Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
 
8 - сабақ 
Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы. 
 
СИСТЕМАТИКА 
Хордалылар типі –Chordata 
Омыртқалылар немесе Бас сүйектілер тип тармағы –Vertebrata 
Қосмекенділер класы –Amphibia 
Құйрықсыздар отряды –Anura 
Өкілі: шөп бақасы –Rana temporaria 
 
Сабақтың  мақсаты:  Бақаны  мысалға  ала  отырып,  қосмекенділердің 
систематикалық  жағдайымен  және  оның  сыртқы  түрі  мен  ішкі 
құрылысымен танысу 
Сабаққа  қажетті  құрал  –жабдықтар:  Ұйықтатылган  бақалар, 
табақшалар,  қайшылар,  пинцеттер,  скальдер,  препараттау  инелері,  қатты 
қағаздар,  бақаның  ішкі  құрылысының,  дамуының  ылғалды  препараттары, 
түрлі –түсті кестелер. 
 
Жалпы түсінік. 
Бақаның денесі бас, тұлға, алдыңғы және артқы жұп аяқтарға бөлінеді. 
Басы  жалпақ  болып,  тұлғаға  бірден  жалғасады.  Басының  екі  қырында 
қабақтармен  жабдықталған  екі  үлкен  тостақ  көз.  Үстіңгі  қабағы  аздап,  ал 
астыңғы қабағы жақсы қозғалмалы болады. Тұмсығының ұшында жұп танау 
тесіктері орналасқан.  
Аузы  үлкен.  Көздің  артқы  жағында  ауыз  бұрышының  үстіңде 
орналасқан  терінің  дөңгелек  бөлімі–дабыл  жарғағын  көруге  болады. 


 
Аталықтарының  ауыз  бұрышында  тері  қатпарлары  (резонатор)  болады. 
Олар  аталықтары  бақылдағанда  ауаға  толып,  шар  тәрізді  бастың  екі 
жағынан  қампиып  шығып  тұрады.  Резонатор  дыбыстың  күшеюіне 
жәрдемдеседі. 
 
 
 
20-Сурет. Бақаның сыртқы құрлысы 
 
Бақаның ауыз қуысы кең. Кішкентай тістері конус пішінді болып, тек 
жоғарғы  жақтың  ішкі  жағындағы  үстінде  және  таңдайдың  алдыңғы 
бөлімінде  орналасқан.  Төменгі  жақтарында  тістері  болмайды.  Етті  тілі 
астыңғы жақтың алдыңғы шетінде алдыңғы ұшымен бекіген де, ал оның бос 
ұшы  жұтқыншаққа  қарай  иіліп  жатады.  Таңдайында  күрек  тістерінің 
алдыңғы  жағында  ішкі  танау  тесіктері  немесе  хоаңдар  орналасқан.  Олар 
сыртқы мұрын тесіктерімен байланысып тұрады. 
 
 
 
 
21-Сурет. Бақаның ішкі құрлысы 
 


 
Бақалардың  ауыз  қуысындағы  қоректік  заттарының  жұтқыншаққа, 
өңешке  қарай  жылжуына  көз  алмасы  да  көмектеседі.  Өйткені  еттері 
талшықтарының  жиырылуы  нәтижесінде  көз  алмасы  төмен  түсіп,  қоректік 
заттарды  ауыз  –жұтқыншақтың  ішіне  қарай  итереді.  Ауыз  қуысының 
бұрышынан  ортаңғы  құлақ  қуысынан  ашылатын  евстахиев  түтіктерінің 
саңылауы көрінеді. 
Бақаның  тұлғасы  қысқа  және  жалпақ  болып  келген.  Оған  аяқтары 
жалғасқан.  Алдыңғы  аяқтары  артқы  аяқтарынан  қысқа  болып,  алақандары 
төрт  саусақтарымен  аяқталады.  Аталығының  бірінші  алақан  саусағының 
түбінде (ішкі жағынан) қара түсті дақтар –жыныс қалдары болады. Ал артқы 
аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзындау және күштірек болып, табандары бес 
саусақпен аяқталады. Саусақтардың арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. 
Бақаның  денесі  терімен  жабылған.  Құрсағына  қарағанда  арқа 
жағындағы терісінің түсі көбірек қара болып келеді. Терісі жалаңаш болып, 
көптеген  шырыш  бөліп  шығарады.  Олардың  терісі  еттерімен  тек  кейбір 
жерлерінде  ғана  байланысады,  сондықтан  да  терісін  пинцетпен  оңай 
көтеруге болады. 
Ас  қорыту  жүйесі.  Бақалардың  ас  қорыту  жүйесі  ауыз  қуысынан 
басталады.  Ондағы  ұсақ  біркелкі  ұштары  ептеп  артқа  қарай  иілген  конус 
тәрізді  тістері  қорегін  ұстап  тұруға  көмектеседі.  Ауыз  қуысының  артқы 
бөлімі  ауыз  –жұтқыншаққа  өтеді.  Ол  жерден  қорегі  қысқа  өңеші  арқылы 
қарынға  түседі.  Ішектері  он  екі  елі,  аш,  тоқ  және  тік  ішек  бөлімдеріне 
бөлінеді.  Ол  клоакаға  ашылады.  Клоакаға  ас  қорыту,  зәр  шығару  және 
жыныс  жүйелері  жолдарының  барлығы  да  ашылады.  Он  екі  елі  ішектің 
иініне  ұйқы  безі  жабысып  жатады.  Бауыры  үлкен,  оның  өті  болады.  Өт 
түтігі он екі елі ішекке ашылады. 
Тыныс  алу  жүйесі.  Ересек  қосмекенділер  алғашқы  құрлық 
жануарлары  ретінде,  газ  күйіндегі  оттегімен  өкпесі  арқылы  тыныс  алады. 
Қосмекенділердің өкпесі жұқа қабырғалы қапшық пішіндес, ішкі қуысында 
ауа  ұяшықтары  аз,  өкпесі  нашар  жетілген.  Сондықтан  олардың  тыныс 
алуында терінің маңызы зор. 
 
 
 
22-Сурет.  Құйрықты  амфибиялардың  ауыз  қақпағы.  Хоаналардың 
орналасуы:1-хоаналар; 2-таңдай қатпары; 3-Евстахий түтігі. 
 


 
Өкпе арқылы тыныс алуына байланысты қосмекенділерде ішкі мұрын 
тесігі  –хоан  пайда  болған.  Ауыз  –жұтқыншақ  қуысының  түбінде  көмекей 
(көмей)  бар.  Бақаларда  тыныс  алу  механизмі  ауыз  –жұтқыншақ  қуысының 
ауаны  соруы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оның  түбі  (тамағы)  төмен 
түскенде, ауа сыртқы және  ішкі мұрын  тесіктері арқылы ауыз  –жұтқыншақ 
қуысына  кіреді.  Ауыз  –жұтқыншақ  қуысының  түбі  (тамағы)  жоғары 
көтерілгенде  ішкі  мұрын  тесігінің  клапаны  жабылады  да,  ауа  өкпеге  қарай 
өтеді.  Тамағы  екінші  рет  төмен  түскенде,  өкпедегі  ауа  ауыз  –жұтқыншақ 
қуысына  сорылады.  Тамағы  екінші  рет  жоғары  көтерілгенде,  ауыз  –
жұтқыншақ қуысындағы тесіктері арқылы сыртқа шығарылады. Тыныс алу 
механизмі осылайша қайталана береді. 
Қан  айналу  жүйесі.  Қосмекенділердің  жүрегінің  балықтардан 
айырмашылығы  үш  камералы  болуы.  Ол  бір  қарыншадан  және  екі 
жүрекшеден  тұрады.  Жүрек  маңы  қабы  болады.  Қарыншаның  оң  жағында 
артерия конусы орналасқан, одан үш жұп қан тамырлары шығады: 
 
23-Сурет. Бақа жүрегінің құрсақ жағынан кесіндісі: 1-оң құлақша; 2-
сол  құлақша;  3-жүрекшелер  арасындағы  перде;  4-венозды  қойнаудың 
тесігі;  5-атриовентикулярлы  қақпақша;  6-қарынша;  7-қарыншадан 
артериальды  конусқа  өткен  сүңгі;  8-артериальды  конустың  шиыршықты 
қақпақшасы; 9-артериальды конустың шиыршықты қақпақшасы;10-құрсақ 
аортасының  түбірі;  11-ұйқы  артериясы;  12-аорта  доғасы;  13-өкпе 
артериясы. 
 
1  жұп  –өкпе  артериясы.  Ол  артерия  конусының  үстіңгі  бөлімінен 
шығып,  өкпе  артериясына  өтеді.  Одан  ары  қарай  дененің  арқа  жағындағы 
теріге тарамдалатын үлкен тері артериясына барады. 
 


 
 
 
 
24-Сурет.  Бақаның  артериальды  жүйесінің  үлгісі:  1-қарынша;  2-оң 
құлақша;  3-сол  құлақша;  4-артериальды  конус;  5-жалпы  ұйқы  артериясы; 
6-аорта  жүйесінің  доғалары;  7-бұғана  асты  артерия;  8-арқа  аортасы;  9-
мықын  артериясы;  10-сан  артериясы;  11-шонданай  артериясы;  12-ішек-
шажырқай  артериясы;  13-өкпе  артериясы;  14-тері  артериясы;  15-ұйқы 
безі; 16-сыртқы ұйқы артериясы; 17-ішкі ұйқы артериясы. 
 
2  жұп  –қолқа  жүйесінің  доғасы.  Ол  артерия  конусының  құрсақ 
жағынан шығып, иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын бұғана асты 
артерияларына өтеді. Оң және сол жақ жүйелік доғалар иіле өзара қосылып, 
омыртқаның  астыңғы  бетін  қуалай  отырып  орналасқан  арқа  қолқасын 
түзеді. Одан бүйректерге, жыныс мүшелеріне және артқы аяқтарға баратын 
қан тамырының тармақшалары шығады. 
3  жұп  –ұйқы  артериясы.    Ол  да  артерия  конусының  құрсақ  жағынан 
шығады да таза артериялық қанды бас бөліміне апарады. 
Вена  қаны  дененің  алдыңғы  бөлімінен  оң  және  сол  алдыңғы  қуыс 
веналарына  жиналады  және  ол  қанды  вена  қолтығына  (синусына)  апарып 
құяды.  Ол  үшін  қан  бастан  сыртқы  және  ішкі  кремдік  веналар  арқылы, 
теріде артериялық қан  –тері  венасы арқылы алдыңғы аяқтан бұғана венасы 
арқылы  ағады.  Тері  және  бұғана  веналары  қосылып  бұғана  асты  венасын 
құрайды. Бұғана асты веналары кремдық веналармен қосылып, оң және сол 
алдыңғы қуыс веналарын түзеді. 


 
 
 
25-Сурет. Бақаның веноздық жүйесінің үлгісі: 1-венозды қойнау; 2-
сыртқы күрек тамыр; 3-ішкі күрек тамыр; 4-үлкен тері венасы; 5-
бұғанаасты вена; 6-алдыңғы қуыс венасы; 7-артқы қуыс венасы; 8-сан 
венасы; 9-шонданай венасы; 10-мықын венасы; 11-бүйрек қақпа жүйесі; 12-
ішекасты венасы; 13-бауыр қақпа жүйесі; 14-бауыр веналары; 15-құрсақ 
венасы; 16-өкпе венасы. 
 
Дененің  артқы  бөлімінен  қан  жалпы  жамбас  асты  венасы  арқылы 
бүйрекке  келеді  және  ол  жерде  капилярлар  торына  тарамдалып,  бүйректің 
қақпа жүйесін түзеді. Сонымен қатар, бауырдың қақпа жүйесі деген болады. 
Ол  құрсақ  венасы  мен  бауырдың  қақпа  венасынан  түзілген.  Құрсақ  венасы 
оң  және  сол  артқы  аяқ  веналардың  қосылуынан  пайда  болған.  Оған  өз 
жолында  қуықтан  және  құрсақ  еттер  қабырғаларынан  қан  жиналады. 
Бауырдың  қақпа  венасы  барлық  ас  қорыту  бөлімдерінің  веналық  қан 
тамырлары есебінде түзіледі. 
Бүйректен  шыққан  бірнеше  алып  кеткіш  бүйрек  веналары  қосылып, 
тақ  артқы  қуыс  венасын  құрайды.  Оған  сонымен  бірге  жыныс  бездерінен 
келетін  қанда  құйылады.  Соңында,  артқы  қуыс  венасы  бауыр  арқылы  өтіп 
вена қолтығына (синусына) құяды. 
Қосмекенділердің  жартылай  құрлықта  тіршілік  етіуне  байланысты 
балықтардан айырмашылығы үлкен және кіші қан айналым шеңбері болады. 
Бақа  жүрегінің  оң  жақ  жүрекшесінде  тек  қана  вена  қаны,  сол  жақ 
жүрекшесінде  –артерия  қаны,  ал  қарыншасында  аралас  қан  болады.  Қан 
жасап шығарушы мүше көкбауыры болады. 
Зәр  шығару  көбею  жүйелері.    Тұлға  бүйректері  4,5-суреттері 
мезонефрос  жинақталған  пішінді  болады.  Олар  арқа  жақтағы  дене 
қуысының  артқы  жартысындағы  омыртқа  жотасының  екі  бүйірінде 
орналасқан.  Бүйректерден  зәр  шығрау  түтікшелері  (вольфов  каналдары) 


 
шығып,  олар  клоакаға  ашылады.  Зәр  қуыққа  жинақталып,  клоака  арқылы 
сыртқа шығарылады. 
Аталық жыныс жүйесі (4-сурет), бүйрекке жанасып орналасқан ақшыл 
түсті  домалақтау  келген  жұп  аталық  жыныс  безінен  тұрады.  Бұл  бездердің 
әрқайсысында,  аталық  безден  бөлінген  жыныс  өнімдерін  шығаратын 
көптеген  ұсақ  түтіктер  болады.  Олар  бүйректің  алдыңғы  бөлімінің  ішін 
аралап  өтіп,  вольфов  каналына  жалғасқан.  Сондықтан  жыныс  өнімдері 
түтікшелер  арқылы  вольфов  каналына  құйылып,  сосын  осы  каналдың 
клоака жанындағы кеңейген жері –тұқым қапшығы ішіне жиналып, кейін ол 
бұдан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Аталық жыныс бездерінің үстін 
ала  орналасқан  сары  түсті  майлы  дене  бар.  Ол  аталық  жыныс  бездері  мен 
оларда  түзілетін  аталық  жыныс  жасушасын  қоректік  затпен  қамтамасыз 
ететін мүше. Сондықтан майлы дененің мөлшері өніп  –өсуі кезінде азайып, 
басқа уақытта оның мөлшері үлкен болады. 
Аналық жыныс жүйесі (26-сурет) жұп аналық жыныс безінен тұрады. 
Бұлардың  да  үстін  майлы  дене  жауып  жатады,  аналық  жыныс  безіндегі 
жетілген жұмыртқа алдымен дене қуысына, сосын ол мюллеров каналының 
воронка  тәрізді  кеңейген  жеріне  түсіп,  содан  жұмыртқа  жолы  арқылы 
жылжып, клоакаға өтіп сыртқа шығарылады. 
 
 
 
26-Сурет. Бақаның зәр-жыныс жолы. 
 
Ұрықтың  дамуы  (27-сурет).  Ұрықтанған  соң  бақаларда  8-10  күннен 
кейін,  жұмыртқаның  қабығын  жарып  итшабақ  деп  аталатын  дернәсілі 
сыртқа  шығады.  Алғаш  итшабақтардың  қозғалу  мөлшері  –  аяқтары 
болмайды.  Қозғалу  мүшесінің  қызметін  жарғақпен  көмкерілген  құйрығы 
атқарады.  Ең  алғаш  алдыңғы  аяқтары  негізделеді,  бірақ  олар  сыртқа 
байқалмайды,  сондықтан  сыртқа  бірінші  рет  артқы  аяқтары  шығады. 
Бақаларда құйрық қысқара бастайды да, кейін мүлдем түсіп қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет