қолдау қөрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілетті
оқушыға тапсырманы қалай
түрлендіресіз?
Бағалау-оқушы білімін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс-денсаулық және
қауіпсіздік , АҚТ –мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс.( тәрбие
элементі)
Оқушының әрбір пікірі құнды
деген ұстаныммен жауаптарын
тыңдаймын, қателескен жағдайда
жетекші сұрақ, бағыттаушы
сұрақтар арқылы өзінің жауап
беруіне жағдай жасаймын, әрбір
жауапты марапаттап отырамын.
Қабілетті оқушыға ой қозғау
арқылы тапсырманы өзінің
түсінуіне ықпал етемін.
Кері байланыс арқылы білім
деңгейін
тексеріп,қалыптастырушы
бағалау арқылы бағалаймын.
Сабақ соңында берілген
жұлдызшаларының санымен
бағалаймын.
Математика пәнімен байланыс тақырыпты
ашқан кезде жүреді. АКТ қолданғанда техника
қауіпсіздігі ереже сақталады. Эссе жазу
арқылы Отанын, тілін, тәуелсіздікті
құрметтеуге баулимын.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу
міндеттері орындалды ма? Бүгін
оқушылар не үйренді? Сабақ
қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске
астыма?(тапсырмалар сәйкес
болды ма?) Уақытты қалай
пайдаландым? Жоспарыма қандай
өзгеріс енгіздім және неге
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген
сұрақтарға жауап беріңіз?
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері оқушылардың деңгейлеріне байланысты
орындалды. Сабақ барысында оқушыларға түрлі әдіс- тәсілдер арқылы
стильдердің түрлері туралы ұғынды. Сын тұрғысынан ойланып, сұрақтарды тиімді
қоюға, болжам жасай алуға үйренді. Мысалдар келтіріп, стиль түрлерін
ажыратуға дағдыландырдым. Берілген сұрақтарға нақты жауап бере білді.
Көрсетілген слайдтар арқылы кері байланысқа түсті. Топтық және жеке жұмыстар
жүргізу сәтінде уақытты ұтымды пайдаландым.
Қорытынды бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы
№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің
тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары, биология пәні мұғалімі
Абдишкуров Абдифаяз Абдимавланович
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
Пәні: Биология
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы
Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі.
Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар —
жасушаның энергиялық стансасы
Сабақтың мақсаты
Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі.
Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар —
жасушаның энергиялық стансасыныңқасиеттерімен таныстыру.
Оқытудың
нәтижелері
Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі.
Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар —
жасушаның энергиялық стансасыныңқасиеттерімен танысады.
Негізгі дерек-көздер
Плакат, маркер, бағалау парақшасы, стикерлер
Модульдің
кіріктірілуі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және
оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту, Дарынды және
талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,
Оқытудағы басару және көшбасшылық.
Сабақтың барысы
Сабақ
бөлімінің
кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-
әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар,
көрнекіліктер
Кіріспе
2 минут
Топқа бөлу
Қазақ зиялылары аттары жазылған
қима қағаздармен 5 оқушыдан 5
топқа бөлінеді.
Таратпа қағаздар
66
2 минут
5 минут
Ынтымақтасты
қ
атмосферасын
қалыптастыру
«Ыстық
орындық» әдісі
бойынша үй
тапсырмасын
бекіту.
«Абай», «Ыбырай», «Шәкәрім»,
«Мұхтар», «Ахмет»
Шеңбер болып тұрып, бір-
бірлеріне жылы лебіздер айтып,
гүл беру арқылы сыныпта
ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастырады.
Орындыққа отырып, сұрақтарға
жауап беру арқылы үй
тапсырмасын бекітеді.
Топтық
бағалау.
Смайликтер
мен
формативті
бағалау
Гүлдер
Орындық, смайликтер
Жаңа
сабақтың
таныстыры
лымы
14
минут
«Екі
түрлі
жазба
күнделігі»
стратегиясы
арқылы жаңа
сабақтың
мазмұнымен
таныстыру.
Жаңа
тақырыпты
оқиды,
плакаттың бір бетіне әсер еткен
тұсын жазса, екінші тұсына
неліктен әсер еткенін жазады.
Дәлелдейді.
Топтық
бағалау.
Смайликтер
мен
формативті
бағалау
Плакат,
маркер,
смайликтер, бағалау
парақшасы
Жаңа
сабақты
қолдану
10
минут
«Бағдаршам»
стратегиясы
арқылы
тапсырмаларды
орындату.
Берілген тапсырмаларды орындай
отырып, бағдаршамның түстері
арқылы түсінген түсінбегенін
айтады. Жасыл түс қызыл түске
көмектеседі.
Топтық
бағалау.
Смайликтер
мен
формативті
бағалау
АКТ,
түрлі-түсті
фишкалар, смайликтер
Жаңа
сабақты
қорытынды
лау
5 минут
«Өрмекшінің
торы» әдісі
бойынша жаңа
сабақты
қорытындылай
мын.
Оқушыларды
шеңбер қылып
тұрғызып, бір-
бірлеріне
сұрақ-жауап
өткізу.
Шеңбер болып тұрып, жаңа
тақырыпқа байланысты сұрақ-
жауап өткізу арқылы өрмекшінің
торын құрастырады.
Топтық
бағалау.
Смайликтер
мен
формативті
бағалау
Жіп, смайликтер
3минут
Топтық бағалау
Смайликтерме
н формативті
бағалау
Топ басшысы топ мүшелерін
бағалау критерийлеріне қарай
бағалайды.
Ынталанады.
Топтық
бағалау.
Смайликтер
мен
формативті
бағалау
Бағалау парақшасы,
смайликтер
3 минут
Рефлексия. Не
білдім? Не
білгім келеді?
Не білемін?
Деген
сұрақтарға
Не білдім? Не білгім келеді? Не
білемін? Деген сұрақтарға
жауапты стикерге түсіріп,
рефлексия парағына леді.
Рефлексия парағы,
стикер
67
стикерге
жауаптарын
жазғызу.
1 минут
Үйге тапсырма
беру. Эссе
жаздыру.
Күнделікке жазып алады.
Күнделік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы
№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдуллаева Дилноза Равшанбековна
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: Сөйлем
Мектеп:№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебі
Күні: Пәні: қазақ тілі
Мұғалімнің есімі: Абдуллаева Дилноза
СЫНЫП: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
Сөйлем туралы толық мәлімет алады, ерекшелігін түсінеді
Сабақ
мақсаттары
Барлық оқушылар:
сөз тіркестерінен сөйлем құрай алады
Оқушылардың басым бөлігі:
Сөйлемнің ерекшелігін біледі, сөйлем құрастыра алады
Кейбір оқушылар:.
Сөйлемдерден мәтін құрай алады
Тілдік мақсат
Оқушылар:
11.
Сабақ барысындағы қиын сөздердің аудармасымен жұмыс
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Күз- тирамох жапырақ – барг мезгіл –фасл ертегі - афсона
Сары жапырақ- барги зар, жемістер- мевахо, жаңбыр- дул
Талқылауға арналған тармақтар:
Сөйлем бір ғана сөзден тұра ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Мәтін «Күзгі көрініс»
Алдыңғы оқу
Сөздік нормалар
Жоспар
Жоспарланға
н уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы
10 мин
Сергіту сәті: «Ішкі және сыртқы шеңбер» құрып бір-біріне жақсы
тілек айтады. Шеңберлер 1 және 2 адам секіріп ауысып отырады.
Топқа бөлу: «Балмұздақ» әдісін қолданып топқа бөлемін. Балмұздақ
таяқшаларына аттарын жазып 3 топқа бөлінеді. Топ ережесін
қабылдайды.
«Қар лақтыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын.
Балмұздақ таяқшалары,
флипчарт, суреттер, А4
қағаздары, маркер.
Ортасы
7 мин
10 мин
10 мин
5 мин
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Оқушыларға әріптер таратылып беріледі. «Адасқан әріптер» әдісі
бойынша сол әріптен сөздер жазып, әр топ сол сөздерді қатыстырып
сөйлем құрастырады.
Біз адасқан әріптерден қандай іс-әрекет істедік? деген сұрақтар
интербелсенді тақтадан қойылып жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқушылар берілген сөздерден топпен
ақылдасып сөйлем құрайды.
«Күзгі көрініс» мәтіні бойынша постер қорғайды.
Күз туралы бейнеролик корсетіледі.
Мәтінді түсінеді.
Мәтін бойынша сұрақтар қояды.
Мезгілдің суретін салады.
Суреттер Критерийлермен бағаланады.
Бейнероликтен көрген көріністеріне сөйлем құрастырып, мәтін жазу.
Карточкалар
үлестірмелі қағаздар,
Мезгілдің суреті
АКТ
Аяқталуы
3 мин
Тақырыпты қорытындылау, кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»
Үйге тапсырма беру.
Өз отбасына қатысты сөйлемдер құрып келу.
Бағалау парақтары, кеспе
қағаздар, смайликтер
68
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің
дене шынықтыру пәнінің оқытушылары
Қашқынбай Қанат Тоғайбайұлы, Ишанов Ақылбек Миразатович
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының
ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін
сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл
мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта
екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен
жүйелеу, көп жылдық тәжірибелер көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың
болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене
тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы
өте жоғары екендігі айқындалды.Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін,
оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім
мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек
мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын
нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді
ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші
рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу
орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен
жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға
белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол
жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды
қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды
кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті
ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – халықаралық білім
жүйесіне ену. Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі
құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды,
біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру –
денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері
мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі
дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық дайындау
технологиясы оның жеке басының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттердің,
операциялардың, іс-шаралардың тұтас жиынтығы. Мұндай жеке тұлғаның қалыптасқандық деңгейін анықтау үйрету мен
шынықтырудың нақты нәтижелерін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі деңгейінде қарастырылады. Бұл дайындықтың мәні
ретті, педагогикалық шынайылықты тану үдерісінің қисынына сай, танымдылықты және тәжірибелік сабақтар арқылы
жүзеге асуыру мүмкін. Бұл жерде субъект-субъектілі қарым-қатынасты, берілген үдеріске («оқытушы-оқушы», «оқушы-
оқушы», «оқытушы-оқытушы») қатысушылардың көбірек ерік беруді қамтамасыз ету қажет.
Болашақ мұғалімді кәсіби-педагогикалық дайындық технологиясын жасақтау оның теориялық-әдістемелік
негіздемесінің тікелей жалғасы болды, білім берудегі технологиялық тәсілдердің және педагогикалық технология
жобалануына қойылатын талаптардың жүзеге асырылу ерекшеліктеріне сүйене жүргізілді.
Кәсіби-педагогикалық дайындық технологиясын жобалау үшін, болашақ дене тәрбиесі мұғалімін кәсіби-педагогикалық
дайындаудың мақсаты мен нәтижесі ретінде оның тиімділігінің көрсеткіштерін негіздеу мен мақұлдау үшін оның кәсіби-
педагогикалық мәдениетін қалыптастыру қарастырылды. Оның бірқатар негізгі құрамдас бөлімдері болды, атап айтқанда,
жеке тұлғаның спорттық-педагогикалық бағыттылығы, субъективті ұстанымы, әдістемелік ұғынуы, рефлексия,
педагогикалық іс-шараларды меңгеруі. Осыған орай, үйрету мен шынықтырудың нақты нәтижелерін (педагогикалық және
дене шынықтыру мен спорт құндылықтарын танып, жүзеге асыру; оқушыға танымдылық пен даму субъектісі ретінде
қарым-қатынас жасау, кәсіби өзіндік жүзеге асу сұранысын қалыптастыру; педагогиканы, дене тәрбиесінің түсініктемелі-
терминологиялық аппаратын меңгеру, спорт теориясы негізінде танымдылық және тәжірибелік қызмет жағдайларын
түрлендіруге ұстаным қалыптастыру; кәсіби-педагогикалық қызмет үлгісін жасау, оның салаларын меңгеру; өзіндік
реттелуді, өзіндік жетілуге талпынысты дамыту және т.б.) айқындайтын мақсаты түзілді. Кәсіби-педагогикалық
дайындықтың теориялық және тәжірибелік құрамдас бөлімдерінің бірлесуі барысында дене тәрбиесі мұғалімін
дайындаудың әрбір нақты бір кезеңінің міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін теориялық материал мен
жаттықтырушы қызметінің үдерісі негіздерін меңгеру көлемдерінің арақатысы анықталды.Ұсынылып отырған технология
айқын мүдделі бағдар болып табылады, ол оқыту-танымдылық, оқыту-шынықтыру және өзіндік тәжірибелік іс-әрекетте
тұрақты оң дәлелдемені қалыптастыруды, кәсіби-педагогикалық дайындықтың пәнді және жалпы мәдени дайындықпен
69
байланысын қамтамасыз етуді, ақпарат өңделуінің заманауи тәсілдерін қолдануды, педагогикалық үдерістің бүтіндей
үлгісін түзу мен талқылау үшін бейнежазбаларды қолдану қарастырылады.
Бақылау бағдарламалары студенттердің сабақтарға дайындық, спорттық-педагогикалық сабақтарға қызығушылық
таныту, жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық қызметіне - қызығушылық таныту, сондай-ақ, кәсіби қарым-қатынасқа
талпыныс сияқты оқу-танымдылық және оқу-тәжірибелік қызметіндегі белсенділігін зерттеуді қарастырады.
Бұл бірінші курс студенттеріне жүргізілген зерттеулер болатын. Бұл зерттеулердің мақсаты оқуға түскен талапкерлердің
өз мамандығын қаншалықты ұнататынын сонымен қатар спортқа деген қызығушылығы мен білімінің жан-жақтылығын
тексеру болды. Қазіргі уақытта дене тәрбиесі мамандарын жан-жақты біліммен қамтамасыз ету қоғамның алда тұрған
міндеттерінің бірі болып табылады. Көпшілік студенттердің спорттық жетістіктері мол болғанымен ақпараттық білімі
жағынан кешеуілдеп қалатыны сөзсіз. Сол себепті жас мамандарды тек спорттық жетістікпен ғана емес сонымен бірге күші
мен білімі тең болатындай етіп тәрбиелеу. Жүргізілген бақылаулармен қатар, оқушылардың психологиялық-педагогикалық
теорияны, оқу дәлелдемелері мен шынығу мүдделерін айқындау мақсатымен оларға ауызша және жазбаша сұрақтар
қойылды.
Сауалнама жүргізу кезінде бірқатар сұрақтар қойылды, атап айтқанда: «Сіз спорттық-педагогикалық пәндерді өзіңізге
оқу қажет деп есептейсіз бе? (иә, жоқ, не үшін?)»; «Сіздің Дене шынықтыру педагогикасы және таңдап алған спорт түрі
бойынша теориялық біліміңіз болашақ тәжірибелік жұмысыңызда қажет бола ма? (иә, жоқ, қандай?)»; «Мен орта білімнен
не күтемін?» және т.б. Бұдан басқа, бірінші курс оқушылары «Мен неге дене тәрбиесі мамандығын таңдадым?»
тақырыбына қысқаша шығарма жазды. Оны жазар алдында, пікірлерін ашық түрде жазу, тіпті аты-жөнін, көрсету не
көрсетпеу таңдаулығы (жасырын жұмыстар бірен-саран ғана болды) ұсынылды.Оқушы-спортшылардың жазған
шығармаларының сараптамасы олардың кәсіби таңдауларының дәлелдемелерін (оқытушылық-бапкерлік қызметке
қызығушылық, балалармен жұмыс істеуге деген құлшыныс, спорттық табыс, білім алу және т.б.) анықтауға мүмкіндік берді.
«Менің сүйікті бапкерім» немесе «Шынайы бапкер дегенді мен қалай түсінемін» (таңдауы бойынша) деген тақырыптарға
жазылған шығармашылық жұмыстар педагогикалық қызметтің құндылықтары мен ерекшеліктерін, бапкерлерге қойылатын
кәсіби талаптарды ұғынуды айқындауға мүмкіндік берді.
Іс-әрекет өнімдерінің сараптамасы педагогикалық практика қорытындысы бойынша есеп беру құжаттарын, оқушылар
дайындаған баяндама және реферат тақырыптарын, шығармашылық жұмыстарды, оқу күнделіктерін зерттеу негізінде
жүргізілді. Бұл құжаттар оқушылардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің қалыптасқандығын қабылданған көрсеткіштерге
(педагогикалық бағыттылық, субъективті ұстаным, әдістемелік түйсіну, рефлексия, педагогикалық операцияларды меңгеру)
сай зерттеу үшін кең ауқымды, қажетті материал болды.Зерттеуге қатысқан оқушылардың біршама бөлігінің кәсіби таңдау
дәлелдемелері спорттық-педагогикалық қызмет саласынан тысқары қалып қойды. Орта кәсіби білім алу бірінші курс
оқушыларының 28,0% жетістік (басымдылық) болды. Оқушылардың көпшілігі спорттық колледжде білім алуды таңдаған
себептерін спортпен белсенді шұғылдануымен түсіндірді, оны не спорттық жетістіктерін жалғастырумен (22,7%), не
бапкрелік қызметпен (44,0%)байланыстырды. Бірінші курстықтардың 5,3% өздерін таңдап алған спорт түрлері бойынша
болашақ бапкер-оқытушы ретінде көре білді. Кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануды дамыту дене тәрбиесі
мұғалімі әрі таңдаған спорт түрінің жаттықтырушылығына кәсіби-педагогикалық дайындаудың басты міндеті болып
табылады. Кәсіби таңдаулықтың саналы жүргізілуі жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық мәдениетінің ажырамас бөлігі
болып табылатын, педагогтың субъективті ұстанымын қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады.Бірінші курс
оқушыларының алғашқы болжам сатысындағы спорттық-педагогикалық теорияны оқуға деген көзқарасытәжірибелік
қызметке түрлендірудің негізі болып табылады, онсыз жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру
мүмкін емес. Алынғанмәліметтер жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық дайындығын, оның теориялық және
практикалық құрамдас бөлімдерінің бірлестігі негізінде жетілдіруге бағытталған педагогикалық іс-шаралар жүйесін түзуге
себепші болды.
Жаттықтырушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың ұйымдастырылуын оның теориялық және тәжірибелік құрамдас
бөлімдері бірлестігі негізінде жетілдіру. Осы мақсаттазерттеу барысындастуденттердің машықтық жұмыстарының
нәтижелері зерттеліп бақыланып отырылды. Зерттеу барысында зтуденттердің теориялық алынған білімдерін машық
барысында қолдана білуі мен түрлі ситуациялық жағдайлардан шыға білуі өзінің алға қойған проблемалық міндеттерінің
шешілуі деп білемін. Оқу үрдісінде өзара бірлескен яғни айтқанда бір-бірімен тығыз байланыстағы пәндерден алған
білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе бұл болашақ маманның үлкен жетістігі деп білуге болады. Айта кетер болсақ
мысалы, емдік дене шынықтыру және массаж, физиология, биомеханика,биохимия, спортметрология пәндерінен алынған
білімдерін білім беру үрдісінде жақсы қолдана білсе бұл маманның үлкен жетістігі деп білуге болады. Себебі, уақыт ағамы
көрсетіп отырғандай қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 50 пайызының денсаулығында түрлі ақаулықтардың бар екені
туралы ақпараттар кеңінен таралуда. Айта кетер болсақ шығыс қазақстан өңірі бойынша әскерге шақырылушы жастардың
100 шақырылушының 1 жарамды болса,батыс өңірі бойынша 100 шақырылушының 10 жарамды болтыны ақпарат
беттерінен жарық көрді. Міне осындай жағдайларды болдырмас үшін біздің еліміздің мамандары дені сау жан-жақты
шыныққан білімді азаматтар болуы керек.Ол оқушы-спортшының ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға, олардың
педагогика, психология, дене шынқтыру әдістемесі, физиология және спорттық пәндер саласындағы өз бетінше жүргізетін
зерттеу жұмыстарының тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
Аталған пәндерді білім үрдісінде болашақ мамандарға тереңдете оқытса спорттық маңызды мәселе төңірегіне түрлі
шешімдер топтастырылады. Болашақ мамандарды өзара байланысқа дайындауға, педагогикалық қарым-қатынас пен
оқушы-спортшыға адами көзқарас қалыптастыруға біздер ерекше көңіл бөлдік. Оқушыларды педагогикалық қарым-қатынас
техникасына үйрету олардың жалпылама адами құндылықтарды және дене шынықтыру мен спорт құндылықтарын
ұғынуына бағдарланған теориялық дайындығымен тығыз байланыста жүзеге асырылды.
Жүргізілген зерттеулер барысында колледжде спорттық-педагогикалық пәндер бойынша сабақтарды ұйымдастырудың
дидактикалы жүйесі жасалынды. Ол оқушылардың бойында педагогикалық қарым-қатынас, құрастыру, оқыту-шынықтыру
сабақтарын талдау және өзіндік талдау операцияларын микро білім беру негізінде қалыптастыру. Білім берудің бұл әдісі
бейнежазбаны қолданудан, интерактивті тақталармен жұмыстануды, сондай-ақ, арнайы түзілген талдауға үйретуге, оқыту-
шынықтыру үдерісінің түрлерін жобалауға, түзетуге арналған әдістемелік жиынтық негізінде жүргізіледі.
70
Қолданылған әдістемелік жиынтық арнайы таңдалып алынған, әртүрлі оқу-шынықтыру сабақтар мен тәрбиелеу іс-
шараларының бейнежазбаларынан; аудиториялық сабақтарда сараптама жүргізуге арналған сабақтар талдануының үлгілері
мен жоспарларынан, түрлі тәжірибелік іс-шаралардан, сабақ және оқыту-шынықтыру, жаппай-спорттық іс-шаралардың
конспектілерінен тұрады.
Сабақтар мен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарды құрастыруға дайындық әртүрлі оқу орындарының үлгілері
мен жоспарларынан тұратын арнайы түзілген әдістемелік нұсқаманың негізінде жүзеге асырылды. Тәжірибелік білім
берудің жасалған бағдарламасы дәріс, семинар, лабораториялық-тәжірибелік аудиториялық оқыту-шынықтыру
сабақтарынан және педагогикалық практикадан тұрады. Дәрісте колледж оқушылары педагогика, дене тәрбиесінің
теориясының негіздерімен танысады. Одан соң, теоряның негізгі жайттары семинар сабақтарында талқыланады.
Лабораториялық-тәжірибелік сабақтар шынайы спорттық-педагогикалық үдерістің кешендеп үйрету көмегімен
талқылануына, құрастырылуына және үлгі ретінде түзілуіне арналды.
Қорыта айтқанда білім қоғамды тұрақтандыратын,рухани мұраны сақтайтын,ұрпақтан ұрпаққа сабақтастыратын құрал.
Ал,болашақ маманның білімді болуы кезеек күттірмес мәселенің бірі болып табылады. Бүгінгі қоғамға білімді де білікті
маман қажет.Білім беру жүйесін дамыту еліміз үшін басты бағыт болып санлады. Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу
жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқушының жеке басын дамытуды, оны ізгілікке баулып, шығармашылық
қабілетін дамытуды талап етеді. Сол үшін әрбір жас маман өз ісіне жауапты көзқараспен қарайтын, білімді ұстаз болуы
шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |