Қазақстан 12-жылдық мектептің құрылымы


- саты Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)



бет8/11
Дата26.04.2022
өлшемі45,29 Kb.
#32353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3 - саты

Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 2 жыл

Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:



  • Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;


  • Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру;


  • Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді оқыту сыныптары.


  • Өңірлік ресурстық орталық – материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО, колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін.


(Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталық – айналасындағы мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете алатын, қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.).


  • Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстық БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет