарын ішіп тамам болды керуен, Молда айтты: – Үйге әкеліп қылдым мейман, Қойған тағам бәрі де текке қалды, Суретке қарайсыздар сіздер неден? («Бабалар сөзі»). Бас мүше мен баяншы мүше өзара ымыраласып, қиыса
байланысатындықтан, тілдегі үнемдеу заңына сәйкес көп
жағдайда бас мүше қызметіндегі жіктеу есімдіктері түсіп қалған:
bälä tugma ärdi ogly bän (E 15, 2); bilgä kagan atysy jolyg tigin män... (Mh, X, l); bu atymyz umay bäg biz (E 28, 3); tänsi män (IB, 1); ala atlyg jol täŋri män (IB, 2); altun kanatlyg talym kara kuš män (IB, 4);
korkma timiš kut birgaj män timiš (IB, 3), т.с.с.
Қисса-дастандардың тілінде де бұған мысал өте көп:
һәр тарапқа жүргенмін, Талай жерді білгенмін. Талай шаһар кезгенмін, Өз елімнен безгенмін. Керуен болып қыдырып, Талай [дәурен] сүргенмін. Ханға талай барғанмын, Талай тарту алғанмын. Мейман болып һәр жерге, Талай да қызды көргенмін («Бабалар сөзі»).
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 272
Қош, аман бол, атажан. Қай уақытта келермін, Жүзіңді қашан көрермін. Өзім туып көрмеген Жерлерде, ата, жүрермін. Ата, аман бол көргенше, Және айналып келгенше, Жыл он екі ай болғанда Бір хабарды берермін («Бабалар сөзі»). А.Байтұрсынұлы жіктік жалғаулары І, ІІ жақта өзара
ымыраласатынын, ал ІІІ жақта ымырадан шығып кететінін айтады.
1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш
сійезінде сөйлеген сөзінде ғалым: «1-жақтық жіктеу «сін» болмай
«сің» болсын» деген қисынсыз: 1-жақтық жіктеу, тәуелдеулер «м»
болғанда ғана 2-жақтық жіктеу «ң» болады; 1-жақтық жіктеу
«мін» болғанда оған сәйкес 2-жақтық жіктеу «сін» болуға тиіс;
«мін»-нің асылы «мен», «сін»-нің асылы «сен» болуға керек,
бұлардың аяғындағы дыбыстары «ң» емес, «н», сондықтан «сін»-
ді «сің» деп жазудың жөні жоқ. «Халықтың аузында бірсыпыра
жерлерде «сін» демей «сің» дейді» деген –дәлел емес. Тілдің
негізгі ережелерін бұзып, қатадан айтылған сөз түріне еліктеу
қисынсыз», – деп жіктік жалғауларының әу баста жіктеу
есімдіктерінен шыққанын айтып [7], 2-жақтағы жіктік жалғауын -