Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Ұрықтын дамуы 
I, II, III, IV, V,  VI – жұмыртқаның бөлшектенуі;  


 
VII – гаструляция;  
VIII, IX, X, XI – ұрықтын қалыптасуы; 
XII – дернәсілдін жұмыртқадан шығар кезені 
 
27-Сурет. Бақаның эмбрионалдық даму сатылары. 
 
Қосмекенділердің  барлығының  да  дернәсіл  кезінде  балықтардағыдай 
бүйір сызығы да болады, бақаларда ересек түріне айналғанда бүйір сызығы 
жойылып  кетеді.  Алғаш  тыныс  алу  мүшесінің  қызметін  тармақталған  2-3 
жұп  сыртқы  желбезектері  атқарады,  кейін  сыртқы  желбезектері  жойылып, 
желбезек  жапырақшалары  бар  –  желбезек  саңылаулары  пайда  болады. 
Итшабақ кезінде жүрегі екі камералы, жүрекше оң және сол жақ бөлімдеріне 
бөлінбейді. Балықтардың қан айналымы сияқты бір ғана қан айналу шеңбері 
болады. Соңғы даму кезінде ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімінде бір жұп 
өсінде  пайда  болып,  өкпе  қалыптасады.  Оларды  қанмен  артерия  доғасы 
қамтамасыз  етеді.  Өкпенің  дамуымен  байланысты,  ішкі  желбезектері 
жойылып, оған сәйкес қан айналу жүйесі өзгереді. 
 
 
28-Сурет. Бақаның даму циклі. 
 
Сонымен қатар дернәсіл  кезінде болатын пронефрикалық зәр шығару 
мүшесі  жойылып  ересек  кезінде  ол  мезонефрикалық  бүйрекпен  алмасады. 
Итшабақ кезінде шөп тектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес 
азықтармен қоректенеді, нәтижесінде итшабақ кішкене бақаға айналады. 


 
 
Тапсырмалар. 
1.  Шөп  бақасының  систематикасымен  танысып,  альбомдарыңызға 
жазып алыңыздар. 
2.  Ылғалды  препараттардан  немесе  ұйықтатылған  бақадан  сыртқы 
құрылысындағы  ерекшеліктерді  қараңыздар.  Олардың  дене  пішіміне,  дене 
бөлімдеріне,  үнемі  шырыш  бөліп  тұратын  бездерге  бай  терісінің 
жұмсақтылығынажәне  дымқылдығына  көңіл  аударыңыздар.  Көздерін, 
қабақтарын, танау тесіктерін, дабыл жарғақтарын табыңыздар. Аузын ашып 
тілінің,  лупамен  ішкі  танау  тесіктерінің  (хоанның),  есіту  тесігінің 
орналасуын  көріңіздер.  Алдыңғы  жұп  аяқтарының  ерекшеліктерін  қарап, 
резонаторларын тауып, бақалардың жынысын ажыратыңдар. 
3. Бақаны сойыңыздар. Ол үшін төмендегідей тәртіппен сою керек: 
а)  ұйықтатылған  бақаны  шалқасынан  табақшаға  жатқызып,  аяқтарын 
керіп, оларды табақшаның ішіндегі картон қағазға түйреу керек. 
б)  терісін  пинцетпен  көтеріп,  құрсағының  төменгі  бөлімін  көлденең 
кесу керек. 
в) кесілген жерге қайшының бір ұшын  кіргізіп, терісін тарта отырып, 
ішінің ортаңғы сызығын бойлай ауыз қуысының түбіне дейін кесіңіздер. 
г)  босаған  ет  ұштарын  пинцетпен  ұстап  сыртқа  қарай  кесіп  алып 
тастаған дұрыс. 
4.Сойылып  –аршылған  бақаның  ішкі  құрылысынан,  ретті  орналасқан 
ас  қорыту,  тыныс  алу,  жүрегін,  зәр  шығару  және  жыныс  мүшелерін 
ажыратып,  бақаның  ішкі  құрылысының  ылғалды  препараттармен,  рельефті 
таблицаларымен салыстырып, анықтаңыздар. 
5.Бақаның  дамуының  ылғалды  препараттарынан  итшабақтың  даму 
сатысындағы ерекшеліктерді анықтаңыздар. 
6.Оқу  құралындағы  схемалық  суреттерді  пайдаланып,  бақаның  ішкі 
мүшелерінің, дамуының суреттерін салып, мүшелерін белгілеңіздер. 
7.Салған  суреттерін  талдай  отырып,  қайталауға  арналған  сұрақтарға 
жауап беру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет