Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет24/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
ӘДЕБИЕТШІ БАҒЫБЕК ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ

Бағыбек Құндақбайұлы қазақтың көрнекті театртанушы – ғалымы, театр сыншысы. Б.Құндақбайұлы «Семей қазақ театрының тууы мен дамуы, қалыптасуы» (1964) тақырыбында кандидаттық, «Қазақ театрының негізгі даму кезеңдері» (1996) атты докторлық диссертация қорғаған. Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры.


Ташкенттегі театр және көркемсурет өнері институтының театртану факультетінде (профессорлар М.С.Григорьев, М.М.Морозов, А.М.Эфрос, және Я.С.Фельдманның жетекшілігімен) 1950-1955 жылдары оқып, 1955 жылы қазіргі Г.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметіне орналасады. 1956-1958 жылдары Жамбылдағы (қазіргі Тараз) республикалық мәдени-ағарту училищесінде өнер тарихынан сабақ береді. 1958 жылдың мамырынан бастап, күні бүгінге дейін Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер интитутында кіші, сосын аға ғылыми қызметкер, соңғы 25 жыл бойы бөлім меңгерушісі міндетін атқарып келеді. 1961-1963 жылдар аралығында Б.Құндақбайұлы А.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Ресей театр өнері академиясы) аспирантурасын бітірді (профессор Г.И.Гоян мен Н.И.Львовтың жетекшілігімен).
Оның жетекшілігімен 12 театртанушы кандидаттық диссертация қорғап шықты. 1983 жылы Болгарияның Софья қаласында өткен «Театр нации – 83» әлемдік театр фестиваліне халықаралық театр сыншылары ассоциациясы атынан қатысып, бірнеше мақалалар жариялады. 1991 жылы ол Нью-Йорктегі Колумбия университетінің Азия орталығының шақыруымен бір ай ұлттық драматургия мен өнеріміз жайында лекция оқып қайтты.
Оның қаламынан көптеген ғылыми еңбектер туды. «Режиссер және спектакль» (1971), «Путь театра» (1974), «Уақыт және театр» (1981) кітаптары және «Облыстық театрлар» (1964), екі томдық «Қазақ театрының тарихы» (1975, 1978, көлемі 40 б.т.), Мәскеуде шыққан 6 томдық «История советского драматического театра» (1966-1971). «История театроведения народов СССР» (1987) сынды күрделі зерттеулерде қазақ театрына байланысты монографиялық тараулары жазылды. Сонымен қатар, Б.Құндақбайұлы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 40, 50, 60 жылдық тарихы белестеріне арнап кітаптар жазды. Оның қаламынан 300 б.т. астам ғылыми еңбектер мен 700-ге тарта алуан түрлі мақалалар туды. Ұлттық театр туралы сыншының ғылыми очеркі ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылды. Ол театрдың фотошежіресін жасап, 1976 жылы «Восхождение» деген атпен жариялады.
Осы зерттеулерінде Б.Құндақбайұлы драматургия, режиссура, актерлік өнер мен қойылымдардағы жетістіктер мен кемістіктерді сыни көзқараспен тұжырымдап, қазақ театрының тарихына жаңаша тұрғыдан келіп, өткен жолын жинақтаған. Театрдың репертуар ауыртпалығын көтеріп, келбетін айқындауда мол еңбек сіңірген Н.Жантөрин, Ы.Ноғайбаев, Б.Қалтаев, Ш.Сәкиев, Ғ.Сүлейменов, т.б. актерлерге жеке дара шығармалық портреттер арнап, шеберліктерінің ерекшелігін ашқан. Мұнда қазақ театрының іргетасын қалаушыларға ғана тоқталмай, әр жылдары труппаға қосылған актерлер жұмыстарына жекелеген спектакльді талдау үстінде тоқталып, олардың сахна өнерін көркейтудегі, шеберлік дәстүрді жалғастырып дамытудағы, жылдар талабына сай өркендеуіндегі ерекшеліктеріне де тоқталған. Сондай-ақ, театртанушы-ғалым әрдайым жеке спектакльдерді сөз қылғанда, әсіресе, ұлттық драматургиямыздың асыл мұрасына енген «Еңлік – Кебек», «Абай», «Қаракөз», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты» пьесаларының бертіндегі қойылымдарымен алдыңғы жылдарда қойылған нұсқаларын салыстырып зерттеуі, тек академиялық театр тарихының шеңберінде қалмай облыстық театр сахналарында жүрген спектакльдердің көркемдік деңгейін де саралап өтеді.
Ғалым «Мұхтар Әуезов және театр» (1997), «Заман және театр өнері» (2001) атты монографияларын жариялады. Идеологиялық қысымға қарамастан қуғынға түсіп, шығармалары ұзақ уақыт жабулы болған Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасұлының ұлттық өнер тарихындағы ерекше орны Б.Құндақбайұлының зерттеулерінде әділ де ғылыми пайымдаулар тапты. Әсіресе, Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары мен аударма пьесаларын бұрыннан жинастырып жүрген сыншы 1990 жылы «Шернияз» деген атпен үлкен кіріспе жазып жариялады. Бұл арада кезінде жойып жіберген Ж.Аймауытовтың драматургиялық шығармаларының біздің елімізде жоқтарын Мәскеудегі Ленин атындағы кітапхананың Шығыс бөлімшесінен қарастырып, солардың көшірмелерін түсіріп алып бір кітапқа топтастыруы да үлкен жұмыстың нәтижесі.
Ұлттық театрымыздың дүниеге келуінен бастап, күні бүгінге дейінгі шығармалық жолын тұтастай қамтып, кезеңдік қойылымдарын жан-жақты талдаған. Театр тарихына бүгінгі эстетикалық талап биігінен жаңаша келіп, бұрын айтылмаған, кейде қисық жазылған тұстарын ғылыми парасаттылықпен қайта зерделеген. Әсіресе, 20-30 жылдардағы сахна өнерінің көркемдік болмысын автор кезінде М.Әуезовпен кездесу үстіндегі ақыл-кеңесін ескеріп, қайта қарастырып, оның даму бағыт-бағдарын айқындаған. Бір мысал. Кейбір басылымдарда қазақ театры Шекспирдің «Гамлетін», Пушкиннің «Кіші трагедияларын» табысты қойылды деген қисық деректерді жоққа шығарып, оны меңгеруге театрдың шығармашылық мүмкіндігінің жоқтығын, соңғы репетицияға жетпей дайындықтың тоқтатылғанын нақты мұрағаттық деректермен «Қазақ жастары» тараулары басқалармен салыстырғанда терезесі тең, сауатты да жинақы жазылған. Автор аз сөзбен көп мағыналы ойын жеткізуге ұмтылған. Ол М.Әуезов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, т.б. пьесаларының негізінде қойылған спектакльдерге ерекше тоқталып, бұларды тек қана қазақ театрының ғана емес, тұтас көпұлттық кеңес сахна өнерінің жетістігі ретінде қарастыруы – өзінің ұлттық құндылығына деген жауапкер азаматтық сезімін, ой-тұжырымының мазмұндылығын көрсететін құбылыс.
Театртанушы-ғалымның зерттеулерінде кезінде идеологияның қудалауына ұшырап, жазықсыз жапа шеккен алаш ұлыларының драматургия мен театрға байланысты жазғандары мен ой-толғамдары да кеңінен сөз болады. Солардың ішінде ерекше бөліп айтар дара тұлға – Жүсіпбек Аймауытов.
Автор сонау Барнауылдан Мәскеуге дейінгі аралықта Ж.Аймауытов ізі қалған жерінің бәрін аралап, тірнектеп материал жинастырған. Басқасын айтпағанның өзінде Ж.Аймауытовтың ұлттық драматургия мен театрдың негізін қалағанын автор нақты шығармаларды талдау арқылы берген. 1915 ж. 13-ақпанында Семейдегі приказщиктер клубында Ж.Аймауытов сахналаған «Біржан – Сара» атты қазақ топырағындағы тұңғыш спектакльден ұлттық театрдың туғанын автор келісті талдап, дәлелдейді. Танымға қаршадайынан зерек Ж.Аймауытов Пушкин, Гоголь пьесаларын аударып, әрі Островскиймен бірге олардың театрлық-эстетикалық шығармаларынан көркемдік нәр алып, өзінің режиссурадағы ізденісін қысқа да нұсқасын қағазға түсіргенін зерттеуші ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шыққан. Ж.Аймауытов ұлттық драматургия мен театрдың негізін қалаған қызметін танытқан ғылыми жаңалығы Б.Құндақбайұлының зеректігі мен батылдығын танытатын құбылыс. Алаш тарландарының ерен шығармашылық еңбектері жайында автор олар ақталмай тұрғанда-ақ қалам тартқаны белгілі.
Б.Құндақбайұлы театртанумен қатар әдебиеттануға драматургия саласын зерттеуімен де үлес қосып келе жатқан ғалым. Ол драматургия, режиссура, актерлік өнерді тығыз байланыстыра отырып, қазақ театр өнерін, тарихын терең зерттеген. Ол өз зерттеулерінде пьесалардың жазылу тарихына, қойылу тәжірибесіне тоқталып, талдаулар жасайды. «Мұхтар Әуезов және театр» монографиясында Б.Құндақбайұлы ұлттық мәдениетіміздің ұлы қайраткері Мұхтар Әуезовтін қазақ драматургиясының негізін қалап, оны арықарай дамытуға ерекше көңіл бөлгендігін атап көрсетеді. Мұнда автор драматургтің классикалық үлгіге айналған «Еңлік – Кебек», «Қаракөз», «Айман – Шолпан», «Абай», «Түнгі сарын», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесаларының барлық театрлардағы қойылымдарын ғана қарастырмай, көркем мәтіннің өзіне де әдебиеттану тұрғысынан талдау жасайды. Осы пьесалардың әр кезеңдік өзгерістерге қарай қайта жазылғандығы, ондағы кейіпкерлердің характер ерекшеліктері сыншының назарынан тыс қалмайды. Мәселен: «Еңлік – Кебектің» 1917, 1922, 1943, 1957, «Қаракөздің» мәтіндеріне 1925, 1959 жылдардағы енгізілген өзгерістер тарихи дәлдікпен берілген. Әсіресе, ұлы драматург ұлт театрының балаң шағынан кәсіби бағыт алу үрдісіне ерекше көңіл бөлген. Әлемдік классика мен орыс драматургиясының озық үлгілерінің күрделілерін өзі қазақшалап, кейбіреулерін басқаларға аудартып, әрі олардың сахналануларындағы режиссерлік жұмыстарына әдеби талдауларымен, жүйелі ой-тұжырымдарымен тікелей араласып отырған. Сонымен бірге, М.Әуезовтің театрлық, эстетикалық көзқарасы, әлемдік классиканы қазақшаға аудару жайы, әр жылдары театр мен драматургия туралы және театр сыны төңірегінде жазғандары да бұл еңбекте жан-жақты айтылып кеткен.
Б.Құндақбайұлының «Заман және театр өнері» монографиясы ұлттық сахнамыздың кейінгі 10-15 жылдың көркемдік ізденістерін саралауға арналған. Кітаптың бірінші «Таланттар тобынан» бөліміндегі «Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері» тарауында ұлы жазушының драматургиясы мен сахналық ізденістері жүйелі түрде талданады. Автор Ж.Аймауытовтың пьесалары жөнінде, бұған қоса, Смағұл Сәдуақасұлының жеке шығармашылық қызметтері жайлы олар ақталмай тұрғанда-ақ қазақша, орысша шыққан зерттеулерінде жариялаған болатын. Осы үшін Б.Құндақбайұлы «Алашорда идеясын театр өнерінде насихаттады» деген жаламен Орталық Комитеттен есеп карточкасына жазылып, сөгіс алған еді. 1915 жылы 13 ақпанда Ж.Аймауытов қойған спектакльден ұлт театрының тарихының, соған қажет репертуар мен режиссураның дүниеге келгенін автор нақты мұрағат деректерімен дәлелдеп отыр. Демек, біздің театрымыздың үкімет қаулысымен бекітілген 1926 жылғы 13 қаңтар емес, одан әлдеқайда ерте туғаны белгілі болды. Содан бері қарай қалыптасу процесі үзілмей, Қызылордада ашылған мемлекет театры сонау баста Семейден бастау алған театр труппасының жалғасы деген тұжырымға келеді. Автор кешегі тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Ж.Аймауытовтың алуан қырлы, әмбебап шығармашылығын ұлт өнері шежіресімен тығыз байланыстыруды әрі өмірі мен өнерін мұрағаттық деректерге сүйене отырып, дәйектілікпен саралауы да осы мақаланың ғылыми құндылығын арттыра түседі. Сонымен бірге зерттеуші қазақ халқының асыл ұлдарының бірі Ж.Аймауытовтын драматург-жазушы ғана емес, оған қоса ол қазақшалаған дүниежүзілік драмалық әрі өзі жазған шығармаларды қазақ топырағында алғаш сахналаған режиссерлік еңбегін кітапта елеусіз қалдырмай ашып көрсетеді. Шынында да бұл бұрын қазақ театрының тарихында сөз болмаған тың жаңалық болды.
Монографияда қазақ сахна өнерінін қарлығаштарының бірі Жұмат Шанин шығармашылығы да арнайы сөз болады. Бұл зерттеуінде автор Ж.Шаниннің сахналық-шығармалық еңбек жолын қазіргі М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының алғашқы маусымдарымен байланысты қарастырып талдаумен оның сол кезеңге аса қажетті ұйымдастырушылық қызметін жоғары бағалайды. Режиссер шығармашылығы спектакль қоюмен шектелмейтіні анық, ол ең әділ ұстаз, ұйымдастырушы һәм қоюшы екені театр әліппесінен белгілі ғой. Осыған орай еңбекте Ж.Шаниннің өз уақытында дөп келген көпқырлы суреткерлік шығармашылық ерекшеліктерін ашып, оның қазақ театр тарихында орны бар өнер иесі екенін атап көрсетеді.
Бұдан басқа «Актер және ұлттық классика» (Қ.Қуанышбаев), «Сахна жұлдызы» (Е.Өмірзақов), «Елу жыл өнер өрінде» (С.Қожамқұлов), тағы басқа мақалалары өнер адамының шығармашылық өмір жолы мен дарын табиғатын ашып көрсетуге әрі олардың театр тарихында алатын орнын нақтылай белгілеуге ерекше ден қоюымен құнды. Мұнда, сонымен бірге, біртуар актерлер Ы.Ноғайбаев, Е.Жайсаңбаев, бүгінде түрлі ой-шешімдерімен танылып жүрген ұстаз-режиссерлер М.Байсеркенов, Р.Сейітметовтердің шығармашылық портреттері берілген. Автор бұлардың даралықтарын ғылыми-теориялық негізге сүйене отырып, образ жасау тәсілдерін актерлік өнерін кәсіби тұрғыдан талдаған. Б.Құндақбайұлы бұл мақалаларында актер мен режиссер өнерін, ұлттық классика мен осы заманғы драматургиялық туындылардың қойылуымен тығыз байланыста қарастыру арқылы сахна саңлақтарының ізденіс ерекшелігі мен өнерде ұстанған суреткерлік позициясын айқындайды. Олар сомдаған сахналық бейнелер мен режиссерлік қойылымдардың қазақ сахнасындағы тарихи орнын анықтап тұжырымдайды. Бұл мақалалар сахналық өнерге қатысы жоқ жалаң, қызыл сөз бен артық әңгімелерден тыс, қайта әрбір актер немесе режиссер өнерін ұлттық классикалық туындыларды қою мен орындаушылық өнерді өзара қалыптастыра сахналық өнердің өзекті мәселелерін көтеруімен де ғылыми талдау жағынан аса сапалы болғанын атап өту парыз.
Сонымен қатар, «Заман және театр өнері» кітабында Б.Кұндақбайұлы соңғы жылдардағы драматургияға тоқталып, ондағы жана бағыт, жаңа мазмұн, жаңа бейнелер жасаудағы драматургтердің қазіргі шығармаларын талдап, олардың сахналық шешімдерін айтып кеткен. Бүгінгі тақырыпқа жазылған драматургиялық шығармаларды ұжымдардың меңгеру деңгейі зерттелген. Мұнда театрдың соңғы жылдардағы қойылымдарына ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының Абылай хан өміріне байланысты жазылған Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» М.Байсеркеновтың (реж. Б.Атабаев) және «Абылай ханның ақырғы күндері» (М.Байсеркенов) атты спектакльдеріне ерекше көңіл аударылып, драмагургиялық, актерлік, режиссерлік жұмыстары тұрғысынан жан-жақты талданған. Мұнда еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі театрдың тарихи тақырыпты меңгеру ерекшеліктері мен ізденістері кеңінен сөз болған. Ұлы мемлекет қайраткеріне арналған пьесаның екеуі де өткен күннің тарихи болмысын суреттеп қана қоймай, мұндағы авторлық идеялар бүгінгі егемендік мәселелерімен астасып жатқанын Б.Құндақбайұлы терең зерттеген.
Ал драматург Шахимарденнің «Томирис» пьесасының оқиғасы ұлтымыздың көне замандағы жаугершілік тақырыбына арналғанымен оның идеясы астарлы ойымен бүгінгі егемендік елдігімізді қорғаумен астасып жатыр. Кітапта қазақ театрының жаңа замандағы тарихи тақырыпты меңгерудегі ізденісі ғылыми тұрғыдан талданып сөз болады.
Бұл бөлімде сонымен бірге қазақ театрларының бүгінгі тірлік-тіршілігімізді суреттейтін пьесалардың сахналық көріністері де әдеби һәм сахналық тұрғыдан талданып, кеңінен сөз болады. Кешегі қайта құру тұсында жазылған көптеген пьесалардың көтерген мәселелері идеологиялық ұстанымға сай келмей, қоғам өміріндегі әлеуметтік қайшылықтардың сырын ашуға бағытталған. Бұлардың негізінде қойылған спектакльдердің билік тарапынан кудалауға ұшырағандары да кітапта ашық айтылған. Жинақтап айтқанда, бұл бөлімде де драматургия мен театрдың аса маңызды тәжірибелік және теориялық мәселелері көтерілген.
Б.Құндақбайұлы М.Әуезов шығармаларының 50 томдық жинағының алғашқы шыққан үш томына енген ұлы драматургтің пьесаларын талдап, олардың әртүрлі нұсқаларына ғылыми түсініктер жазған. «Қазақ әдебиетінің тарихына» енген «20-30 жылдардағы драматургия» тарауында Ж.Аймауытовтың «Рәбиға», «Қанапия – Шәрбану. «Мансапқорлар», «Шернияз», М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Бәйбіше – тоқал», «Қаракөз», «Хан Кене», «Түнгі сарын», «Абай», «Айман – Шолпан», С.Сейфуллиннін «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар», Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина», М.Дулатовтың «Балқия», Ж.Тілепбергеновтін «Перизат-Рамазан», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», І.Жансүгіровтің «Кек», «Түрксіб», «Исатай – Махамбет», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесаларының жазылу тарихына тоқталып, оларға әдеби талдау жасап кеткен. Ал осы кітаптың келесі томындағы «1941-1956 жылдардағы драматургия» тарауында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты», К.Мұқашевтың «Дала дастаны», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», М.Әуезовтің «Намыс гвардиясы», «Қарақыпшақ Қобыланды», Ш.Құсайыновтың «Кеше мен бүгін», «Алдар көсе» пьесаларының көркемдік ерекшеліктерін айтып, жан-жақты әдеби талдау жасаған. Қазіргі уақытта осы «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының келесі томдарына бұрын-соңды зерттеу нысанасына ілінбеген 70-90 жылдардағы қазақ драматургиясы Б.Құндақбайұлының тиянақты қарастыруымен әдебиет тарихының 9-томына ұсынылды. Мұнда осы кезеңдегі жанрдың даму бағыт-бағдарын айқындайтын О.Бөкейдің, Д.Исабековтың, А.Сүлейменовтың, С.Сматаевтың, Ә.Тауасаровтың, Ә.Таразидің, Н.Оразалиннің, Ш.Нұртазаның, т.б. драматургиялық шығармалары талданып, көркемдік ерекшеліктері анықталған. Сол сияқты келесі томға халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов шығармалық портреті енген. Мұнда да Б.Құндақбайұлы драматургтің «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», «Көктөбедегі кездесу», «Жат елде», «Өзіме де сол керек» пьесаларына талдау жасап, олардың қазақ драматургиясы мен театрындағы орны мен көркемдік деңгейін анықтаған. Тұтас алып қарағанда Б.Құндақбайұлының барлық зерттеулерінде XX ғасырдағы қазақ драматургиясы кенінен сөз болып, жанрдың өзіндік ерекшеліктері кәсіби тұрғыдан қарастырылып келеді. Ол сахналық шығармаларды зерттегенде де оның негізін әдебиеттен іздеу оның ғылыми ізденістеріне тән.
XX ғасыр басында асығыс, аса қажеттіліктен даярланған әдебиетке қатысты оқулықтардың бәрі осы кезең аралығында қайта қаралып, толықтырылып, түзетіліп жазылды. Оқулықтар жазуға белгілі ғалымдар, әдебиеттанушылар белсене атсалысты.
Қазақстанда орыс мектептеріне арнап қазақ әдебиеті жайында оқулықтар жазу, хрестоматиялар кұрастыру ісінде де М.С.Сильченконың еңбегі бар. Сондай-ақ ғалым алты рет басылып шыққан Қазақстандағы орыс мектептеріне арналған (ІХ-Х сыныптар) қазақ әдебиеті жайындағы тұңғыш оқулықтың авторы.
Әрине, өз заманының идеологиялық талаптарына сай етіп, оқулық авторлары шығарманы зерттеуде социологиялық теорияға жүгіну қажеттігін алға тартқаны да түсінікті.
Ұлттық әдебиетіміздің арғы-бергі жердегі түп-тегін зерттеуге тыйым салынған жылдары Ә.Қоңыратбаев қазақ әдебиетін орта мектепте оқыту мәселелерімен айналысқан. Өзінің әр жылдары жарық көрген «Қазақ әдебиетін оқыту методикасының очерктері» (1962), «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» (1966). «4-7 кластарға қазақ әдебиетін оқыту методикасы» (1987) атты еңбектерімен әдебиетші-әдіскер республикамыздағы методика ғылымының негізін қалаған.
Ғалым А.Нұрқатов, С.Қирабаев, З.Қабдоловтар бірлесіп IX сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығын жазды. Ол оқулық 1951-1963 жылдар аралығында үзбей басылды. 1964 жылы А.Нұрқатов пен С.Қирабаевтың бірлесуімен X сыныпқа арналып жаңа оқулық жазылды. Оқулық Оқу министрлігінің жабық конкурсында бәйге алып, 1964, 1965 жылдары екі рет басылды да, кейін мектеп бағдарламасының өзгеруіне байланысты ІХ-Х сынып оқулықтарына жеке тараулар күйінде ғана енді.
Қорыта келгенде, 1957-1991 жылдар аралығында қазақ кеңес әдебиеті мен оны зерттейтін әдебиеттану ғылымы күрделі де қайшылыққа мол жолдан өтті. Кеңес мемлекеті құлап, егеменді елдің табалдырығын аттаған кезде қазіргі қазақ әдебиеті туралы ғылым жаңаша тәуелсіз қоғам құрып жатқан әлем әдебиетінің рухани мәдениетін байытатын, қазақ әдебиетінің дамуымен, оның адамзат тарихы арасындағы өзара байланыстарын творчестволықпен тереңнен зерттеуге толық мүмкіндігі бар ғылым.
Бұл зерттеуде 1957-1991 жылдар аралығында қазақ әдебиеттану мен сынында белең алған әдеби үрдіс пен творчестволық ізденістердің бағыт-бағдарына, даму сатысына, жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне осы әдеби үрдіске белсене атсалысқан көрнекті ғалымдар мен сыншылардың азды-көпті еңбектеріне тоқтала отырып, сол кезеңдегі уақыт пен рухани кеңістіктегі көркемдік жүйеге көңіл бөлінді. Назарымыздан тыс қалып қойған құнды пікірлер, әдеби бағыт-бағдар болса, ол келешектегі шаруалардың еншісінде болар.
1988 жылғы ақтаңдақтардың ғылыми айналымға қайта оралуы қазақ әдебиеттануының шынайы тарихын орнына келтірді. Кеңес кезіндегі қазақ әдебиеттануы ұлттық әдебиет тарихы, әдебиет теориясы және әдеби сын үлгілерімен толықтырылды. А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Садуақасұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. әдеби мұрасы қазақ әдебиеттануы алдына жаңа талаптар қойды. Бұл тәуелсіздік кезеңінің еншісіне тиді.
«Многое в «Карткоже» близко повествователю, выражающему позицию писателя. И это оказалось не случайным. Приведем данные из анкеты писателя о себе: «Ақат ағам екеумізді сабақтан үзбей (інім жас еді) бізді ауылдағы етікші, ағашшы, сыршыларға жіберіп, қолөнерін үйретті. Ақат ағамыз екеуіміз де әрі молда әрі етікші, әрі ағашшы, әрі шимайшы, әрі домбырашы, әнші болып өстік»15. Поэтому и достоверны для нас «речи» героя или повествователя, комментирующие разные занятия: слушает ли он песни, читает ли Коран, шьет ли сапоги или учит детей. Все это знакомо писателю по его личному опыту.
В романе как и в «Акбилек», некоторые эпизоды напоминают приемы драматургии. Отдельные реплики, диалоги не только подготовлены психологически, но и имеют мотивировки, которые изображаются как на сцене. В рассказе «Әнші» писатель расскрывает истинное мастерство певца Амирхана, прототипом которого является известный певец Амре Кашаубаев.
Произведения Ж.Аймауытова поражают своей энциклопедичностью и стилевым совершенством. «Мен мұндай шешен сөзге бай, ұшқыр жазушыны ешқашан көрген емеспін»16, – писал Б.Майлин о стиле Ж.Аймауытова. «Өз басым қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек тамаша жазушы, тұңғыш роман жазған, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын». Далее о стиле писателя: «Маржандай тізілген әсем жазуы тасқа басылғандай сұлу болатын»17, – отмечал в этой связи Г.Мусрепов. Эти оценки творчества Ж.Аймауытова являются наиболее точной характеристикой его стиля.
В эпиграфе автор посвящает роман своими молодым современникам, борющимся за судьбу народа: «Жұртшылық көсемі – Жалынды жастарға арнаймын». Повествователь представляет нам одиннадцатилетнего мальчика, получивщего образование у аульного муллы, обучившегося и тюркской грамоте. Он будто и сам приглядывается к герою, подмечая его не по возрасту спокойный уравновешенный характер. «Қартқожа аты жас балаға лайық та емес қой» (25). Всезнающий повествователь теперь знакомит нас с семьей мальчика, с его внутренними переживаниями, связанными, в основном, с его бедностью. Взрослея, мальчик видит все больше несправедливостей вокруг себя. Это и обиды на байских детей, от скуки и сытости обижающих Карткожу по любому поводу: «Осының бәрі Қартқожаны ойландырды, жанын кейітті: «Әттең, менің кедейлігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ма екен!» деп ішінен зығыры қайнап жүрді» (27). Подчеркнутые нами в тексте слова принадлежат повествователю, понимающему и сочувствующему мальчику. Слова героя взяты им в кавычки, так он отделил их от своих, взрослых. Какие отношения между ними?»3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет