Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


М. Монтессори әдістерімен жұмыс



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

М. Монтессори әдістерімен жұмыс.  Қол қимылының мидың дамуына әсері қол мен саусақ жаттығулары дене мен ми 
жұмысын реттейді. 
«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру» Мақсатым: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын 
жетілдіру.  Қажетті құралдаркішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. 
Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес
 «Түрлі-түсті макорондар» ойыны.  Сиқырлы макарондардың түстерін ажырату. Тарелкедегі макарондарды ажыратып 
(түсі, көлемі, пішіні бойынша), ыдыстарға салу. 
Сурет терапиясы.  «Жанұя суреті» Мақсаты: Балалардың ішкі сезімін ашу, қиялын дамыту.
«Тілге арналған жаттығулар» әдісі.  Тілім серуенге жиналды (ауызды ашып,тілді көрсету)
Таранды (бірнеше рет тілімізді көрсетіп,үстіңгі және астыңғы тістерді жалаймыз)
Өткен-кеткенге мойын бұрды (тілімізбен ернімізді айналдыра жалаймыз)
Төменге құлады(тілімізді төменге түсіреміз)
Жоғары шықты (тілімізді жоғары шығарамыз).
Мүмкіндігі шектеулі балаларда сөйлеу тілінің артта қалушылығы басым келеді. Осының негізінде, балалар пассивті, 
ашуланғыш, шыдамсыз күйінде болатыны белгілі. Сөйлеу тілі қабілеттерінің бұзылу салдарынан, бұл балалардың 
түсініктері де аз болады. Балалардың тілдік қарым-қатынасын дамытуда, тілдік жаттығу-ойындарын қолданып келемін.
     Ұсынылып отырған ойын-жаттығулар  баланың зейінін, есте сақтау 
қаілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін,ұсақ моторикасын дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс 
қарым – қатынас жасауға, достық сезімге тәрбиелеуге үйретеді.
 
Ойын-жаттығалар  арқылы қиял әлеміне ену  бала үшін 
қандай маңызды екенін түсіндім.   Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму деңгейінің сапасын,нәтижесін білу мақсатында әр 
тоқсан сайын бір рет диагностикалық жұмыстар жүргізіп отырамын. Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық 
қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жас шамасына, қабылдау деңгейіне қарай танымдық іс-әрекетіне диагностика 
жүргізілді.  
49

Мақсатым:  баланың  тоқсан сайын зерттеулер  әдістерін негізге ала отырып, балалардың танымдық, жеке даралық дамуын 
диагностикалау.
І. Балалардың қабылдау қабілетін диагностикалау. Анықтаушы эксперимент барысында балалардың танымдық қабілеттерін 
диагностикалау мақсатында мынадай танымдық зерттеу әдістері қолданылды.
Өзін- өзі бағалауы   Қорқақтық, жасқаншақтық     Баланың көңіл- күйі   Дұрыс қарым- қатынас жасай алмауы.
 Бұл экспериментті  тоқсан барысында жүргізгенде, М.Ерназдың өзін-өзі бағалауы-12%, қорқақтық, жасқаншақтық-56%,   
баланың көңіл- күйі-18%, дұрыс қарым- қатынас жасай алмауы-18%  I-тоқсандағы көрсеткен деңгейі. Екінші тоқсанды 
сараптай келе, өзін-өзі бағалауы-32%, қорқақтық, жасқаншақтық-38%,   баланың көңіл- күйі-20%,  дұрыс қарым- қатынас 
жасай алмауы-20% көрсетіп, Т.Амандық бірінші тоқсанда  өзін-өзі бағалауы-6%, қорқақтық, жасқаншақтық-43%,   баланың 
көңіл- күйі-8%, дұрыс қарым- қатынас жасай алмауы-7%, екінші тоқсанда өзін-өзі бағалауы-12%, қорқақтық, 
жасқаншақтық-38%,   баланың көңіл- күйі-16%, дұрыс қарым- қатынас жасай алмауы-16% деңгейде көрсетті.
IY. Қорытынды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында жоғарыда аталған танымдық ойын түрлерін 
өз жұмысымда қолданып, ойын арқылы бала сенім-сезімдерін, танымдық іс-әрекеттерін дамытудағы нәтижелерім бала 
бойынан көрініп, оң нәтиже танытып келеді. 
Жай сабақтан гөрі  оқушыларды  жалықтырмай әр түрлі ойын-жаттығулар  түрлері мен сабақты қызықты  түрлендіріп  
өткізгеннің нәтижесінде балаларда алға қарай ілгерілеушілік бар,  олардың  ой-өрісі жан-жақты дамып, сөздік қоры, сөйлеу 
мәнері қалыптасып келеді,  ең бастысы оларда өз-өзіне деген сенімділік артты.   
       Ойымды қорытындылай келе қоғамда тек дені сау балалар, дүниеге келуі керек. Мүмкіндігі шектеулі балалаларды 
әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне 
өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.
Қорыта келе, мына түйінділерді айтар едім: 
19
Мүмкіндігі шектеулі баланы  оқыту барысында оқуға және өз еркімен жазу икемділіктерін қалыптастыру.
20
Балалардың ой-өрісін кеңейту.
21
Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдана білуге және тіл моторикаларын  дамыту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаев. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және оларды қамтамасыз ету заңы.  Астана – 11 шілде. -2002.
2.Төребаева К.Ж, Есенғұлова М.Н «Психологиялық –педагогикалық диагностика»  Оқу құралы. Алматы, 2012.
3.   Игенбаева   Б.Қ.   Бастауыш   сыныптарда   жеке   тұлғаның   рухани  Психикалық   дамудың   кешеуілдеуіне   байланысты   өз
пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. Алматы. 2005 жыл. 
4.Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және оларды қамтамасыз ету заңы. Астана – 11 шілде. -2002.
5. 33.Щевченко С.Г. Коррекционна развивающее обучения. Москва. 1999.-255С.
6. 34.Слепович Е.С. Психологияческая структура задержки психического развития в дошкольного возрасте. Москва. 1994.-
415С.
7.   С.Нұржанова «Жалпы және балалар психологиясы»  Астана-2010ж.
8.   «Мектептегі психология» № 5. 2011 жыл
9.   «Мектептегі психология» № 1. 2012 жыл
10. «Мектептегі психология» № 4. 2012 жыл
* * * * *
Атырау облысы Мақат ауданы №2 бастауыш мектебінің
 Аюпова Нұргүл Жанжігітқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Жаңа инновациялық технология - бастауыш сыныпта ана тілі пәнінен
 сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қолданудың тиімділігі
 
 Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1-
Сыни тұрғыдан ойлау әдісінің маңызын педагогикалық тұрғыдан сипаттау
2-
Сабақтарда әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі
ІІІ.  Қорытынды бөлім.
  «Біліп қана қою –аз,    сол білгенді өмірде  қолдана білуің керек» Гете
І. Кіріспе
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда 
XX ғасырдың басындағы  ұлттық  ойшылдарымыздың  бірі  Жүсіпбек  Аймауытов айтқандай  «Сабақ беру - үйреншікті 
жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» - деген екен. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пəнінің терең білгірі 
болу емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, жан-жақты тарихи таным, саяси экономикалық білімділік жəне 
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Заманына сай білім беру жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, 
оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары тұлға
ретінде  саналады.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты 
дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін 
дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Жаңа педагогикалық технологияларды 
күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 
педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға 
беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін бастауыш сыныптағы 
оқушылардың қабілетін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет. Бүгінде оқыту процесінде соның ішінде 
бастауыш сыныптарда жиі қолданып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғыдан ойлау» технологиясы. Бастауыш 
50

мектепте оқытылып жатқан жаңа буын оқулықтарында сыни төрғыдан ойлану  мәселесі кеңінен орын алып келеді. Әсіресе, 
оқушылар барлық пәндерде сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді.Әрине, бұл оқушыларды еңбекке, қоғамға, өмірге белсенді 
араласуға  бағыттайды.
ІІ. Негізгі бөлім
       "Сын тұрғысынан ойлау”  ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды
жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу,
оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил,
К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. 
       Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен
еңбегі,   ал   бағдарламаның   негізі   Ж.   Пиаже   мен   Л.   С.   Выготскийдің   теорияларын   басшылыққа   алады.   Осы   бағдарлама
Қазақстан   қоры   жанынан   1998   жылы   қазан   айынан   бастап   жүргізіліп   келеді.  Сыни   ойлау     технологиясыныңдәстүрлі
оқытудан   басты   айырмашылығы   -   білімнің     дайын     күйінде     берілмеуі.     Ендеше,дәстүрлі   сабақтаоқушы   мұғалімнің
көмегімен білім алса, сыни тұрғыданойлаусабағындаоқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші. Сыни ойлау –
өзіндік ойлау. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Қай саланы алсақта айқын мақсатта ойлану қажеттігі
керек.   Ойлау   үдерісі   нақты   мақсат   пен   міндеттер   анықталғанда   жүреді.   Кіші   жас   мектеп   оқушыларының   ойлау
қабілеттерінің сын  тұрғысынан дамуы  - бұл  қазіргі таңда  өзекті  мәселе,  оны шешу біздің міндетіміз. Сол  себепті  сын
тұрғыдан   ойлау   технологиясы   таңдадым.Оқушылардың   ойлау   қабілетін   жетілдіру   жолында   алуан   түрлі   әдістерді
қолданады.Сондай-ақ оқушылар алдында тиімді шешімді іздестіру міндетін түрлі әдістер жолымен қою арқылы да ойлау
қабілетін дамытуға жол ашуға болады.
  Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен  табуды 
қажет ететін ерекшеліктер
Ұтқырлық
Сыңаржақты-лықтың
болмауы
Пайым
Тәртіп
Өзіндік 
сана-сезім
Ең жақсы 
түсініктемені табуға 
ұмтылу, үзілді-кесілді 
жауаптарды іздеудің 
орнына сұрақтар қою, 
дәлел-дерді талап етіп,
кез келген дәлелді 
есепке алып отыру, 
эмо-цияға емес, 
себепке негізделу 
Барлық қорытындылар
ды бағалау, болжамды 
көзқарастар мен 
мүмкіндіктер-дің 
барлығын қарастыру, 
баламалы 
интерпретацияларға 
ашық болуға ұмтылу 
Дәлелдердің деңгейі 
мен маңызын 
мойындау, баламалы 
болжамдар мен 
мүмкіндіктердің 
орынды екендігін 
немесе 
артықшылығын 
мойындау 
Тиянақты,   нақты
және   жан-жақты
болу 
Өзіміздің эмоциямыз 
бен көзқарасымыздың,
сеніміміз бен 
болжамдарымыздың 
субъективті екенін 
сезіну 
Бұл сыни тұрғыдан ойлауды үшінші сыныбымнан бері қолданып келемін. Cын тұpғысынан oйлау - Қазақстандағы білім
беруді   дамыту   үшін   маңызды   болып   табылатын   қазіргі   ең   басты   педагогикалық   түсінік.   Бұл     оқушылардың   да,
мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді[1,46].
Стронг "Мектеп пен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім [1,4] дeгендей қaзіргi  дaмыған зaмaн тaлaбына
cай  мұғалiм  өзгeрiп, iздeніп, алдындa отырғaн оқyшыларын түрлi әдiс - тәсiлдермен қызықтыpып, сaбаққа дeген жaңаша
көзқaрас қaлыптастыра білyі кeрек дeп ойлaймын. Қaзіргi таңдaғы өзeкті мәсeлелерiміздің   бірi алдымыздa тәpбиеленіп,
бiлім   алып   отырғaн   оқушыларымыздың   білім   деңгейiн   жоғарылaту   үшiн   оқушының   ойлау  дағдыларын     қалыптастыра
білуіміз керек және сыни ойлай білуге үйретуіміз қажет. Оқушыларды сыни тұрғыдан үйрету үшін сабағымда жеті модулді
кіріктірдім,   олар   әр   сабағымда   өз   орындарын   табуы   үшін   өзімнің   курстан   алған   теориялық   білімім   мен   тәжірибемді
пайдаландым. Сыни тұрғыдан ойлау модулін сабағымда  көбірек қолданамын. Себебі, сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы
пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге
дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді [1,46]
дегендей,  сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-оқушылардың да,   мұғалімдердің де білім алу және білім беру процесінде кез-
келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарауға жол ашатынын ұқтым.
Бұл модульден күтілетін нәтиже:
               
Сын   тұрғысынан   ойлау  –   өте   күрделі,   маңызды
құбылыс.   Мұғалім   осы   әрекетті   ұйымдастырушы,
бағыттаушы.   Оқушы   әр   түрлі   ақпарат   көздерінен
сусындап,   өз   түйінін   айта   білуі   керек.   Кез   келген
мазмұнды   талдау   барысында   өз   тобымен   ұйымдасып
пікірлесіп,   ең   ұтымды   жауапты   іздеуі   керек.  Сын
тұрғысынан   ойлау   жобасының   әдіс-тәсілдері
оқушыларды   тынымсыз   ізденпаздыққа   баулиды.
Баланың   еркін   де   терең   ойлауына,   үздіксіз   жұмыс
жасауына   жол   ашады.   Оқушыны   мұғаліммен,
сыныптастарымен   еркін   сөйлесуге,   пікір   таластыруға,
бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені
шешу   жолдарын   іздей   отырып,   қиындықты   жеңуге
баулитын   бағдарлама.
 Сын   тұрғысынан   ойлау
технологиясының   ең   басты   өлшемі   –   оның   тиімділігі,
нәтижелігі, жаңашылдығы.
51

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
                   
«Қызығушылықты ояту». Үйрену процесі -
бұрынғы және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. 
Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Оқушы оқытылатын жаңа
тақырыпты ашу үшін ойында қалған білімдерін
пайдалана отырып болжамдар жасайды. Сабақ
қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не
біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Ойындағы сұрақтарға жауап іздейді.
Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін 
«Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау»,  тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) 
жинақталған.Бұл бөлімде мынадай іс-әрекеттер оқушы бойынан табылады:
1-
өздерінде бар білімдеріне сүйену
2-
жаңа білім алуға деген қызығушылық
3-
оқыту үшін оқушымен бірлесе отырып сабаққа мақсат құру.
«Мағынаны тану». Оқушы жаңадан алған білімін алдынғы білімімен ұштастыра отырып ойын одан ары қарай дамытады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа
ақпаратпен   танысады,   тақырып   бойынша   жұмыс   істейді,   тапсырмалар   орындайды.   Оның   өз   бетімен   жұмыс   жасап,
белсенділігі артады. Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай әдіс- тәсілдерді: ой болжау, ойлан, жұптас, ортаға сал,
сұрақ қоя білу, өзара оқытуды пайдаланады. Осы кезеңде оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің дамуы,
шығармашылық іс-әрекетінің дамуы яғни еңбекқорлыққа жетелейді. Мағынаны ашу кезеңінің мазмұнында оқушы:
1.
Жаңа ақпаратпен танысады.
2.
Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады.
3.
Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді.
4.
Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету ендіреді.
5.
Жаңа ақпаратпен танысу прпоцесін бақылайды, өздерінің көңілдерін не аударып тұрғанын аңғарады, қандай аспект
қызық жәнеғ неге екенін түсінеді. 
Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау» стратегиясын   практикалық жұмыс барысында  жиі пайдаланып отырамын.
«Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Суретті жандандыр» т.б. 
52
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының  тиімділігі
Сыни тұрғыдан 
ойлау
Жаппай  жұмыс жасайды
Топпен жұмыс
жасайды
Қиялдары дамиды
Тіл байлықтары артады
Шығармашылық
жұмыс жасайды
Жеке жұмыс
жасайды
Стратегиялары
Топқа
бөлу
Ой
қозғау
Топтас-
тыру
Дөңгеле
к үстел
Инсерт
 Венн
диаграммасы
Бес 
жолды
Автор
орындығ
Эссе
Шын ба?
жалған ба?
 Топтастыру, венн диаграммасы
ЖИГСО I, II, Инсерт, Кубизм, Бес 
жолды өлең,   Блум токсономиясы,  
өзара оқыту, авторға сұрақ қою, ББҮ 
(білемін, білгім келеді, үйрендім), 
РАФТ, Семантикалық карта, т.б.

 «Ой толғаныс». Қорытындылау бөлімі. Оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере
алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Бұл кезең саналы талдаумен, білімді тәжірибеде қолданумен, жаңа идеялар
мен түсініктермен жинақталады, бұл әр оқушының алған жеке білімін көрсететін кезең. 
«Шын ба, жалған ба?» Мақсаты:  оқушы ойларын жинақтау, ізденуге, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Әдебиеттік оқу
пәнінен  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тақырыбын  өткен  кезде  шын ба, жалған ба? әдісін   пайдаландым. Балалар
өздерінің ой пікірі, жұмыстары бағаланатының сезді және ынталана түсті. Жұптық, топтық жұмыстарда өз ісіне сенімі аз
балалардың да сабақ барысына қатысуына көмегі көп болды. 
     Сабағымның жүру барысында бағдарламаның жеті модулін қолданып сабақ өткізу оқушының сабаққа қызығушылығын
арттырып,   сабақтың   сәтті   шығуына   көмектесетіні   даусыз   екеніне   көзім   жетті.   Оқушыларды   сыни   тұрғыдан   ойлануға
ұмтылдырғанда топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренетіндерін,
топқа берілген сұраққа  тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік
алатынын түсіндім. Тәжірибемде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын барлық пәндерімде пайдаланамын. Соның ішінде
әдебиеттік   оқу   пәнін   алған   болатынмын.   Өткізген   сабағымда   сыни   тұрғыдан   ойлаудың   төмендегідей   әдіс   тәсілдерін
пайдаландым. Бұл әдіс – тәсілдер:
-
Миға шабуыл
-
Ой салу
-
Алтын тақ
-
Сұрақ-жауап айдары
-
Екі жақты күнделік
-
Серпілген сауал
-
Ротация
-
Үш тілді білейік                                                               . 
Бұл тәсілдер біріншіден баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырса, екіншіден өзінде бар ақпараттарды пайдаланып,
жаңа ұғыммен байланыстыра отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Осындай әдіс - тәсілдері пайдалана отырып, күтетін
нәтижем   оқушының   деңейі   көтеріледі,   бір  -  бірінің   пікірінің  құнды     екенін  ескереді,     жауаптарын   үнемі   толықтырып
отырады және көшбасшылыққа ұмтылады.
3. Сабақтарда әдіс-тәсілдерді  қолданудың  тиімділігі.
               "Ұстаз-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы маңызды тәлім-тәрбие өнегенің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала
қиялын самғатып, арманын көкке ұмтылдырушы  тұлға" деген екен   М.Жұмабаев.   Оқушылар тапсырманы әр қырынан
зерттеп, өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істей отырып, идеялармен пікір алмасатынын, бір-бірінің идеяларын
талқылайтынын және бір-біріне түсіндіру арқылы ақпарат алмасатындарына және әңгімелесудің маңыздылығын, оның білім
алуда ажырамас бөлігі екенін зерттеу барысында  көзім жетті. Өзгеріс-қысқа мерзімді оқиға емес, ол уақытты талап етеді.
Негізгі терең ойлар бірден өзгермейді, сол сияқты жаңа тәсілдер де тез орындалмайды. Дегенмен де, мектептерге жаңа
идеяларды енгізу аз уақытты талап етеді. Жаңа әдіс-тәсілдердің орны ерекше. Оқушы сабақты жақсы көңіл күймен өткізу
үшін "Егер мен күн болсам" әдісінде оқушылар сыни ойлап бір-біріне сәтті күн тілейді. Бұрын сабақтарда оқушылар бірден
ашыла алмады, дегенмен "Ой қозғау", "Серпілген сауал", "Бірге ойлаймыз" әдістерінен кейін   оқушыларым өз ойларын
еркін айта алатын  жағдайға  жетті. Соның нәтижесінде оқушыда өзін-өзі сыйлау, сыныптасын құрметтеу, мұғалімді жақсы
көрушілік, сыйластық сезімі туындауына ықпал еттім.  
    «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте
сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты     "Ой
шақыру"  әдісі арқылы сөзжұмбақтан Қарлығаш сөзін шешті.    "Ой тастау"  әдісі арқылы қарлығаш қандай құс? деген
сауалға
(Адамның   досы,   ұясын   үйдің   шатырына   н/е   үйдің   қуысына   ұя   салады.   Ол   жыл   құсы.)   деп   балалар   өздерінде   бар
ақпараттарын   шығарды.   "Суретті   жандандыр"   әдісі   арқылы   суреттерді   көрсетіп,   ертегі   құрастырып,   қандай   ертегіге
жататынын айтты.
    «Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді
жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда   және де мұғалімнің
әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. «Ассоциация» атты тәсіл
оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
«Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей
білуге  баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету,  сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру,  тақырыпқа
байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады.
       «Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды
орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз»,
«Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады,
әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
     «Мағынаны тану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те
болады. Осы сабағымда жаңа сабаққа түспес бұрын электронды оқулықтан "Қойшы бай" ертегісін  көрсеттім. Бұл жердегі
мақсатым "Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым- қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын
шынықтыруға  және жеке тәсілдерімен білім алуға мүмкіндік береді және формалды түрде оқуды азайтады"[1,47]   деген
тұжырымға көз жеткізу. Оқушылардан бейне роликтен не тамашалағандарын сұрадым бірі қойшы, сыбызғышы, қойлар десе
ендігі   бірі   ертегі   деп   өздерінің   ертегіні   тамашалап   отырғандарын   айтты.   Осы   жерде   ертегінің   халық   ауыз   әдебиетіне
жататыны туралы мағұлмат бердім. Оқушыларға ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?- деп сұрақ қойдым, Д. қиял-ғажайып
ертегі, Аружан хайуанаттар ертегісі, Айсұлтан шыншыл ертегілері жатады деп білгендерін айтты. Осыдан кейін  асыл сөз
дегеніміз не? Қандай асыл сөздерді білеміз? деген сұрақ - жауап айдарында оқушылар өздерінің бар білген ақпараттарын
өзектендіре отырып,  жауап берді. Бұрын бұндай бейне көріністерді көп пайдаланбайды екенмін, оқушылардың сабаққа
қызығушылығы оянғанын байқап, алдағы уақытта тақырыптың мәнін аша түсетін шағын бейнекөріністер алып келемін деп
ойға түйіп алдым. 
53

Білімді бере салу оңай, бірақ оны оқушы ұғынып алуы, содан бір түйінге келіп сабақ  алуы,  сыни  ойлатуы үшін түрлі  әдіс-
тәсілдер пайдалану керек. Осы мақсатта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында 3топқа үш
тапсырма бердім. 1-топқа мәтіндегі асыл сөздің мағынасын ашу, 2-топқа "Екі жақты күнделік" әдісі арқылы хан мен кедейді
салыстыру, 3-топқа мәтінді сахналау.
1-топқа берілген тапсырмада оқушылардың аздап  қиналып қалғанын байқадым, себебі сұраққа жауап беруге жұмыстанған
топтағы  талантты және дарынды оқушылар болды.
2-топ   "Екі жақты күнделік" әдісі арқылы хан мен кедейді салыстыруға берілген тапсырманы орындау барысында   сыни
тұрғыдан ойлана отырып  салыстырып, талдап,  болжамдар  жасап ұсыныстарды  топтастырды. Бай мен кедейдің суретін
салып,  кедейді  ақылды,  мейірімді, шешен, адал, жанашыр, әлсіз, қамқор деп жазса, байды мейірімсіз, жалқау, қатаң, сараң,
қатыгез, әмірші, адамды елемейді, мақтаншақ деп бейнеледі. Бастауыш мектептен бастап баланы шығармашыл тұлға етіп
қалыптастырып, дамытуымыз  керек. Осы орайда "Бірге ойлаймыз" әдісі арқылы осы ертегінің  желісі бойынша оқушыларға
шығармашылық  тапсырмалар бердім. 
Онда І-топқа: Балта суретін салып, Sinkuein (5 жолды өлең жазу).
ІІ-топқа: Егер мен, алтын балта тауып алсам.... эссе жазу. 
ІІІ-топқа: Венн диаграммасын құру. 
І-топтың оқушылары балтаның суретін салып, Sinkuein (5 жолды өлең жазу) Не? Балта.
Қандай? Ауыр, темір.
Не істейді? Ағаш жарады. 
Сөйлем: Атам балтамен ағаш шапты.
Синонимі: Темір деп жауап берді.
ІІ-топтың оқушылары Егер мен алтын балта тауып алсам... тақырыбында сыни тұрғыдан ойлана отырып шағын эссе жазды.
ІІІ-топтың оқушылары бай мен кедейді венн диаграммасы арқылы салыстырып,   орталарынан В-деңгейіндегі А. қорғап
шықты.  Екеуінің ұқсастығы адам, көрші, айырмашылықтарына кедей бойындағы қасиеттер: ақылды, мейірімді, жанашыр,
ақкөңіл,  білімді,   мәдениетті,  ұқыпты,  әдепті,  өнегелі   десе,  байдың  бойындағы  қасиеттері:   ақылсыз,   мейірімсіз,  жалқау,
қатыгез, әдепсіз, арам ниетті, қатал деп суреттеді.  "Серпілген сауал" әдісін пайдалану арқылы допты оқушыға лақтырып
сұраққа- жауап алу мақсатында жаңа сабақта алған білімдерін жинақтадым. Бұл ертегіде не туралы айтылған? деп   Г-ға
допты лақтырдым. Г. ашкөздік, қанағатсыздық, байлық туралы айтылған деп жауап берді. Бұл ертегіде басты кейіпкер кім?
деген  сұраққа   Дильназ   кедей  деп  жауап   берді.   Мәтіндегі   негізгі   ой  қандай?   деген  сауалға   А-деңгейдегі   Дархан:   Адам
дүниеқоңыз болмай, ақ пейіл жан болып, адал еңбек ету керек. Сонымен қатар адам қанағатшыл бола білу керектігін  айтты.
Д. мен Г-дың берген жауаптарын тыңдай отырып, бұл оқушыларымның    сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын  ортаға салуға
дағдылана бастағанын аңғардым. Ал Д. сияқты,  ойлау қабілеттері төмен оқушылардың бірден сайрап  кетпейтінін түсініп,
ол оқушылармен әлі де жұмыс жасау керек екенін білдім. Бірақта, үндемей қалмай қысқа болса жауап бергеніне қуанамын.
Жалпы сабақтар тізбегін өткізу кезінде  мен өзім бұрын байқамаған екенмін, оқушыларды бақылай отырып көзім жеткені
мұғалімнен  гөрі  оқушыға   бір-бірінен  білім  алған қызықтырақ   екенін,  осының  нәтижесінде   оқушылар  білімді  тез,  ұғып
алатынын түсіндім. 
"Құмырсқаның қанағаты" атты үшінші сабағымда да оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында "Алтын
таққа  отыру",  "Ой  шақыру",  "Суретті  жандандыр",  "Кубизм"  әдісі, "Ой  дамыту"  әдістерін пайдаландым.  Соның ішінде
"Алтын таққа отыру" әдісі арқылы оқушылардан  сұрақ-жауап алу мақсатында үй тапсырмасы сұралды. Бұл әдістің шарты
таққа бір оқушы  отырады да қалған оқушыларға үйге берілген тапсырмадан сұрақтар қояды. Таққа   А. есімді оқушым
отырып: «Ертегіде   не туралы айтылған?   деп сұрақ қойды. Аяулым «кедей мен бай   және диірменші, дүниеқоңыздық
туралы айтылған» деп жауап берді. Ары қарай оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту мақсатында "Ой шақыру"
әдісі   бойынша   топқа   санды   таңдатып,   сол   сан   бойынша   жұмбақтар   қойдым.   Бұл   әдісті   пайдаланған   себебім   ойлану
дағдысын  қалыптастырып,  бір шешімге  келу.  Осыдан кейін "Суретті  жандандыр" әдісі арқылы экраннан құмырсқаның
суретін көрсетіп, Бұл қандай жәндік ?-деп сұрадым. Онда Камилла құмырсқаның   еңбекқор екенін, Айгерім шағатынын,
Әділет жерге түскен тамаққа үймелейтінін айтты. т.б. оқушылардың жауаптарын айтып жатты.     Ал, "Кубизм" әдісінде
кубикті қағып  алып сұрақтарға жауап берді. Онда оқушылар оқулықтан алған білімін қаншалықты деңгейде түсінгенін білу
мақсатында осы әдісті пайдаландым. Сабақта білімді бекіту мақсатында "Ой дамыту" әдісі арқылы үш топ құмырсқаның
жағымды, жағымсыз жақтарын  және құмырсқа туралы білгендерін  жазды. Тақырып  бойынша білімдерін өзектендіріп, топ
ішінде өз ойларын айтып, сыныппен бірге сыни тұрғыда талдай білді, осы жерде   «Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың,
тәжірибенің   ойлау   мен   талқылаудың   нәтижесінде   алынған   ақпаратты   ойлауға,   бағалауға,   талдауға   және   синтездеуге
бағытталған пәндік шешім» деген тұжырымның дұрыс екендігін түсіндім [1,46]
 Одан кейін "Сұрақ-жауап айдары" әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Сұрақ  экраннан оқылды. Ертегіде кімдер туралы
айтылды? деген сұраққа Дархан құмырсқа мен оқымысты туралы айтылған. Оқымыстының іс-әрекеті қандай? деген сұраққа
А. жауап бере алмай оған Айсұлтан оқымысты жануарлармен тілдесіп келе жатқанда құмырсқаның илеуіне тап болып, бір
құмырсқаны зерттемек болды деп жауап берді. Құмырсқа қандай жәндік? деген сұраққа Аяулым ол еңбекқор жәндік деп
жауап берді. Оқушыға  ойландыратын сұрақ бергенде олардың ойын дамытып,  сөйлеуге, дәлелдеуге  үйрететінін ұқтым.
Оқушыларды ынталандыру мақсатында қол шапалақтап,  жұлдызшалармен  мадақтадым. Бұрын оқушылар жауап берді ме?
болды, соған ғана мәз болатын едім, ендігі жерде оқушыларға қоятын сұрағымның ашық сұрақ болуына, ол сұрақтарға
оқушылардың   сыни тұрғыдан  ойлана  отырып,  өз  ойларын саралай жауап  беруіне   жұмыстанып,  соған  назар  аударатын
болдым.  Мектептегі   тәжірибе   кезінде   оқушыларыммен   жұмыс   жасай   отырып   әдіс-   тәсілдер   дұрыс   ұйымдастырылған
жағдайда олардың өз даму деңгейіне сәйкес ойлары шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетіп, сыни тұрғыдан ойлана
алатынына осы жоба барысында көзім жетті. Бірінші сабағымда қиындық келтіргені  қабілеті жоғары оқушылар  өз сөздерін
дәлелдеуге ғана ұмтылды. Ол оқушыларға топ ережесіне қараңдар деп ескерттім. Сабақтан тыс мезгілде өзгенің пікірін
тыңдай білу,  бірлескен жұмыс  туралы айтып отырдым.  Нәтижесінде оқушылар  топтық  тапсырманы орындауға  ынтасы
төмен   жолдастарын   да   тартып,     бірін-   бірі   тыңдауға,   бір-біріне   сыйластықпен   қарауға,   бір-  біріне   көмектесуге   үйрене
бастады.   Тұйық   оқушылар   жайлап   ашылып,     тапсырманы   талдауда     құрдастарымен   бірге   өз   ойын   айтып,   сабаққа
қызығушылық   таныта   бастады.   Алдағы   уақытта   жеке   оқушыларымның   көрсеткен   түрлі   деңгейдегі   түсініктері   мен
дағдыларын   есепке   ала     отырып,   сыни   бағалап,   әрі   қарай   дамыту   арқылы   алдағы   тапсырмалар   мен   жобаларымды
жоспарладым.
54

4. Қорытынды. Сөзімді қорытындылай келе, сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқыту мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы
қарым-қатынасын     нығайтатын,   бірінен–   бірі   білім   алуға   қомақты   үлес   қосатын   тиімді   әдістің   бірі   екенін   түсіндім.
Болашақта сабақтарымды сын тұрғысынан ойлау әдісіне ықпалдастырып құрсам, талай жетістікке жететініме сенемін.
           Әрбір   бала – жанар шырақ, оны жаға білу-мұғалімнің парызы мен міндеті.  Міндетке жету жолында еш қажымай,
талмай, ерінбей еңбек ету.  Баланың дарыны мен қабілетін ұштау ұстаздың қолында.  Ащы терімен шыққан, тәтті балды
сезінейік. Шәкірт қанаты талмай, биік шыңға самғасын дегім келеді.
  Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей Үшінші басылым 2012ж.
2. Т. Әбдікәрімов  әдебиеттік оқу 
3. Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991.
4.Б.Р.Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.  
    Алматы,1991.
5. Мирсейітова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.1998.
6. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»                                         
     Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №48 «жалпы орта мектеп» КММ 
Сарыпбекова   Шырайкуль Абдыханқызы   алгебра геометрия пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Шеңбердің ұзындығы
Мақсаты: 1.Шеңбер ұзындығы ұғымымен беріп, есептей білуге дағдыландыру.
                  2. Еңбек етуге, іздене білуге талпынатын жеке тұлға тәрбиелеу
3. Шеңбер ұғымдарын кеңейту- тақырыптың қолданбалығын ашу, кәсіптік бағдар беру
С.әдісі Сын тұрғысынан ойлау элементтерін пайдалану (топтық,жұптық, проблемалық)
С.түрі: Аралас сабақ
С.корн: Кодаскоп, дөңгелектер,кестелер
С.барысы: 
1. Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй жұмысын тексеру. №1402
а) жұппен
б)кодоскоппен
с)бағалау (дөңгелекшелер арқылы)
ІІІ.Жаңа сабақ.Шеңбер ұзындығы
а)Жуан жіңішке сұрақтар
1) Шеңбер деп нені айтамыз?
2)Қандай элементтері бар?
3) Радиус деген не?
4)Диаметр деген не?
5) Центр деген не?
6)Хорда?
               Үш топқа бөлеміз
7)Диаметрде неше радиус бар?              1.Инженер
8)Доға?                                                        2. Географ
9)Шеңбер қалай сызамыз?
    3.Ғарышкер
10) Дөңгелек деген не?
11) Элементтері?
12) Шеңбер түзу ме қисық па?
Б) Ассоциация құру
Не білген?
Не білдім?
Нені білгім келеді?
В) Бағалаймын,Кері парақ толтыру
Г)Шеңбердің ұзындығын қалай өлшейміз? (проблема,сұрақ) (обручты)практикалық жұмыс (стакан,кесе, чашка)
1.Жіппен ораймыз,өлшеп аламыз
2. С әрпімен белгілейік
3.Диаметрін өлшейік.Д арқылы белгілейік
4. С қатынасын есепте        
    Д  
5.Нәтижесін П- деп белгілейік Г= 3,14
Д) Кім осыдан қандай қорытынды шығарады? Ережені қорытып шығарамыз. Шеңбер ұзындығы  С=П*Д-ға тең
Д=2R болса С=2 П R
Е) Бағалау
IV. Есеп шығару. Үш қатарға есеп беру.Берілген дөңгелектің шеңберінінің ұзындығын есепте
R=4 R=3 R=5
С=2*3,14*4=6,28*4=25,12 С=2*3,14*3=18,84с С=2*3,14*5=31,4(м)
Жұппен, топпен тексер, қатесін тап
Бағалаймыз
55

V. Кубизм а) конструктор №1288 Автомобиль қосалқы бөлшектерінде шеңбер, дөңгелек?
Б) Географ№1289  Жер шары макеті глобустағы сызықтар
В) Космонавт №1290 12 сәуірде қандай мереке тойлайды Кім ұшты бірінші? Қазақ ғарышкері?
 VІ. Қорыту
А) Ассоциацияны толтыру
Ә) Кері парақ жинау
Б) Бағалау 
VІІ. Үйге №1287   Киіз үйді көрсету
VІІІ. Тарихи мағлұмат беру (оқушы)
Қазақтың киіз үйіндегі макетті ата
1.Киіз үй табаны диаметрі 6см.Киіз үй табаны .Шеңбердің ұзындығын тап.
2.3т Айдың радиусы 1770 км. Айдың шеңберінің ұзындығын тап.
3. Велосипед доңғалағы диаметрі 60 см. Доңғалағының шеңберінің ұзындығын тап
Тарихи мәліметтер
Шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелердің ежелгі заманда   жиі пайдаланылуына байланысты шеңбер мен дөңгелек ұғымы
ертеде-ақ қалыптасқан. Тәжірибелерден шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екні анықталған. Бұл
санды ғалымдар әр түрлі мәндерде (3-тен үлкен 4-тен кіші алды.)
1706   жылы   ағылшын   математигі   У.Джонс   тұңғыш   рет   шеңбер   ұзындығының   оның   диаметріне   бөліндісін   П   әріпімен
белгілеген, ал Петербург ғылым академиясының мүшесі, ұлы математик Л.Эйлер (1707-1783) осы белгілеудегі жалпы түрде
қабылдауды ұсынады.
Қазақтың тұрмыс-тіршілігінде де шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелер кеңінен орын алған.Олар түрлі әшекейлік бұйымдар
және киіз үй.Киіз үй толық құрылысымен шеңбер және дөңгелек тәрізді фигуралардан құралған.Киіз үйдің табны дөңгелек
болса, керегелері доға пішіндес болғандықтан, шеңбер жасайды.Киіз үй шаңырағының жиегі шеңбер сияқты. Киіз үйдің
шеңбер   бойымен   керілген   керегелеріне   уықтары   байланады   да,   уықтарының   бір   ұшы   шаңырақатрдағы   ұяшықтарға
бекітіледі. Киіз үй- шеңбер мен дөңгелектерден тұратын қазақтың ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін құрылыс.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №48 «жалпы орта мектеп» КММ 
Шалгинбаева   гульмира  Орынбековна  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер 
Сабақтың мақсаты:
А) Аңыз-әңгімелер туралы алған білімдерін кенейте отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету.
Ә) Оқушылардың тіл байлықтарын арттырып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу, тілдерін дамыту.
Б) Аңыз әңгімелер арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру. 
Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау, сайыс сабағы.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, Ой қозғау, сұрақ-жауап, эссе, топтастыру, АКТ, СТО стратегиялары.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс тілі
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. а) амандасу; б) назарларын сабаққа аудару.
Сабақ оқушылар бір-біріне сәттілік тілеуден басталады. Оқушыларға қосымша тапсырмалар берілген. Өздерің басқа аңыз 
әңгімелерден ізденіп, оқып көріністер дайындау тапсырылған.
Бүгінгі сабақта аңыз әңгімелерден алған білімімізді тиянақтау үшін сайыс сабағы өткізіледі.Сабағымыздың ұраны 
«Шығамын білім шыңына» деп аталады. Ендеше «Оқу инемен құдық қазғандай» деп тегін айтылмаған. Ұлы 
бабаларымыздың «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген нақыл сөзі көп мән жайды аңғартады, сондықтан 
«Аңыз әңгімелер - даналық бастауы» атпен осыған дейін өтілген аңыз әңгімелер бойынша алған білімімізді ортаға саламыз. 
Сынып оқушылары өз білімін, іскерліктерін байқату үшін үш топқа бөлініп сайысқа түседі.
«Шығамын білім шыңына»
«Аңыз әңгімелер - даналық бастауы» (Аңыз әңгімелерді қайталау)
II. Қызығушылықты ояту бөлімі (бейне таспа) бейне таспаны көріп болған соң оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. (Өзім 
қорытындылаймын)
III. «Иә», «Жоқ» стратегиясы. Графикалық диктант.
1.Аңыз –ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма? +
2. Аңыздағы оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?. +
3.Жиренше мен Қарашаш өмірде болған жоқ деуге бола ма? -
4. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма? + 5.Аңыздағы кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр бола 
ма? + (оқушылар жауаптарының ұтымдылығын, ерекшелігін атап өту)
IY. Ой шақыру.
*Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
*Қандай аңыздарды білесіздер?
*Асан қайғы деген кім?
*«Жерұйық» дегеніміз не?
*Жошы ханға баласының өлгенін естірткен күйдің жырын кім айтады?
*Жиренше төрде отырып, қызға қарап басын сипайды. Бұл не дегені?
*Қыз астындағы тақыр тулақты сипайды. Ол не дегені?
*Жиреншеге мінездеме беріңдер. (1. Әрқашан әділдікті, шындықты айтады; 2. Кісімен ақылдасуды ұмытпайды; 3. Сөзді 
56

тауып айтады; 4. Хан екен деп жағымпазданбайды, өзін еркін ұстап, ханмен тең дәрежеде сөйлеседі).
Дәптермен жұмыс.(тақтамен жұмыс, оқушылар өздері тақтаға жазады)
Аңыз әңгімелердің ерекшеліктерін атаңыздар
кейіпкерлері Аңызға айналатыны да
осы тапқырлық қасиеттері
тарихи тұлғалар кейіпкерлерінің
сөзі де, ісі де
таңданарлық
тапқыр болады.
Оқиғаның шешілуі әрі сүйсінтеді, әрі еліктетеді, адамды жақсылыққа жетелейді.
Аңыздар бойынша әр топтың көріністерін тамашалауға кезек берейік.
Сабақты бекіту: (топ басшылары бағалау парағы бойынша сөйлейді)
Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін)
1.Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (проблемалық сұрақ)
2.«Әңгімедегі бақытсыз жан» тақырыбына эссе жазу.
3. Хан мен Жиреншені көз алдыңа елестете отырып суретін салу.
Толғаныс сәті:
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Не ұнады? Не ұнамады?
Әр топтағы оқушылар парақшаға рефлексия жазады.
* * * * *
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Жакыпова Гульмира Абдысаматовна
Сабақ тақырыбы:Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақ мақсаттары:
1. Пайдалы қазбалар туралы мағлұмат беру, оның адам өміріндегі пайдасын әңгімелеу.
2. Сұрақтар арқылы таным белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
3. Еліміздің байлығын, қорғауға, туған жер табиғатына сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі:Түсіндіру, сұрақ – жауап.
I.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық
Табиғат біздің –анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті боламыз!
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы!
Үй тапсырмасын тексеру:Пайдалы қазбалардың түрлері.
Оқушылардан жекелеп сұрау.
II. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алу:
Қолданылуына қарай пайдалы қазбалар
 үшке бөлінеді
 Жанғыш пайдалы Кен пайдалы Кенге жатпайтын
 қазбалар. қазбалар. пайдалы қазбалар
III. Жаңа сабақ: Менделеев кестесімен таныстыру. Өмірмен байланыс.
Бұл қазбалардың бәрі адам өміріне қажет. Осы қазбалардан түрлі өнімдер өндіріледі. Қазбаларды сату арқылы еліміздің 
экономикасы дамиды. Ал осы қазбаларды белгілі мамандық иелері өндіреді. Олар мұнайшы, кенші, шахтер,т.б. Біздің 
елбасшымыз Н.Назарбаевтың өзі кенші болған.
Осы кестеде көрсетілген 104 элементтің бәрі біздің Қазақстанда кездеседі.(Химия пәнінде танысасыздар)
Жер қойнауында түрлі қазба байлық жерден қазып алып қажетіне пайдаланады. Табиғаттағы заттардың бәрі адам игілігіне 
жұмсалады.
Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарынпайдалы қазбалардеп атаймыз.
Тұз– көлдердің түбінен алынады. Тамаққа, дәрі жасауға, адамды шомылдыруға, мұзға себеді, мұзды ерітеді.
Тұз– қатты, ащы, ерігіш, еріткіш, емдік қасиеті: тамақты шаю, шашқа пайдалы, тіске пайдалы. Көп мөлшерде пайдалануға 
тыйым салынады, бүйрекке, жүрекке, өтке, қуыққа, қан–тамырларына зиян.
Тас көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанармай— тамақ пісіру, үй жылыту, зауыт, фабрика, электр станциялар, транспорттар 
жұмыс істеуі үшін керек.Құрылыс материалдары:құм, саз,әк, тас –үй, зауыт,фабрика,т. б.құрылыстар үшін керек.
Металл– әртүрлі көліктер, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қажет.
Өз облысымызда өндірілетін пайдалы қазбалардың қасиеттері мен қолданылуын
IV. Картамен жұмыс
Шартты белгілерге қарап картадан тұз кен орындарын табу. Мұнайдың, көмірдің шартты белгілерімен таныстырып, 
орларды картадан табу.
· Көмір –Екібастұз, Қарағанды
· Мұнай, газ –Атырау, Ақтау, Ақтөбе,Орал
· Ас тұзы –Атырау, Жамбыл, Индер
57

· Металл –Жезқазған, Өскемен.
V. Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеу, мәтінді оқыту, сұрақтарға жауап алу.
Сергіту сәті: ( бейнебаян)
VI. Не өзгерді?Ойыны
Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.
oТас көмір– түсі қара, қатты, жылтырайды, қызуы күшті.
oАс тұзы– ащы, қатты, ерігіш, еріткіш, түсі ақ.
oСу–үш күйде болады: сұйық, қатты, бу, иісі жоқ, мөлдір, аққыш.
oГаз– иісі бар, түссіз, көзге көрінбейді.
Қорытындылау.  . Ситуациялық сұрақ.
1. Анаң тамақ пісіріп жатып тұз салуды ұмытып кетсе не болады?
2. Құрылысшылар үй салғанда цемент қосуды ұмытып кетсе не болады?
3. Кемемен тасымалданып келе жатқан мұнай төгіліп қалса не болар еді?
4. Пайдалы қазбалар жер бетінен жоғалып кетсе не болар еді?
-Олай болса пайдалы қазбалардың адам өміріндегі пайдасы, маңызы өте зор.
Бағалау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, мазмұнын айту
* * * * *
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ 
Оңтүстік Қазақстан  облысы, Созақ  ауданы,  Созақ  ауылы Науайы  атындағы  
жалпы  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Абырахманова  Манзура
Сабақтың тақырыбы: Септік жалғаулары 7 - сынып
Сабақтың  мақсаты:    Білімділік:  сайыстар  арқылы,   жаттығулар  орындату  арқылы   септік  жалғауларын  ажырата  білуді
меңгерту.
Дамытушылық:  өз   ойларын   дұрыс   айта   білу   дағдыларын   қалыптастыру,   оқушылардың   байқампаздығын,   іскерлігін,
шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: инабаттылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу, әдемі, таза жүруге баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, слайд, топтастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты оқушы өздігінен меңгеруі, ізденуі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзбек тілі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, кеспе қағаздары, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгелдеу

Сынып тазалығына мән беру.

Оқушыларды топқа бөлу.
Сынып ішіне жағымды ахуалды туғызу.
Оқушылар бір – біріне жақсы тілек айту арқылы сабағымызды бастаймыз.
Сабақтың бөлімдері:

Үй тапсырмасын сұрау.

«Сиқырлы сандықша» сайысы.

«Брейн – ринг» оқыта  үйрету жарыс ойыны.

«Мозаика» әдісі

Топтастыру

Сергіту сәті

Толғаныс стратегиясы

«Екі жақты күнделік» әдісі.
2.Үй тапсырма сұрау.
1.Дәптерлеріндегі жаттығуларды тексеру.
2. «Сиқырлы сандықша» сайысы.
Оқушылар сандықша ішінен сұрақтар жазылған кеспелер алады. Сұрақтарға қай топ көп жауап берсе, сандықша сол топқа
сыйлыққа берілді.
Жаңа сабақ. «Брейн – ринг» оқыта үйрету жарыс ойыны. Ойынның шарты: сынып оқушылары алты адамнан тұратын үш
топқа бөлінеді. Әр топта бір – бір жүргізуші болады. Жаңа тақырыпты оқып дайындалып, қарсы топтарға түсіндіреді. Кеспе
қағаздарында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар топтарға бөліп берілген болады. Әр топтан әр оқушы кітап арқылы
түсіндірсе, қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді. 
      Ойында қай топ және қай оқушы бастайтынын әр топбасшысы белгілейді. Әр басшысы   өз тобының бағалау парағын
жүргізеді.
«Мазаика» әдісі   Әр топта түрлі бөліктерге бөлінген суреттер беріледі. Суреттерді құрастырып, мәтін құрайды. Мәтіннің
ішінен септеулік шылауларын табады.
«Топтастыру» стратегиясы    Слайд арқылы көрсету, оқушыларға орындату. Қай септік жалғауларын жалғауға болады.
Сергіту сәті
Тереңдет ойыңды,
Тік ұста бойыңды.
58

Құстарға ұқсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға соң қанат.
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
Толғаныс стратегиясы.   Жалғауларды қатыстыра отырып, өлең құрау.
Сабақты қорытындылау.   « Екі жақты күнделік» әдісі
    Үш қатарға түрлі түсті қағазға жазылған өлең үзінділері беріледі. Өлеңді оқып зат есімдерін, септік жалғауларын табады.
қ/с
Үзінді
Зат есім
Септік жалғаулары
1
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әліде
Тереңдігі білімнің 
Керек екен бәріне
Сыр, ғылым, білім
-ның, -ген, -нің, -не.
2
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып ақ алыңдар!
Тіл, сыр, жан, ән, сән, 
жүрек.
-де, -дан,-ді
3
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпарын сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Күн, нұр, жер, гүл, өлке.
-де, -кен, -нің, -ған.
Оқушыларды бағалау:  Бағалау парақшаларындағы топбасшылар ұпайларды есептейді. Бағаларын журналға, күнделікке 
қойып беру.
Мұғалімнің  қорытындылау сөзі:
Жеңіске құты толама
Бір – бірлеп теріп алмасаң?
Әп сәтте өсе қояма
Еккен дәнін ойласаң?!
   Білімде сондай қарағым,
   Біртіндеп сіңер бойыңа
   Ұғып ал білім боларын,
    Шам шырағың жолыңда.
* * * * *
Батыс Қазақстан облысы  Казталов ауданы әкімдігі  Білім беру бөлімінің
 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мұғалім-дефектолог 
Имангалиева Гүлнар Энгельсқызы
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде
Сабақтың мақсаты:
Түзете-дамыту: оқушылырға ертегілердің негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға үйрету. Бауырсақ ертегісі бойынша 
ертегіні болжау әдісі арқылы ертегіні көз алдарына елестету, талдату және салыстыра отырып, олардың қиялын, ой-өрісін 
дамыту. Ақпараттық коммуникациялық технологияны  тиімді қолдану.
Тәрбиелігі: жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, тапқыр болуға   тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сериялы суреттер, аудио жазба, тұзды қамыр, құм, түрлі түсті 
қағаздар,үлестірмелі топшамалар. Эдупелей бағдарламасы.
                                                         
                                      Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жүрек жылуы
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен,
Ертегілер елінде,
Татумыз, доспыз, бәріміз,
Жылынсыншы жанымыз.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Ертегі туралы түсінік беру.
Ертегі өте ерте заманнан ауыздан ауызға жеткен. Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір 
шал мен кемпір болыпты .... » немесе «Ерте, ерте,ертеде, ешкі жүні бөрте де» деп те басталады. Ертегі соңы олар 
«сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады. Адамдар жақсы өмірді армандағаннан, адамдардың еңбегі 
мен тұрмыс тіршілігіне байланысты туған. Ертегілер үш топқа бөлінеді.
1.Қиял-ғажайып
2.Хайуанаттар
3.Тұрмыс-салт
- Кәне кім айтады ертегілердің басты кейіпкерлері кімдер?
-Қандай ертегілерді білесіңдер?
59

-Үйде қандай ертегі оқыдыңдар немесе теледидардан көрдіңдер?
-Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата.
2.Суретпен жұмыс.
Суреттегі ертегілерді атау. Әрқайсысына тоқталып әңгімелеу. Сериялы сурет бойынша «Шалқан» ертегісін әңгімелеп 
айту.
ІІІ. «Бауырсақ» ертегісі бойынша тапсырмалар орындау.
 1.Қоянның тапсырмасы ертегілер кейіпкерлерін  атап жаз.
Аю, Алдар көсе, бауырсақ, түлкі, Қожанасыр, бай, алтын балық.
2.Аюдың тапсырмасы математикалық жаттығулар шешу.  Сандардың көршісін тап.                                                   
                                              ІV.Сергіту сәті.
Видео ролик. (Іс-қимылдармен көрсету)
3.Қасқырдың тапсырмасы қорапшадағы құмның ішінен заттарды тауып құрастыру.
 «Құпия сыйлық»
Құмға түтікше арқылы сурет салу. Ертегі бойынша немесе өзі қалаған суретті салу.
4.Түлкінің тапсырмасы «Түлкінің суретінің үстіне қиынды түрлі түсті қағазды жапсыру»
Тұзды қамырдан бауырсақ жасау.
  V.Қорытынды бөлім:
1. «Бауырсақ» ертегісін рөлге бөліп, маска кию арқылы сахналық қойылым көрсету.
2.Мақтау, мадақтау.
* * * * *
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі»  КММ
Бастауыш сынып мұғалімі  Молдагалиева Сауле Жагоровна
Сабақтың тақырыбы:   Адам  және  өсімдіктер  мен  жануарлар. 
Сабақтың  мақсаты :  1.Білімділік: Табиғаттағы  және  адам өмірінде  жануарлар  мен өсімдіктердің маңызы туралы  
оқушыларға  түсінік  беру.
2.Дамытушылық: адам  және  өсімдік , жануар арасындағы байланыстың  оң әсерін түсіндіре  отырып , логикалық ойлау, 
еркін сөйлеу, дағдысын
  өздіктерінен қортындылау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: табиғатты сүюге,  қамқорлық  жасап  күтуге елжандылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың  әдісі:  түсіндіру, сұрақ – жауап , ойын, әңгімелеу.
Сабақтың  көрнеклігі:   сурет  жинағы, үлестірмелі прақтар,  жұмбақтар, плакат.
Сабақтың  барысы:  
1. Ұйымдастыру   кезеңі.
                                    -қазір  бізде қандай  сабақ ?
                                    - адам  және  әлем .
-Психологиялық   дайындық ;     Амансыңба,  алтын  күн ! 
                                                            Амансыңба  ба, көк  аспан! 
                                                             Амансынба ба, достарым! 
                                                             Сабағымызды бастайық .  
                                                             Жамандықты  тастайық .
Балалар бүгін  аптаның  қай   күні ?
22
Жылдың  қай  мезгілі ? 
23
Қыс мезгілінің  қай  айы ?
2.  Өткен сабаққа  шолу.
-  Алдынғы  өткен  сабақты  пысықтау , үлестірме парақ  бойынша  сұрақ – жауап  тапсырмалары  .
-Түлкі  қандай жануар   немен  қоректенеді. 
- Адам мен  жануарлар арасында қандай  қарым – қатынас  бар.
-Түлкі мен  қоянға  байланысты  қандай  мысал  білеміз.
Мұғалім:  Қайырымдылық ,   достық – бұл  бір –біріне  сену,  көмектесу .
Жануарлар  арасында да осындай  достық  болатынына  сену  керек.
    Ойын:         «Кім  тапқыр»  
Мақсаты : оқушылардың сабақты  қандай  дәрежеде  түсінгенін білу, жұмбақ шешуге қызығушылығын ояту, дағдыландыру. 
Бұлғаңдайды  құйрығы 
Бір алдарлық  қулығы.   (түлкі)  
Аузы  бейне  шалғы  ора
Шөп  емес, бірақ малды орады. (қасқыр) 
Екі деңдей құлағы
Дыбыс  сезіп  тұрады (қоян) 
Тәтті  көрсе  бас  салар,
Айнымайды баладан.
 Үп – үлкен боп жасқанар, 
Кіп кішкентай арадан .
3. Жаңа  білім  беру.
Бүгінгі сабағымызды адам, өсімдік,жаныуардың, байланысы адам өміріндегі маңызы туралы  білетін  боламыз. 
Сабағымыздың мақсаты: табиғат ,  адам, өсімдік, жануар туралы білу  табиғатты сүю, қамқорлық жасау.
Олар тірі табиғаттың  маңызды  бөліктері. Үшеуінің  арасында  өте  тығыз байланыс  бар .  Өсімдіктермен , көп  жануар  
қоректенеді. Өсімдік  жануарларды  суықтан  жаудан  қорғайтын  баспана .Ал жануарлар топырақ  арасынан жол  салып  
60

оған  ауаның ылғалдың  кіруін  жақсартады.Мысалы: жауын құрты өсімдіктің қураған  жапырағын топыраққа 
араластырады. 
     Топырақ  шіріп  өсімдікке қорек  болады. Жануарлар  өсімдіктің тұқымын  тазартуға  көмектеседі.
     Өсімдіктер – адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды.Дән, жеміс – жидек , 
Көкөніс өсімдіктен алынады. Ағашты адам үй салуға пайдаланады. 
     Жасыл өсімдіктер шаң - тозаңдыңды  ұстап ,  ауаны  тазартады. Адам өсімдіктерді өз өміріне молынан және жақсы  
пайдалану  үшін өсімдік шаруашылығын ұйымдастырады. Олар егін  шаруашылығын, бау – бақша,  бақша 
шаруашылығында көкөніс  алады.  
       Қандай  көкөністерді  білеміз?
Ал жеміс – жидектер ағашта, бұталарда өседі. Адамдар өзін сүт, май, ет сияқты тағамдармен қамтамассыз ету үшін, адам 
көптеген жануарларды қолға үйреткен. Оларға сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы. Жануарлар  мен адам бір – біріне тығыз 
байланысты ішсе – тағам, кисе – киім, мінсе – көлік.
       Сондықтан болар қазақ  халқы  жануарларды жырға, мақал – мәтелге қосқан, әсіресе балаларын еркелеткенде Ботам, 
құлыным, Ботагөз, Құралай деп есімдер қойған.
4. Сергіту сәті.     -жануарлар қимылын  келтіріп  орындау.
5. Өз бетімен  жұмыс.  - ұнаған  аңды  бояу.
6. Жеке оқушымен жұмыс.   - Сурет бойынша  әңгімелеп  беру.
7.Ойын: «Өз  мекенін  тап »   Мақсаты:орман жанурларын  өз мекндеріне дұрыс орналастыра білу ,дұрыс ажырату.
8.Сабақты қортындылау.   -Балалар бүгінгі сабақта не туралы білдік?
- Оған жауап беру үшін мына «жасырынған сөзді табу керек»
-Ол сөзді табу үшін  сұрақтарға  мұқият тереңірек жауап берейік.
1. Қандай жануар кісінейді?
2.Аңдар қайда мекендейді?
3.Ең  қорқақ  жануар  не?
4.Сиырдың баласын не дейміз?
5.Қандай жануар балды жақсы көреді?
6.Жануарларға ең қажетті жағдайды ата?
Жануарлардың   өсімдіктердің табиғаттағы адам  өміріндегі пайдасы туралы білімімізді толықтырдық,  бірақ  алдағы   
уақытта одан  әрі үйренетініміз көп.
Біз осы табиғатты  өсімдіктермен  жануарларды  жерімізді бір уыс топырағына дейін қорғауымыз  керек.
Себебі бұл біздің Отанымыз – Қазақстан .Олай болса, балалар орынымыздан тұрып «Атамекен» әнін орындайық.
9. Үйге тапсырма
Оқулықпен жұмыс. Мал, өсімдіктерге  бақылау жасау.
10. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
11. Сабақты аяқтау.
* * * * *
Атырау қаласы  №28 жалпы білім беретін орта мектепттің 
І санатты тарих пән мұғалімі Кенжегулова Айжан Сапарғалиқызы
   Қысқа мерзімді жоспар
Пәні
Сыныбы
Күні
Орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихы

Сабақтың тақырыбы
Әбілқайыр хандығы
Мақсаты
Әбілқайыр мемлекетінің пайда болуы  мен даму үрдісін  және оның құлауының себеп 
салдарын, тарихи мәнін анықтау.
Күтілетін нәтиже
Әбілқайыр хандығының мемлекет болып құрылуына негіз болған жағдайларына, әскери 
жорықтарының бағыттарына, хандықтың  құлау себептеріне сипаттама бере алады.
Сілтеме
 7-сынып оқулығы,  Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және 
басқару
Негізгі идеясы
Әбілқайырдың билік басына келуі, оның мемлекетінің нығаюы
Ресурстар
АКТ, Флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер,  смайлик, карта
Үйге тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет