Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі114 Kb.
#15902
  1   2   3
Байланысты:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағдыларын жетілдіру барысында тиімділігі



Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі
«Білім-басы бастауышта» дегендей, өскелең ұрпақтың өз атын, бабасының тарихын еркін оқып, ойын ашық жеткізе алуына бірден бір негіз болатын білім ол –бастауыш буындағы білім. Ой мен ісі қалыптаспаған. Өздігінен әрекет етуге талпынатын бастауыш сынып оқушыларының ауызша, жазбаша дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдер түрлі тәсілдерді қолданып, өз атын жазуға дағдыландырып жатады. Жазу мен оқуды үйргенген бала өздігінен өз пікірін айтуға қалыптаса бастайды. Осындай деңгейде түрлі әдістерді арасынан сын тұрғысынан ойлау технологиясын ерекшелеп айтуға болады. Онда оқушының ізденімпаздығы, пәнге деген құлшынысы оянып, ойында салыстыру реакциялары жүреді. Ненің дұрыс, ненің бұрыстығын айқындай бастайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – тақырыпты жүйелі меңгеруіне, өз бетімен ізденуіне көп көмегін тигізеді. Осы орайда сіздерге сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлі стратегияларын ұсынбақпын.

Сын тұрғысынан ойлау- бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.

Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.

Сын тұрғысынан ойлау-оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.

Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.

Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:


  • Есте сақтау;

  • Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;

Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы; [1]

Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:



  • Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;

  • Екінші-бұл ойын қорыту;

  • Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;

  • Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;

Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты). [2]

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.



Сыни ойлаушы:

Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі. [3]

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:



  • Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;

Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында:

  • Ой шақыру;

  • Ойлау ;

  • Кері байланыс;

Ой шақыру тапсырмалары:

  • Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;

  • Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;

  • Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;

Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар-

  • Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;

  • Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;

Кері байланыстың тапсырмалары-

  • Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;

  • Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет