Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет25/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
 
7 сабақ 
Сүйекті балықтардың қаңқасы. 
Сабақтың  мақсаты:  Сүйекті  балықтардың  бас  қаңқасының 
омыртқаларының,  иық,  жамбас  белдеулерінің және  қанаттарының  құрылыс 
ерекшеліктерін анықтау. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  сүйекті  балықтардың  тұтас 
қаңқасы, қаңқа бойына үлестірмелі материялдар түрлі түсті кестелер. 
Жалпы түсінік. 
Сүйекті  балықтардың  бас  сүйегі.  Сүйекті  балықтардың  бас  сүйегінің 
қаңқасы  өте  күрделі  құрылыстылығымен  сипатталады.  Бұлар  көптеген 
xондральды  және  жабынды  сүйектердің  қосындысынан  тұрады.  Шүйде 
бөлігі  4  шүйде  сүйектерінен  тұрады.  Олар  шүйде  тесігін  қоршап  жатады. 
Үстіңгі  жағында  жоғарғы  шүйде  сүйегі  жанынан  бүйір  шүйде  сүйектері, 
астыңғы  немесе  төменгі  жағынан  негізгі  немесе  төменгі  шүйде  сүйегі 
орналасқан.  Ми  сауытының  бүйір  жақтары  құлақ  сүйектерімен  жабылған. 
Олар  бас  сүйегінің  артқы  жағынан  бекінген.  Көз  ойықшасының  артқы 
жағынан қанат-сына тәрізді сүйектер орналасқан. Көз-сына тәрізді сүйек тек 
қана  төменгі  сатыдағы  сүйекті  балықтарда  ғана  болады.  Сына  тәрізді 
сүйектер  xондральды  жолмен  пайда  болған.  Себебі  олар  шеміршекті 


 
балықтардағы 
көз-ойықшаларының 
орнында 
қалыптасқан. 
Көз 
ойықшасының алдыңғы жағында жақ сүйегі орналасқан. Көз ойықшасының 
шеңберін көз асты сүйектері түзеді. Жас және көз асты сүйектері жабынды 
сүйектердің  туындысы.  Ми  сауытының  үстіңгі  жағы  бірнеше  сүйектерден 
құралған:  жұп  төбе  сүйектері  шүйде  сүйегінің  бүйір  жағында  орналасқан, 
үлкен  мандай  сүйектері,  екі  бүйірінен  жұп  мұрын  сүйектері  және  бүйірлік 
иіс  сүйектері  орналасқан.  Ми  сауытының  астыңғы  жағын  таяқша  тәрізді 
парасфеноид  жатыр.  Ол  алдыңғы  жағынан  тісті  кеңсірікпен  аяқталады. 
Бұлар  жабынды  сүйектердің  қатарына  жатады.  Сүйекті  балықтардың 
нисцераль  қанқасын  шеміршекті  балықтар  сиякты  негізінен  бірнеше 
доғалардың  жүйесінен  тұрады.  Жақ  сүйектер  доғасы:  оның  үстіңгі  бөлімі 
тісті тандайдан үш қанат тәрізді сүйектерден, шаршы сүйектен және екінші 
реттегі жоғарғы жақ сүйектерінен жақаралық, үстіңгі жақ сүйектер тұрады. 
Ал астыңғы бөлімі шеміршектен түзілген жалғастыру сүйегінің және бұрыш 
сүйегінен түзіледі. 
Жақ  доғасының  артқы  жағында  тіл  асты  доғасы  орналасқан.Оның 
жоғарғы  элементі-гиомандибуляр  ми  сауыты  мен  жақ  сүйектері  біріктіріп 
тұру қызметін атқарады. Гиомандибулярдың төменгі жағында кішкене сүйек 
симплектикум  және  тіл  доғасының  екінші  элементі  –  гиоид  орналасқан.Тіл 
асты  доғасының  екі  жағын  біріктіріп  тұратын  дара  сүйекті  копула  деп 
атайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19-Сурет.  Алабұғаның  қаңқасы:  1-  үстінгі  үшкір  өсінді;  2-
омыртқаның  төменгі  доғасы;  3-астынғы  үшкір  өсінді;  4-қабырғалар;  5-
бұлшық  ет  сүйекшелері;  6-арқа  жүзбе  қанаттарының  радиалиялары;  7-
жүзбе  қанат  сәулелері;  8-иық  белдеуі;  9-жамбас  белдеуі;  10-кеуде  жүзбе 
қанаттарының радиалиялары. 
 
Сүйекті  балықтарда  4  жұп  желбезек  доғалары  бар.  Әрбір  доға  екі 
жоғарғы  және  екі  төменгі  элементтерден  тұрады,  ал  бесінші  жұп  доғасы 
редукцияланған  және  ол  бір  ғана  астыңғы  элементі  түрінде  орналасқан. 
Өсімдік  қоректі  балықтарда,  мысалы  карп  тәрізділерде,  осы  доғаға 
жұтқыншақ тістері орналасқан. Желбезек доғалары сырт жағынан желбезек 
 


 
қақпақшасы  жауып  тұрады.  Бұл  қақпақшасының  төменгі  жағында  қақпақ 
алды сүйегі,одан әрі қақпақ аралық сүйегі орналасқан. 
Сүйекті балықтардың омыртқа  жотасы  екі жағынан  ішіне қарай ойыс 
болып келген амфицельді омыртқалардан тұрады. Олардың арасында xорда 
қалдығы  сақталады.Тұлға  омыртқасы  омыртқа  денесінен,  жоғарғы  және 
төменгі  доғаларынан  тұрады.  Жоғарғы  доғасы  жұлын  каналын  көмкере 
келіп жоғарғы сүйір өсіндісімен аяқталады. Төменгі доға екі көлденең өсінді 
ретінде  ұзара  келіп  қабырғаға  жалғасады.  Құйрық  омыртқасында  төменгі 
доға  жақсы  жетілген.  Ол  Гемаль  каналын  құрап,  төменгі  сүйір  өсіндімен 
аяқталады. Гемаль каналымен қан тамырлары өтеді. Омыртқаның өте жақсы 
жетілген  жоғарғы  және  төменгі  сүйір  өсінділері  бұлшық  еттерге  кіріп 
тұрады.  Шеміршекті  балықтардың  сияқты  сүйекті  балықтардың  да  сыртқы 
жотасы бас сүйегімен қозғалмайтындай байланысқан. Сүйекті балықтардың 
иық  белдеуі  жауырын  және  қарға  сүйек  [каракоид]  деп  аталатын  көлемі 
кішірек  сүйектерінен  тұрады.  Сондықтан  олар  бас  сүйегімен  клейтрум, 
клейтрум  үсті  және  артқы  төбе  сүйектері  арқылы  қозғалмайтындай  болып 
бекінеді. 
Белдеудің жауырын және қарға сүйектері шеміршек, ал басқа аталған 
сүйектер  жабынды  сүйек  туындары  болып  есептелінеді.  Иық  белдеуіне 
көкірек [кеуде] жұп жүзу қанатының сүйектері жалғасады. Кеуде қанатының 
құрылысында оның базальді элементі жоқ, бір  қатар радиаль сүйекшелерге 
қанатының теріден пайда болған сәулелері жанасады. Сүйекті балықтардың 
жамбас  белдеуі  өте  қарапайым  құрылысты.  Әрбір  жамбас  үшбұрыш 
мүсіндес жұқа, жалпақтау келген сүйек. Олар бір-біріне жанаса орналасады. 
Құрсақ  жұп  жүзу  қанатында  не  базальді  не  радиальді  элементтері  жоқ, 
теріден  пайда  болған  сәулелер  жамбасқа  бірден  бекінеді.  Сүйекті 
балықтардың  дара  жүзу  қанаттарының  қатарына  арқа,  аналь  және  құйрық 
қанаттарын жатқызамыз. Арқа аналь, және құйрық қанаттарының құрылысы 
теріден  пайда  болған  сәулелерден  және  радиалиялардан  тұрады.  Сүйекті 
балықтардың  басым  көпшілігінде  дара  құйрық  жүзу  қанатының  мүсіні 
гомоцеркальды немесе тең қалақты болып келеді. Сүйекті балықтардың жұп 
жүзу  қанаттарының  (көкірек,  құрсақ)  түбірі  денеге  вертикаль  бағытта 
орналасуы  олардың  су  ішіндегі  күрделі  қозғалысына  байланысты  болса 
керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет