«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Құстардың негізгі ресурстық түрлерінің қорларын сақтаудағы сулы-батпақты алқаптардың



бет55/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Құстардың негізгі ресурстық түрлерінің қорларын сақтаудағы сулы-батпақты алқаптардың ролі.

Құстардың негізгі ресурстық түрлерінің қорларын сақтаудағы сулы-батпақты алқаптардың ролі.


Олар жер бетінің шамамен алты пайызын алып жатқанымен, сулы-батпақты жерлерде флора мен фаунаның барлық түрлерінің шамамен 40 пайызы тұрады. Су-батпақты жерлердің биоәртүрлілігі денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, туризм және еңбек нарығы секторлары үшін маңызды. Су-батпақты жерлер су ресурстарын реттеу арқылы адамдар, басқа экожүйелер және біздің климатымыз үшін өте маңызды.Арал теңізінің құрғап, тұздылығының күрт артуына байланысты теңіз бен Сырдарияның төменгі ағысындағы көптеген балық түрлері не жойылып, не саны күрт азайып, құстардың саны азая бастады, басқа жануарлардың жағдайы нашарлап, жерлер бұрынғы маңызын жоғалта бастады. Сырдария ағып жатқан Аралдың қазақ бөлігін теңіздің оңтүстік жартысынан бөліп тұрған көпір салынғаннан кейін Кіші Арал пайда болды. Ондағы су деңгейі көтеріліп, тұздылығы азайып, су қоймасы балықтарға толығып, құстардың саны да көбейді.
Халықаралық маңызы бар ірі сулы-батпақты жерлерге Теңіз-Қорғалжын (Қорғалжын қорығы) және Алакөл (Алакөл қорығы) көл жүйелері, Теңіз бен Ырғыз өзендерінің қосылуы (Торғай қорығы) жатады.
Қазақстанның су қоймаларын кадастрлық бағалау нәтижелері бойынша үш сулы-батпақты жер халықаралық маңызы бар және Рамсар конвенциясының тізіміне сәйкес келеді деп танылды.
Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы мен зияны.
Миллиондаған құстардың табиғатқа әсері өте зор өте көп түрлі және бірдей емес. Құстар көптеген табиғат құбылыстарына, және оның ішінде адам баласына оң жән теріс әсер етеді. Ауыл шаруашылық дақылдары, орман және басқа табиғи, жасанды тоғайлардың зиянкестерінің санын кемітуде құстардың ролін бағалауы қиын. Насекомдардың өсімталдығы өте жоғары, адам баласы көкқасқа шегіртке (саранча), ағашкескіш, қабық жегіш қоңыздар және т.б. сияқты зиянкестердің санының тез өсуін қадағалауда өте қиын. Сондықтан адам баласы түрлі улы химикаттар қолдануға мәжбүр болады, ал бұлар барлық бәледен құтқаратын құрал болып табылмайды, улы заттардан пайдалы насекомдар мен құстарда қырылады. Насеком қоректі құстарды орман массивтеріне, орман қорғау жерлеріне, бау-бақша учаскелеріне тарту өсімдіктердің зиянкестерге тұрақтылығы артатынын көрсетті. Түрлі көкшымшықтар, сандуғаштар, шөже торғайлар, көкектер, тоқылдақтар, бозторғайлар, қараторғайлар, қарлығаштар, ұзынқанаттар, күйкентайлар, ақтұмсық қарғалар, шағалалар және т.б. әртүрлі экологиялық қуыстарды мекендейтін насекомдармен қоректенеді, ауада ұшып жүріп оларды жояды. Күндізгі және түнгі жыртқыш құстар, қарғатектестер, шағалалар түрлі кеміргіштерді-қаптесерлерді, тоқалтістерді, саршұнақтарды өте көптеп аулап, дәнді дақылдар өнімін сақтап қалады және кеміргіштер тасымалдайтын көптеген ауруларды таратуға бөгет болады. Құстардың жоғары мәнерлі ұшуы насекомдардың көптеп жиналған жерін тез тауып алып, оларды көп мөлшерде жеуіне жәрдемдеседі.Көптеген жерлерде майда торғайтектес құстардың (көкшымшықтар, қараторғайлар) ұялауына жағдай жасалып, жасанды ормандар, парктер, бақтарда жасанды ұялар қойылады. ТМД елдерінде соңғы жылдарға дейін құстар күн аталып өтетін, бұл кезде мыңдаған оқушылар бақтар мен парктерде құстар орналасатын ұялар ілетін-ді.
Жылына екі рет қаздарды, үйректерді, тауықтектестерді, ірі шалшықшы құстарды аулауға рұқсат етіледі, мұндай рұқсатты көптеген әуесқой аңшылар пайдаланады. Араб Эмираты жабайы кәсіптік маңызы бар құстардың (дуадақ, безгелдек, жиек дуадақ) жұмыртқаларын сатып алып, оларды арнайы лабораториялардағы инкубаторларда шайқап, балапандарын өсіріп, ересек кезде оларды табиғатқа жіберіп, одан соң сұңқарлармен аулайды. Қазақстан мен Қырғызстанда қоян, түлкі және қасқырға бүркіт салып, саятшылық жасайтын дәстүр бар. Жақсы бүркіт бір маусымда бірнеше ондаған түлкі бастайды.Десе де құстар кейбір аймақтарда кейде біршама зиян да келтіруі мүмкін. Жас қараторғайлар, үлкен топқа жиналып, жүзімдікке, шиелі баққа шабуылдап, бұл жемістердің өнімін тұтастай жойып та жібереді. Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Қөптеген түрлерін үйретіп, үй кұсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жақа тұкымдарын шығарады. Жабайы құстардың — ауыл, орман, балық шаруашылығында, ан, аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың, өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады, Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтын. екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктер тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық; пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малионовкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар т. б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалалар т. б. жатады.
Күлгін қара торғай (Рastor roseus) Орта Азияға, Қазақстанға, Кавказда Төменгі Еділде тараған. Кейбір жылдары Украинада да болады. Ересегі бір тәулікте көптеген жүз насекомдарды жояды.Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай, Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, картопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп үлкен зиян келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет