«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Өсімдіктер әлемінің биоресурстары. Пайдалы өсімдіктер



бет61/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Өсімдіктер әлемінің биоресурстары. Пайдалы өсімдіктер классификациясы.

Итмұрын – Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, Қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр- қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3- тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6см-ге дейін), ұзын гүлі табанына көбнесе жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері жадылады. Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді.раушан туысының жидегі шындығында жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра тнемесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті.Ұщында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылган металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Итмұрынның ерекшелігі- бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнынаь пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы-парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.


Қара қарақат (Тасжарғандар тұқымдасы)- Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орао өзенінің бассейніне дейін тараған, ол оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғылды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғылды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен тжас бқтақтарының төменгі жағында болатын сары тбездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде-тамыз айларында пісіп жетіледі. Тұқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервлеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданылады.
Татар ұшқаты ұщқаттар тұқымы)- Қазақстанда кездесетін 22 түрдің кең таралғаны. Орман алаңқайларында, құрғақтарда, бұта шіліктерінде, өзен аңғарларында, сондай-ақ Қазақстанның барлық тау беткейлерінде кездеседі. Бұл бұтаның биіктігі 1-3 метрге дйін, жас өркендері мен бқтақтары сарғыш қошқыл, көлденең болып айырылып кеткен сұр түсті қабықпен жабылған. Жапырағы субтропиктік, жұмыртқа тәрізді, қысқа, жапырақ тақтасының жоғарғы беті ашық жасыл, астыңғы жағы ашық түсті. Гүлдері екі жынысты жас бұтақ жапырақтарының қуысына екі-екіден жиналған. Олар ұзын да жіңішке гүл табанына орналасқан, гүл серіктері бар. Түстері ақ, бозғылт, күлгін, қызғылт болып келеді. Тостағанша жапырақшалары, күлтелері немесе аталығы 5-тен, тозаң қабы түтік тәрізді. Татар ұшқаты мамыр-тамыз айларында гүлдейді, ұзын тұмсықты жәндіктер мен көбелектер тозаңдандырыды. Жемісі-тұтасқан шар тәрізді, шырынды, жидек түсі қызыл, қызғылт-сары және сары. Маусым, тамыз айларында піседі. Олар улы, сондықтан құстар жемейді. Бұл бұта безендіру құралы ретінде бағалы, гүлдеп тұрғанда да, жеміс берген шағында да әсемдігі көз тартарлық. Суыққы да құрғақшылыққа да төзімділігі жоғары, осы қасиетіне байланысты демалыс саябақтарында, бауда, темір жол, автомобиль жолдарының бойында өсіріліп келеді.
Кәдімгі шәңкіш (Ұшқаттар тұқымдасы)-жоғарыда аталған тұқымның туысы болып есептеледі. Негізі- ормандық, ылғал сүйгіш бұта, ағаштың шіліктерін мекен етеді, өзен, көлдердің жағасында, Солтүстік Қазақстанның жазық жыраларында, тау аңғарлары мен тауларында және Орталық аласа төбешіктерде, Алтай және Тянь-Шаньға дейін таралған. Кәдімгі шәңкіштің биіктігі 1,5 метрден 4 метрге дейін, ескі бұтақтардың қабығы жарылған қоңыр түсті, жас шыбықтары жылтыр жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа пішінді, дөңгелек тақтасының үсті қара-көк, жүйкелері аздап түкті, 3-4 бөлікті, жапырақтан бөлінетін тәтті шырын құмырысқаларды өзіне тартады. Ал олар басқа зиянкестердің құрттарынан өсімдікті қроғайды. Жас бұтақтарының ұшындағы гүл шоғырлары жылтыр, шатыр тәрізді гүлі ақ, алқызыл, тостағаншасы бес тісті, күлтесі бес бөлікті қоңыраудай. Аталығы күлтеден ұзын, тозаңқабы сары түсті. Шәңкіш өскен жерінің климаттық жағдайына байланысты мамыр, шілдеге дейін гүлдейді, тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді.
Жемісі сүйір әрі шар тәрізді сүйекше, ашық қызыл түст. Бірінші аяздан кейін ғана жемісін жеуге болады (бұған дейін ащы болады). Жергілікті жерде жемісі сұранысқа ие, әсіресе Шығыс Қазақстанда. Олардан түрлі тағамдар- бәліш, қойыртпақ, пюре, кисель, джем жасайды, суық тигенде еиге қолданады. Қабығынан жасалған препаратты іштен қан кеткенде қолданады. Қызғылт қатқыл ағашынан сәндік бұйымдар жасайды.
Шәңкіштің әсемдік қасиеті жоғары бағаланады. Қазіргі кезде саябақтарда, бауларда өсіріліп жүр. Селекционерлерн көптеген мәденм түрлерін бөліп алды, солардың ішінде ерекше танылғаны “снежный шар” деп аталады. Кіші секпілгүл (Лалагүлдер тұқымдасы)- көгалды шалғындарда, бұта шіліктеріне, орман алаңқайларына батыстан шығыс шекараға дейін Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі аласа тауларға тән тіршілік иесі. Бұл қызғалдақтарға жақын туыс, сытр кескіндері биологтялық ерекшеліктері жағынан ұқсас. Пиязшығының диаметрі 1,5 см-ге дейін ақ түсті, шар тәрізді, қызғалдақтағыдай құрғақ жабын қабығы жоқ. Сабағы биік 50 см-ге жетеді, жапырағы 3-7 кезектесе орналасқан, жіңішке таспа тәрізді. Гүлі біреу, сирек екеу, биіктігі 3 см-дей. Түсі қошқыл-күлгін болымсыз жабыңқы әр түрлі дақтары бар. Қызғалдақтан айырмашылығы гүлдері қоңырау тәрізді. Жемістері ұзынша үш қырлы қорапша, қоңырқай түсті, тегіс саны ьжағынан көп. Гүлдеу мерзімі сәуір- мамыр, жемісті маусымда береді. Тұқымның көбеюі себілген тұқымның жетілу кезеңі және тіршілік ұзақтығы қызғалдақпен бірдей. Кіші секпілгүл безендіру жұмыстары үшін, сапалы өсімдік. Қазақстанның ботаника бақтарында жүргізілген зерттеулерден табысты өтіп, алаңдарды көгалдандыруға пайдаланып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет