Қорғалжын қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған. Осы үшін Қазақ КСР Министірлер Кеңесінің № 214 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қору аумағы 543 171 га, қорғау аумағы 89360 га, жалпы көлемі 632531 га құрайды. Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық аумағында 123 үлкенді-кішілі, ашылы-тұшылы көлдер бар. Олардың ішінде әйгілі үлкен, кіші Теңіз көлдері, Керей, Қыпшақ болса, тұсшы Қорғалжын, Есей, Сұлтанкелді, Қоқай, Асаубалық, Жаманкөл, Жабай, Табанқазы, үлкен, кіші Қаракөл, Манат, Суберген, Тоқтамыс, Базар, Сары және Қызыл көлдер болады. Осы көптеген көлдерді атақты Нұра, Құланөтпес, Көн, Жаман Көң, Жақсы Көң өзендері суландырады. Оның ішінде Теңіз көлдерінің гидрологиялық режимін сақтайды. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Орталық Азия-Үнді және Сібір-Шығыс Африка құстардың (ұшып өтетін) көші-қон жолдары айрығында орналасқан.[1]. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстандағы және барлық Азиядағы ұшып өтетін құстардың ең маңызды сулы-батпақты алқаптары болып табылады. Берілген аумақтың биоалуан түрлілігі бірегей. Оның ішінде Қазақстанның ұсақ таушықтарының флорасының бірден төрт бөлігін құрайтын 60 тұқымдастан тұратын өсімдіктер флорасының 443 түрі және сулы, құрлықты жануарлардың 1400 түрі кездеседі. Қорықта құстың 347 түрі көрсетілген, оның ішінде ұя басатыны 126.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түрі енгізілген. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде сулы-батпақты кешенді құстардың 112 түрі кездеседі, ол барлық Қазақстанға танымал 130-дан 87% құрайды. Қорықта сүт қоректілердің 42 түрлі, 14 балық түрі тіркелген. Құрт-құмысқалар толығымен зерттелмеген, дегенмен 700 түрі анықталған, бірақ олардың түр тұқым әртүрлігі 5000-ға жетуі мүмкін. Қорық аумағында Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстан Республикасының Қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 60-таң астам түрі белгіленген. Санақ бойынша бұйра бірқазанның дүниежүзілік популяциясының 20% және сирек кездесетін қызыл кітапқа енген қоқиқаздың, ақбас үйректің, дала қыранының, қарабас өгіс шағаланың, жалбағайдың т.б. 10-20% қорық көлдерінде жиналады. Қоқиқаз Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде де ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.[2]. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – -30 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі
Жануарлар әлемі
Қорық аумағындақұстардың 354 түрін кездестіруге болады, сонын ішінде 126 түрі ұя құрушы. Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түрі енгізілген. Осы құстардың арқасында қорық халықаралық маңызға ие болды. Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді. Құстардың қоныс аударуының негізгі 8 бағыттары бар. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақ тың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені.[8] Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды. ХТҚО –ға сүтқоректілердің 8 түрі енгізілген: ақбөкен, байбақ суыры. Есепке алу деректері бойынша қорықтың көлдерінде бұйра бірқазанның әлемдік популяциясының 10% дейіні (ХТҚО) және тағы бір қызылкітаптық сирек түр –ақбас үйректің 10-20% шоғырланған, сұңқылдақ аққу,қара бас өгізшағала,қалбағай,алакөз сүңгуір және басқалар кездеседі. Теңіз көлі қызғылт қоқиқаздың ең солтүстік ұя салу орны болып табылады.
Теңіз көлі
Өте тұзды көл (тұздылығы 3-12,7 г/м3). Көлемі 1590 км2; ұзындығы 75 км, ені 40 км, тереңдігі 8 м жетеді. Бұл көлге тұңғыш рет Кеңес космонавтикасының тарихында "Союз-23" космос кемесі 20 градус суықтықта су бетіне келіп қонады (Бұл тарихи жайт 16.10.1976 жылы болған. Космос кемесінің құрамында командирі Зудов Вячеслав Дмитриевич және бортинженер - Рождественский Валерий Ильич болған.) Шығатан люгі суда болғанына байланысты космонавттар 12 сағат жерге қонушы аппараттың ішінде болған