Қaзaқcтaн реcпубликacының aуыл шaруaшылығы миниcтрлiгi c. Cейфуллин aтындaғЫ Қaзaқ aгрoтехникaлық универcитетi курстық ЖҰмыс



бет3/5
Дата21.04.2023
өлшемі39 Kb.
#85333
1   2   3   4   5
Ауданның климаттық жағдайы

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.
1.4 Аудан өңірінің топырақ жамылғысы және құрылымы
Ақмола облысының күңгірт қарақоңыр топырақтарының ауыл шаруашылығында ұзақ уақыт пайдалану барысындағы физикалық, химиялық қасиеттерінің трансформациялану ерекшеліктерін зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді : зерттелген нысандардың физикалық-химиялық көрсеткіштері және олардың трансформацияларын көрсету; топырақтардың органикалық заттарының трансформациялануын көрсету; Зерттеу салыстырмалы-географиялық әдіспен, басты орографиялық элементтер бойынша жүргізілді. Мұнда топырақтардың түзілуіндегі табиғи факторлары, ландшафтық ерекшеліктері ескерілді. Типтік аймақтың тың және жыртылған жерлерінен топырақ үлгілері генетикалық қабаттар бойынша алынды.50-жылдың екінші жартысында Солтүстік Қазақстан құрғақ дала аймағының негізгі жер қорын құрайтын игерілген карбонатты қүңгірт қарақоңыр топырақтарына стационарлы зерттеу ұйымдастырылды. Алынған мәлеметтерде тың топырақтардың өңдеу тәсілдері мен күздік бидайдың тамыр жүйесіне байланысты құнарлығы мен қасиеттерінің өзгеруі және де олардың микробиологоиялық сипаттамасы қарастырылған.
[ Ақмола облысы топырақ қорларына өте бай, бұл жерлерде аймақтық : кәдімгі қара, оңтүстік қара, күңгірт қарақоңыр және қарақоңыр топырақтар таралған. Осы облыста ауыл шаруашылығында пайдаланылатын топырақтардың құнарлығының негізгі көрсеткіші – гумус төмендеген (10-на 30%-ға дейін және одан жоғары). Ауыл шаруашылығында ұзақ мерзім пайдаланылған топырақтардың генетикалық қасиеттері қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Ұзақ мерзім пайдалану салдарынан топырақтың негізгі құнарлылық көрсеткіштерін зерттеу, оларды қорғаудың тиімді жолдарын өңдеуге, бағалауға мүмкіндіктер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет