Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


өтпе” деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор. “Ата-анаң-алтын тұғырың”, “Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

өтпе” деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор. “Ата-анаң-алтын тұғырың”, “Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін
білмес”  деген   мақал-мәтелдің  мағынасына   терең  бойлап,  “Ата-анам-берік   қорғаным”  тақырыбына   эссе   жазды.  “Ата
салты-асыл   қазына”  атты   тәрбие   сағатында   оқушылар   ата   салтының   ұлттық   құндылық   ретіндегі   мәнін   ашып,   салт-
дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсінді. 
    Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемге теңдесі жоқ тәрбие. М.Жұмабаев педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау
алатыны туралы  “Педагогика” атты еңбегінде былай дейді:  “Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып
келе жатқан жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан әрбір
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті”.
  Қазіргі жаһандану кезінде батыс өркениетінен біздің үйренетініміз де  бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар.
Ұлттық   сана-сезімі   қалыптасқан   ұлттық   мүдденің   өркендеуіне   үлес   қоса   алатын,   ұлттық   құндылықтар   мен
жалпыадамзаттық   құндылықтарды   өзара   ұштастыра   алатын   толық   кемелді,   ұлтжанды   тұлғаны   тәрбиелеу-біздің   негізгі
мақсатымыз.
   Ел   Президенті   Н.Ә.Назарбаев   “Қазақстан-2030”  стратегиялық   бағдарламасында:  “Біздің   жас   мемлекетіміз   өсіп-
жетіліп,   кемелденеді.   Біздің  балаларымыз   бен   немерелеріміз   онымен   бірге   ер  жетеді.   Олар   өз   заманының   жауапты   да
жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ, олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады...”деп атап көрсетті.
   Халқымыз қыз баланы адалдыққа, әділдікке, имандылыққа, таза махаббатқа тәрбиелейді.  Қыз бала-болашақ ана,
аяулы   жар.   Жатжұрттыққа   жаралған   қызды   айрықша   мәпелеп,   еркелетіп   өсіре   отырып,   оның   тәрбиесіне,   бой   түзеуіне
ерекше мән берген.  Әрбір отбасы шаңырақтағы жас буынды-өмірінің жалғасы, қоғам тірегі, ұлт болашағы деп танып, берік
сенім мен қалыпты көзқарасты жоғалтпауы, төмендетпеуі тиіс екенін түсінген.
  
231

 
    Қазіргі   кезде   ұлттық   тәрбие   мәселесінің   қоғамда   белсенді   талданып,   ұйымдастырылуына,   іске   асырылуына   жағдай
жасалынып жатыр. Тәрбие беру процесі оқумен тығыз байланысты. Қай кезең болмасын адамзат алдында тұратын ұлы
міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздікке қол жеткізген осы заманда жас ұрпаққа ұлттық
тәрбие беру міндеті-  уақыт талабымен бірге келген игілікті іс. 
    Жастарымыз   қоғамға   қажетті   және   отанымыздың   қарыштап   дамуына,   елінің   мәдени,   тұрмыстық   жағынан
гүлденуіне тек өзі таңдаған білікті маман иесі болуы жеткіліксіз. Туған халқының асыл мұраларын, діни-рухани, тарихи-
мәдени құндылықтарын  қастерлеу,  терең оқып-танумен  ғана  емес, қолдан келгенше  жеке  үлесін қосуға  ұлттық  сезімін
қалыптастырудың маңызы зор.
* * * * * * * * 
Түркістан қаласы  Жаңа Иқан ауылы  Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі   
География пәні мұғалімі Абдуллаева Покиза
Пәні: география 
Мектеп: Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі
Күні:   29.04.16 
Мұғалімнің есімі: Абдуллаева Покиза
Сынып: 7«б»
Қатысқандар саны:22
Қатыспағандар
саны:0
Сабақтың тақырыбы:
Еуразияның халқы, саяси картасы
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Еуразияның халқы,ұлттық ,тілдік құрамы ,елдері туралы түсінік беру, картамен 
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз пікірлерін, болжамдарын айта білуге 
дағдыландыру.
Сабақ мақсаттары 
Барлық оқушылар:  Еуразия құрлығындағы елдерді ажырата білу.
Оқушылардың басым бөлігі: Атласпен ,контур картамен жұмыс орындау, өз 
пікірлерін айтып, ойын дұрыс жеткізе білу
Кейбір оқушылар: Материк халқының орналасуы, ұлттық құрамы туралы 
креативті ойлау арқылы өз пікірлеріне дәлелдеме келтіру.
Тілдік мақсат
Оқушылар:   
Еуразия құрлығындағы мемлекеттерді біледі, кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап 
береді.Жаңа сабақта берілген тапсырмаларға, сұрақтарға,
оқушылар өз ойларын айтып, пікірлерін қорғай алады
Негізгі сөздер мен тіркестер: монархиялық, социалистік, капиталистік , 
ислам, христиан, буддизм.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  бизон, уссури 
жолбарысы, лиана , корей самырсыны.
Талқылауға арналған тармақтар:
Еуразия материгінің халқының құрамы қандай?
Жер шарының халқы неше нәсілге топтастырылады?
Еуразиядағы мемлекеттердің басқару формасы қандай?
Жазылым бойынша  ұсыныстар: Тақырыпта жаңадан енгізілген сөздермен 
терминдерге , атаулар мен олардың анықтамасын сәйкестендіру жаттығуын 
жаздыру. 
Алдыңғы оқу
6 сынып бағдарламасында кездеседі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Басталуы
Қызығушылықты ояту
5 мин
10 мин
1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2.Психологиялық ахуал орнату: 
  Ынтымақтастық атмосферасын құрып, шеңбер жасап топқа бөліну.
3.Топқа біріктіру:
Оқушыларды материктердің атауларымен  топтарға бөлінеді
 1 – топ Еуразия
2 – топ  Америка
3 – топ Африка
4 – топ Аустралия
4.Идеялар себеті.(Қашан?Қайда?Не үшін?)
Сұрақ - жауап арқылы 
Сұрақтар түрлі-тусті қағазбен деңгейлеріне қарай таратылады.
 Еуразияның климатының  қалыптасуына қандай  факторлар әсер етеді?
Матеріктің шығыс жағалауында муссондық климатқа байланысты 
қандай өсімдіктер таралған?
Қоңыржай белдеуді қандай табиғат зоналары алып жатыр?
Шөл мен шөлейт зонасында «шөл кемесі» атанған жануарларды 
атаңыздар?
232

Ортасы
Мағананы ажырату
25 мин
1. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.
Слайдпен, физикалық картамен түсінік беру.
2. Тыңдап түсінгенін анықтау мақсатында  
 Еуразия құрлы ғының елдері ,халқы туралы алған білімдерін өмірде 
қалай қолдануға болатынын ойланып, топпен бірлесіп постер жасап ,өз 
ойларын жеткізу.
 3. Креативті ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында атлас картадан 
пайдаланып, Еуразиядағы  елдерді контур картаға тусіру.  
4.Қорытынды.
Семантикалық  картамен  сәйкестендіру.
Аяқталуы
5 мин
1.Рефлексия алу мақсатында оқушыларға «желкенді бағдаршам»  
ойынын ойнату .
     
2. Үй тапсырмасына Еуразия құрлығындағы дамыған мемлекеттерге 
сипаттама жазу  тапсырылады.
3. Бағалау парақшаларын мұғалім сабақ басында таратып береді,топ 
басшылары топ мүшелерін баллдық жүйемен бағалайды:
Өзін - өзі бағалу (критерийлер бойынша)
Қосымша ақпарат:
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді 
қалай жоспарлайсыз? 
Сіз  қабілеті жоғары оқушыларға 
тапсырманы күрделендіруді қалай 
жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай 
жоспарлайсыз?
Оқушылардың қабілетіне қарай,  тақырыбына
байланысты тапсырманы күрделендіремін. 
Еуразиянің халқы , елдері болғандықтан 
талқылау, дәлелдеу, қорғау жұмыстарын 
ұйымдастырамын.
- формативті (критерийалды, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);
 - суммативті бағалауды қолданамын.
Рефлексия 
- Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар  не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер 
енгіздім және неліктен?
 Сабақта оқу мақсатын орындау оқушылардың көмегімен шынайы 
болды. 
 Оқушылар топпен жұмыс істеуді, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренді.
Сынып оқушылары жаңа сабаққа көңілдері толды.
Саралау тиімді болды, жоспарланған сабақты барілген уақыт ішінде 
үлгердім.
Жоспарды өзгертген жоқпын.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.Оқушылардың барлығы сабаққа тартылып,қатысты.
2.Оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.Оқушыларды топпен жұмыс істеуі ,топта бағалануы.
2.Сабақта АКТ ны пайдалану. 
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не 
білдім?
1.Оқушылар өздері топқа бөліну жолдарын,ынтымақтастық , бір-бірінің пікірін тыңдауы , бағалауды түсінгендері. 
Түркістан қаласы.Жаңа Иқан ауылы «Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп»  
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі Шахло Хаджиева
233
А
т
ы
 
-
ж
ө
н
і
И
де
ял
ар
се
бе
ті
Пос
тер
қор
ғау
Кар
та
мен 
жұ
мыс
Сәй
кес
тен
дір
у
р
е
ф
л
е
к
с
и
я
Қор
ыт
ынд
ы 
бағ
а

Дүниетану 3 сынып
Тақырыбы: Халқымыз тарихынан
Сабақтың мақсаты: Халқымыз тарихи туралы түсініктерін кеңейту арқылы сын тұрғысынан ойлауға мүмкіншілік 
тұғызу,ата-бабаларымыздың өткен өмірі туралы сыр шерту.
Натиже:Халқымыз тарихын, ата-бабаларымыздың өткен омірін үйренеді,сын тұрғысынан ойлайды.
Әдіс-тәсілдер; сұхбат, диалог, талдау. «Ақылдың алты  қалпағы», «қар үйіндісі»,  «Интервью»
Сабақтың кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ресурстар
Психалогикалық 
ахуал
Оқушыларды сабаққа психологик дайындау.
Себеттегі гүлдерді алып бір-біріне ыстық 
лебіздерін айтады
Оқушылар бір-біріне ыстық 
лебіздерін айтады.
Гүлдер 
«Қар үйіндісі»
Ойын арқылы откен тақырыпты пысықтау.
-Мемлекетті кім басқарады?
-Тұнғыш  президент қашан сайланды ?
-Парламент пен Үкімет қандай қызмет 
атқарады?
-Еліміздің Парламенті қандай Палаталардан 
тұрады?
-Сенат депутаттарын кім тағайындайды? (олар 
қанша адамнан құрылады?).
-Мәжіліс депутаттарын кім сайлайды? (олар 
қанша адамнан құрылады?)
Сұрақтарға жауап береді.
Себеттегі қар 
үйіндісі
Жаңа тақырып
Бейнебаян көрсету арқылы жаңа тақырыпты 
ашу. 
-Тамашалаған бейнебаяннан не көрдіңіз?
Жаңа тақырып туралы түсініктерін толықтыру.
Бейнебаян туралы түсінікте- рін
баяндау арқылы жаңа 
тақырыпты үйренеді
Слайд.ин-
тербелсен-ді 
тақта.
Топқа бөлу
Түрлі –түсті асықтар арқылы топқа бөлу.
І  топ. «Билер» тобы
ІІ топ «Хандар» тобы
ІІІ топ «Батырлар» тобы
Асықтардың түстеріне қарап 
топтарға бөлініп отырады,өз 
топтарынның билерін, ханда- 
рын, батырларын тағайын 
дайды.
Түрлі-түсті 
асықтар,қорж
ын.
«Джиксо» 
стратегиясы
Мәтінді оқып әр топтан бір оқушы басқа топқа 
барып түсініктерін айтып береді.
Мәтінді оқып түсініктерін 
айтады
Оқулық 
Постер
Әр топ топпен жұмыс жасайды. 
І топ «Қазақ билері» туралы түсініктерін 
айтады.
ІІ топ: «Қазақ хандары»туралы түсініктерін 
қорғайды.
ІІІ топ : «Қазақ батырлары» тұралы 
түсініктерін қорғайды
Әр топ өзіне берілген 
тапсырманы орындап постер 
қорғап шығады
Плакат,
маркер,
стиекр.
Дәптер мен жұмыс
  5 мамыр.
Халқымыз тарихы.
Қазақ хандары:
Керей хан, Жәнібек хан, Абылай- хан, 
Таукехан, Кенесарын.........
Билері: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек 
би..................
Батырлары:Алатау батыр, Бөгенбай батыр, 
Жалаңтөс батыр, Жәнібек батыр, Наурызбай 
батыр, Райымбек батыр, Қабанбай батыр, 
Қарасай батыр.................
Дәптерге хандар,билермен 
қаһармандардың есімдерін 
жазып алады
суреттер
«Мыға шабуыл»
-Биыл қазақ хандығының неше жылдығын атап
өтеміз?
«Тарихқа назар 
салайық»бейне 
-ролик
«Қазақ хандығы»
-Осы тамашалап отырған  бейне -жазбадан 
кейін сіздің қандай ойыныз бар?
Сын тұрғысынан ойлап жауап 
береді.
Бейне-жазба 
Сергіту сәті 
Музыкамен қымылдар жасайды.
Музикамен қимылдар жасайды.
Үнтаспа 
«Интервью»
Әр топтан бір оқушыдан интервью алу.
Әр топтан бір оқушы интервью 
береді
Кері байланыс
-Бүгінгі сабақ сізге үнадыма?
-Несімен үнады?
-Сіз қалай ойлайсыз қазіргі мемлекетті 
басқаруда билердің көмегі қажет-пе?
Сабақ тұралы түсініктерін 
айтады.
Бағалау 
Топті және оқушыларды бағалап , бағаларымен
таныстыру.
234

Қорытынды.
Үйге тапсырма беріп сабақты қорыту.
Үйге тапсырма: мәтінді оқып өз түсініктерін 
баяндап береді, жаңа тақырыпқа дайындалып 
келеді.
Үйге тапсырманы түсініп, 
белгілеп алады.
ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛУ – ҰСТАЗ МІНДЕТІ
Шымкент қалалық білім бөлімініңбастауыш сынып әдіскері
Халиева Бағила Ермекқызы
№103 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Турсунжанова Ляззат Назиржановна
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы
білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын
дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім
беру   жүйесін   әлемдік   білім   беру   кеңестігіне   кіріктірумен   сипатталады.   Қазіргі   таңда   мемлекеттік   тілді   оқытуда   жаңа
идеяларды   әр   сабақта   жан-жақты   қолданып,   жаңаша   оқытудың   тиімді   жолдарын   тауып,   жүйелі   түрде   қолдану-заман
талабы.Қазақстанның   тәуелсіз   мемлекет   ретінде   қалыптасуы   орта   білім   беру   жүйесінің   дамуымен   тығыз   байланысты.
Қазақстан   Республикасының   Білім   туралы   Заңында:   «Білім   беру   жүйесінің   басты   міндеттерінің   бірі   –білім   беру
бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық
білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен
мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар
мұғалімнің   өткені   мен   бүгіні,   келешегі   мен   болашақ   жайлы   ойланып,   жаңа   идеялармен   жұмыс   жасауға   негіз   болады.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай
білім   қажет.   Қазақстанды   дамыған   30   елдің   қатарына   жеткізетін   –   білім.   Ғылым   мен   техниканың   күн   санап   өсуіне
байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың
парадигмасы   өзгерді.   Білім   берудің   мазмұны   жаңарып,   жаңаша   көзқарас   пайда   болды.   Осыған   байланысты   ұстаздар
алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді
қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова),
«Деңгейлік   тапсырмалар»   (Ж.Қараев)   пән   сабақтарына   арналған   «Сатылай   кешенді   талдау»   (Н.Оразақынова)   т.б
технологиялары   мұғалімдердің   қызығушылығын   арттырып,   оқу   үрдістеріне   кеңінен   ендірілуде.   Оқыту   әдістерінің   кез
келген түрін  белсенді  әрекетке  айналдыру-мұғалімнің  әдіскерлік  шеберлігі   мен  шығармашылық  ізденісіне  байланысты.
Деңгейлеп оқыту технологиялары  баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған.  Л.Выготский,  В.Давыдов,  Д.Эльконин,  тағы
басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш
өлшемді   әдістемелік   жүйе»   технологиясы   оқушылардың   жеке   қабілеті   мен   мүмкіндіктеріне,   қызығушылығына,
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустем, 
Сьюзон Шуман) бірлескен еңбегі; Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л. Выготский, теорияларын басшылыққа алған. Сын 
тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
 ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында елімізде білім сапасын арттыру бағытын жүзеге асыру 
мақсатында ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мәселесін көтерді. Осы бастаманың негізінде Кембридж университетінің 
бағдарламасы бойынша ҚР-да «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске 
асыру мақсатында «Педагогикалық шеберлікті арттыру» тақырыбында үш айлық курс жұмыстары жүргізіліп келеді.  Үш 
айлық курстың міндеті-ұстаздардың шеберлік деңгейі мен белсенділік, табыстылық нәтижелерін шыңдап, мектептегі оқу-
тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеру.
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер 
ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай 
алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль 
арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре 
түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза 
алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі 
оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ,
орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және 
ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Қазіргі мемлекеттік бағдарламаларда Назарбаев Зияткерлік 
235

мектептерінің білім берудегі озық іс-тәжірибелерінің ең үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кіріктіру 
көзделген.
Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай 
білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында 
тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім 
беру кеңістігін жасау. Өз  білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен 
пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған 
міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді 
енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына 
септігін тигізеді.
Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту идеясы Я.А.Коменскийден басталады.Ұлы дидактика атты еңбегінде: «Бір-
бірімен байланысы бар заттар, сол байланысты көрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын. Қазіргі  таңда 
кіріктірілген бағдарламалар оқу-тәрбие процесін технологияландырудың бірден-бір шарты болып табылады.
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай тенденциялар байқалып отыр:
- білім беру философиясы  мен әдіснамасының жаңаруы;
- білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген модельдердің жасалуы;
-білім беруді  басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; 
-жаңа білім технологияларының енгізілуі; 
-оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне 
көшуі; 
-терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
-ұрпаққа азаматтық – патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру
ролінің күшейтілуі, білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі ролінің артуы. Әлемдік білім беру жүйесіне 
негізделген осындай басым бағыттар ұрпақты озық, саналы дара тұлға деңгейінде қалыптастырады.
Жаңа бағдарлама «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Кембридждің Халықаралық 
емтихан кеңесінде бірлесе отырып құрастырылған.
Бағдарламаның мақсаты: Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста 
жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту 
техникалары қарастырылған.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты 
болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы 
аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер 
ғана жұмыс істей алады.
Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге 
жетеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ»,17.01.2014 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет