ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет81/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124
КөРКЕм мінЕЗ – КөРКіміЗ 
Иманды адам қашанда,
Мінезі көркем болады, 
Имансыздан сұрасаң,
Дөрекі-долы жауабы. 
Мінезі көркем адам деп,
Пайғамбарды айтыңыз, 
Болмасаң да, ұқсап бақ, 
Дейді дана халқымыз. 
Кемеңгер тұлға Пайғамбар,
Мінезін үлгі тұтыңыз, 
Ұрпаққа үлгі-өнеге,
Көрсету біздің құқымыз. 
Мұхаммедтей елшіміз, 
Асқан жомарт болған ед, 
Үйінде ішер жоқ болса,
Ораза ұстай салған ед,
Жоқшылықтың өзін де,
Керегіне жаратып, 
Алладан сауап алған ед. 
Төзімі шексіз күшті еді,
Сабырлы еді, мықты еді,
Мүшіріктер басына, 
Қан-жынды да төккенді, 
Қорықпады да, ықпады,
Жүрегі оның түкті еді.   


183
Таңдаулы діни өлеңдер
Аллаһу акбар! деп айтып, 
Айналаға жар салды
Адасып жүрген халқына,
Уағыз айтты байсалды. 
Алланың барын дәріптеп,
Исламға шақырды, 
Мүшрік таспен атқылап,
Бет-ауызын қан қылса да,
Кебісі оның қан толып
Баса алмай аяғын тұрса да, 
Айтқанынан қайтпады, 
«Аллаһым жалғыз» айтқаны.
 
Бұл қауымды жоқ қылсын, 
Бас-баусыз кеткен тайпаны
Аллаһтан көмек сұра деп, 
Жебірейіл айтқан-ды.
  
Пайғамбар айтты сонда оған:
«Кешірдім мен оларды, 
Білмеген соң істейді, 
Күндердің бір күнінде,
Істеген іске өкініп
Бармақтарын тістейді». 
Осындай сабыр иесі, 
Керемет көркем мінезді, 
Пайғамбарға Мұхаммед, 
Аллаһтан жаусын рахмет.  
Сәлем және саламат
Болсын саған Аллаһтан, 


184
Аллаға мадақ
Шапағат жасау мүминге, 
Рұқсат екен тек саған.
Ұлылардың ұлысың, 
Аллаһтың сүйген құлысың, 
Үмбетке үлгі болды ғой,
Мінезің, жүріс-тұрысың.  
Жүрекке иман ұялап, 
Аллаһқа біз сыйынсақ, 
Осыны бізге үйреткен, 
Алғысым сізге шексіз-ақ! 
   


185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет