Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата15.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#39215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
КІРІСПЕ 
 
Табыс — бұл мақсатқа қол жеткізу 
 
Мен, дүниенің қай түкпіріне барсам да, кедей отбасынан шыққан, бірақ, 
соған қарамай, планетадағы ең ықпалды адамдардың біріне айналуға 
мүмкіндік тапқан адамдарды кездестіремін. Бұл адамдар жоқшылықты көріп, 
өкінішті, үміттерінің біржолата үзілуіне дейінгі сатылардан бастап
қоғамдағы ықпалды, табыскер адамдарға дейінгі жолдарды жүріп өткендер. 
Олар маған өз өмірлерін осындай таңқаларлық жағдайға өзгерткен нәрсе 
— алға қойған мақсатының дұрыстығы екендігін айтқанда, көздері ерекше 
жайнай түседі. Менің сіздерге ұсынып отырған кітабым да осы жайында. 
Табысқа жету жолында мен көкірекке түйген ең маңызды ойларым туралы 
айтамын. Адамдардың байлыққа, табысқа қол жеткізуіне әсер ететін 
қасиеттер жайын сөз етемін. 
Бірнеше жыл бұрын Чикагода бір топ табысты кәсіпкерлер бас қосқан 
болатын. Сол кездесуге қатысқан менің бір танысым кейін мына бір оқиғаны 
айтып берді. Сол Чикагода жиналған адамдардың ұқсастықтары көп еді. 
Олардың әрқайсысы өз мансаптарын бастағанда қалталарында артық бір 
тиындары да болмаған. Олардың бәрі дерлік қарапайым жұмысшы отбасынан 
шыққандар-тын. Олардың бәрі дерлік өмірде көптеген қателіктерге жол 
бергендер. Осыған орай, көптеген шығындарға да батқандар. Ал, бүгін 
олардың бәрі бай, бақуатты адамдар қатарында. Олар ең қымбат 
мейрамхананың төрінде шалқып, кешкі дәмді астан кейін бір-бірімен 
сұхбаттасып отырып, «соншама сансыз көп адамның ішінен біздер қалайша 
табысқа жеттік» деген сұраққа жауап іздеді. 
— Мүмкін, біз Америкада тұратындықтан шығар... 
— Мүмкін, біз басқаларға қарағанда тәуекелшіл болармыз?.. 
— Әлде көбірек еңбек еттік пе? Соның арқасында бір орында, қол 
жеткізген жетістік бойында қалып қоймадық, одан да биіктерге 
талпындық... 
Осыдан кейін кәсіпкерлердің бірі орнынан тұрып былай деді: 
— Мырзалар, табыс — бұл мақсатқа қол жеткізу, басқаның бәрі 


осыдан келіп шығады. 
Бұл сөзді естіген көпшілік үнсіз қалды, сөйтті де бәрі оған ерекше 
құрметпен көңіл аударды. Мен де бұл сөзді ешқашан ұмытқан емеспін. 
Осыдан кейін мен «адамдардың негізгі артықшылығы — олардың 
мақсаттарын дұрыс қоя білуінде» деген ой түйдім. Одан кейін сол 
мақсаттарын қағазға жазып, түсіріп, соған қол жеткізу үшін жоспар құруы, 
үнемі және әркез сол бойынша жұмыс жасауы, ескі тізім іске аспай қалғанда, 
жаңа жоспар жасап, өзін-өзі құлшындырып, шабыттандырып отыруы, дәл 
осындай қарқынмен мақсатына ұмтылуы. Міне, осы қасиеттер адамдарды 
табысқа жетелеген. Сіздің өміріңізде де осындай жағдайлар болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет