Н.Назарбаев
1993 жылдың еліміздің Тәуелсіздік тарихындағы ерекше жыл болып енді. Өйткені осы жылы өз тізгінін қолға алып, ұлттық теңгені айналымға шығарды.
Ұлттық теңгені енгізудің маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Деректер теңге тарихының тамырын тереңнен қаузауға жол ашады.
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану — сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни реформаларды көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша [1, 18 б.].
1990 жылдарының басында бұрынғы КСРО-да бір мезгілде экономиканы бейтараптандырумен қатар, ақша-несие жүйесінде дезинтеграциялық, яғни біртұтас құрылымның бөлшектену үдерісі күшейе түсті. Алғаш 1992 жылы өздерінің ұлттық валюталарын — Балтық жағалауы елдері, Әзірбайжан, уақытша, ақша белгілерін Украина, Молдова және Беларусь енгізді. 1993 жылы мамырда бұларға Қырғызстан қосылды. Ал,1993 жылы шілде-тамызда Ресейде, ақша реформасы жүргізілді, оның нәтижесінде кеңестік рубльдердің айналымы толықтай тоқтатылды және олар жаңа ресейлік, ақшаларға айырбасталды.
Әлемдік тәжірибеде, ақша реформасы нуллификация (жою), девальвация (төмендеу), ревальвация (жаңару) әдістерін қолдануды қамтиды.
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы құралдар – құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу не әскери қызметшілерді, уәкілетті органдардың қызметкерлерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау және бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдар;
1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету – пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;
2) инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әрекетін қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі шегінде тұрақты пайдалануға бөлінген жер белдеуі;
3) инспекциялық тексеріп қарау кешені – интрузивтік емес (жанасусыз) тексеріп қарау әдісімен теміржол және автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк салатын бөліктерін, контейнерлерді ашпай, оларды көзбен шолып тексеру үшін уәкілетті органдар пайдаланатын, кескіндерді өңдеу мен талдау жүйелерімен жарақтандырылған тексеріп қарайтын интраскопиялық техника (интрузивтік емес тексеріп қарайтын стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр техникалық құралдар);
4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған бастапқы сызықтар (бұдан әрі – бастапқы сызықтар) – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар;
5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (бұдан әрі – аумақтық сулар) – халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бастапқы сызықтардан бастап өлшенетін, ені он бес теңіз милі болатын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын және сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылатын теңіз белдеуі;
5-1) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;
6) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы (бұдан әрі – континенттік қайраң) – Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға және су түбі мен жер қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басқа да құқыққа сыйымды шаруашылық-экономикалық қызметке егеменді құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауының учаскесі (Каспий теңізінің қазақстандық секторы);
7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының ішкі сулары және аумақтық сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумақтары, өз шегінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын балық аулау аймағы, континенттік қайраң, сондай-ақ олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғау (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау) – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде объектішілік және өткізу режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі;
9) Қазақстан Республикасының ішкі сулары (бұдан әрі – ішкі сулар) – Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі, ол:
бастапқы сызықтардан бастап жағалау жағына қарай орналасқан суды;
көпжылдық орташа деңгейлі жердегі жағадан жағаға жүргізілген түзу сызықпен шектелген шығанақтардың, бухталардың, құйылыстардың және жайылмалардың суын;
порттардың гидротехникалық және өзге де тұрақты құрылыстарының теңіз жаққа қарай неғұрлым қашық орналасқан нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген Қазақстан Республикасы порттарының суын;
Мемлекеттік шекарадан Берг бұғазындағы Ақлақ гидроқұрылысына дейінгі (Үлкен Арал теңізінің қазақстандық бөлігі шегіндегі) Қазақстан Республикасының жағалауы жағына қарай орналасқан Арал теңізінің суын;
жағалары Қазақстан Республикасына тиесілі шекаралық өзендердің, көлдер мен өзге де су айдындарының суын қамтиды;
10) қайта шегендеу – жоғалған шекаралық белгілерді қалпына келтіру және ескіргендерін жөндеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген қосымша шекара белгілерін орнату;
11) қызметтік жануарлар – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды айқындау, анықтау және жолын кесу мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, құрсаулау жолымен және өзге де әсер етуге арналған иттер мен жылқылар;
12) межелеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген және осы халықаралық шартқа қоса берілетін карталарда графика түрінде бейнеленген, Мемлекеттік шекараның жағдайы мен бағытын шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша айқындау;
13) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу – адамдардың, көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өту (кесіп өтуге рұқсат алу), жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын тану;
13-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын – айрықша жағдайларда адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын, өткізу пункті болып табылмайтын аумақ (акватория);
14) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті (бұдан әрі – өткізу пункті) – теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз немесе өзен порты, халықаралық әуежай немесе әуеайлақ шектеріндегі аумақ (акватория), сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын тиісті инфрақұрылымы бар, Мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде арнайы бөлінген өзге де жергілікті жер учаскесі;
15) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен тауарлар (бұдан әрі – жүктер мен тауарлар) – Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, нәрселер, материалдар, құралдар, заттар, қол жүгі (багаж) және көлік құралдары;
16) Мемлекеттік шекараны жайластыру – уәкілетті органдардың Мемлекеттік шекара инфрақұрылымын құру және дамыту бойынша қолданатын шаралары;
17) Мемлекеттік шекараны қорғаудың инженерлік және техникалық құралдары (бұдан әрі – инженерлік-техникалық құралдар) – шекаралық кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге арналған құралдар;
18) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы – Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында уәкілетті органдар тұрғызатын, жабдықтайтын және пайдаланатын шептер, объектілер, гидротехникалық, инженерлік және өзге де құрылыстар мен бөгеуіштер кешені;
19) Мемлекеттік шекараны орнату – Мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық айқындау, құжаттамалық сипаттау және заңнамалық ресімдеу жөніндегі шаралар кешені;
20) Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу – Мемлекеттік шекара учаскелерінің өзіндік ерекшеліктерінің сипаты (шектес мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар, шекара қауіпсіздігіне қатер төнуі, шекара маңы аудандары халқының әлеуметтік-саяси жағдайы мен тығыздығы, жергілікті жер бедері) негізінде олардың жай-күйін және Мемлекеттік шекараның құқықтық жағдайын (мәртебесін) айқындау;
21) өзеннің өзек табаны – өзен түбінің неғұрлым төмен учаскелерін қосатын сызық;
22) радиациялық бақылау – Mемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктерден, тауарлардан және (немесе) көлік құралдарынан шығатын иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және оны табиғи фонмен салыстыру;
22-1) сервистік инфрақұрылым – адамдар мен көлік құралдарының жүріп-тұру, жүктердің (тауарлардың) өткізілу жағдайларын жақсартуға және өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге арналған аумақ, ғимараттар мен құрылыстар;
23) уәкілетті органдар – өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
24) фарватер – навигациялық қоршалым құралдары (буйлар, қадалар, екі жарма белгілер) арқылы белгіленетін кедергілер (аралдар, тайыздар арасында) арасымен кемелердің жүзуіне арналған қауіпсіз жол;
25) шегендеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген, жергілікті жерде Мемлекеттік шекараны айқындау және белгілеу;
26) шекарадағы тосын оқиға – Қазақстан Республикасының, онымен шектес бір немесе бірнеше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты Мемлекеттік шекарадағы оқиға;
27) шекара қауіпсіздігі – шекаралық кеңістікте жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, ақпараттық, гуманитарлық және өзге де мүдделері қорғалуының жай-күйін білдіретін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі;
28) шекаралық аймақ – әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағы шегінде шекаралық белдеуге шектесіп жатқан Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі;
29) шекаралық белдеу – құрлықтық учаскеде Мемлекеттік шекараға тікелей жапсарлас жатқан, ал Мемлекеттік шекара шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін учаскеде – аталған су айдындарының байырғы жағасына тікелей шектесіп жатқан аумақтың, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимі қолданылатын, оларда орналасқан аралдар аумағының бір бөлігі;
30) шекара өкілдері – Мемлекеттік шекараның белгіленген режимін ұстап тұруға байланысты мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері қатарынан тағайындалатын уәкілетті лауазымды адамдар;
31) шекара өкілдерінің кездесулер пункті – шекара өкілдерінің отырыстарын, сондай-ақ халықаралық кездесулерді ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі пайдаланатын арнайы жабдықталған үй-жайлары бар жеке ғимарат.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Шекаралық саясат
1. Шекаралық саясат Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына және қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесуге, оның Мемлекеттік шекарасын қорғауға бағытталған келісілген, үйлестірілген қызметін білдіреді.
2. Шекаралық саясат:
1) халықаралық ынтымақтастық;
2) шекаралық мәселелерді бейбіт жолмен шешу;
3) уәкілетті органдардың келісілген іс-қимылдары арқылы іске асырылады.
3. Қазақстан Республикасының шекаралық саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы жүзеге асырады.
Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы, өкілеттіктері жəне қызмет ету тəртібі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітетін ережеде айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары
Мыналар:
1) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;
2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбестігін қамтамасыз ету;
3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
4) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің Мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі өзара жауапкершілігі;
5) халықаралық құқық нормаларын сақтау Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары болып табылады.
6-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау
1. Мемлекеттік шекараны қорғау шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шараларды қолдану жолымен жүзеге асырады.
Мемлекеттік шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары қатыса алады.
2. Шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында мынадай режимдер:
1) Мемлекеттік шекара режимі;
2) өткізу пункттеріндегі режим;
3) шекара режимі;
4) ішкі және аумақтық сулар режимі;
4-1) балық аулау аймағы режимі;
5) континенттік қайраң режимі енгізіледі.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
7-бап. Мемлекеттік шекараны күзету
1. Мемлекеттік шекараны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Мемлекеттік шекараны күзету уәкілетті органдардың Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеуден, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізуден тұрады.
2. Құрлықта, ішкі және аумақтық суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
3. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органдардың, ұйымдардың және азаматтардың күштері мен құралдарын тартады.
2. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар оның учаскелерін санаттарға бөлу ескеріле отырып қолданылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ОРНАТУ, БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЙЛАСТЫРУ
9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату
1. Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады.
2. Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік шекара:
1) құрлықта – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi, сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
2) Каспий теңiзінде – Қазақстан Республикасы аумақтық сулардың сыртқы шегі бойынша;
3) Арал теңізінде – Мемлекеттік шекараның жағалауларға шығатын тұстарын қосатын шекаралық нүктелердің жағалаулардың кескіні мен теңіздегі су деңгейi өзгерген кезде ауыспайтын сызығы бойынша;
4) кеме жүзетін өзендерде – өзеннің басты фарватерінің ортасы немесе өзек табаны бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, жылғаларда – олардың ортасы немесе өзеннiң негiзгi саласының ортасы бойынша; көлдерде және өзге де су айдындарында (осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасындакөрсетілген су айдындарын қоспағанда) – Мемлекеттік шекараның көл немесе өзге де су айдыны жағаларына шығатын тұстарын қосатын бір-бірінен бірдей қашықтықтағы, ортаңғы, тура немесе басқа да сызық бойынша орнатылады.
Өзен, жылға, көл немесе өзге де су айдыны арқылы өтетiн Мемлекеттік шекара жағалардың кескіні немесе су деңгейi өзгерген кезде, сондай-ақ өзен, жылға арнасы ауытқыған кезде өзгертiлмейдi;
5) су тораптарының су қоймаларында және өзге де жасанды су айдындарында – су басқанға дейiнгi жерден өткен Мемлекеттік шекараға сәйкес;
6) өзендер, жылғалар, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін көпiрлерде, плотиналарда және өзге де құрылыстарда – Мемлекеттік шекараның су арқылы өтуiне қарамастан, осы құрылыстардың ортасы немесе олардың технологиялық осі бойынша орнатылады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
10-бап. Мемлекеттік шекараны белгілеу
1. Мемлекеттік шекара жергілікті жерде шегендеуге сәйкес айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен белгіленеді.
2. Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
11-бап. Мемлекеттік шекараны жайластыру
1. Мемлекеттік шекараны жайластыру Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы оның учаскелерін санаттарға бөлуді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА РЕЖИМІ
12-бап. Мемлекеттік шекара режимі
1. Осы Заңға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режимі қолданылады.
2. Мемлекеттік шекара режимі:
1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;
2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту;
3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;
4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
5) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;
6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтиды.
3. Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады.
13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау
1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады және ол Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету мен ұстап тұруға бағытталған.
2. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Мемлекеттік шекараны белгілеу шебін жабдықтау мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (шекаралық белгілерді орнату, сақтау және дұрыс күйінде ұстап тұру, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру, шекаралық соқпақтар мен жолдарды жабдықтау), сондай-ақ Мемлекеттік шекараның өтуіне шектес мемлекетпен бірлескен тексерулер жүргізу тәртібін қамтиды.
3. Мемлекеттік шекараның шегендеу үдерісі аяқталмаған учаскелерінде шекаралық белгілерді сақтау, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
102 сұрақ
Достарыңызбен бөлісу: |