Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Бурабаева С.Т.
The procedure of the lesson
Level:5th form
Theme: “Sport in our life”
Time limit:45 m
The aims:
Educational: to enrich pupils’ knowledge , to introduce new words.
Developing: to develop pupil’s abilities in reading for understanding, to develop pupils’ speaking, reading, and writing skills.
Up-bringing: to enlarge pupils’ interest in learning foreign languages and to give them information about sportsmen of Kazakhstan.
Type: combined
Method: question-answer, individual work
I. Warming up.
a)greeting
b) a short talk with the pupil on duty
II. Phonetic drill.
Spring is green
Summer is bright
Autumn is yellow
Winteriswhite.
ІII. Checking the home task.
-What was your home task?
IV. Newmaterial.
-Good morning, boys and girls! Glad to see you! How are you? Today we shall speak about the sports and sportsmen of Kazakhstan .
-Good morning , we are very glad to see you too.
-Our today’s new theme is “Sport in our life”. Here some new words concerning the new lesson.
Boxing, boxer, gymnastics, skiing, snowboard, fit, fitness, martial arts, cycling, badminton.
-Repeat after me these words. (T-Class)
102
Teacher : Let’s do the following tasks.
a)
ex.2.p.126.Read and translate the text, please.
Sport.
Sport is important in our life. They are good for health. People do different kinds of sport: football, gymnastics, running, skiing,
basketball, snowboarding, swimming, boxing, cycling, hockey. Nowadays there are a lot of fitness clubs, sports centers and
swimming pools only in big cities. People can go there to do exercise and swim because they want to be fit. All old people like
walking and doing yoga. Only young people do martial arts such as karate, judo. Many people play sports in their free time and they
don’t love watching sports and TV. Schoolchildren in our country like walking, cycling, playing football and badminton. All
schoolboys and schoolgirls attend sports sections in their schools.
b) Ex.3,p126. Put the names of sport from the text into the correct column.
Indoorgames
Outdoorgames
Both
boxing
Cycling Basketball
c)Information about the Kazakh famous sportsmen.
SerykSapiev
Denis Ten
IlyaIlin
Physical training
d) Match the names of sports with equipment and the places.
e) Guess the sports words.
1. b….g 5. R…..g
2. s..m 6. C…..g
3. h….y 7. F……l
4. b…….n 8. F…..s
V. Conclusion
a. Evaluation.
You worked hard today and your marks are ...
b. Home work.
At home pleasе learn new words. Ex.4 p126
The lesson is over you may be free, thanks for your working,
*****
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какина Ә.М.
Тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Мақсаты: а) тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтау;
ә) өзіндік жұмыстану дағдысын жетілдіру, түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын,
дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;
б)сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, деңгейлік тапсырма, іздендіру.
Көрнекілігі: үлестірмелі парақша, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау,
оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Бүгінгі сабақтағы біздің ұранымыз:
Пайда ойлама, ар ойла Талап қыл артық білуге - деп Абай атамыз айтқанындай, біліміне сенетін жас небір асулардан
асады екен.
(Оқушылар тақтаның алдында шеңбер құрып тұрады. Ана тілдің қуатын дарытатын қазақ тілінің кезекті сабағы
басталатындығы хабарланып айтылады да, сынып оқушылары түрлі түсті қағаздармен үш топқа бөлінеді. Топ мүшелері
топ басшысын сайлайды. Әр топ тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып, бір-біріне тілек айтады.
Ой қозғау
– Балалар биылғы оқу жылында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы,аудармашы, тіл білімінің негізін
қалаған, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың неше жылдық мерейтойын атап өттік? Енді осыған байланысты үйге
қандай тапсырма берілді?
ІІІ. Үй тапсырмасы сұралады. (3 мин). А.Байтұрсынов өлеңдерінен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашу.
ІV. Сұрақ- жауап. – Балалар өткен сабақта лексика саласы бойынша қай тақырыппен таныстық? (Қайталау үшін 3 топқа
сұрақ қойылады.)
1-топқа: Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
2-топқа: Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің арасында қандай айырмашылық бар?
3-топқа: Олардың қандай ортақ белгілері бар?
V.
Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымызда тұрақты сөз тіркестері бойынша жаттығу жұмыстары, түрлі тапсырмалармен
жұмыс жасаймыз. «Тауып, жаз » Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын жазу.
1-топ: Бұл жолы екі кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетті. Ұшақ аспанға көтерілгенде, екі өзен алақанға
салғандай болып көрінеді. Ит байласа тұрғысыз баспананы тұрақ еткеніме бүгін төртінші күн.
103
2- топ: Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы баласы ауылға көптен бері ат ізін салмады. Мұғалімінің
алдында қатты қысылып, жерге кіріп кете жаздадым.
3- топ: Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде
Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты.
«Оқулықпен жұмыс». 111- жаттығу (ауызша) 114-жаттығу.
1- топ: Мәтінді түсініп оқып, мәтінге ат қою.
2- топ: Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін табу.
3-топ: Қорқыт туралы әңгімелеу
“Суретіне қарап сөзін таны” /суретке сай тұрақты тіркестер тауып жазу/
1-топ: /көз бен қабақ/
2- топ: /қол мен құлақ/
3-топ: /бет пен ауыз/
“Бейнелеп айтып көр...”
1-топ: Мұғалім Айдын Омаровтың білмейтіні жоқ, бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де, ағаш шебері де,
механик те. Музыка аспаптарында ойнап, би билейді. Бейнелеп айтқанда, ондай адамды қалай атайды?
2-топ: Болаттың әскерде бірге болған жақын досы бар екен. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі
айтып отыруды не дейді?
3- топ: Жақан клубқа барса, онда адам көп, тығыз, отырарға орын жоқ екен. Жақан кіре алмай үйіне қайтып кетеді.
“Неге кіріп отырмадың?” деген інісіне ол не деді?
«Жеке жұмыс». Тұрақты тіркестер біздің тіліміздегі айшықты сөздердің тобы. Көркем бейнелі сөйлеуде үлкен қызмет
атқарады. Әдебиет сабағында өткен түрлі тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табуға тырысып көрейік.
Тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашып, қай шығармадан екендігін табуы шарт.
1. Келінім ақылды екен, тілін бекерге алмаған екем!
2. -Е,шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын!?
3.Өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады.
4. Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты.
5. Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір-ақ соғып тұра жөнелді
6. Қуса жетіп, қашса құтылатын аузымен құс тістеген ерен жүйрік.
7. Атқа тіл бітеді.
8. Көзді ашып - жұмғанша ағып бара жатып салып кетеді.
9. Біраздан соң нөкерлері одан мүлде көз жазып қалады.
«Жалғасын тап». Тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1-топ: ... ..............нің түгі бар
2. ................ын шүйіру
3. .......тау жұтқан
2-топ: 1. .........на құм құйылу
2. ... .......соғып қалу
3. тамырына ............. шабу
3-топ: 1. ........і тоймау
2. құлақ .......ін жеу
3. ............нан шығып кетті
“Сәйкестендіру” тесті (Үш топқа бірдей тапсырма).
1- топқа: Жұмған аузын ашпау қорқу
Тайға таңба басқандай әсем
Жұлдызы қарсы сөйлемеу
Қыздың жиған жүгіндей анық
Зәресі ұшу дұшпан
2-топқа: Ақылға салды түк қалдырмау
Жылан жалағандай алдау
Опық жеу ыза болу
Тісін қайрау ойланды
Көз байлау өкіну
Сабақты бекіту
1-топқа: Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? топтастыру
2-топқа: Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің арасында қандай айырмашылық бар?
3-топқа: Олардың қандай ортақ белгілері бар?
Шығармашылық жұмыс
1-топ: «Ана тілімді құрметтеймін» Ойтолғау жазу.
2- топ: «Анам – өмірімнің мәні»
3-топ: «Болашақтың кілті – білімде»
Үйге тапсырма: а) Тұрақты тіркестерді қайталау;
ә) «Менің мектебім» тақырыбында тұрақты тіркестері бар, шағын мәтін құрастыру.
Бағалау.
Кері байланыс Топпен жұмыс істеген ұнады ма?
–
- Сабақта не қызықты болды? - Бүгінгі алған біліміңді қай жерде қолданасың?
–
Қорытынды
*****
104
Ақтөбе қаласы Сазды ортамектебінің
бастауыш класс мұғалімі Мусагалиева Б.
Тақырыбы: Білім керек бәріне. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау
Сабақтың міндеттері
Білімділік: өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды
жасау.
Дамытушылық: мақал-мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын,зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы
сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата-анасының еңбегін бағалай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі:мамандық иелерінің суреттері, білім,оқу туралы мақалдар кестесі
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-амандасу
-жоқ оқушыларды түгендеу
-құралдарын тексеру
-назарларын сабаққа аудару
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-Күнбе-күн мектепке келуден жалықпадыңдар ма?
-Осы біздің мектепке келудегі мақсатымыз не?
-Менің мақсатым не? Сенің мақсатың не?
Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, талқылайды.
Оқушылардың қорытындысын тыңдау
-Ал оқу, білім туралы қандай мақалдар білеміз?
Кестемен жұмыс
Ілім - бұлақ Білім - шырақ. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Оқу инемен құдық қазғандай. Оқу түбі тоқу.
Өнер ағып жатқан бұлақ Ілім - жанып тұрған шырақ.
Білім қымбат, білу қиын. Ақыл тозбайтын тон Біл - таусылмайтын кен.
Ойнада күл Оқыда біл. Білім - ер азығы, Ер - ел азығы.
Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы
Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні қаріп.
Өнер ағып жатқан бұлақ. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
Білімді өлсе, Қағазда аты қалар, Ұста өлсе, Істеген заты қалар.
Білім таппай мақтанба, Өнер таппай баптанба.
-Білім сөзіне байланысты қандай сөз тіркестерін жазып алар едің?
-Оны қалай түсіндіресің?
Ал Фариза Оңғарсынова өз өлеңінде былай депті....(оқулықтағы өлеңге назар аудару)
ІІІ.Мағынаны тану
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
Тізбектеп оқу кезінде «Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
-Білім алу жолы қандай жол?-Неліктен?
-Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?
-«Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің- тоқсан тоғыз» демекші, адам өмір бойы оқу, білім алумен болады екен.
Сергіту сәті ретінде осы өлеңнің өзін дауыстап, мәнерлеп оқи отырып, қимыл-қозғалыспен көрсету
«Толықтыру» тесті:
Ғарыш кемесін-----------------------------
Көк жүзіне-----------------------------------
Мұхиттарды--------------------------------
Ғажап үйлер-------------------------------
Дәрі де ойлап -------------------------------
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, адам арманына қолын білім арқылы жеткізеді.
ІV.Ойтолғау.
Дәптердегі «Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып, қалған тапсырмаларды ретімен орындайды.
-Өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз. Ол адам туралы әңгімелеп бер.
Жек, жұпта, топта талқыланады. Топ жұмыстарынан үздігін тыңдау.
Сабақты қорытындылау.
V. Үй жұмысы: Өлеңді қалай жалғастырар едің? Өз арманыңды қосып жаз. 4-бет жаттау.
Бағалау: Сабаққа қатысымына қарай оқушыларды бағалаймын.
*****
105
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мырзанова Венера Баубекқызы
Тақырыбы: Адамзат тудырған алып тұлға
Сабақтың мақсаты: Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы,
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы,
орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-
демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін
жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері туралы ұғындыру.
Сабақтың міндеті:Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз
әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағын оқыта отырып адамгершілікке, отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздену
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Абай портреті,
М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж
Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994ж
Сабактың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі: Сабаққа даярлық. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ аттары
« Білгірлер»,
« Тапқырлар».
ІІ.Жаңа материалмен жұмыс.Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен
аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі
Абайға көп үміт артты. Оны 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза деген молданың медресесіне оқуға беріп, білім
алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген.
Медресе деген — жатын орны, тамақ ішетін үй-асханасы өз ішінде, бұл жағынан мектеп-интернат сияқты, мұсылман дінінің
жолын үйрететін оқу орны. Абайдың адамдық, ақындық өмірбаянында осында өткізген 3,5 жылдың орны ерекше. Ол мұңда
мұсылмандық қағидаларын, үстірт болса да—тарих, география, есеп пәндерін оқиды. Көбінесе жаттауға құрылған дін оқуы
бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын, табиғатынан алғыр жеткіншекке қиынға түспейді. Жас шәкірттің бұл жылдарғы зор
жетістігі- қыр еліне таңсық араб, парсы, түркі тілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. сияқты түбі бір туыс елдердің ортақ
тілі) жетік біліп шығуы. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе
сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: "...қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ.
А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады",— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде
жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті
аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.
Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі құрбыларынан ерекше мұнда не
үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей
13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап
етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. "әке
балаға сыншы" деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне
әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды.
-Оқушылар сабағымызды бастауға дайынбыз ба! -Ия, апай.
1-тапсырма. Сандар сыры 20 санының сұрақтары.
Оң жақтағы жиырма. Абайдың туған жері мен туған жылын атаныз.( Семей қаласы,1845)
Ортадағы жырма. Абайдың әкесінің аты кім? ( Құнанбай )
Сол жақтағы жиырма. Семейде алғаш білім берген татар молдасын атаңыз.( Ахмет-Риза)
30 санының сұрақтары. Оң жақтағы отыз. Абайдың неше күйі бар?(« Май түні», «Желдірме», « Торжорға».)
Ортадағы отыз. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(
« Жаз» 1886 ж)
Сол жақтағы отыз. Абайдың « Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай» атты өлеңі кімге арналып жазылған?( Тәкежанның
әйелі Қаражанға).
40 санының сұрақтары. Оң жақтағы қырық. Абай орыс ақыны Я. П. Полонскийдің кай өлеңің қазақшаға аударды?( “
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы.»)
Ортадағы қырық. “ Онегиннің өлердегі сөзі ” өлеңін қай жылы жазды?( 1889 ж, Пушкиннен).
Сол жақтағы қырық. Ағылшын ғалымы, революцияшыл Джордж Ноэл Бордон Байронның қай өлеңін қазақ тіліне аударған?
(“ Еврий сазы ” топтамасынан Көңілім менің қараңғы).
2-тапсырма. Тұлғадан сұрақ.( Интерактивті тақтада қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері дайындаған сұрақтар
көрсетіледі)
1.Құнанбай қай қалада мешіт салдырды? ( Қарқаралыда)
2.Медғат-Қасым поэмасын Абайдың қай баласы жазған?( Мағауия).
3.Абайдың мұражайы қай жерде орналасқан?( Жидебайда).
4.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай қалада басылып шықты?(1909 ж,Петербургта).
5. Абайдың атақты ертекшісі кім болған?( Баймағанбет).
6. Абайдың руын атаңыз.( Тобықты).
7. Абайдың жеті атасын атаңыз.( Құнанбай- Өскенбай- Ырғызбай – Айдос -Томан- Тобықты - Арғын).
3- тапсырма СӨЗТУЫМ «Абай»
Берілген баламаларды дұрыс тауып орналастырғанда, ерекше бөлінген торкөздер бойынан ұлы ақынның фамилиясын
оқуға болады.
1. Қазақ жазушысы, драматург, Абай, Мұхтар мұралары саласында еңбек еткен ғалым; (Мұқаметханов)
2. Абайдың баласы; ( Тұрағұл)
106
3. «Абай жолы» эпопеясындағы Бөкеншіден болысқа сайланған Оспанның қарсыласы;( Күнту)
4. Қазақ жазушысы, педагог, М. Әуезовтің өскен ортасын, Абай ауылын суреттеуші қаламгер; ( Оразалн)
5. Абайдың замандасы, әрі шәкірті, Абай өмірбаяны мен өлеңдерін қалпына келтіруде елеулі еңбегі бар ақын;( Жанатаев)
6. Абайдың жан жолдасы, Тоғжанның жақыны әрі ауылдасы;( Ербол)
7. Абайдың ақылды анасы; ( Ұлжан)
8. Әнші, Абайдың сүйікті жары;( Әйгерім)
9. Абай мен Әбіштің ақылшы досы, орыс интеллигенциясының өкілі.( Павлов)
Достарыңызбен бөлісу: |