1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі



Дата19.05.2022
өлшемі45,5 Kb.
#35102
Байланысты:
Баламасыз лексика




1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі

Аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын еңбектердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін, сол себепті аударылуы қиындық келтіретін, болмаса тәржімалағанда суреттеу, түсіндіру, шамаластыра аударуды қажет ететін сөздер тобы аталады: олар «баламасыз лексика» деген терминмен белгіленеді.
Баламасыз лексика – халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытатын атаулар, реалийлер. Аталған термин көптеген авторлардың еңбектерінде кездеседі және оған әртүрлі түсініктеме беріледі: «реалийдің» синонимы ретінде, немесе одан да кең «өзге мәдениетте, өзге тілде жоқ сөздер». Баламасыз лексика – көркем шығарманың тақырыбына, мазмұнына байланысты бір халықтың мәдени-тұрмыстық тіршілігіндегі ұғымдар мен түсініктердің, заттардың атаулары; адамдардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар мен діни, саяси көзқарастарға қатысты терминдер, стандартты қалыптар. Бұндай лексикалық единицалар, сөздер мен сөз тіркестері сөздіктерге тіркелмейді, тіркелген жағдайда да суреттеу, шамаластыра аудару амалымен жүзеге асырылады. Лексикографиялық ресімделмегендігі өзге тілдегі мәдени-ұлттық ерекшеліктерге тән атауларды аудару мүмкін емес деген пікір тудырмайды; дәл, тұрақты лексикалық сәйкестігі көрсетілмегенмен де, аударма мәтіндерге жүргізілген талдау көркем әдебиеттегі реалий атауларын эстетикалық функцияға нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде қазақшалауға болатынын дәлелдейді.
Белгілі бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан, классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол және олар тақырыптық, мәдени ерекшеліктері жағынан да сан алуан. Осы күнде баламасыз сөздер, әсіресе көркем аудармада, жан-жақты зерттелген. Ғалымдар баламасыз лексикаға мыналарды жатқызады: этнографизмдер, терминдер, одағайлар және еліктеуіш сөздер, аббревиатуралар, туыстық атаулар, сөз әдебі формулалар және қаратпалар, жалқы есімдер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, теңеулер, діни атаулар, көнерген сөдер, тарихаяттар, эмоциоанлды және экспрессивті бояуы бар сөздер, фольклор элементтері. Демек, фондық айырмашылықтарға байланысты сөздердің көбісі аударылмайды. С.С.Аверинцевтің айтуы бойынша, «тілдегі ең жақсы сөздер аударылмайды». Тәржімашы сол ұлттың мәдениетін (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық бітім) толық меңгермегенше, басқаша айтқанда фондық білімі болмаса, сапалы аударма жасай алмайды деген тұжырым шығаруға болады. Мысалы, қазақ көркем шығармаларында кездескен төмендегідей лингвомәдениетанулық бірліктерге көз жүгіртейік.
Баламасыз лексика аудармадағы сөз таңдау мәселесіне қатысы бар топтың бірі. Ал аудармада, әсіресе көркем аудармада, екінші тілден сөз таңдаудың бірнеше себебі бар, олардың негізгілері мыналар:

  1. екі тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымы әр басқа;

  2. белгілі бір ұғым, зат, түсінік халықтың тұрмыс-тіршілігінде жоқ, демек ол тілде де белгіленбеген;

  3. қоршаған ортадағы әрбір ұғымының, түсініктің, зат пен құбылыстың атауы екі тілде де бар, алаайда олардың ұғымдық-мазмұндық көлемі әртүрлі;

  4. сөздіктегі сәйкестіктердің стильдік қызметінде айырмашылықтар бар;

  5. шығарма авторының стилі мен тілі де функционалды сәйкестіктер жасауға ықпал етеді.



Көркем әдебиетте баламасыз лексиканың негізгі түрі – ұлттық реалийлер жиі кездеседі, себебі олар сол ұлттың рухани, мәдени, қоғамдық өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан да осы сөздердің басқа тілге аудару жолдары көп қызығушылық танытады. Бірақ реалийлердің өздері аударылмағанмен (реалий – этнолингвистикалық түсінік, сондықтан да ол басқа тілде лакуна ғана бола алады), олардың атаулары аударылуға тиіс.
Қорыта келсек, баламасыз лексика және олардың басқа тілге аударылуы – күрделі мәселе, себебі олар бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналған. Сондықтан аудармашы аудару амал-тәсілін дұрыс пайдаланса, түпнұсқаның ұлттық-мәдени ерекшкеліктері толығымен сақталады
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

  1. Сейсенова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салыстырмалы талдау. – Канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1998. -27б.

  2. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. – М.: Высшая школа, 1973.

  3. Федоров А.В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Уч. пособие. – М.: Высшая школа, 1983.

  4. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. – М.: Международные отношения, 1980. -338 с.

  5. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М.: Аспект Пресс, 1996. -207с.

  6. Циртаутас И. Қазақ тіліндегі еркелету және ізет мағынасын білдіретін сөздер // Қазақ ССР ҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар. – 1972. -№4. -75б.

  7. Степанов Ю.С. Французская стилистика. – М.: Высш.шк., 1965. – 356с.

  8. Сафарян Р.Д. Культурные лакуны при восприятии художественного текста в иноязычной (армянской) аудитории // Язык и общество на пороге нового тысяче летия: итоги и перспективы. –М.:Эдиториал УРСС. – 2001. – С. 204-210.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет