Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.)



бет9/13
Дата10.12.2023
өлшемі233,68 Kb.
#136483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.).
Қазақстан Республикасының ең алғашқы Ұлттық халық санағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес 1999 жылы 25 ақпаннан бастап 4 наурыз аралығында өткізілді. 1999 жылғы бірінші Ұлттық халық санағының қорытындысымен қаланың халық саны 319 324 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 148 607, ал әйелдер – 170 717 адам. 1989 жылғы санақпен салыстырғанда Астана қаласының халқы 13,5 пайызға өскен. Халықтың қарқынды өсуі бұл қаланың Қазақстан Республикасының астана статусын алғанына байланысты болып отыр.
2009 жылғы санақ Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі – екінші санағы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 « 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» қаулысын орындау мақсатында 2009 жылдың 25 ақпанынан 6 наурыз аралығында республикалық халық санағы өткізілді.
Соңғы санақ өткелі бері 11 жыл өтті. Осы уақыттың ішінде саяси-қоғамдық және экономикалық қарқында мемлекетімізде түбегейлі өзгерістер болды. Әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстан әкономикасының ашық саясатқа негізделгендіктен, елде демократиялық институттардың әсіресе нарық қатынасының дамығындығынан Қазақстан халқы өзгерді.
Осындай шараларды өткізу жайлы әлеуметтік-демографиялық зерттеулердің, ғалым демографтардың және басқа мамандардың ұсыныстары мен пікірлері, халықаралық ұйымдардың кепілдемелері мен тәжірибесі жайлы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінде материалдар жинақталып, бұрынғы халық санағы туралы қолда бар материалдар зерделенді.
2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 16 004,8 мың адамды құрады , яғни 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 1 022,9 мың адамға көбейіп (6,8 %) отыр. Бірден-бір халық санағы қорытындысының ойламаған жағдайда қала халқының үлесі 56,3 пайыздан 54,0 пайызға төмендегені және соған сәйкес ауыл халқының үлесі жоғарылағаны байқалды.
Санақ Қазақстан тұрғындарының төмендеу кезеңінен өсу беталысына қарай өзгенргенін айқындап көрсетті. Бұл европалық этностардың эмиграциясының қысқарғанын түсіндіреді, қазақтардың өсу қарқынының артқанына (1989-1999 ж. 22,9 пайыздан 1999-2009ж. 26,2 пайызға), оның ішінде оралман-қазақтардың ағылуының себебінен және орыстардың азаюының қысқаруына (1999-2009 жылдар аралығында -15,3 пайызға және немістер (-49,6 пайызға) байланысты болып отыр. Бұрынғы сияқты ең көп халықты қазақтар (10,1 млн.) және орыстар (3,8 млн.) құрады.
Бұл санақтың құндылығы оның тек нағыз санақ емес, сонымен қатар ол болашақты болжауды : қоғам қайда бара жатқандығын, ол 10-30 жылдан кейін қандай болатынын көрсетті. Ал бұл үкіметке қауіпті шыңдар мен тұйыққа тірелуден шығуға айқын жол көрсетеді.
11 жылдың ішінде республиканың, облыстың әлеуметтік-демографиялық жағдайы өзгерді. Келесі халық санағы 2019 жылы өткізілуі керек еді. Алайда, санақты дайындауға және өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды. Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы және енгізілген шектеу карантиндік шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылғы қыркүйек-қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
2021 жылғы ұлттық халық санағының басты жаңалығы - бұл алғашқы цифрлық санақ, ол заманауи цифрлық технологияларды енгізуімен бұрыңғы санақтардан ерекшеленді. 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 11 млн 204 мың 800 (59,2%), ауыл тұрғындары – 7 млн 735 мың 600 мың адамды (40,8%) құрайды. 2020 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 250,2 мыңға немесе 1,3% артты. 2021 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (61,5 мың адам) 4,6% өсіп, 64,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 13,73 адам. Биылғы қаңтар-наурызда елімізде 36,1 мың қайтыс болды. Бұл, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға (31,2 мың адам) қарағанда 15,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,71 қайтыс болғандарды құрады. Қаңтар-наурыз аралығында 1 жасқа дейін шетінеген 815 нәресте тіркеліп, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (796 шетінеген нәресте) 2,4% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,11 оқиғаны құрады.
101.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет