Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет42/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68

Ж. И. Исаева 

Түркістан қ. 

 

ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ 



БЕЙНЕСІНДЕГІ МИКРОФРЕЙМДІК ҚАТЫНАСТАРЫ 

 

ХХ  ғ.  10  жылдығынан  бастап  тіл  білімінде    мәдениеттанымдық  және  гендерлік 



бағыттағы  зерттеулердің  айрықша  молаюын  ғасыр  тоғысындағы  өзгерістермен,  атап 

айтқанда,  гуманитарлық  ғылымдар  парадигмасының  ауысуымен  түсіндіруге  болады. 

Тілдегі  адам  факторының  рөлін  айқындауды  ғылыми  зерттеулер  парадигмасының  басты 

нысанасына айналдырған жаңа ғасыр лингвистикасы тіл және жеке тұлға, тілдің қоғамдық 

қызметі  мен  этностық  тұтастық,  адам  мен  қоғам  арасындағы  қатыстылықтың  тілдегі 

көрінісі, мәдениет және тіл, мәдениеттегі тілдік тұлға т.б. келелі мәселелерді күн тәртібіне 

қойып, зерттеудің  ғылыми принциптерін қайта қарауды талап етуде.  

 Лингвистикалық  зерттеулерде  әлеуметтік-мәдени  конструктивизм  теориясының  

дамуы адамның жас мөлшері, жынысы, әлеуметтік статусы т.б. субъектіге, тілдік тұлғаға, 

жеке  адам  өміріне  қатысты    категорияларды  зерттеудің  ғылыми  және  әдістемелік 

ұстанымдарын    жаңаша  қарастыру,  зерттеудің  жаңа  терминологиялық  аппаратын  түзу, 

басқа  ғылым  салаларында  қолданылып  келе  жатқан  терминдерге  жаңаша  мән  үстемелеу 

қажеттігін  тудырды.  Бұрындары    адамдардың  жыныстық  ерекшеліктерінің    қоғам 

құрушылық,  шарттылық,  институттық,  салт-дәстүрлік  сипатын  көрсету  үшін  қолданып 

келген гендер терминінің лингвистикалық ғылыми айналымға ену себебін осы жағдаймен 

түсіндіруге болады.  



 

313 


 Гендер  (ағылшын  тіліндегі  «gender»    сөзі    «жыныс»  деп  аударылады,  дәлірек 

айтсақ – тұқым, түр) ─ жыныстық ерекшеліктердің тілде және коммуникацияда көрініс 

беруінің  лингвистикалық  тетігін    зерттеуге  байланысты  тұрақтана  бастаған 

лингвистикалық  жаңа  терминдердің  бірі.  “Гендер”  термині  гендерлік  зерттеулер 

пәнаралық  бағыттағы    статусты  алғаннан  кейін    ғана  тіл    біліміне    жаңа  мағынада  

ғылыми    термин  ретінде    енді.  Жаңа  терминнің  пайда  болуына  дейінгі  жыныс  

түсінігі    семасиологиялық  зерттеулерде  назардан  тыс    қалған  жоқ.  Себебі  жыныс 

семантикасы  көптеген    лексикалық  единицалар  мағыналарының  құрамына  (ер,  әйел, 

ана, әке т.б.) кіреді [1, 38-45 бб.]. 

 Жыныс  –  биологиялық  түсінік  болатын  болса,  гендер  –  жыныстар  арасындағы  

әлеуметтік-мәдени  өмір сүру белгісі, яғни  «гендер» термині  жыныстар арасындағы 

ерекшеліктердің  табиғи емес, әлеуметтік-мәдени  жағын  білдіреді. Жыныс  – «әйел» 

және  «ер»  түсінігінің  табиғи  белгілерін,  биологиялық  мәнін    берсе,  қоғам  мен  

мәдениет  өзгертіп  отырған  мәдени-әлеуметтік    белгілерді  –  гендерлік  ерекшеліктер 

анықтайды.  Гендерология  –  мәдениеттің  әйелдік  және  ерлік  құрылымы    жайындағы 

ғылым болып табылады [2, 146-б.]. 

 Гендерлік 

лингвистика  өкілі  А.В.Кирилина  гендер  терминінің  орыс  

лингвистикасында    қолданылуы  жайлы  кең  түсінік    бере  отырып,  «гендер»  және 

«жыныс» терминдерінің  белгілерін  ажыратуға тырысады. Ол: «Гендер» термині тіл 

феноменінің  адаммен,  мәдениетпен,  қоғаммен,  тілдік  тұлғамен    қатысын  зерттеуде   

кең  ауқымдылық танытатын болса, «жыныс»  тіл феноменінің тек единицасы ретінде 

қарастырылады.Тілдік  единицалардың    мағыналық  құрамына  енетін  «жыныс» 

компонентін    гендермен,  әсіресе,  лексикалық  мағына  компоненті    тұрғысынан 

ауыстыруға  болмайды» дейді [1, 38-45 бб.].  

  Гендер    мәдениеттің  нәтижесі  ретінде    халықтың  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпында, 

фольклорлық  туындыларында,  тілінде  бекіген  әйелдік  нәзіктік  пен  еркектік 

жүректілік  туралы  түсініктерін  бейнелейді.  Ал  гендерлік  стереотиптер,  яғни  әйел 

затына,  ер  адамға  тән  қасиеттер  мен  өзіндік  ерекшеліктер  туралы  жеңілдетілген, 

оңайлатылған  немесе  ұлғайтылған  түсініктер  этногенетикалық  қауымдастықтың 

ұжымдық санасында қайтсе де  болады. 

Гендер  мәселесі  тіл  білімінде    мынадай  екі  проблемаға  қатысты  зерттеледі  [3, 

19-б.]: 

1.  Тіл  және  онда  адамның  жыныстық  бөлінісінің  бейнеленуі.    Мұнда  

адамдардың  жынысына  қарай  бөлінісінің  тілде  манифестациялануын  түсіндіру  және 

сипаттау,  сондай-ақ  ерлер  мен  әйелдерге  тән  қасиеттер  мен  олардың  әрқайсысының 

іс-әрекетіне  берілген  баға  және  оның  семантикалық  көрінісін    айқындау    мақсаты 

көзделеді; 

2.  Ерлер  мен    әйелдерге  тән  стратегия  және  тактика,  гендерлік  сипаттағы 

лексикон,  коммуникацияда  белгілі  бір  жетістікке  жетудің    амал-тәсілдерін,  лексика, 

синтаксистік  конструкциялар  т.б.  тілдік  единицаларды  таңдаудағы  жыныстық 

айырмашылық    айрықша  көрініс  беретін  ерлер  мен  әйелдердің  сөйлесім  әрекеті, 

тілдік қатынасы. 

Дүние  суретінде  кескінделетін  «Тіл:  Адам:  Қоғам»  үштігі  аралық  қатыстылықтың 

тілдік  және  әлеуметтік-мәдени    негізін  айқындауда    «жыныс»  категориясына  көңіл 

аударудың маңызы зор. Өйткені  адамдардың жыныстық ерекшелігі  олардың қоғамдағы 

атқаратын  рөлімен  тығыз  байланысып  келіп,  әлеуметтік-мәдени  іс-әрекетінің  нәтижесіне 

қайтсе  де  ықпал  етеді.  Демек  дүние  суретінің  терең  қатпары  саналатын  дүниенің  тілдік 

бейнесінде  «жыныс»  категориясы  тілдегі  «Әйел-Еркек»  семантикалық  оппозициясының 

лингвогендерлік және лингвомәдениеттанымдық негізі тұрғысынан сипатталады 

Қазақ  паремиологиясында  «Әйел»  және  «Еркек»  концептерінің  тілдік  сипаттамасы 

«ұл-қыз», «әке»-«шеше», «ана»-«ата», «қыз»-«жігіт», «қалыңдық»-«күйеу жігіт», «келін»-

«күйеу»,  «келіншек»-«ер  азамат»,  «қатын»-«бай»  т.б.  әлеуметтік-статустық  рөлдердің 


 

314 


өзара    байланысын  бейнелейтін  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-салт-дәстүрлік, 

әлеуметтік-психологиялық  мазмұндағы  көпдеңгейлі  микрофреймдік    тармақтар 

тұтастығына  негізделеді.  Еркек  бейнесін  этникалық  санада  қалыптасқан  «еркектік 

белгілермен»,  ал  әйел  бейнесін  «әйелдік  белгілермен»  кескіндейтін  микрофреймдік 

тармақтар аралық байланыстың нәтижесінде  ұлт мәдениеті  «елегінен» өткізілген тілдегі 

«Адам» бейнесі сомдалады. 

Тіл арқылы жүзеге асатын қалыпты жағдайлар мен оқиғалар туралы білімдер тізбегі 

ретінде  фреймдер  адамдардың  қарым-қатынас  нормаларын,  қажет  білімдер  мен 

тәжірибелер  қорын  сұрыптауға  көмектеседі.  Фрейм  –  концептуальдық  жүйенің  

құрылымдық  элементтерін  танытатын  қарапайым  форма.  Оның  басты  ерекшелігі  – 

концептінің  ең  жақын    семаларынан  құралып,  ең  жақын  ассоциативтік,  стереотиптік 

таңбалар  арқылы  көрініс  табуында 

4,  272-б.



.  Мәселен,  қыз,  келін,  келіншек,  қатын, 

кемпір  т.б. атаулар төңірегіне жинақталатын ассоциативтік, стереотиптік ұғым-түсініктер 

«Әйел» концептісінің ұғымдық-семантикалық өрісін белгілейтін болса, ұл, бозбала, жігіт, 

күйеу,  азамат,  шал  т.б.  атауларының  лексикалық  мағыналарының  этнос  санасындағы  ер 

адам  туралы  концептуальдық  жүйені  құрайтын  ұғым-түсініктермен  ұштасуының 

арқасында    «Еркек»    концептісінің  ассоциативтік-стереотивтік    өрісі  кеңейеді.  Соның 

нәтижесінде ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері «Еркек» және «Әйел» концептілері 

аралық микрофреймдік қарым-қатынастардың фондық негізінде бекиді. 

Дүниенің  паремиологиялық  бейнесінде  «Ұл-қыз»  микрофреймдік  қатынас    қыз 

тәрбиесіне  ұл  бала  тәрбиесіне    қарағанда  өзгеше    мән  беретін  ұлттық  тәрбие  жүйесіне, 

ұлттық  таным  мен  мәдениетте  қалыптасқан  стереотиптік  пайымдарға  негізделеді. 

Қазақтың ұлттық мәдени  өресі «ұл баланы – тілдік-әлеуметтік ұжым ортасында ата-баба 

дәстүрін  жалғастырушы,  әке  орнын  басушы  шаңырақ  иесі,  болашақта  ауыл-аймақ,  ел-

жұртты  басқаратын  басшы  (отағасы,  қолбасшы,  елбасы  т.б.)  деп    таниды.  Ал  қазақ 

қауымында    қалыптасқан    ұғым-түсінік    бойынша:    қыз  бала  –  ер-азамат    отын  жағып, 

отауын  тігу үшін, оның ұрпағын  өсіріп, сол ұрпақтың  бойына халықтың салт-дәстүрін 

дарыту  үшін,  яғни    тәрбиеші  болу    үшін      жаралған  жан.      Сондықтан  да  «ұл» 

микрофреймінде  «еркек»  әлеміне,  ал  «қыз»    микрофреймінде  «әйел»  әлеміне  тән  тілдік-

мәдени  белгілер (символдық мән арқалаған атаулар) орын алады. Мәселен; Ұл – адамның  



тұрағы, Қыз – адамның шырағы, Ит – адамның құлағы  паремиясы құрамында кездесетін 

тұрақ – «адамның тіршіліне қолайлы орын, мекен, жер» дегенді білдіреді. Ол- «еркектік» 

әлемнің  дүниесі,  себебі  оны  ер  адам  таңдайды.  Шырақ  –  «іс-әрекеттің  аяқталуы  мен 

нәтижелі болуы үшін қараңғыда жағылатын шам», оны жағатын әйел. Тұрақ иесі асыраған 

иттің негізгі  қызметі   –  тұрақты сырттан келетін ит-құстан қору.  Қазақ қауымының ұл, 

қыз  және  иттің    негізгі  қызметтерін  бағалаудың  нәтижесінде  тұрақ,  шырақ,  ит  сөздері 

символдық мәнге ие болып, «ұл бала  ата-ананың арқа сүйер, тірлігін жалғастырар тұрағы  

екенін,  қыз  бала  ата-ананың  қуанышы,  өрісі,  түтін  түтеткен  шырағы  екенін,  есік 

алдындағы ит сырттан келген  бөтен адамды, қораны торыған  ит-құсты  хабарлап тұратын 

құлағы екенін» білдіретін Ұл – адамның  тұрағы, Қыз – адамның шырағы, Ит – адамның 



құлағы паремиясы құрамында «ұл» – «қыз» – «ит» фреймаралық қатынасты орнықтырады. 

«Адам  –  Қоғам  –  Табиғат»  үштағандық  тұтастықты  құрайтын  ірі-ірі  концептер 

(«Заман», «Салт-дәстүр», «Ел-жер», «Еркек», «Әйел» т.б.) аралық  байланыстарды түзуде 

танымдық, әлеуметтік, мәдени т.б. сипаттағы сан алуан микрофреймдік құрылымдар бір-

бірін  анықтаушы,  дәйектеуші  қызмет  атқарады.  Мәселен,  ұл  мен  қыздың  ер  жетіп,  есею 

мерзімі паремиологиялық дүние бейнесінде   Он үшінде  ұл – ұлан, Он алтыда қыз – ұлан  

деп  белгіленеді.  Он  үшке  толған  ұлды,  он  алтыға  толған  қызды    атқа  қондырып,  қалың 

қолдың қарасын көбейтуге  мәжбүр еткен, жас ұл-қыздарының жауға олжа болып кетуінен 

сақтанған  «жаугершілік  заман  талабы»  («Заман»  концептісінің  микрофреймдік  элементі) 

«Адам»  концептісінің  «ұл-қыз»  микрофреймдік  қатынастар  жүйесінде    ұл  мен  қыздың 

ержеткен, балиғатқа толған жасын он үш-он бес деп белгілеп қана қоймай, оны көнеден 

келе  жатқан  «далалық  салт-дәстүр»  концептісінің    қыз  айттыру,  құдалық  түсу,  баланы 



 

315 


әменгерлік жолымен үйлендіру т.б. микрофреймдік құрылымын құрайтын элементтермен 

бекітеді  (Ұл    он  үште  отау  иесі).  Аға  өлсе  –  жеңге  мұра,  іні  өлсе  –  келін  мұра    

паремиясы құрамына  енетін  «аға-жеңге»  микрофреймдік құрылымы  арқылы  «Заман»   –  

«Салт-дәстүр»  –  «Еркек»  –  «Әйел»  концептілері  аралық  байланыстың  паремиологиялық 

дүние  бейнесіндегі  қиысу  нүктелерінің  бірі  «әмеңгерлік»  микрофреймдік  тармақ  екенін 

байқауға болады. 

«Еркек-Әйел»  концептілері  аралық  байланысты  сипаттайтын  «ұл-қыз»,  «ата-ана», 

«жиен-немере», 

«әпке-жезде», 

«аға-жеңге», 

«қыз-күйеу», 

«күйеу-қайын» 

т.б. 

микрофреймдік  тармақтардың  қазақтың  мифтік  танымындағы  «жат-жақын»  бинарлық 



жұбымен  ассоциативтік  қарым-қатынасқа  түсуінің  нәтижесінде  паремиологиялық  дүние 

бейнесінде қазақ дәстүріндегі қандық, тектік, туысқандық жіктеменің суретті сипаттамасы 

жасалып, әр микрофреймдік тармақша ұлттық-мәдени сипаттағы кең ауқымды мазмұндық 

тұрпатқа  ие  болады.  Мысалы:  Қыздың  баласы  –  қырғыздың    (өзгенің  баласы)  өз  қып  



тұрған анасы, Ұлдың баласы  –  өзінің баласы, жат қып тұрған  – анасы  паремиясында 

«туыстық  жақындықты  жеті  атадан  қайыруға  байланысты  қалыптасқан  қыздың  баласын 

«жиен»деп  өзгеге  санау,  ұлдың  баласын  -  «ұрпақ  жалағасы»  деп  өзіне  санау  дәстүрі 

көрініс табатын болса, бұл ой Ұл өсіргенің – ұрпақ өсіргенің, Қыз өсіргенің – ұлт өсіргенің 

паремиясындағы  «  ұл  болашақта  өз  орныңды  басушы,  ұрпақ  жалғастырушы,  қыз  бала 

дүниеге ұрпақ  әкеліп, ұлт өрісін кеңейтуші»  деген мағынамен ұласады.    Ұлдың ұяты – 



әкеге, Қыздың ұяты  – шешеге  паремиясында «ұл тәрбиесіне әке жауапты, қыз тәрбиесіне 

шеше жауапты» екенін ескертіп, осыған байланысты «ұлдың жақсы-жаман атағы әкесіне, 

қыздың  жақсы-жаман  атағы  шешеге  келерін»    меңзеген  ұлттық  тәлімнің  негізі  көрініс 

беретін болса, ол ой одан әрі өрбіп, «жас жеткіншек тәрбиесінде оның өсетін ортасының 

да  ықпал-әсері  болатынын»  кеңес  ететін  Ұлың  өссе,  ұлы  жақсылармен  ауылдас  бол, 

Қызың  өссе, қызы жақсылармен ауылдас бол паремиясын қалыптастыруға негіз болады.    

Қызы  бен  келіні  арасындағы    айырмашылықты  терең  бажайлаған  ананың    қызына 

айтқан  болып,  жаңа  түскен  келініне  ащы  шындықты  жеткізуінің  тәсілі    Қызым  саған 

айтам, Келінім сен тыңда паремиясында бейнеленетін болса, қазақ шешенің балаға деген 

қамқорлығы, нақты жәрдемі, берер тәлім-тәрбиесі әкеге қарағанда  мол болатынын  Орақ 



ұстап,  әкең  қалғанша,  Оймақ  ұстап,  шешең  қалсын  деп  білдіреді.    Ал  қайын  жұрт  пен 

күйеу  арасындағы  байланыстың  тым  жақын  орнығуына  шектеу  қойған  қазақ  дәстүрі 



Қайындағы күйеуден  –  қарғылаған тазы  артық деп  қыздың әке-шешесінің босағасына  

ер баланың кетуін қорлық санайды және ол ойын Жаман күйеу – қайын сақ деп бекітеді; 

¤Қалыңсыз    қыз  болса  да,  кәдесіз  күйеу  болмайды  паремиясы  қазақтың  үйлену  салт-

дәстүрімен сабақтасып келіп, қыз алушы жігіттің  қандай жағдайда үйленбесін қыз ұзату 

салтына байланысты жөн-жосынды, әдет-кәдені  орындауға міндетті екенін ескертеді  

5, 



161-549 бб.



Қорыта  айтқанда,  адам  санасындағы  танымдық  және  мәдени  деректерді    жинақтап, 

реттеп отыратын фреймдер ірі-ірі концептер («Заман», «Салт-дәстүр», «Ел-жер», «Еркек», 

«Әйел»  т.б.)  аралық  байланыстарды  тұйықтап,  концептуальдық  жүйені  (ұғым-түсініктер 

жиынтығы) тілдік  жүйемен (мән-мағыналар жиынтығы) жалғастырады. Фреймдер іштей 

микрофреймдік  құрылымдарға  жіктеле  келіп,  адам  санасы  мен  жадыда  сақталған  білім 

қорының  концептуальдық  элементтерін  тіл  бірліктерінің  семантикалық-ассоциативтік 

өрісіне  жинақтайды.  Сондықтан  да  «еркек-әйел»  бинарлық  оппозициясына  қатысты  сан 

алуан  микрофреймдік  құрылымдардың  өзара  сатылай  және  тізбектеле  байланысуының 

нәтижесінде    «паремиологиядағы  адам»    «мәдениеттегі  адаммен»  үнемі  салғастырылып 

отырады,  яғни  тілдік  қолданыста  паремиялардың  түсінікті  болуы  оның  жалпы 

мағынасына  ғана  емес,  паремия  құрамындағы  әр  компоненттің  микрофреймдік 

құрылымына да тәуелді болады. 

 

 

Әдебиеттер 



 

316 


1. Кирилина А.В. О применении понятия гендер в русскоязычном лингвистичес -

ком описании // Филологические науки. –М., 2000. -№3. -С. 38-45. 

2. Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер 

(гендерлік зерттеу): филол. ғыл. канд. ... дисс. : 10.02.02. – Алматы: әл-Фараби 

атындағы ҚазМҰУ, 2003. -150 б. 

3.Кирилина А.В. Гендер: лингвистические аспекты. –  М., 1999. - С. 19. 

4.Оразалиева  Э.Н.  Когнитивтік  лингвистика:  қалыптасуы  мен  дамуы.  -  Алматы:  Ан 

Арыс, 2007. -312 б. 

5.Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. – Алматы: Толағай, 2004. -560 б. 

 

 



 

 

Ш. П. Қарсыбекова 



Түркістан қ. 

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ   



  

Халық  даналығының  қазына-байлығы  саналатын  мақал-мәтелдер  (ММ)–  тіл 

арқылы  адамзат  қауымының  асыл  арманын,  ақыл-парасатын,  өмірлік  тәжірибесін, 

дүниетанымын  ұрпағына  ғибрат  етіп  ұсыну  әрекеті  нәтижесінде  туындап, 

қалыптасқан рухани құбылыс. Ол халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін қойма, 

ғаламның  тілдік  бейнесі  ретінде  ұлттың  эстетикалық  таным-талғамын,  шаруашылық 

кәсібін,  мінез-құлық,  ырым-нанымын,  ұлттық  рухты  тек  тілде  ғана  жан-жақты 

танытушы, таным бәйтерегі. ММ-дерді даналардан қалған аталар сөзі десе де болады. 

Бұл  –  ұлт  даналығын  араға  талай  ғасырлар  салып,  бүгінгі  ұрпаққа  нақыш-бояуын 

солғындатпай,  мән-мағынасын  бәсеңдетпей,  көркемдігі  мен  бейнелілігін  жоғалтпай, 

тұтас  жеткізіп  отырған  ана  тіліміздің  құдіретті  күші.  Солай  болғандықтан,  ММ-дер 

бізге  етене  жақын  әрі  түсінікті.  ММ-дерден  біз  өмірді  танимыз,  дұрыс  бағыт-бағдар 

аламыз. 

ММ-дер айтылатын ойдың бағытына қарай тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін 

білдіріп,  тыңдаушысына  ой  салады,  терең  әсер  етеді,  зор  талғаммен  өз  орнында 

қолданылады.  ММ-дер  ғасырлар  бойы  екшелген,  қырланған,  алуан  мазмұнды,  сан 

тақырыпты болумен қатар, “адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда 

кездесетін әртүрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, 

тұжырымды түйін есебінде қолданылады” [1].  

Қазақ  тіліндегі  ММ-дерді  ғылыми  тұрғыдан  жүйелі  түрде  зерттеп, 

классификациялау – бүгінгі таңдағы ең өзекті, түбірлі мәселелердің бірі. Бұл мәселе 

кез  келген  паремиолог  ғалымдарды  толғандыратыны  сөзсіз.  Классификациялау 

принципі  –  табиғаттануда,  ғылымда  және  философияда  қандай  өзекті  мәселе  болса, 

мақал-мәтелтаным ғылымында да сондай негізгі рөл ойнай алады.  

“Классификация  наук  из  которых  каждая  анализирует  отдельную  форму 

движения  или  ряд  связанных  между  собою  и  переходящих  друг  в  друга  форм 

движения”  [2].  Ф.Энгельстің  классификация  жөніндегі  пікірі  тікеден  тіке  әртүрлі 

субъектизмге,  формализмге,  сан  алуан  қимылдың  формаларын  тексеру  үшін  адам 

өзінше  таңдап  алмастан,  сол  нәрсенің  ішкі  және  сыртқы  негізгі  қасиеттерінің 

негізінен  шығу  –  объективті  түрде  шешуге  жол  көрсетеді.  В.Даль  ММ-дерді 

классификациялауда мынадай пікірді айтады: “Расположение пословиц по смыслу их, 

по  значению  внутреннему,  переносному,  как  притча,  кажется,  самое  верное  и 

толковое” [3]. 


 

317 


Паремиолог ғалым Г.Л.Пермяков: “Вопрос о научной классификации пословиц и 

поговорок  –  коренной  вопрос  современной  паремиологии,  без  решения  которого  не 

может развиваться сама эта наука” – деп көрсетеді [4].  

Шығыс  халықтары  ММ-дерді  ойлылардың,  ақылдылардың,  көрегенділердің, 

зейінділердің тілі деп атады.  

Паремиология  –  ММ-дер  мен  әр  алуан  қанатты,  нақыл  сөздерді  жан-жақты 

зерттеуге  байланысты  пайда  болған  тіл  білімінің  дербес  те  жаңа  салаларының  бірі. 

Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын ММ-дер 

–  тіл  атаулының  баршасына  тән,  өзіндік  ерекшелігімен  көзге  түсетін  әмбебап 

құбылыс. Кеңестік тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді; 

оның  біріншісі  –  қоғам  мүшелерінің  өзара  түсінісуіне,  пікір  алысуына  қажетті 

қатынас  құралы  ретіндегі  коммуникативтік  қызметі  де,  екіншісі  –  өмір  шындығын, 

барлық  болмысты  өзінде  бейнелеп  көрсету  қызметі  [5].  ММ-дердің  табиғатына  тән 

қасиет  тілдің  осы  екінші  қызметіне  байланысты,  өйткені  олар  белгілі  бір  тілде 

сөйлеуші  халықтың  өткен  өмірі  мен  барлық  болмысының  куәгері  іспеттес,  оның 

дүниетанымы  мен  даналығын  бойында  сақтап,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа 

үзілмей  ауысып  келе  жатқан  асыл  мұра,  рухани  қазына  болып  саналған. 

Паремиология  ғылымы  ММ-дерді  тек  тіл  фактісі  ретінде  зерттегенімен,  оларды 

лингвистика  аясымен  ғана  шектеуге  болмайды.  Себебі  ММ-дердің  бойында  бір  ғана 

көркем  сөз  тәсілінің  ауқымына  сия  бермейтін  көптеген  басқа  да  қасиеттер  мол 

шоғырланған.  Бұл  қасиеттерді  кеңінен  зерттеймін  деушілерге  ММ-дердің  шертер 

сыры  мол.  Біле  білсек,  халықтың  дүниетанымын,  болмыстың  объективтік 

заңдылықтарын,  тылсым  табиғаттың  сан  алуан  сырын  ұққысы  келген  философ 

ғалымдар  да,  халықтың  өткен  өмірін,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын,  әдет-

ғұрпы  мен  діни  наным-сенімдерін  зерттегісі  келген  экономист,  тарихшы,  этнограф 

ғалымдар  да  тәрбие,  дидактика  мәселесіне  байланысты  педагогтар  да,  ауыз 

әдебиетіне  тән  көркем  сөз  поэтикасын  зерттеушілер  де,  сондай-ақ  басқа 

ғылымдардың өкілдері де ММ-дер табиғатынан өзіне қажетті мол мағлұмат табатыны 

сөзсіз.  

ММ-дерді  тіл  фактісі  тұрғысынан  зерттеуші  паремиолог-ғалымдардың  пікіріне 

қарағанда,  олар  ең  алдымен  өзінің  мән-мағынасы,  мазмұны  мен  тұлғалық 

ерекшеліктеріне  байланысты  назар  аударады.  ММ-дердің  шығу  тарихы  мен  пайда 

болу  жолдары,  тілі  жақын  туыстас  халықтар  үшін  ортақтығы,  логикалық  сәйкестік, 

образдылық,  бейнелеу  тәсіліндегі  шендестік  т.б.  толып  жатқан  мәселелер 

паремиологияның объектісіне жатады.  

ММ-дерді  мән-мағынасына  және  тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланысты 

топтастыра зерттеу ерекше орын алады. Бұл салада бүкіл Шығыс халықтарының ММ -

дерін  жан-жақты  зерттеп,  олардың  жүйелі  түрдегі  ғылыми  классификациясын 

жасаушы  белгілі  кеңес  ғалымы  Г.Л.Пермяковтың  есімін  ерекше  атауға  болады.  Ал 

түркі  халықтар  тіліндегі  ММ-дердің  зерттелу  жайына  келсек,  әлі  күнге  дейін  ауыз 

толтырып  айтарлықтай  жұмыс  істелмей  келеді.  Әрбір  тіл  бойынша  шыққан  ММ-дер 

жинағын  [6]  санамағанда,  бұл  тілдердегі  ММ-дер  ғылыми  тұрғыдан  аз  зерттелген 

саланың  бірі,  кейбір  тілдердегі  бірлі-жарымды  филологиялық  [7]  және 

лингвистикалық [8] зерттеулер болмаса, паремиологияның түркі тілдері бойынша әлі 

негізі қаланған жоқ деп айтуға болады. Басқа туысқан тілдерге қарағанда қазақ ММ-

дерінің жинағын шығару, басқа халықтардың ММ-дерін қазақшаға аудару [9] сондай-

ақ  оларды  тарихи-филологиялық  тұрғыдан  зерттеу  жұмыстарының  біршама  ілгері 

екендігін айтпауға болмайды.  

ММ-дердегі тұлғалық тұрақтылық, сайып келгенде, оның біртұтас мағынасы мен 

мазмұнына  байланысты. Мағына  мен  мазмұнның  тұтастығы қоғам  мүшелерінің  өмір 

тәжірибесінен  алған  тағылымы  мен  танымынан  туындаған  ой-пікірдің,  лексикалық 

тұжырымның  әсерлі  бейне,  сан  алуан  образбен  қат-қабат  астарласа,  жалғаса 



 

318 


көмкерілуіне байланысты. Себебі, ММ-дер тұлғасына тән дәстүрлік тұрақтылық (оны 

паремиологияда “клише” деп атайды) қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған 

стандарт  болса  да  абсолюттік  ұғым  емес,  ол  тілдің  тарихи  дамуына  байланысты, 

көрші  тілдердің  әсерінен,  сондай-ақ  тілдің  ішкі  даму  заңдылықтарына  сәйкес, 

стильдік  қолданысқа,  сөз  зергерлерінің  сөз  саптау  шеберлігіне  байланысты  әр  түрлі 

өзгерістерге  түсіп  отырады.  Бірақ  бұл  өзгерістер  ММ-дердің  жалпы  мазмұн-

мағынасына,  бүкіл  тіркеске  негіз,  дәнекер  болып  тұрған  образ-бейнеге  ешқандай 

нұқсан  келтіре  қоймайды.  ММ-дердің  осылайша  әртүрлі  өзгерістерге,  тұлғалық 

модификацияларға  ұшырауы  салдарынан  пайда  болған  тіл  практикасында  бір-ақ  рет 

қолданыс  табатын  түрлерін  инварианттар  деп  атаймыз.  Инварианттардың  пайда 

болуында белгілі бір заңдылық жоқ. Инварианттық өзгерістер автордың тек өз еркіне, 

асыл асты әр қырынан бір көрсетіп құбылта білетін шебердей, ММ-дердің көркемдік 

өрнегін,  образы  мен  бейнелеушінің  әсерін  пайдаланылатын  талантына  байланысты 

[10].  


Жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей,  кеңес  ғалымы  Г.Л.Пермяков  [11]  жинағында 

200  ұлт  өкілдерінің  50  мыңға  жуық  ММ-дерін    ең  жоғарғы  4  логика-семиотикалық 

инварианттарға бөліп топтастырған. Қазақ тіліндегі ММ-дерді мазмұн-мәнініне қарай 

классификациялау принциптерін Г.Л.Пермяков ұсынған әртүрлі жүйедегі фактілеріне 

сүйеніп қарастырамыз. Г.Л.Пермяков ММ-дерді классификациялауды 5 түрлі пікірде 

айтып көрсетеді: 

1)

 

Алфавиттік классификациялау 



2)

 

Тақырыптық классификациялау 



3)

 

Генетикалық классификациялау 



4)

 

Монографиялық классификациялау 



5)

 

Лексикалық классификациялау 



Осы принциптердің ішінен тематикалық (тақырыптық) классификациялау ең тиімді 

классификация  болып  саналады.  Бұл  пікірді  кеңес  ғалымдары  Б.Н.Путилова, 

А.М.Жигулева,  Ф.М.Селиванова,  В.Чичеров,  В.П.Андрианова-Перец,  К.Самородов, 

В.П.Анихин т.б. да растайды.  

ММ-дер  –  халықтың  белгілі  бір  өмір  тәжірибесінен  шыққан  айқын  ойды  үлгі-

насихат,  өнеге-өсиет,  ақыл  ретінде  қысқа  қайырып,  көркем  бейнелеп  жеткізетін 

халықтың  дана  нақыл  сөзі.  Бұлар  өзінің  тақырыбы,    мазмұны,  мағынасы  жағынан 

қоғамдық  құбылысты  жан-жақты  қамтып,  өмірдегі  әрқилы  қарым-қатынасты  өткір, 

әсерлі  етіп,  көркем  суреттеп  отырады.  ММ-дер  бір  дәуірдің  ғана  жемісі  емес,  олар 

халықтың тарихымен тығыз байланысып, біте қайнасып жатады. ММ-дер өзінің ішкі 

мазмұны,  мағынасы  жағынан  әрбір  дәуірдегі  түрлі  тарихи  оқиғаларды,  халықтың 

әдет-ғұрпын,  салтын,  тұрмыс  дәрежесін  бейнелейді.  Осыған  байланысты  ММ-дер 

тақырып, мазмұн, мағына жөнінен әр алуан, әрі бай, әрі ұғымды болып келеді. ММ -

дер  тақырыпқа  өте  бай.  Әрбір  тақырыпта  өмір  құбылысының  бейнеленбей  қалатын 

түрлері  болмайды.  Көпшілік  жұртшылық,  еңбекші  халықтың  өмірде  сезгені  мен 

көргенінің  бәрі  осы  ММ-дер  арқылы  бейнеленеді.  Басқаша  айтқанда,  ММ-дер 



“Халықтың  тек  қана  көркем  өнері  емес,  әрі  философиясы,  әрі  ғылымы,  әрі  тәрбие 

құралы” [12].  

В.Даль:  “ММ-дерді  тудырушы  қарапайым  халық.  ММ-дер  –  тарихи  категория. 

Заман  өзгеріп,  халықтың  дүниеге  көзқарасы,  әдет-ғұрпы,  салты  өзгеріп,  білімі, 

мәдениеті  артқан  сайын,  өзіне  терең  мазмұнды,  дұрыс  идеялық  мағынаны  талап  ете 

бастайды. Соған орай ММ-дердің тақырыптары да молыға түседі” [3].  

Ең алғаш баспа бетіне шыққан ММ-дер 1876 жылы 150-ге жуық болатын. Небәрі 

ол ММ-дер 7 ғана тақырыптық топқа топтастырылған. Олар: 

1.

 



Құдайға, дінге көзқарас 

2.

 



Ұят, ар. Адамшылық туралы 

3.

 



Үкімет, ел басшылары 

 

319 


4.

 

Дүние, қоғам туралы 



5.

 

Үй-іші, туысқандық туралы  



6.

 

Жеке адамдар туралы 



7.

 

Табиғат, әлемге көзқарас  



В.Катаринский 

жинағында 

[13] 

ММ-дер 


21 

тақырыптық 

топқа 

классификацияланып берілген. Олар: 



1. Құдай, періште, діни ұғымдар   12. Байлық-кедейлік 

2. Ел басшылары   

 

  13. Достық 



3. Адам жөнінде 

 

 



  14. Денсаулық, ауру 

4. Әйелдер туралы   

 

  15. Түрлі халықтар туралы  



5. Балалар   

 

 



  16. Ұрлық туралы  

6. Ата-ана   

 

 

  17. Қонақ және сауық 



7. Білім, ғылым 

 

 



  18. Жануарлар мен құстар 

8. Сөз  


 

 

 



  19. Үй және мүлік жайында 

 

9. Еңбек 



 

 

 



  20. Жолаушылық   

10. Жақсылық-жамандық   

  21. Жалпылама мақалдар 

11. Шындық-өтірік 

В.Катаринский  жинағы  қазақ  ММ-дерін  ең  алғаш  белгілі  бір  жүйемен 

топтастырған  және  өте  көлемді  еңбек  болып  табылады.  Бұл  жинаққа  енген  ММ-

дердің тақырыбы бай, халық өмірінің әртүрлі саласын қамтыды [14]. 

Әрбір  халықтың  рухани-мәдени  өмірінде  ММ-дердің  атқаратын  қызметі  зор. 

Олар  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  қызметімен  қатар  өткен  өмір  мен  бүгінгі 

заманды және болашақты, ұрпақ пен ұрпақтың арасын жалғастырып тұратын “Алтын 



көпір  ”  іспеттігімен  ерекшеленеді.  Сондықтан  да  этнос  өмір-тіршілігінің  барлық 

түйіндері  (салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  дүниетаным,  тіршілік  көздері  мен  тәсілдері, 

қарым-қатынас  тағы  басқа)  келіп  тоғысатын  мақал-мәтелдердің  күрделі  табиғатын 

танып  білу  тек  әдебиетші,  тілшілердің  ғана  еншісі  емес,  оған  философтардың  да, 

халық педагогикасының да, этнографтардың да, психологтардың да тағы басқа ғылым 

салаларының  да  тікелей  қатысы  бар.  Бұл  ғылымдардың  басын  қосып  жүрген 

паремиология  саласы олардың  мақсат-мүддесін  толық  қамтып,  үдесінен  шыға  алмай 

жүргені  белгілі.  Сондықтан  да  болар,  күні  бүгінге  дейін  ММ-дерге  бағышталған 

паремиологиялық  және  этнолингвистикалық  зерттеулерде  олардың  саны  мен 

сапасын, ішкі мазмұны мен мәнін айқындау, жүйелеу, классификациялау мәселесі өз 

дәрежесінде шешіле қойған жоқ. Бұл жағдайды біз қазақ ММ-дерінен айқын көреміз. 

Бұл саладағы зерттеулердің ішінен славян т.б. Шығыс және Еуропа тілдеріндегі 

ММ-дерді  ғылыми  тұрғыдан  жүйелі  түрде  зерттеп,  оларды  мазмұн  жағынан 

классификациялау 

принциптерін 

айқындап 

жүйеге 

салған 


ғалымдардан 

Г.Л.Пермяковтың  еңбектерін  [15,  4,  6,  16]  ерекше  атау  ләзім.  Өйткені  дәл  осы 

дәрежедегі  терең  де  жан-жақты  зерттеуді  біз  басқа  тілдерден,  соның  ішінде  түркі 

тілдерінен кездестіре алмадық.  

Г.Л.Пермяков  әртүрлі  жүйедегі  тілдердің  фактілеріне  сүйене  отырып,  ММ-

дердің  мазмұны  мен  мәні  жағынан,  логикалық  негізі  мен  тақырыптық  шеңбері 

жағынан  әмбебап  құбылыс  екенін  дәлелдей  келе,  кез  келген  тілдегі  ММ-дерді  ортақ 

бір жүйеге салып, әртүрлі деңгей-дәрежеде: логика-семиотикалық инвариант ретінде, 

логика-семантикалық  топ  ретінде  және  логика-тақырыптық  кіші  топ  ретінде  іштей 

жіктеп,  классификациялап  қарауға  болатынын  дәлелдеп  шыққан.  Біз  өз 

жұмысымызда  сан  алуан  қазақ  ММ-дерін  топтастыруда  Г.Л.Пермяковтың  аталмыш 

принциптеріне  сүйендік  және  оларды  өз  материалдарымыз  негізінде  жалғастыра 

түсуге,  өз  тұсымыздан  көптеген  жаңа  топтарды  айқындап,  олардың  анықтамаларын 

нақтылы мысалдармен көрсетуге әрекеттендік.  



 

320 


Мәселенің  басы  айқын  болу  үшін  біз  ең  алдымен  Г.Л.Пермяковтың  ұсынған 

принциптерінің  өзін  схема  түрінде  келтіріп,  олардың  әрқайсысына  мысалдар  беруді 

жөн көрдік.   

Общий фонд ПП 

 

Высший логико-семиотический инварианты 



  

Логико-семантические конструктивные типы ПП 



 

Логико-семантические подгруппы 

 

Логико-тематические группы 



 

ММ-дерді  мазмұн  жағынан  топтастырудың  принциптерін  қазақ  тілі  фактілері 

негізінде қарастырып көрейік.  

Ең биік деңгейде тұратын, ауқымы кең, мағынасы жалпылама түрде ортақ ММ-

дер 

тобы, 


жоғарыда 

көрсетілгендей, 

“Ең 

жоғарғы 


логика-семиотикалық 

инварианттарды”  [16]  құрайды.  Бұл  топтың  өзіндік  анықтамасы  болуы  шарт.  Ол 

анықтама,  әдетте,  жалпы  инварианттар  тобына  қатысты  және  оған  сатыланып 

бағынатын  өзінен  кейінгі  деңгейдегі  ММ-дердің  мазмұнын  қамтуға  тиісті.  Басқаша 

айтқанда,  ең  жоғарғы  инварианттар  тобына  берілетін  анықтама  төменгі  сатыдағы 

оған  қатысты  топтардағы  ММ-дердің  мазмұн-мағынасын  өз  ішіне  толық  сыйғызуы 

керек. Ал бұл басты топқа сатыланып бағынып тұратын кіші топтардың өздері кейде 

іштей жіктеле түсуі де мүмкін.  

 

Әдебиеттер 



1.  Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1974.  

2.Энгельс Ф. Диалектика природа. М., 1950. 

3.  Даль В.И. Пословицы русского народа. М., 1957. 

4.  Пермяков Г.Л.  Основы структурной паремиологии. М., 1988. 

5.  БСЭ. Москва, 1978, том 30, 465 б. 

6. Пермяков Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. М., 1979. 

7.    Закиров  С.  Роль  пословиц  и  поговорок  и  их  бытования  //  “Ленинчил  жаш”, 

1957. 13.02. 

8.    Аннонурова  А.  Синтаксические  особенности  туркменских  пословиц  и 

поговорок. Ашхабад, 1960. 

9.  Әлімбаев М. Мақал-мәтелдер. Маржан сөз. Алматы, 1971. 

10.    Қайдар  Ә.Т.,  Тұрабаева  Ғ.  Қазақ  мақал-мәтелдерінің  авторлық-стильдік 

инварианттары  жайында  //  Қаз  ССР  ҒА  Хабарлары.  Тіл  мен  әдебиет  сериясы. 

Алматы, 1982, № 37. 

11.  Сәрсенбаев  Р.  Қазақ  мақалдары  мен  мәтелдерінің  лексика-стилистикалық 

ерекшеліктері. Алматы, 1961. 

12.    Жұмалиев  Қ.  Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясы  және  Абай  поэзиясының  тілі. 

Алматы, 1948. 

13. Ораторское исскуство. Хрестоматия. М., 1978. 

14.  Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 

15. Пермяков Г.Л. Избранные пословицы и поговорки народов Востока. Москва, 

1968. 


16. Пермяков Г.Л. От поговорки до сказки. М., 1970. 

 

321 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет