ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ALIKHAN BOKEYKHAN UNIVERSITY
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері» пәнінен практикалық жұмысты орындау бойынша
Семей 2023
Кіріспе 4
№ 1 Тақырып Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсіп-даму заңдылықтары. 5
№ 2 Тақырып Ағза функцияларының жүйкелік реттелуі. 6
№ 3 Тақырып Жоғарғы жүйке жүйесі және оның жастық ерекшеліктері.
№ 4 Тақырып Көз ауруларының алдын алу
|
|
20
|
№ 5 Тақырып Есту анализаторлары.Есту гигиенасы.
|
|
22
|
№ 6 Тақырып Ішкі секрециялық бездерінің гипо және
функциялары
|
гипер
|
24
|
№ 7 Оқушылардың дұрыс сымбатын тәрбиелеу. 28
№ 8 Тақырып Қан құрамы. Балалардағы қан аурулары туралы 28
түсінік.
№ 9 Тақырып Инфекциялық аурулардың берілу жолдары.
Шымырлану 30
№ 10 Тақырып Ас қорыту жүйе 31
№ 11 Тақырып Тыныс алу мүшелерінің атқаратын
қызметтерінің бұзылуы және олардың алдын алу 37
№ 12 Тақырып Мектеп мүлігіне қойылатын гигиеналық 44
талаптар
№ 13 Тақырып Дұрыс тамақтану. 46
№14 Тақырып Бүйрек және зәр шығару мүшелері
ауруларының алдын алу. 47
№ 15 Тақырып Аяқ киім және киім гигенасы . 49
Қолданылған әдебиетте 50
Кіріспе
1.Физиология тірі ағзаның, оның жеке жүйелерінің, мүшелерінің, ұлпаларының және клеткаларының әрекетін, атқаратын қызметін жүйелі түрде адам ағзасының ішкі және сыртқы ортасымен байланыстыра зерттейтін ғылым. Физиологияның даму кезеңіне зор үлесін қосқан ғалымдар – М.В.Ломоносов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, А.Л.Полосухин және т.б.
Жасқа сай физиологиясы пәннің максаттары, міндеттері.
балалардың физикалық және психикалық ерекшеліктерін ұрпақтық және даму ортасының роліне материалистік ойда болашақ ұстазды оқыту
балалардың жоғарғы нерв жүйесінің заңдылықтарының ұстаздық тәрбиесі, қызметте қолдана білу;
мидың күрделі аналитикалық-синтетикалық қызметін түсіну, сезіну анализаторлары мен сыртқы дүниенің толық бейнесін қалыптастыру қабілеттілігін түсіну.
Организм ағзалары нервтік , гуморалдық және гормоналдық реттелу механизмдер мен іске асырлады.Нервтік екі түрде реттеледі, соматикалық және вегетативтік жолдармен. Соматикалық реттелу , дене бұлшық еттерін яғни қанқа еттерін реттеу. Ал вегетативтік ішкі ағзаларды және қан тамырларын реттеу механизмдерін айтамыз.
Өсу- бұл анатомиялық және морфологялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік- жыныстық белгілердің бірі болып табылады.
Балалармен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Оранизмдегі клеткалардың санымен салмағынң ұлғаюуына байланысты дене көрсеткіштерінің артуы өсу деп аталады.
№ 1 Тақырып Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсіп-даму заңдылықтары..
Пәннің негізгі мақсаттары, міндеттері .
Пәннің тарихы. Басқа пәндермен қатынасы.
Өсу және дамудың жалпы заңдылықтары.
Физиология тірі ағзаның, оның жеке жүйелерінің, мүшелерінің, ткандердің және клеткаларының әрекетін, атқаратын қызметін жүйелі түрде адам ағзасының ішкі және сыртқы ортасымен байнастыра зерттейтін ғылым. Физиологияның даму кезеңіне зор үлесін қосқан ғалымдар – М.В.Ломоносов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, А.Л.Полосухин және т.б.
Жасқа сай физиологиясы пәннің максаттары, міндеттері.
балалардың физикалық және психикалық ерекшеліктерін ұрпақтық және даму ортасының роліне материалистік ойда болашақ ұстазды оқыту
балалардың жоғарғы нерв жүйесінің заңдылықтарының ұстаздық тәрбиесі, қызметте қолдана білу
мидың күрделі аналитикалық-синтетикалық қызметін түсіну, сезіну анализаторлары мен сыртқы дүниенің толық бейнесін қалыптастыру қабілеттілігін түсіну
Организм ағзалары нервтік , гуморалдық және гормоналдық реттелу механизмдер мен іске асырлады.Нервтік екі түрде реттеледі; соматикалық және вегетативтік жолдармен. Соматикалық реттелу , дене бұлшық еттерін яғни қанқа еттерін реттеу. Ал вегетативтік ішкі ағзаларды және қан тамырларын реттеу механизмдерін айтамыз.
Өсу- бұл анатомиялық және морфологилық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік- жыныстық белгілердің бірі болып табылады.
Балалармен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Оранизмдегі клеткалардың санымен салмағынң ұлғаюуына байланысты дене көрсеткіштерінің артуы өсу деп аталады. Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар;
1.бойы 2.салмағы 3.көуде шеңбері.
Өсу мен қатар организмде дамуда жүріп жатады. Даму сапалық көрсеткіш. Орнанизмнің дамуы деп сандық көрсеткішінің сапалық көрсеткіштеріне айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруы.бір сөзбен баланың ақыл – ой өрісінің жетіліп молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түұрлі болады.
физикалық 2.функциялық
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей;мүшенің ұзындығы,ені,көлемі, салмағы.алып жатқан орыны.
Функциялық көрсеткіштері атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі. Мысалы жүректің функциясының дамуын анықтау үшін минуттық көлемін өлшейді.
Адамның өмірін негізінде 3 кезеңге бөлуге болады: 1.өсіп даму жетілу.
кемелдену
қартаю
Бұл 3 нің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшепорганизмнің даму дәрежесін анықтап, сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмілетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамассыз ету. Бұған қоса әлуметтік қызметтерді атқару, қоғамдық жұмыстарға араласу.Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста,ал ұлдарда 13-14 жаст басталады.
Өсу қарқыны адам өмірінде 3 рет күшиеді. 1.туғаннан-3 жасқа дейін
2.3жастан-7 жас арасында. 3.жыныстық жетілу кезінде.
Өз жасынан ерте жетілуін – акселерация деп атайды. Мысалы; белгілі жас мерзімінде сол жасындағы денесінен ірі болып ерте жетілуі.
Жас кезеңдері деп- өсу мен даму ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей, уақыт өлшемінің шегі. Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлуге болады.
1.жаңа туған сәби-(алғашқы 10 күн өмірі) 2.емшектегі сәби-10күннен -1 жасқа дейін 3.алғашқы балалық шақ-1-3 жас аралығы 4.бірінші балалық шақ- 4-7 жас
екінші балалық шақ- Қыздар -8-11 жас. Ұлдар-8-12жас
жеткіншек немесе жасөспірім шақ- қыздар-12-15жас, ұалдар-13-16жас 7.кәмілеттік бойжеткендік/жігіттік шақ- қыз-16-20жас,жігіт-17-21жас 8.кемелге келу/ересектік мерзімнің 1-ші жартысы әйел-21-35,ер-22-35жас
9. ересектік мерзімнің 2-ші жартысы әйел-36-55,ер-36-60жас 10.егде жас – әйел-55-74,ер-60-74 жас
11 қариялық немесе кәрілік жас- 74-90 тең екеуінде де 12.ұзақ өмір сүрушілер-90 жастан әрі қарай.
Әр бір жас кезеңдерінің ауысу уақытын өзгерту мерзімі болады. Кейбір зерттеушілер оны мүшел жас деп атапта жүр; яғыни бір кезеңнен екінші бір кезеңге өзгеруін ауысу мерзімі немесе мүшел жас деп атайды.
Қарастырылған сұрақтар.
баланың өсуі дегеніміз не?
баланың дамуы дегеніміз не? Әдебиет – 1,5
№ 2 Тақырып Ағза функцияларының жүйкелік реттелуі.
Ағза функцияларының жүйкелік реттелуі.
Қозу дегеніміз не?
Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион жасушалардың әр қайсысының құрылысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері біркелі болмайды. Олардың өзара қарым-қатынасы, әрекеттік жүйелердегі ағзалар мен тіндердің байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты әсерлері де әртүрлі. Әр жүйенің элементтері мен жасушалары арасында ақпараттар алмасуы үзілмейді.
Ақпарат үш түрлі жолмен таралады. Біріншіден, бір жасушадан екінші жасушаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді. Екіншіден хабарларды қан мен лимфада және жасушааралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді. Үшіншіден ақпараттыі ең тез таралу жолы –электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпіністері арқылы керекті хабарларды бұлжытпай шеткі ағзалардан орталық жүйке жүйесіне одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу.
Тірі организмде тіндерді «қозғыш», «қозбайтын» деп екі топқа бөлуге болады. Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер, сөл бөлетін бездер, ал қозбайтын тіндер қатарына дәнекер тін шеміршек, терінің беткей тіндер эпителийлері жатады.
Қозғыш тін тітіркендірілсе, оған жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады, яғни тін тыныштық қалпынан қызмет жағдайына көшеді, оның белсенділігі жоғарлайды. Тіннің тітіркендіргіш әсеріне жауап беру қабілеті, оның қозғыштық қасиеті болып саналады.
Қозғыш тіндердің екінші физиологиялық қасиеті қозу үрдісін өткізу. Ет тіндері үшін үшінші қасиет –жиырылу, ал без тіндері қозу салдарынан сөл бөледі.
Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданылады. Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтыр етінен тұрады.
Барлық тірі клеткалар мен ұлпалар белгілі бір әсерлер қабылдап, оған жауап ретінде өздеріндегі зат алмасу процесінің деңгейін өзгерте алады, осыдан олардың тиісті функциональдық күйі өзгереді. Мұны тітіркену деп атайды.
Ф. Энгельс айтқандай, тітіркенгіштік барлық тірі материяға тән болатын жалпы ортақ қасиет. Тірі құрылымдар мен оларға әсер етуші факторлар арасындағы өзара әрекеттесудің жалпы заңдылықтарын қозу физиологиясы зерттейді.
Осыған орай ол құрылымдарды қозғыш құрылымдар деп те атайды. Әдетте мұндай құрылымдарға ет, нерв және секреторлық клеткалар мен ұлпалар жатқызылады. Бұларға әсер етуші сыртқы және ішкі орта факторларын немесе материя қозғалысының әр түрлі формаларын тітіркендіргіштер деп атайды, ал әсердің өзін тітіркендіру дейді.
Тітіркендіргіштерді күшіне қарап та ажыратады. Осыған орай олардың әсерін табалдырық, табалдырықтан жоғары, максимальды, субмаксимальды, супермаксимальды деп ажыратады. Бұл жіктеу бір жағынан ететін әсердің күшіне, екінші жағыныан олар тудыратын эффектіге де байланысты. Эффект қозу түрінде білінеді.
Қозу дегеніміз – тиісті адекватты тітіркендірудің күші мен әсер ету ұзақтығы жеткілікті болған жағдайда клетка мен ұлпада зат алмасу процесі өсе келе сапалы жаңа деңгейге жеткенде олардың өздеріне ғана тән спецификалық белсенді реакция көрсетуі. Қозу қозғыштық қасиеттің арқасында іске асады. Қозғыштығын жоғатқан клеткада, ұлпада, мүшеде қозу тумайды.
Сондықтан қозғыштықты тірі құрылымдардың тірлігін көрсетін негізіг қасиет деп түсіну керек. Физиологиялық эксперименттерде тітіркендіргіш ретінде негізінен электр тоғын пайдаланады. Себебі біріншіден эксперименттатор электр тоғының күшін нақты және өз қалауынша өзгерте алады. Егер әсер нерв арқылы берілсе –жанама, ал тікелей бұлшықетке берілсе- тура тітіркендіру деп аталады.
Биоэлектрлік құбылыстар
Тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді биоэлектрлік құбылыстар деп атайды.
ХХI ғасырдың басында электр тоғын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін физикалық құралдардығ мәселен гальванометрдің жасалуына байланысты тірі ұлпадағы электрлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік туады. Қазіргі кезде аталған мақсаттарда ең жетілдірілген электр өлшегіш құралдар –аз инерциялы шлейфті осциллограф пен инерциясы жоқтың қасындағы катодты осциллограф қолданылады.
Биопотенциал түрлері: тірі ұлпада болатын электрлік құбылыстардың
( биопотенциалдың, яғни биотоктардың) бірнеше түрін айырады. Олар: тыныштық (мембраналық), зақымдану (альтерациялық), электрондық, локальдық (таралмайтын), қақпа, әрекет (бір фазалы және екі фазылы), табалдырық потенциалдары. Енді осы ұғымдардың мәнісін және олардың пайда болу механизмдері туралы түсініктерді айтады.
Мембраналық потенциал –дегеніміз протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық. Мембрананың сыртқы беті әдетте оң, ал ішкі беті теріс зарядталған.
Осциллографты пайдаланып оның микроэлектродтарының бірін ет жасушасының ішіне енгізіп, екіншісін сол жасуша мембранасының сыртқы бетіне жақын бекітсе, осциллографтың сәулесі бірден ішкі электродқа қарай жылжиды да протоплазманың теріс зарядын, биоток мөлшерін көрсетеді.
Электрондық потенциал. Егер цитоплазмада тұрған электрод арқылы деполяризациялаушы электр тогының әр түрлі күші бар импульстарымен аксонды тітіркендірсе, келесі электрод арқылы мембраналық потенциалдың түрлі өзгерістерін тіркеп алуға болады. Соның бірі электрондық потенциал. Осы кезде мембрананың ион өткізгіштігі өзгермесе де пассивті деполяризация жүреді.
Осыны электрондық деполяризация немесе электрондық потенциал деп атайды. Аталған өзгерістер тек тітіркендіргіштің әсер ететін уақытымен ғана шектеледі.
Локальдық потенциал. Мұны алу үшін тітіркендіру күшін табалдырықтың 0,5 –тей шамасынан бастап 0,9-дай шамасына дейін жеткізеді. Бұл жағдайда деполяризация тітіркендіру күшіне тәуелді түрде дамиды. Пассивті деполяризацияны белсенді деполяризация жаслғастырады, өйткені белгілі дәрежеде мембрананың ион өткізгіштігі өзгеріп, Nа иондарының ішкі ортаға өтуі біраз жылдамдайды. Деполяризация процесі тітіркендіру тоқтағаннан соң да біраз өсіп барып, содан соң біртіндеп жойылады.
Осы деполяризация процесін локальдық жауап деп атайды.
Әрекет потенциалы. Табалдырық күші бар тітіркендіргіш әсер еткенде туады. Нерв, ет және кейбір басқа клеткаларда қозу кезінде тез тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал өзгерістері. Әрекет потенциалын екі тәсілмен тіркеуге болады: электродтарды клетка мембранасының сыртқы бетіне тигізу және протоплазмаға енгізілген микроэлектрод арқылы.
Жүйке талшықтарының құрылымы мен қасиеттері
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон денесінен бөліп жеке зерттеуге болады. Физиологияда мұндай талдау әдістері күрделі құбылыстардың табиғатын анықтау үшін қолдана береді.
Жүйке талышықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі- қозуды өткізу. Олар қозу үрдісін жасушалық мембрананың бойымен жылжытады. Қозуды өткізу жүйке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оның орындайтын негізгі қызметі. Қозу үрдісінің жүйкеден өтуін және өту ерекшеліктерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препаратты қолданылады.
Жүйкелердің қозуды өткізу механизмі мен ерекшеліктері олардың құрылысына байланысты.
Жүйке талшықтары миелинді (майлы қабықты) және миелинсіз (майлы қабықсыз) болып екіге бөлінеді. Сезгіш, қозғалтқыш жүйкелердің көбі миелинді талышықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглийден кейінгі талшықтардың көбі миелинсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын мембрана – аксолемма қаптаған, ал оның іші аксоплазмаға толған.
Достарыңызбен бөлісу: |