Мустаҳкамлаш.(15 мин)
Дарсликдаги 142-бетдаги 351 – машқни бажариш топширилади. Берилган гаплардаги сифатларни аниқлаб, уларнинг
гапдаги вазифаси бўйича тагига чизинг. 10 минут вақт ичида ўқувчилар гаплардаги сифатларни кўчириб ёзадилар, гапда
қандай вазифада келганлигини аниқлайдилар.
Кўркамроқ, тиниқроқ, тўлин, ориққина, хушчақчақ, ўйчанроқ, ажойиброқ.
Доскага 4 ўқувчини чиқариб, ҳар бир гапдаги сифатларни тўлиқ таҳлил қилиб бериш топширилади.
Бажариб бўлишгач, машқнинг тўғри ёки нотўғри таҳлил қилинганлиги экрандаги тўғри жавобдан кўрсатилади. Ўқувчилар
ўз хатоларини тўғирлайдилар.
кўркамроқ – қиёсий даражада, гапда аниқловчи вазифасида келган;
тиниқроқ - қиёсий даражада, гапда аниқловчи вазифасида келган;
тўлин – оддий даражада, гапда аниқловчи вазифасида келган;
ориққина – озайтирма сифат, гапда аниқловчи вазифасида келган;
хушчақчақ– оддий даражада, гапда аниқловчи вазифасида келган;
ўйчанроқ– қиёсий даражада, гапда ҳол вазифасида келган;
ажойиброқ– қиёсий даражада, гапда аниқловчи вазифасида келган.
Уйга топшириқ(2 мин)
1-даражали. 350-машқ берилган гаплардаги сифатларни аниқлаб ўзи боғланган сўз билан кўчириб ёзинг.
2-даражали.Мавзуга мос 4та тест топшириғи ёзиш
3-даражали.Озайтирма ва кучайтирма сифатлар иштирок этган мақол, матал,топишмоқ ва тез айтишларга 4 тадан мисол
ёзинг
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылы
№ 27 «Аққала» жалпы орта мектебі биология пәні мұғалімі
Мавланкулова Нишанай Хайдаркуловна
Тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер. 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасы құру ерекшеліктерін және мінез - құлықтары мен түйсігі жайлы
мәлімет алу.
2. Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылық тарын іздену, құру және салыстыруға тапсырмалар беру арқылы дамыту.
3. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірде қолдана білуге үйрету және оларды қорғауға
тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: бейнефильм, жобалар, суреттер, тест парақтары.
Сабақтың типі: жаңа Сабақтың түрі: жобалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: Менің көңілім жақсы; Мен сабақты жылдам орындаймын
Мен сабақты жақсы оқимын; Менің жазуым жақсы; Менің тәртібім жақсы;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 2 мин
Сәйкестендіру тесті «Зиянкестер» А. Өсімдік Б. Жануар В. Адам
1. Саяқ 2. Тарақан 3. Мамықжегі 4. Қандала 5. Бүрге 6. Маса
7. Жібеккөбелегі 8. Бұзаубас 9. Шіркей 10. Сона Жауап: А - 1, 4, 7, 8 Б - 3, 5, 9, 10 В - 2, 4, 5, 6
ІІІ. Жаңа сабақ
А. Ой қозғау
1. Сұрақ
Мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары бар отряд қалай аталады? (жарғаққанаттылар)
2. жұмбақ
Тыру - тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар. (Ара)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (Құмырсқа)
3. Мәлімет Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез - қылығы күрделене түскен. Осындай бунақденелілер қалай
аталады? ( қоғамдық)
Б. Мағынаны тану
1. Аралар туралы мәлімет.
1. Бал арасы – жоба
2. Бал туралы – жоба
2. Құмырсқалар туралы мәлімет.
1. Құмырсқаның біз білмейтін сырлары – жоба
2. Құмырсқа да сөйлейді - мәлімет
• Сарапшы мен бақылаушы сөз алады. Сарапшы - жұмысты саралап қорытындылайды. Бақылаушы - бақылап отырып баға
береді (өте жақсы, жақсы, орташа).
213
3. Семантикалық карта (суретпен жұмыс )
Қоғамдық бунақденелілердің тұқым тобындағы дараларының ерекшеліктерін кестеге толтырыңдар.
Аралар
Тұқым тобының
даралары
Құрылыс ерекшелігі
Қызметтері
Аналық
денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею мүшесі
ерекше жетілген, ауыз қуысы кішкене.
Кәрездерге 3 түрлі жұмыртқа салады. Оларды
«ара сүтімен» қоректендіреді.
Аталық (трутень)
жұмысшы арадан сәл үлкен, У безі және
шанышқы инесі болмайды. Ауыз қуысы
кішкене.
Аналықты ұрықтандырады да өледі
Жұмысшы балара
дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі
және жонында сұрғылт сары нүктелері
болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы,
У безі және шанышқы инесі
Шірне, тозаң жинап, өңештің кеңейген бөлігі
– жемсауда балға айналдырады. Балауыздан 6
қырлы кәрездер жасап, бал және гүл шірнесін
толтырады. Дернәсілдерді қоректендіреді.
Құмырсқалар
Тұқым тобының
даралары
Құрылыс ерекшелігі
Қызметтері
Аналық
Қанаты болады, ұрықтану соңынан қанатын
өзі жұлып тастайды. Денесі ірі болады.
Жұмыртқа салады, қоныс аудару қызметін
атқарады.
Аталық
Қанаты болады. Аналыққа қарағанда денесі
кішілеу келеді.
Аналықты ұрықтандырады, өледі. Қоныс
аудару қызметін атқарады.
Жұмысшы
Қанаты болмайды. Денесі шағындау болады.
Илеу салады. Қорек тауып аналық пен
дернәсілдерді қоректендіреді.
Әскер
Қанаты болмайды. Денесі шағындау болады.
Жауынан қорғайды. Жинаған дәндерді
жұмсартып, езіндіге айналдырады.
4. Бейнефильм көріп «қорек іздеу түйсігі» және мінез - қылық ерекшелігіне сипаттама беру. 3 мин
Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез - қылығы күрделене түскен. Бұл орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылатын
күрделі құбылыс. Жемін іздеп табуға, қауіп - қатерден қашып құтылуға, ұрпақ беруге, қатал жағдайларда бейімделіп
тіршілік ете алуға бағытталады. Тұқым қуалайды.
В. Ой толғаныс «Жарғаққанаттылардың маңызы»
Бал ара Құмырсқа Өсімдікті тозаңдандыру. Бал жинайды. Ауруларға емдік қасиеті бар.
Топырақты қопсытады. Орман ішін тазалайды, жәндіктерге қамқор бола алады
Білгенің жөн! Егер ара шағып алса сізге марганец ерітіндісі (марганцовка), мұз, түймедағы мен ақжелек (петрушка) қажет
болады. 1 - Қадам - пинцет, ине арқылы жараның ішінде қалған араның бізгегін шығару керек, болмаса саусақты пайдалану
керек. Алдын ала сумен немесе сутек тотығымен тазалау қажет.
2 - Қадам - түсі қызыл - күлгін калий перманганатын (марганцовка) мақтаға малып, шағылған жерді сүртіңіз. Ол болмаса
сутек тотығын немесе тұздалған су қолдануға болады.
3 - Қадам - Шағылған жерге мұз кесегін басыңыз. Ол жараның ісінуін кемітеді. Дәрі қобдишаңыздан белсендірілген көмір
табылса, оның 3 дәрісін майдалап, 1 шай қасық су қосып, араластырып, жараның бетіне жағыңыз. Бетін дәкемен жабыңыз.
Осылайша шағылған жердің уы тезірек кетіп, ісінбейді.
4 - Қадам - Енді жараны іштей емдеу керек. 1 шай қасық кептірілген шайқурай (зверобой), қырмызы (календула), түймедағы
не шалфей өсімдіктерін 1 стақан қайнаған сумен араластырып, 15 - 20 минутқа қойыңыз. Ерітіндіні сүзіп, жартысын бірден,
екінші жартысын 1 сағаттан кейін ішіңіз.
5 - Қадам - Кейбір жағдайда шағылған жер қызарып, қатты ісіп кетеді. Ісікті басу үшін, балғын ақжелек жапырақтарын
майдалап, үстіне қайнаған су құйыңыз. Суыған кезде қайнатпаға таза мата не дәкені малып, жараның бетін басыңыз.
Ара шаққаннан кейін өзіңізді нашар сезініп, жүрегіңіз айнып, қызуыңыз көтеріліп, дем алумен қиындықтарыңыз болса,
тезірек дәрігердің көмегіне жүгінгуіңіз керек. Бұл аллергияның белгілері болуы мүмкін.
Сондай - ақ, табиғат аясына демалысқа шыққанда түрлі әтірлер мен иісі өткір косметикалық заттар қолданбай, тым жарқын
түстерге киінбеңіз, бұл аралардың көңілін қызықтыруы мүмкін.
Әдеби шығарма. Ө. Тұрманжанов «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар»
Өтебай Тұрманжанов - Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар
Ертеде бір орманда,
Өзі салған қорғанда,
Бір топ ара тұрыпты:
Бәрі еңбеккер жан екен,
Жегендері бал екен,
Хан, ханша, хан – Ара.
той жасап елін жинап
Жар салып, бойжеткен
Қызын лайықты адамға
Күйеуге бермекші болады
Хан қызын алмаққа
Көбелек те, маса да, құмырсқа да
Жиналды, Хан ара шығып
Асырса жұрттан өнерін.
Қызымды соған беремін...
214
Ортаға шықты көбелек.
Билеп кетті дөңгелеп.
Көбелек ханға қарады.
«Сауықшыл деп, сәншіл – деп,
Мадақтап «күйеу» баланы.
Ханшайым сонда сөйледі,
Құр сауық қарын ашырар,
Өнерлі ұл елін асырар.
Сауықшыл екен балаңыз.
Басқа бір қыз қараңыз...
Ортаға шықты масалар.
Сансыз сары найзагер,
Сайыста озған айлакер,
Кілең қанқор, бас алар,
Аюыңды, араңды,
Арыстанды, қабанды,
Шаншамыз да түйрейміз,
Батыр біздің баламыз!
Қызыңызды аламыз...
Ханшайым сөз бастады:
«Қайратты» екен халқыңыз,
Тым ерсі екен салтыңыз,
Қан ғана екен асыңыз,
Қағынған екен жасыңыз,
Жақсылық салттың бірі жоқ,
Адал еңбек тағы жоқ.
(Еңбексіз елдің бағы жоқ.)
Лайық емес балаңыз...
Ең соңынан баяулап,
Жайбарақат жаяулап,
Ортаға шықты құмырсқа.
Қоңырқай қара шаруамыз,
Астыққа толы ауламыз.
Дәнді өзіміз аламыз,
Сондықтан біз қарамыз.
Төгілгенді жинаймыз,
Шашылғанды табамыз.
Еңбекпенен бағамыз.
Еңбек біздің атамыз!
Еңбек біздің анамыз!.. деп
Ханға қарап қиылды,
ханымыз сонда сөйледі:
Құдамыз болсын құмырсқа!
Өзіміздей тірлікті,
Ынтымақты, бірлікті,
Өсіп - өнген ел екен,
Ағып жатқан кен екен - деп,
Құмырсқа мен аралар
Қиыспас дос құдалар,
ІV. Үйге тапсырма Мәлімет әкелу
1. Зиянкес бунақденелілермен күрес. 2. Бунақденелілерді қорғау.
V. Бағалау 2 мин
үй тапсырмасы
жұмбақ, сұрақ
жоба
кесте
тапсырма
ұпай
23 - 25 ұпай “5” 20 - 22 ұпай “4” 13 - 19 ұпай “3” 12 ұпайдан төмен “2”
V. Рефлексия
Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
Сабақтың соңында қандай сезімде болдың?
215
ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Османова Гулмира Сайдиганиевна
Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың білімділік мақсаты:
«Алтын сақа» ертегісі бойынша алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау
шеберліктерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ертегіні оқи отыра қазақ әдебиетінің бай мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: мұғалім сөзі, сұрақ - жауап, салыстыру
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
1) Сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгелдеу
II. Қайталау
Сұрақтар:
1) Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
2) Ертегілердің жанрларын атаңдар
3) Ертегі дегеніміз не?
4) Ертегілер бізге қалай жеткен?
5) Ертегілердің түрлерін атаңдар.
Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?
- Осы шығарма ертегінің қандай түріне жатады?
- Қиял - ғажайып, себебі, бұл ертегіде ғажайыптар, өмірде болмайтын оқиғалар кездеседі.
Оқушылар мысалдармен дәлелдейді.
1) «... Өкпе суға батып кетіп, жалмауыз кемпір болып шығады...»
2) «... Батыр қотыр тайды жүгендегенде қотыр тайдың ауруы жазылады...»
3) «... Кемпір бір тісін жұлып алғанда, аттың бір аяғы жұлынып түседі...» - Осының бәрі қандай көркемдегіш құралға
жатады?
- Әсірелеу (гипербола)
Екі түлкі адамдардың мінезін, іс - әрекетін көрсетіп тұр.
- Пернелеу (аллегория)
«... Ат басындай алтын, көзі алақандай болу»
- Теңеу (сравнение)
III. Жаңа сабақ
1) Үйде алдын ала оқыған ертегінің мазмұнын орысша айтып беру.
2) «Алтын сақа» ертегісінің ішкі мазмұнына назар аудару.
Суреттер арқылы мазмұнын еске түсіру.
А) Жоғалған алтын сақа (қара сөзбен айтып беру)
Ә) Жалмауыз кемпір мен баланың кездесуі (рольдік оқу)
Б) Жалмауыз кемпір және екі түлкі (қара сөзбенайтып беру)
В) Жалмауыздан құтылу(оқу)
Енді ертегінің мазмұнын деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындылаймыз.
Негізгі деңгей
«Алтын сақа» ертегісі бойынша кестені толтыру(6 - флипчарт)
Ертегінің түрі Кейіпкерлер Ертегі қалай басталады Ертегі қалай аяқталады
жағымды жағымсыз
Орта деңгей
1.«Алтын сақа» ертегісі қалай басталып, қалай аяқталады? Орыс ертегілерімен салыстыр
2. Ертегілер неге жақсылықпен аяқталады? Ойыңды дәлелде.
Ортадан жоғары деңгей
«Алтын сақа» ертегісін неге қиял - ғажайып ертегісіне жатқызамыз? Ойыңды ертегі мазмұны бойынша дәлелде.
Жоғары деңгей
Ертегінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеп беріңіз.
Мұғалім сөзі: Қазақ халқының «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» деген мақалы бекер айтылмаса керек. Достарының
көмегі арқасында бала өз мақсатына жетті. Ендеше, сендер де бір - бірлеріңнен достық көмектеріңді аямауларың керек.
Үйге тапсырма: 1. Ертегіні мазмұндау
2. Ертегі бойынша сурет салу
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау.
*****
216
ОҚО, Шымкент қаласы №101 Али Ақбаев атындаға жалпы орта
мектептің математика пәні мұғалім
Хайтметова Назира Арибжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу.
Сабақтың мақсаты:
бірлесе отырып, координаталық түзудің анықтамасын, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты, берілген санға
координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін үйрену.
Сабақтың міндеттері:
•
координаталық түзуде оң және теріс сандарды кескіндеуді түсіну;
•
логикалық ойлау қабілетін дамыту;
•
ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
•
координаталық түзудің ерекшеліктерін біледі;
•
оқушылардың ойлау логикасы дамиды;
•
топта жұмыс жасайды;
Түйінді идея: Координаталық түзу дегеніміз – санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң
бағыты бар түзу.
Ресурстар: оқулық, кеспе қағаздар, слайдтар, сызғыш, Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, плакат, маркер
Мұғалім жазбалары:
•
Сынып оқушыларымен амандасу, түгелдеу, көңіл-күйлерін бақылау.
•
Психологиялық тренинг. «Жағымды сөз» тренингі
•
Топтау. /тақырыпқа байланысты/
•
«Біліммен - білім теңізіне» /үй тапсырмасы бойынша сұрақтар мен есептер/
•
«Венн диаграммасы» /оң сандар мен теріс сандардың айырмашылығы, ұқсастығы/
•
«Миға шабуыл» /суретпен жұмыс/
Жаңа материалдың таныстырылымы. «Тыңдайтын үшбұрыш» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгеру.
Үш оқушыдан құралған топ құрайды. І оқушы – спикер – жаңа тақырыпты түсіндіреді. ІІ оқушы – интервьюер – мұқият
тыңдайды, егжей- тегжей анықтау үшін сұрақтар қояды. ІІІ оқушы – үдерісті бақылайды, алдындағы екі оқушыға кері
байланыс береді.
Қысқаша тақырыпқа шолу.
Координаталық түзуде оң және теріс сандар кескінделеді. Координаталық түзудің
•
санақ басы /О нүктесі/
•
бірлік кесінді
•
оң бағыты көрсетіледі
Координаталық түзудегі О нүктесінен оң бағытта оң сандар, теріс бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға
координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді.
Сергіту сәті. «Молекула» жаттығуы
ІІІ. Жаңа материалды қолдану.
Оқулықпен жұмыс.
Есеп - № 307 – І топ
Есеп - № 308 – ІІ топ
Есеп - №309 – ІІІ топ
Деңгейлік тапсырмалар.
А – І деңгей.
Координаталық түзуді сызып, оның бойынан: 3;-2; -4; 1; 6 сандарын кескіндейтін А; В; С; Д; Е нүктесін белгіле.
В – ІІ деңгей.
Координаталық түзу бойынша М (1;3), К(-2;8), С(-5;5), Д(2,4;4) нүктесін көрсетіңдер.
С – ІІІ деңгей.
Координаталық түзудегі А (-2) нүктесінен:
а/ оң бағытта 6 бірлік кесіндіге тең қашықтықтықтағы Е нүктесін белгілеп, оны координатасымен жазыңдар;
ә/ теріс бағытта 2 бірлік кесіндіге тең қашықтықтағы К нүктесін белгілеп, оны координатасымен жазыңдар.
Кері байланыс. «Оқушылардың рефлекциялық деректері»
1. Сабақ үстінде мен .........................жұмыс істедім /белсенді, енжар/
2. Мен сабақта ..................... / шаршадым, шаршаған жоқпын /
3. Менің көңіл күйім ................................... /жақсарды, нашарлады, өзгерді/
4. Мен сабақтағы жұмысыма ................................... /разымын, разы емеспін/
5. Сабақ мен үшін ........................... болды. /қысқа, ұзақ, қалыпты/
6. Сабақта берілген тапсырмалар мен үшін ................. /жеңіл, қиын/
7.Маған сабақ ............................ /ұнады, ұнаған жоқ/
Бағалау. Табыс критерийі
*****
217
ОҚО, Шымкент қаласы №101 Али Ақбаев атындаға жалпы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Джумабаева Нигора Адашбаевна
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: Сыни ойлау
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.
II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?
Буын үндестігі дегеніміз не ?
Сөз тіркесі қалай жасалады ?
Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ?
III. Мағынаны тану.
- І –ші слайд.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп
аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен
баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
Топпен жұмыс 3-жаттығу
І –топ Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
ІІ – топ Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
IV. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.
Семантикалық карта
Сөйлем
бастауыш
баяндауыш
V. Бағалау. 8 – 9 балл «5» 6 - 7 балл «4» 4 – 5 балл «3»
Аты, жөні
Жаңа сабақты түсінуі
1 2 3
Топтық жұмыс
1 2 3
Жаңа сабақты талдау
1 2 3
Жалпы балл
VI. Үйге тапсырма.
*****
218
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы
№100 жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Умаралиев Хурсанали Бахадирович
Сабақтың тақырыбы: §2. Тарихи жәдігерлер, түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені
зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу
дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен
айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: ауызша баяндау
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1-2 баладан сабақ сұрап, қалған
балалармен жалпы әңгімелесу түрінде өткізуге болады. Ол үшін:
«Тарих қандай мағын білдіреді?»
Оны алғаш пайдаланған кімдер?
«Тарих атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? – деген сұрақтарды қоямын. Тарих пәнін оқып-білу не үшін қажет деген
сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын айтқызып қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Алғашқы сабақтан бастап
балаларға «тарихи тілмен» сөйлеуге бейімдеу. Тағы айта кететін маңызды мәселе – үйге берілген жазбаша тапсырмаларды
міндетті түрде алғашқы сабақтан бастап жүйелі түрде тексеріп отыру. Бұл оқушыларды жауаптылыққа үйретеді. Тіпті уақыт
жетпей оны тыңғылықты тексеріп шығуға мүмкіндік болмаған күнде тездетіп оқушыларға дәптерлеріңді ашып қойыңдар,
тексеріп шығайын деп көз жүгіртіп қарап шығу. Осылайша үй тапсырмасын тексеріп шыққыннан кейін оқушылардың
тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына, олардың белсенділігіне, дайындық дәрежесіне қарап, өзінің алғашқы
сабағының қаншылықты нәтижелі болғанын біле аламын. Ал егер оқушылардың жауабы қанағаттандырмаса, өзімнің қай
жерде олқылық жібергендігімді іздестіремін. Осылайша үй тапсырмасы арқылы өткен оқу материалдарын қорытындылап,
негізгі есте сақтайтын тірек сөздерді ескертіп, жаңа сабақты бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға
«Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған
көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның
артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер
тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа
оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.
Тақырыптың жоспары:
1 Тарихи дерек көздері .
ә) Жазбаша деректер.
ә) Ауызша деректер.
б) Археологиялық деректер.
в) Этнографиялық деректер.
Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала
«Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.
Тарихи деректер
Ауызша
Жазбаша
Археологиялық
Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып
келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну
үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын.
Ауызша деректерден басқа қазақтардың ата-бабалары түріктерде де жазба дәстүрінің болғандығына оның куәләрі деп
көне түрік жазуларының суретін көрсетемін. Мұндағы жазулардың қазіргі жазулардан айырмашылығына тоқталамын. Осы
орайда жазбаша тарихи деректерге қандай деректер жататынын сұрап, оқушылардың жауаптарынан кейін оны толықтыру
мақсатынында оқушыларға жалпы мәтіннен жазбаша деректерге не жататынын іздетіп, 1 оқушыға оқытамын. Осылайша
ауызша дәстүр бағанымен жұмыс түрін жүргізіп тақтадағы кестені толтырамын. Алғаш жазуды ойлап тапқан кімдер, неге
жазған деген сияқты мәселелердің шет жағасын аздап айтып өтемін. Бұл кейбір қызығушылығын тудырған оқушылардың
осы тақырыпты өздігінен үйден меңгеріп келуіне түрткі болады.Оқушылардың назарын археологиялық деректер деген
кестеге аударып, тақтадағы суреттерге қарап оқушыларға бұл бағанды өздері толтыруға тапсырма беремін, Оқушылар
бағанды толтырып болғаннан кейін, 1-2 оқушыға оқытқызып, қалған оқушылар айтпай қалған жері болса оқулық мәтінін
пайдалана отырып толықтырады. Археология ғылымын «күрекпен қаруланған ғылым» деп те айта кетемін. Ал енді
этнография ғылымы туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жер бетінде 3000 жуық этнос өкілдері өмір сүретінін,
олардың тек 200-дейі ғана өз мемлекеттігін құрып отырғанын, олардың даму деңгейі мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-
219
дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін
зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі
халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында
«Қалай ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі сонау алғашқы қауымдық
құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос»
терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.
Қорытындылау. Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым
салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп
жүргендерін баса айтады.
Бекіту: Сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы тақырыпты бекітеміз.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 1. 2-параграфты оқып келу.
2. Параграф бойынша әр оқушыға 1-3 сұрақ жазып дайындап келу тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |