Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
208
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Тұсауыңды кесейін
Күрмеуіңді шешейін.
Тұсау кесер
ұғымының қазіргі жаңарған, қайта жаңғырған
мағынасы
“презентация”
ұғымындағы
мағына.
Бүгін
Қазақстанның бас ордасы – Астана қаласында Евразия
университетінің жаңа ғимаратының тұсаукесері болды. Мысалдан
көріп тұрғанымыздай, тіл өз бойына мағлұматтарды сақтап қана
қоймай, керек кезінде қайтадан жаңғырта алатын мифологиялық
ойлаудың қандай да бір механизмі сақталған болған болуы керек.
Осыған орай, қазақ тіліндегі ұлттық мәдени маңызы бар
деректерге талдау жасай келіп ғалым Г. Смағұлова былай дейді:
“Егер тілде фразеологизмдер сақталмай,
бізге жетпеген болса,
қазақтардың рухани өмір сферасы қалай анықталып, қандай
мәдени өмірге сүйеніп, пікір айтылар еді. Сақалын сипау – мораль,
этика үлгілері болса, қара шаңырақ – мұнда да мораль бар, әрі
этнографиялық ұғым, ат кекілін кесісу, ақ түйенің қарны жарылу
– этнолингвистикалық білімдерді қажет етеді. Осыған орай, әр ұлт
тілінің әлеуметтік қуаты арқылы мәдениет сақталады” [Г.Н.
Смағұлова, 1998; 146 б.].
Ұлт мәдениетінің сақталуы ұлт тілімен тікелей байланысты. Тілсіз
мәдениеттің, рухани барлықтың сақталуы мүмкін емес. Тіл мәдени
информацияны сақтап қана қоймайды, сонымен қатар ол туралы
білімдерді жинақтап,
сұрыптап, қажетінше қайта жаңғыртып
отырады. Мәселен, тұсау кесер дәстүрімен сабақтас келетін
адамның дүниеге келуін алайық. Қай халық болмасын, отбасын
құрып, үй болғаннан кейін нәресте сүюді арман еткен. Бала –
өмірдің жалғасы, жеміс берер гүлі, жанұяның тірегі.
Тілдегі
бесіксіз үйде береке жоқ, балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар,
бала тілі – бал, бала – бауыр ет және т.б. бейнелі тіркестер осыған
дәлел. Баланың, перзенттің дүниеге келуін ерекше табиғат-ана
сыйы, ұрпақтың, адамзаттың жалғасы деп білген. Сондықтан да