«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А



бет52/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

м


Қантқа бай өсімдіктер.
Қантты өсімдіктер – құрамдарында қанты көп, негізінен, сахароза жиналатын дақылдар. Қант өндіру үшін кондитер, нан, консерв өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Шаруашылықта әсіресе тамырлы (қант қызылшасы, қызылмия, андыз, шоңайна, т.б.), сабақты (қант құрағы, қантты қонақ жүгері, жантақ, қайың), дәнді (жүгері, тары), жемісті (алмұрт, өрік), жидекті (таңқурай, құлпынай, қарақат, тұшала, тұт ағашы) өсімдіктердің айрықша мәні бар. Қазақстанда қант қызылшасы (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) көп өсіріледі
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100 – 125 күн. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады.
Алмұрт – раушангүлдер тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Табиғатта 18 түрі, 5000-нан астам сұрпы бар. Сұрпына қарай биіктігі 20-30 метр аралығында болады. Өмір сүру ұзақтығы 50-80 жыл, кейбір түрлері 150-300 жылға дейін өмір сүреді. 8-10 жылдан кейін жеміс береді. Жапырақтары жұмыртқа пішінді немесе домалақ, ұштары үшкірлеу, ұзындығы 3-7 см. Алмұрттың гүлдеуі сәуір, мамыр айларында, жапырақтары шыға бастаған кезде басталады. Гүлдері ақ, хош иісті, жәндіктерді өзіне тартады. Бір алмұрт ағашынан 10 кг-нан 40 кг-ға дейін жеміс алуға болады. Жарық жерде жақсы өседі, көлеңкеге де шыдамды, бірақ көлеңкеде өссе, жемісті аз береді.
Алмұрт ағашының жемісі – өте пайдалы, әрі тәтті. Алмұрт қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар йод, калий, мырыш, магний, кремний, темір, флавоноидтарға бай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет