Қолданылған әдебиеттер
1.
Авторлық ұжым. Дене шынықтыру мәдениеті мұғалімінің үстелдік кітабы. Дене шынықтыру институтына
арналған оқулық. -Москва: 1987.
2.
Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі. -Москва: Просвещение, 1979.
3.
Качашкин В.М. Дене тәрбиесі әдістемесі. -Москва: Ағарту, 1980.
4.
Гойхман П.Н. Трофимов О.Н. Легкая атлетика в школе. -Москва: Физкультура и спорт, 1972.
5.
Макаров А.Н. Легкая атлетика. -Москва: Просвещение, 1977.
6.
Матвеева Л.П. Дене шынықтыру тәрбиесінің әдісі мен теориясы. Арнаулы орта оқуларына арналған оқулық.
-Москва: Ағарту, 1980.
7.
Мұхамеджанова У.Ж. Дене шынықтыру оқыту әдістемесі. -Астана: Фолиант, 2007.
8.
Тайханов С., Құлназаров А. Дене тәрбиесі. -Алматы: Атамұра, 2002.
9.
Төтенай Базарбек. Дене тәрбиесі оқулығы. Педагогикалық колледж студенттеріне арналған. -Астана: Фолиант,
2008.
10. Төтенай Базарбек. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі. -Астана: Фолиант, 2008.
11. Травин Ю.Г., Фруктов А.В., Арекелян Е.Е., Разумовский Е.А., Чернева А.А. Ұзақ қашықтыққа жүгіру. -Алматы:
Атамұра, 1986.
12. Холодов Ж.К. Кузнецов В.С. Колодницкий Г.А. Легкая атлетика в школе. -Москва: Просвещение,1993.
13. Шиян Б.М. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, педагогикалық институт, училище үшін оқу құралы.
-Москва: Ағарту, 1988.
14. Альмуханов Б.У. Дене тәрбиесі және спорттың негізгі түсініктері мен
15. терминдері.- Орал: 2003.
16. Платонов В.Н. Квалификациялы спортшыларды дайындау. –Москва:
17. Дене тәрбиесі және спорт,1986.
*****
Шымкент қаласы №13«Ертөстік» бөбекжай- балабақшасының
тәрбиешісі Жанабаева Маржан Нышанбаевна
Білім саласы: Таным Білім бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Жабайы жануарлар өмірі
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту,аңдарды бір-бірінен ажыратуға уйрету.
Жабайы аңдардың қалай аталатындығымен таныстыру .Жұмбақтар шешу арқылы ойлау қиялдау қабілеттерін арттыру .
Тақпақты жатқа айта білуге үйрету.Аңдарды қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру сұрақ жауап,әңгімелеу.
Құрал жабдықтар: зообақтың макеті,ТСО жабайы жануарлардың суреттері.
Ұйымдастыру іс-әрекет түрі:саяхат сабақ
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан әр күнге
Балалар орындыққа отырады сұрақтар қойылады .
-Балалар табиғат дегеніміз не?
Табиғат біздің қоршаған ортамыз.
-Табиғат нешеге болінеді?
Жанды және жансыз болып екіге бөлінеді.
71
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
Тау,тас,ауа,ғаламшар жатады.
-Жанды табиғатқа нелер жатады.
Орман жануарлар
-Балалар жануарлар нешеге болінеді?
Үй жануарлары, жабайы жануарлар.
Үй жануарларына қандай жануарлар жатады.
Қой,ешкі,сиыр, ит, мысық, т.б.
Теледидардан жабайы жануардың өмірімен танысамыз.
-Балалар теледидардан қандай жабайы жануарларды көрдіңдер?
Аю,арыстан,жолбарыс, керік,қасқыр,тулкі, буғы,т.б.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы жануарлардың өмірімен танысатын боламыз.
Орманға барып кез- келген жабайы жануарларды көре аламыз.
-Біз тағы жабайы жануарларды қай жерден көруімізге болады?
-Хайуанаттар бағында
Ендеше балалар хайуанаттар бағына өлең айтып барайықшы жолымызды жақын етеді.
Қорбаң-қорбаң, қорбаңбай
Аю жүрер қорбаңдай
Түлкі жүрер сұлаңдап
Әдемі құйрығын бұлаңдап
Қорқақ қоян сұр қоян
Ытқып-ытқып секірді
Көкжал қасқыр ұлыйды У...у...у...у
Ауыл маңын ториды Р...р...р...р
Балалар өлең шумақты айтып хайуанаттар бағына да, жетеді.
Міне хайуанаттар бағына да, жетіп келдік,хайуанаттар бағына кіру үшін бізге не керек? Руқсат керек.
Кассир: Хайуанаттар бағына кіру үшін менің тапсырмамды орындаңдар.Балалар менің екі тапсырмам бар еді, соны
орындап берсеңдер хайуанаттар бағына кіресіңдер.
1-тапсырма
-Жабайы жануарлар туралы өлең шумақтар білесіңдер ме?
Балалар өздерінің жабайы жануарлар туралы өлең шумақтарын айтады.
Алина
Түлкі,түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қанша қулығыңды асырсаң да,
Қасқырдан сен құтылмайсың.
Дархан
Қасқыр жортар түнімен,
Күндес болып күнімен.
Қасқыр жортар түнімен,
Аңыз болып айменен.
Кассир:
Балалар жарайсыңдар жабайы жануарлар туралы өлең шумақтар біледі екенсіңдер.
2-тапсырма
Жұмбақ жасырамын соның шешуін тапсаңдар сендерге хайуанаттар бағына кіруге рұқсат беремін.
Жұмбақтар
1.Қыста ғана болады ұстасаң қолың тоңады?(қар)
2.Қалқиып екі құлағы елеңдеп қорқып тұрады.(қоян)
Қорбаң-қорбаң етеді,орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап,қыста ұйқыға кетеді.(аю)
Кассир:
Жарайсыңдар балалар өте тапқыр екенсіңдер, сендерге мен хайуанаттар бағына кіруге руқсат деген билетімді апайларыңа
берейін.
-Балалар мынау қандай аң екен ?
Арыстан
-Арыстан үй жануарларының қайсына ұқсайды?
Мысыққа
- Арыстанды ертегілерде қалай атайды?
Аң патшасы Арыстан деп атайды.
Бұл мысық тұқымдас,ең ірі әрі кушті жыртқыш аң.
Жолбарыста өте кушті жылдам жүретін жыртқыш
аңдардың бірі. Жолбарыс әлсіз жан-жануарлардың етімен қоректенеді.
-Балалар мынау қандай аң?
Қасқыр
-Қасқыр қандай аңға жатады ?
Жыртқыш аңға жатады.
-Балалар қасқырды қандай ертегіде кездестіреміз.
72
«Тулкі мен қасқыр» «Бауырсақ».т.б.
Қасқыр балалар кушті, батыр, ержүрек ақылы да, ойласы да бар, өте қауыпті-жыртқыш аң.
-Балалар үй жануарларының қасқыр қайсына ұқсас келеді?
Итке
Қасқыр шикі етпен қоректенеді.
Біз балалар үйдегі итке шикі ет беруіміз керек, оларға пісіріп береміз, шикідей берсек адамға шабуыл жасайды.Қасқырдың
баласын бөлтірік деп атайды.
-Мынау қандай аң екен?
Түлкі
-Түлкінің түсі қандай екен?
Қызыл
Түлкінің жүні өте әдемі үлпілдеген жүні бар сондай әдемі тулкінің терісінен бас киім тіккек оның атын түлкі тұмақ деп
атаған ,ал түлкінің баласын мышан деп атаған.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Балалар бойларың сергіп қалған шығар,арықарай жабайы жануарларды тамашалайық.
Аю солтүстікте суық жерде жасайды бұның баласын қонжық деп атайды,ақ аю қыс мезгілінде ұқтайды бұл да шикі ет жеп
қоректенеді.
Ал біздің орманымызда жасайтын аю көктем,жаз, күз мезгілдерінде денесіне май жинап алып қыс мезгілінде ұйқыға кетеді,
көктем келгенде оянады.
-Аю немен қоректенеді ?
Аюдың терісі өте бағалы емдік қасиеті бар деп есептелінеді.
Балалар мына жануарларға қараңдаршы
маймұл, бұғы, бегамот,керік,зебра бұлар шөппен қоректенетін жануарлар.
Осымен балалар топқа оралайық хайуанаттар бағындағы апаймен қоштасып кетейік.
Сау болыңыз сізге көп рахмет. Балалар топқа әнімізді айтып қайтайықшы.
Ойын:«Ғажайып қоржын»
Ойынның шарты қоржынға қолымызды салып қандай жануар екенін айтып беру,қолымен сезу,ұстау арқылы тани білу.
-Балалар сендерге ойын ұнады ма?
-Ия
-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
-Балалар сендер қай жаққа саяхат жасап келдің-
дер?
Хайуанаттар бағына
-Хайуанаттар бағында не көрдіңдер?
Арыстан,жолбарыс, түлкі,қасқыр,т.б.
-Балалар қандай аңдардың өмірімен таныстыңдар?
Түлкі, арыстан, жолбарыс, қасқыр,т.б.
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды қонақтармен қоштасамыз.
Күтілетін нәтиже
Жаңғыртады: жабайы жануарлар туралы мәлімет бере алады,табиғатқа деген қызығушылығын білдіреді.
Түсінеді : жабайы жануарларды қамқорлыққа алуды үйренеді.
Қолданады :жабайы аңдарды, үй жануарларын ажыратып қасиеттерін айтады.
*****
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Кумарова Гаухар Дуйсенбековна
Сабақтың тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»
Сабақтың мақсаты: Наурыз мерекесінің жыл басы екенін түсіну. Ой өрісін арттыру. Өз ойларын айта білу дағдыларын
дамыту.
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге және өз беттерінше ой түйіндей білуге төселдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Өзін- өзі басқаруымен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: СТО.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг:
Күнге қолдарынды созыңдар .Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай
аялайды,сипалайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп
жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
73
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік ,жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне,жүрегімізді осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау :
Қасым Аманжоловтың “Көктем”өлеңі,Қабыкен Мұқышевтың
“Көктем”өлеңі.Қалаған өлеңімізді жатқа айту.
Венн диаграммасын толтыру арқылы қорытындылау. (слайд)
-Көктем айларын ата? (наурыз, сәуір ,мамыр)
- Көктемде қандай мерекелер бар?(8 наурыз,22 наурыз т.б)
III. Жаңа сабақ Суретпен жұмыс (болжау стратегиясы)
(слайд)
Олай болса , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : “Қош , келдің Наурыз!”
Сыныпты 3 топқа бөлу. Сурет бойынша топтарға ат қою.
1 топ. “Алтыбақан”
2 топ.” Наурыз көже”
3 топ.” Наурыз бата”
Тақырыппен , автормен таныстыру. (слайд)
Топпен жұмыс. Үш топқа мәтіннің бөлігін тарату. Мәтін бойынша
өз ойларын тыңдау. (мұғалім толықтырады.)
Наурыз- көне иран сөзі,қазақша мағынасы “ жаңа күн “ деген
мағынаны білдіреді.
Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы – Жаңа жыл, күн мен
түннің теңелетін
уақыты.Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттардың
көбі,мәселен ,Үндістан,
Иран, Ауған, Бұхар, Кавказдықтар да мейрам етеді. Тіршіліктің
арқауы тамақ.
Дүние жаратылғаннан бері , жанды-жансыздың бәрінің талас-
тартысы тамақ
үшін. Дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де,үйі де,көлігі де
,телефоны да
Мал емес пе? Сол малын аман сақтау үшін қысқы аязда ,ызғырық
боранда бейнет
шегіп, еңбек сіңіріп, малымен бірге жатып , бірге тұрып , қыс
қандай қысылса ,
жаз сондай жазылатын,еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне ,жаздың
жеткеніне қалай-
ша өзгелерден артық қуанбасын.
Наурыз күнін жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен
қарсы алған.
Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурызкөже
дайындалады.
Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз, сайыстар өтпейді. Бәйге ,
күрес, көкпар,
Қыз қуу, айтыс,жамбы ату сияқты ұлттық сайыстар өткізіледі.
Сергіту сәті. Ән ырғағына билеу. (слайд)
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, түсіндіру. (слайд)
Әдеби үйірме. (слайд)
1 топ: Зерттеуші.(Мәтіннен толық түсінігін айту.)
2 топ: Сұрақ құрастырушы . (Мәтіннен сұрақ қою.)
3 топ: Бейнелеуші . (Мәтінді суреттеп беру .)
(Мұғалім толықтырады.)
Қорытынды. Топтастыру. Өздерінің топтарын қорғау.
Тақтамен жұмыс.
1 топ: “ Ұлттық ойын түрлері”.
2 топ: “ Ұлттық тағамдар”.
3 топ: “Наурыз бата”.
Үй тапсырмасы: Мыржақып Дулатов “ Қош келдің,
Наурыз! ” Түсінгенімізді айтып келеміз. (слайд)
Бағалау: (слайд)
Оқушылардың жауаптарына қарай смайликтер таратылып
отырылады.
Сабақ соңында 5- “5” 4- “4” 3-“3” жинаған смайликтеріне
байланысты бағалау.
74
Жамбыл облысы Меркі ауданы №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Абдыкадырова Бағлан Сериковна
Сыныбы:
4 «г»
Сабақтың
тақырыбы:
Дара және күрделі сан есімдер
Сабақтың
мақсаты:
Дара және күрделі сан есімдертуралы түсінік бере отырып,жаттығуларорындау арқылы сөйлем
ішінен,оларды ажырата білуге үйрету. Ойлау және шығармашылық, тапқырлық, қабілеттерін
дамыту. Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге, өз ісін өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар сан есімдерді дұрыс тауып бір – бірінен ажыратады.
Постер қорғауға жаттығады.
Кері байланыс үйренеді
Оқытуда
қолданылатын
нәтиже:
Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, сыни ойлауға үйрету, АКТ қолдану.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты түсіндіру, меңгеру
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, АКТ, талдау және СТО технологиялары,сұрақ – жауап
Көрнекілігі:
Оқулық, постер,мазмұнды суреттер, слайдтар
Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушының іс – әрекеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы таң, ұстазым!
Кайырлы таң, достарым!
Шеңбер болып тұрайық
Жылулықты сыйлайық!
Сыныпты топқа бөлу:
I топ. Дара
II топ. Күрделі
III топ. Есептік
IV топ. Реттік
Оқушылар шаттық шеңбер арқылы
бір – біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар сандар арқылы бөлінеді.
Үй тапсырмасын
тексеру:
«Құпия сандық» ойыны
Сурет көрсетіледі. Осы сурет бойынша
сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық
жұмыс
Сөзжұмбақ
Ереже: Сан есім
дара және күрделі
болады.
Дара сан есімге бір
сөзбен
жасалған
сөздер
жатады.
Мысалы:бір,екі, үш,
мың.
Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің
тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің
құрамындағы сөздер бөлек – бөлек жазылады.
Мысалы: Отыз сегіз, бес жүз елу бес.
1 – жаттығу.
Дара есімді күрделі есімге айналдыру.
I – топ.
Жеті – жетпіс жеті
Бес – елу бес
Екі – жиырма екі
II – топ.
Қырық бір – қырық
Тоқсан тоғыз – тоғыз
Отыз тоғыз – отыз
III – топ.
Бес кітап
Екі дәптер
Он оқушы
IV –топ.
Бірінші қатар
Төртінші сынып
Алтыншы пәтер
Бесінші орын
Оқушылар сөзжұмбақтан жасырылған
сөзді табады.
Оқушылар топтық жұмыс жасайды.
Әр топ берілген тапсырманы орындайды.
Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
Әр топ шығармашылық жұмыспен
айналысады.
75
2 – жаттығу.Сан есімдерді сөзбен жаз.
1 топ. Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық
мұхиттының ең терең жері 11 километрдей болады.
Ал теңіздің саны – 30.
3 – жаттығу.
I – топ. Өлең
II – топ. Мақал – мәтел
III – топ. Бес жолды өлең
IV – топ. Суретпен жұмыс
(жаздық суреттерін қойылады.)
Сергіту сәті
«Алақай, балақай!»
Балалар сергіп алады.
Видео үнтаспадан
тыңдау
Қорыту
Сурет арқылы сан есімді тауып сұрақ қою.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап
береді.
Үйге тапсырма
Бағалау
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау
Кері байланыс
Оқушылар берілген тапсырмаларды
түсіне отырып қабылдайды.
Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жаксиева Гулбиназ Бактыгожиевна
пәні
Қазақ тілі
Сыныбы:
8 б
Сабақтың тақырыбы
Елбасы жолы: өмірі мен еңбек жолы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы ақпарат ұсыну,
елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы мағлұмат беру, етістіктің шақтары
туралы алған білімдерін ауыз екі сөйлеуде қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы мағлұмат алады, тақырыпқа
орай топта бір-бірімен пікірлеседі, ой бөліседі, етістіктің шақтары мен жасалу жолынан алған
білімдерін қайталап пысықтайды
Сабақтың түрі
Дамыта оқыту
Модульдердің
кіріктірілуі
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: зерттеушіліу әңгіме, диалогтік әңгіме
Оқу мен оқытуда АКТ-ны қолдану
Қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Топтық жұмыс – диалогтік оқыту, грамматикалық тапсырмалар орындау
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, Қазақстан тарихы
Ресурс
Жалпы тарих және Қазақстан тарихы – әдістемелік журанлдары, Н.Ә.Назарбаев «тарих
толқынында», М.Қасымбеков «Елін сүйген, елі сүйген елбасы»
Интерактивті тақта, А3 форматты қағаз, маркер
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту
кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу. Топ көшбасшысын
тағайындау. Топ көшбасшысына бағалау
парағын тапсыру, орындалуын түсіндіру
12.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясы туралы әңгімелесу
13.
«Абай жолы»тіркесінің мәнін ашу
14.
«Елбасы жолы» тіркесінің мәнін ашу /
осы атау бойынша түсірілген кино фильм
жайында оқушылармен әңгімелесу
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясы туралы өздері білетін ақпаратпен
бөліседі
«Абай жолы» тіркесінің
мағынасын өз сөздерімен түсіндіріп айтады
«Елбасы жолы» тіркесінің
мағынасын өз түсінігі бойынша айтады /
осы атау бойынша түсірілген кино фильм
жайында мағлұмат алады
Жаңа сабақ
Ой қозғау кезеңі
«Елбасы жолы» кинотуындысы туралы
деректі фильмді тамашалау
Елбасы жайында айтылған нақыл
сөздердің мағынасын ашу
Тақырыпқа байланысты қолданылатын
сөздермен таныстыру
15.
«Елбасы жолы» кинотуындысы
туралы деректі фильмді тамашалайды
16.
Елбасы жайында айтылған нақыл
сөздердің мағынасын иалқылап, түсінеді
17.
Елбасы жолы-путь лидера,
кемеңгер – мудрый, көшпенділер –
кочевники, хатшы – секретарь, қайраткер -
деятель
Жаңа сабақ бойынша
жұмыс түрлері
Оқу мен оқытудағы
жаңа тәсілдер –
зерттеушілік әңгіме
2 топқа екі түрлі мәтін беру, топқа тапсырманың
орындалуын түсіндіру, оқушылардың жұмыс
жасауын ұйымдастыру, қажет болған жағдайда
көмек беру
2 топтың оқушылары мәтінмен танысады,
мәтінді топта талқылайды, маңызды деген
сөйлемдерге тоқталып, өзара пікір
алмасады
Оқу мен оқытудағы
Топтағы оқушылардың жұмыс жасауына ықпал
Топтағы оқушылар ауысып, әр топтан 2
76
жаңа тәсілдер –
диалогтік оқыту
етеді
оқушы берілген мәтінді көрші топқа
түсіндіреді
Оқу мен оқытудағы
жаңа тәсілдер –
зерттеушілік әңгіме
және диалогтік оқыту
Мәтін бойынша тапсырма береді. Топтағы
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады және
бақылайды
Топтағы оқушылар көрші топтың берген
мәліметін топ ішінде талқылайды,
оқиғалар бойынша төмендегідей үлгіде
кластер қорғайды
Өткен шақта Осы шақта Келер шақта
Грамматикалық
тапсырма
Етістіктің шақтары туралы оқушылардың алған
білімдерін пысықтау үшін тапсырма береді,
орындалысын бақылайды, қажет болған
жағдайда көмек көрсетеді
Құрған кластер бойынша етістіктің өткен
шағы, осы шағы, келер шағында тұрған
сөздерді тауып, жасалу жолын түсіндіреді,
Даналық сөзден дән
іздейік!
Елбасының әр тақырыпта айтқан қанатты
сөздерін ұсынып, мағынасын ашуды тапсырады
Елбасының ана тілі, білім, бірлік жайында
айтқан даналық сөздерімен танысады, оның
мағынасын топта талқылап түсіндіреді.
Сабақты бекіту.
Қорытынды
«Елім менің» әнін оқушылармен бірге
тыңдайды.
Елбасының жыр шумақтарымен танысады,
елбасы сөзіне жазылған «Елім менің»
әнінің бейнебаянын тамашалайды. Алған
әсерлері туралы әңгімелейді
Үйге тапсырма
Үйге берілетін тапсырманы түсіндіреді
Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» атты
еңбегімен танысу
Бағалау
Топ көшбасшысының бағалау парағын зерделеп,
оқушыларды бағалайды
Сабақты бағалайды
-
Бүгінгі сабақтан нені білдім?
-
Қай жұмыс түрі ұнады?
-
Осы тақырып бойынша тағы нені
білгім келеді?
№
Оқушының аты-
жөні
Сөз тіркесін,
сөйлемдерді
жүйелі айтуы
Кластер
құруға
жәрдемдесу
і
Тақырып
бойынша өз
ойын
тиянақты
жеткізуі
Етістіктің
шақтары
туралы
ережені білуі,
мысал келтіруі
Сөйлемдерден
етістіктің
шақтарын
ажырата білуі
Қорытынд
ы ұпай
1
2
БҚО. Жәнібек ауданы, Жанібек ауылы,
«Жәнібек колледжі» МКҚК
Мулдашева Нурбакыт Нсанбайевна
Тақырыбы: Өткізгіштерді электр тізбегіне тізбектей және параллель жалғау.
Сабақ мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру. Өткізгіштердің тізбектей және параллель
жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есеп шығару қабілетін қабілеттерін дамыту,
Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, өз отанын сүйуге, өз жетістіктерін бағалай білуге үйрету
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар, слайд , физикалық құралдар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау, практикалық жұмыс
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Сендер болашақтарыңа сенімді қадам
жасауларыңа болады деп ойлаймын. Қазақстан жолы -2050 : бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Елбасының кезекті
жолдауында Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына еніуінің ұзақ мерзімді басымдылықтары нақты айтылған.
Жолдауда әдеттегідей білім саласына үлкен мән берілген. Бағалау жүйесімен таныстырады. . Сабақ бөлімдеріндегі
тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау
Техникалық білім беру Сұрақтар қою
1.Кернеуліктің формуласы?
2.Тоқ күшінің өлшем бірлігі?
3.Сыйымдылықтың өлшем бірлігі?
4. Тоқтың қасиеттері қандай?
5. Ом заңының формуласы?
6. Кернеуді өлшейтін құрал?
7.Кернеудің формуласы?
8.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
9. Меншікті кедергі формуласы?
10. Меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
11. Кулон заңының формуласы?
12. Сыйымдылық формуласы
13. Алғаш рет электр тоғы түсінігін енгізген ғалым?
77
14. Электр тоғы дегеніміз не?
15. Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
18.
Кернеудің өлшем бірлігі не?
17. Электр тұрақтысының мәні неге тең?
-
Семантикалық картаны толтыру
Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)
№
Сұрақ
Кернеулік
Амперметр
Ом заңы Вольт
Андре
Мари
Ампер
Тоқ күші
1
Кернеудің өлшем бірлігі
2
Тоқ ұғымын физикаға енгізген ғалым
3
мен өлшенетін шама
4
Бұл формула нені білдіреді.
5
Тоқ күшін өлшейтін құрал
6
Зарядталған бөлшектердің реттелген
қозғалысы
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау «Үш тілділік» Есеп шығару
Деңгейлік есептер шығару
«5» Көлденең қимасының ауданы 0,1мм
2
, ұзындығы 8м никель сымның ұштарындағы кернеу 3,2В болса, онда оның
бойымен қандай тоқ өтеді?
«4» Радиусы 30см шарға заряды 9нКл заряд берілген. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар?
«3» Тоқ күші 5А болғанда, кедергісі 65 Ом болатын реостатқа қандай кернеу түсірілген?
ІV. Жаңа сабақ
Презентация арқылы көрсету
Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.
б. қолданылады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда
мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің
қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: 2-жағдай. Егер
өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды
өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток
күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
20-жаттығу 1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіштегі кернеудің төмендеуі.
Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін
анықтаңдар. Оқушылар өздері берілген сызба бойынша электр тізбегін құрастырады
V. Жаңа сабақты бекіту Табу керек - ? Жауабы: 275 Ом
3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды
тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
Балама тест орындату
І. Балама тесті (иә, жоқ)
Өткізгіштерді тізбектей қосқан кезде тоқ күштері өзара тең болады.
Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.
Өткізгіштерді параллель қосқан кезде кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады..
R= R
1
+R
2
+……R
n –n
өткізгіштерді параллель қосу формуласы .
Меншікті кедергінің өлшем бірлігі вольт .
Білім беру қызметкерлері жалақысын 29% пайыз өсіруді қамтамасыз ету керек
Шамалар
Үй тапсырмасы: №45 - №50 есептер.
Бағалау
Әркім өз тапсырмаларының бағаларын қосып тапсырмалар санына бөлеміз
Сол бүгінгі сабақтың бағасы болады
*****
«ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК» ТАРИХИ САҒАТ
78
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылындағы «Тайпақ колледжі» МКҚК –ның
кітапханашысы Искалиева Гулбану Ергалиевна
Тарихи сағат мақсаты: Студенттерді тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген
ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екенін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу; тәуелсіздікті аңсаған
ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық,
отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт-дәстүрін, діні мен ділін, тілін сүйе білуге баулу.
Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету, мемлекеттіміздің рәміздері,
кітап көрмесі «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік».
Жүргізуші, кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, студенттер бүгінгі «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты тарихи сағатымызға қош
келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25- жыл толғалы жатыр. Еліміздің егемендік алуы,
мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған
күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген
елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың
шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең-байтақ қасиетті топырақта өніп-өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы
саны 17 миллионнан асып отыр.
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі
мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-
тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 25-жыл толғалы отыр, 25-жылда жеткен жетістіктеріміз ұшан теңіз. Бүгінгі
Қазақстанымыз-қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де республикамызды айрықша
мақтан етеді, Ұлан-байтақ жеріміз- ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы. Біз өзіміздің
әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған іс-
шаралар елімізде, колледжімізде жалғасын тауып жатыр. Осы айтулы мерекеге қарсы құттықтау сөз кезегін директордың
тәрбие ісінің орынбасары Балгереева Анаргүл Маратқызына беремін.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік-асқақ рух пен асқақ үн,
Тәуелсіздік –баға жетпес асқағың.
Толса –дағы 25 жасқа азат күн,
Ызғарлы күн әлі есімде қазақтың.
Ата-бабам арманеткенежелден.
Жүріпөткенқилы-қилыкезеңмен,
Қазақстантәуелсіз ел атанды,
Бірденоңайкелмегенінбілем мен-дей келе өздеріңізге Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы видеоролик ұсынғым келіп тұр.
(видеоролик көрсетіледі).
Жүргізуші: 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты.
Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты
Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының
нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформанының 100 нақты
қадамның орындалуы, Мәңгілік Ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы - отыз ұлттың бірі болуға,
қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеткізеді.
Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен
жетістіктер күтуде. Студенттерге сөз кезегін бергім келіп тұр:
Хасан Гүлжауһар мен Сағидолла Зарина ақындардың тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін оқиды.
1.Сағидолла Зарина: Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін оқиды.
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімдежоқшермұң!
Кеше сеніңкелбетіңдіарманғып,
Боданынабұғауландықбасқаелдің.
Бабалардыңбасынтігіпбәйгеге,
Аналардыңжанарынажасбердің!
Уа, Еркіндік,
қошкелдің!
Өзегімдіөрткеорағанқоғамда,
Өзүйімеөзімөгейболам ба?!
Алшаңбасыпжүреалмасаалтыалаш
Азаттығым! Қадірің де жоқонда!
...Сағанжетуқиынболсақаншалық,
Сақтаптұруқиынырақодан да!
Алла бергеназаттықтыңәрсәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқасермейалмайсемсерді,
Езгікүнгетеріқылдымеңсемді!
Желтоқсандажалынатыпжастығым,
Құрсауболғантемірқоғамтеңселді!
Естедаңқықыршындардыңқалдыма,
Сексеналтыерлігімбе-ей, еңсоңғы!?
Уа, еркіндік,
Құныңнеменөлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құныңнеменөлшенді?!
Сенікөксеп
Боздақтарымөлсеөлді!
Сенсіңменіңеңғажайыпөлеңім,
Еңшуақты,
Еңшырайлы,
Еңшерлі!
Әртаңыңдысүйіншілептұрайын-
Құдайбергенғұмырымдаөлшеулі!
2. Хасан Гүлжауһар: Әлия Дәулетбаеваның «Тәуелсіздік, тәтті үмітім едің сен...» өлеңін оқиды.
79
Тәуелсіздік, тәтті үмітім едің сен...
Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Жиырма жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
Ессіздерде есем кетті қаншама,
Кездерде өтті шындық іздеп шаршаған.
Тәуелсіздік тәтті үмітім едің ғой,
Талай таңдар таңдайымда тамсаған.
Беу, Азаттық! Болсаң бізге баянды,
Аранына кетпей тұрып аярдың.
Боданболыпкөзілгенмінкеше мен,
Бүгінтаңдабостанболыпояндым.
Базарындамұң мен шаттықбіржүрген,
Дүрмеккүнніңалдамшысынкімбілген?..
Желтоқсандамұзшайнағанкөкемнен,
Тамғанқанғаөсіпшыққангүлмін мен.
Жебесімінкөбебұзартүркінің,
Егесімінкүллітүркіжұртының.
Назарынатүспесе де дұшпанның,
Жанарыматұнғаншықтыіркідім.
Буырқанса, күндітұтып, айжапқан,
Намысыныңнайзағайынойнатқан.
Ұлыкөштіңүзілмегенарқауы,
ҚарғабойлыҚазтуғаннан – Қайратқа.
Дастаным бар балбалтасқақашаған,
Аспаным бар алабұлттанбосаған.
АсылынаиеболғанАлаштың,
Айналайынменің алтын босағам.
Жүргізуші: Өздеріңіз көріп отырғандай Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, ол жолда талай жастар көз жұмды. Ендігі кезекті
студенттерге берсем, Тәуелсіздік туралы өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
1-студент: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес. Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.1986 жылдың
желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға жалын жүрек жастар шықты. Сол жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова болды. Осы жастарды нашақор, маскүнем, ұлтшыл деп айып
тағып соттады. Кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің 1991жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстандағы 1986
жылғы желтоқсанның 17-18 індегі оқиғаларға қатысқандығы үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы»
жарлығына байланысты Қылмыстық Кодестің 65-ші бабымен Қ Рысқұлбеков ақталды деп танылды. Президенттің
жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша
ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Әділдік әрқашанда жеңбек. 1992 жылдың 21 ақпан күні Република
Жоғарғы Сотының Пленумы болып, алты алаштың ардақ тұтқан жас азаматтары Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира
Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екендігі дәледеніп, оларда ақталды деп танылды. Осы Жарлықты «Қазақ
әдебиеті», «Парасат» журналы арқылы барша қазақстандықтар оқып теледидардан естіді. Дүниені дүр сілкіндірген 1986
жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, елімізге нұр септі. Яғни мәңгілік егемендік алып келді.
2-студент: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді
ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002-2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің
болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл
сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын.
Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын
құйды. Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді,міне «ЕХРО-2017»
халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103-і
Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні
жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін
көрсетеді.Мен де осы елде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын.
Жүргізуші: Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Біз осы
заман түлектеріміз. Ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше
көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек
білімге ғана тән. Еліміздің келешегі біздер болғандықтан алдымызда үлкен жауапкершілік тұр. Ұлтымыздың тарихын оқып,
салт-дәстүрін, мәдениетін үйрену-міндетіміз. Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматпыз. Жаңа
дәуір көшін жалғастыруға, халқымның әл-ауқатын арттыруға, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосуды басты борышымыз
деп санауымыз керек. Осы еліміз бен жеріміздің тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүруі де біздің қолымызда. Тәуелсіздік
таңы тілімізді, ділімізді, дінімізді жаңғыртты. Қасиетті Ата заңымыз қабылданды., егемендігіміздің айғағы аспан түстес азат
байрағымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз дүниеге келді. Тәуелсіздіктің 25 жылдық шежіресіне назар аударайық (слайд
көрсетіледі).
Жүргізуші: Бүгінгі таңда біздің елімізді дүние жүзі танып, жеткен жетістігіне таң қалуда. Тәуелсіздіктің арайлы таңымен
оянған, біз- бақытты ұрпақпыз.
Аянбай білім алып, еліміздің қарыштап дамуына үлес қосу – біз секілді әр адамның отан алдындағы міндеті деп білемін.
80
Қазақ елінің көк байрағы желбіреткен аға-апаларымыздың ерліктері, кейінгі ұрпаққа үлгі болмақ. Егемен елдің ұрпағы
қашанда өз елін, тілі мен тарихын қастерлеуге міндетті. Бұл – біздің отан алдыңдағы борышымыз. Тәуелсіздіктің 25
жылдық құрметіне арналған студенттеріміздің жыр -шумақтарына кезек берейік: (студенттер өлеңдер оқиды).
Қорытынды сөз. Бүгінгі кешімізді мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым келеді: «Ел мен үшін не істей алады» емес, «мен ел
үшін не істей аламын?» деген қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе,
қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы
жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны
түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап
беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!
Атыңнан айналайын Егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер деп тарихи сағатымызды аяқтаймыз.
*****
Батыс Қазақстан облысы,Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылындағы «Тайпақ колледжі» МКҚК –ның
физика пәнінің оқытушысы Калиева Алмагул Нұрымовна
Тақырыбы:
Молекулалардың массасы мен өлшемі
Негізгі мақсаты:
Білу: молекуланың массасын қалай анықтауды,заттың салыстырмалы молекулалық
массасының не үшін енгізілгенін,мольдік масса не екенін,Авогадро саны нені
білдіретінін ұғыну;
Меңгерту: салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, мольдік масса
формулаларына есептер шығаруды меңгерту
Оқыту нәтижесі:
٭
Оқушылар молекулалардың массасы мен өлшемін анықтауды зерделейді.Заттың
салыстырмалы молекулалық массасының не үшін енгізілгенімен және Авогадро
санымен танысады. Салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, мольдік масса
формулаларына есептер шығаруды меңгереді. Молекулалардың массасы мен өлшемі
туралы ой-өрістерін кеңейтеді
.
Түйінді идеялар:
Молекулалардың массасы мен өлшемі.Молекулалардың саны.Молекулалардың
массасы.Зат мөлшері.Мольдік масса.Молекулалар концентрациясы.
Дереккөздер:
Оқулық: Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев – Өңд., толықт. 3-бас. Алматы: Мектеп,
2014ж.
Қажетті көрнекі
-құралдар:
Интерактивті моделдер, негізгі иллюстрация.
Слайд. «Молекулардың массасы мен өлшемі» Өзін-өзі және өзгені бағалау
парақшалары,ортақ критерий парақшалары,рефлексия (сабақ соңында оқушылардың
пікірін білу), қос шеңбер,постерлер
Сабақ барысы:
Сабақтың өту кезеңдері
(сабақ барысы)
Уақыты
45 мин
Оқытушының іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
Салемдесу.Оқытушы оқушы
назарын аудару үшін сабақ
барысында орындалатын
тапсырмалар мен бағалау түрлерімен
таныстырады және оқушының
өздеріне критерий шығаруға
мүмкіндік береді.
Оқушылар белсенділік таныта
отырып барлық тапсырма
түрлерімен танысады
2. «Миға шабуыл»
5 мин
1.МКТ негізгі қағидалары қандай?
2.Броундық қозғалыс дегеніміз не?
3.Диффузия дегеніміз не?
4.Штерннің тәжірибесінің маңызы
неде?
Оқушылар сұрақтарға
жауап береді
3.Жеке жұмыс
Мағынаны тану
15 мин
Жаңа материалды оқып-
ұйрену
1.Авогадро саныN
A
(1/моль)
12 г көміртегіндегі(
12
С)
атомдар
Оқушылар жаңа материалды
меңгереді.Молекуланың
массасын анықтау үшін
қарапайым тәжірибені
пайдаланып,қорытынды
81
2 мин
саны(заттың1моліндегібөлшектер
саны)
N
A
≈6,02∙10
23
2.Зат мөлшеріν [моль]
1 моль – 12 г көміртегінде
қаншаатом болса, сонша атомы
барзаттың мөлшері
3. N – бөлшек саны(молекула, атом)
4.Молярлық массаμ [кг/моль]
1 мольдегізаттыңмассасы
5. µ=Mr·10
-3
, кг/моль
M
r
– заттың салыстырмалы
молекулалық (атомдық) массасы
(Менделеев кестесінде)
M= m
0
·N
A
– бірбөлшектіңмассасы
(атом, молекула)
6.Бөлшектіңмассасы
(атом, молекула) [кг]
7.Концентрация(шоғыр) п [1/м
3
]
8.Бөлшектер саны - N
9.Атомдарөлшемі
Сергіту сәті
шығарады.Есептеу нәтижесінде
зәйтүн майының
молекуласының диаметрі 1,7·10
-
9
м болатынын көрсетеді.
4.Топтық және жеке
тапсырмалар
15 мин
Сабақты бекіту:
٭
Есептер шығару
1.Судың мольдік массасын
анықтаңдар .(0,018 кг/моль)
2.Судың бір
молекуласының массасы
қандай? (3·10
-26
кг)
3.Массасы 5,4кг-ға тең алюминий
құймада заттың қандай мөлшері бар?
(2·10
2
моль)
4.500 моль көмірқышқыл газының
массасы негетең? ( m=2,2кг)
Постер қорғау
1.Заттың салыстырмалы-
молекулалық массасы
2.Зат мөлшері
3.Авогадро тұрақтысы
4.Мольдік масса
Қос шеңбер.Жұптық жұмыс.
Оқушылар есептің есептеулерін
тақырыпта берілген
формулаларды негізге алып
шығарады және постер
қорғайды.
Оқушылар сабақты бекіту
кезеңінде «қос шеңбер» әдісі
бойынша шеңбердің бір жағына
есеп жазады, ал екіншісіне
жауап жазады және түсіндіреді.
5.Рефлексия
3 мин
2 мин
Оқытушы стикер таратады.Стикерде
«Сабақ ұнады ма?» деген сұраққа
жауап жазады.
Қорытынды.Жинақтаушы және
қорытынды бағалау
Оқушылар бүгінгі сабақ
барысында өздері не білді, не
үйренді және өздеріне қызықты
қандай мәліметтермен білім
қоржындарын
толықтырғандығы туралы
жазады.
Үйге берілген тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |